И-87 Электрондық кестелер. Электрондық кестелердің интерфейсі

ilmirakrikb000Крикбаева Ильмира Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, «Бірлесу – Еңбек» орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі.

Сабақтың мақсаты:

Бiлiмдiлік: MS Excel бағдарламасының  мүмкіндіктері  туралы оқушыларға түсінік беру.

Дамытушылық: оқушылардың MS Excel программасы мүмкіндіктерін пайдалана отырып, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру және олардың компьютерлік сауаттылықтарын дамыту;

Тәрбиелiк: оқушыларды адмагершілікке, азаматтық пен жауапкершілікке тәрбиелеу және ұқыптылық пен тиянақтылыққа баулу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ.

Сабақтың түрі:   практикалық

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, практикалық

Пәнаралық байланыс:       геометрия, математика, тарих, ағылшын

Сабақтың көрнекiлiгi: ДК,  Плакаттар: МS Exсel терезесі,  электрондық оқулық,

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:
  • Оқушылармен сәлемдесу;
  • Оқушыларды түгендеу;
  • Олардың құрал-жабдықтарын және сабаққа дайындықтарын тексеру;
  • Сабақтың тақырыбы мен мақсатын, өту ерекшеліктерін хабарлап, сабаққа кірісу.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

Оқушылар екі топқа бөлінеді.  Өткен тақырыптар бойынша мұғалім оқушыларға карточка таратады, әр оқушы берілген карточкадағы сұрақтарды оқиды. Дайын болған оқушылар   төмендегі сұрақтарға жауап береді.

  • Модель дегеніміз не?
  • Модель қасиеттеріне қарай қандай топтарға бөлінеді?
  • Ақпараттық модель дегеніміз не?
  • Прототип дегеніміз не?
  • Ақпараттық модель қанша топқа бөлінеді?
  • Вербальдық модель дегеніміз не?
  • Оқу моделі дегеніміз қандай модель
  • Уақыт факторына қарай модель қанша топқа бөлінеді?
  • Тәжірибелік модель дегеніміз не?
  • Таңбалық модель дегеніміз қандай модель
  • Көрсету әдісіне қарай модель қанша топқа бөлінеді?
  • Ойын моделі дегеніміз қандай модель?
  • Имитациялық модель дегеніміз не?

ІІІ Жаңа сабақ

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Кәсіби жұмыста мәліметтерді кесте түрінде беру қажеттілігі жиі кездеседі.

Кесте – ақпараттың жолдар мен бағандардан реттеліп берілуі. Кесте жолдар мен бағандардың кез келген санынан құрылуы мүмкін. Кестеде тек бір ғана жол болса сызықтық кестедеп аталады. Бірнеше жолдардан тұратын кесте тіктөртбұрышты кесте деп аталады.

Бағандар мен жолдар қиылысы ұяшық деп аталады. Ұяшықтар деректер сақталатын орын.

MS Excel – сандық кестелермен жұмыс істеуге арналған Microsoft Office-тің құрамына кіретін программа. Бұл бағдарламаның көмегімен алынған сандық мәндерді талдауға, сонымен қатар олардың нәтижесін кесте түрінде беруге болады. Есептеу кезінде 400-ден аса математикалық, статистикалық , әр түрлі  кестелердің өзара байланыстарын қарастыруға болады.

ЭЛЕКТРОНДЫҚ КЕСТЕЛЕР. 1979 жылы екі экономист студент Дэн Бриклин және Боб Френкстон үй тапсырмасын тез орындауға көмектесетін және уақытты үнемдейтін әдіс ойлап табуды шешті. Олар тарихта бірінші  рет электронды кесте бағдарламасын жазып, оны VisiСаlсulator   сөзінен қысқартылған VisiСаlс (көрсеткіш калькулятор) деп атады. Сондықтан электрондық кестелер бағдарламасы , оның ішінде Excel бағдарламасы Дэн мен Бобтың арқасында жүзеге асты.

Еxcel программасын іске қосу

  • Тапсырмалар тақтасындағы Іске қосу (Пуск) батырмасында тышқанды шертеміз де, Программалар қатарын таңдаймыз.
  • Microsoft Excel қатарында тышқанды шертеміз.

       2.Excel программасының терезесі

Excel программасы іске қосылғаннан кейін экранның көрінісі плакаттағыдай  болады. Еxcel электорондык кестелердiн косылғаннан кейiн автоматы турде        1-кiтап (книга1) деген атпен жана кұжат ашылады .Бұл кітаптын атын файылды сактау кезінде өзгертуге болады.

Бұдан басқа жана кітап жасау үшін Құру (Создать) батырмасын шертеміз немесе [Ctrl+N]қоспернесін басамыз. Жанадан құрылған кітаптың аты 2-кітап, 3-кітап ( Книга 2 , Книга 3) т.с.с. болады.

  • Excel терезесінің жоғарғы жағында терезені басқару                 батырмалары бар Тақырып қатары орналасқан
  • Excel терезінін екінші жолы – Меню катар
  •  Үшінші және төртінші жолда Стандартты және Форматтау саймандар тактасынын аспаптары.

Стандартты саймандар тактасы.  Бұл тактада орналаскан     батырмалар жиі орындалатын командалардың әрекеттерін қайталайды. Олар файлды сақтау, оқу, қағазға басу, көшіру, енгізу, сандар қосындысын табу, мәліметтерді реттеу т.б. әрекеттерді жылдам орындау мүмкіндігін береді.

Форматтау саймандар тактасы. Бұл саймандар тақтасындағы батырмалар қаріп (шрифт) форматын таңдау мүмкіндігін береді: мәтінді жартылай қарайтылған, курсивті, асты сызылған етіп жазу, мәтінді туралау, сандарды форматтау, жақтау мен түстерді қолдана отырып, кестені безендіру әрекеттерін жылдам орындау істерін атқарады.

  • Формулалар қатары. Мұнда ұяшықтың  -әрбір тордың мазмұнын көріп, формулаларды өңдеуге болады.
  • Төменгі қатар – Қалып қатары, оған үстіміздегі уақыттағы компьютерлердің жұмысы н/е Excel кестесі жөнінде ақпарат шығып тұрады.

Іске қосу батырмасы арқылы Программаларменюінен Excel-ді таңдау қажет.

Жұмыс кестесінің элементтері

Excel-дің объектілерімен өңделген xls кеңейтілуі түрінде берілген файл оның құжаты болып табылады. Excel-де құрылған файл жұмыс кітабыболып табылады. Әр файл 1 ден 255 дейін жұмыс парағыдеп аталатын электрондык кестеден тұрады. Әр парақ

65536 қатардан және 256 бағаннан тұрады. Қатарлар бүтін сандармен нөмірленеді, ал бағандар латын алфавитінің А,В,С,…,АА,ВВ әріптерімен белгіленеді. Баған мен жолдың қиылысында ұяшықдеп аталатын кестенің негізгі элементі орналасады. Курсор тұрған екпінді үяшыққасандар мен мәтін енгізуге болады. Ұяшықтың адресінемесе координатасы бағанның аты мен қатардың нөмірі арқылы анықталады. Мысалы: А1, С20.

Жұмыс парағымен бойынша жылжу.

  • Керек парақты екпінді ету үшін сол парақтың белгішесінбасукерек.
  • Жұмыс парағымен жоғары төмен, солға оңға жылжу үшін жүгіртпе нұсқаушыны пайдалану керек.
  • Жұмыс парағымен жоғары төмен, солға оңға жылжу үшін <PageUp>, <PageDown>т.б) ауысу пернелерін пайдалану.
Пернелер Орын ауыстыру
PageDown Бір экранға төмен
PageUp Бір экранға жоғары
Home Ағымдағы қатардың басына
Ctrl+Home А1 ұяшығына
Ctrl+End Соңғы толтырылған ұяшыққа
Ctrl+Ÿ Бірінші толтырылған ұяшықтың жоғарғы жағына
Ctrl+  Бірінші толтырылған ұяшықтың төменгі жағына
Ctrl+ Бірінші толтырылған ұяшықтың сол жағына
Ctrl+ž Бірінші толтырылған ұяшықтың оң жағына
Ctrl+ PageUp Жұмыс парағының келесі парағына
Ctrl+ PageDown Жұмыс парағының алдыңғы парағына

Ұяшықтардағы мәліметтерді өңдеу

Ұяшықтағы мәліметтерді еңгізу кезінде және олар енгізілгеннен кейін де өңдеуге болады.

Егер ұяшыққа мәліметтерді енгізіп отырып түзету қажеттігі туса, оларды солға [BackSpace] немесе оңға[Delete] қарай өшіру пернелерінің тиістісін қолданамыз.

Ұяшықтағы бұрын  енгізіліп қойылған мәліметтерді өзгерту қажет болса, өңдеу режимін іске қосу  үшін кестелік курсорды қажетті ұяшыққа орналастырған  соң,[F2] пернесін басамыз.  Тиісті  түзетулерді жасаған соң,[Enter] немесе курсорды басқару пернелерінің бірін басамыз.

Қатар, бағана, блоктармен жұмыс істеу.

Ұяшықтағы мәлеметтерді көшіруге, өшіруге, жылжытуға, блоктарды мәлеметтерден тазартуға болады.Осы әрекеттерді орындау үшін қажетті бөлікті белгілеп алған соң;

Ú  Стандартты саймандар тақтасының батырмалар тобының көмегімен (Қиып алу, Көшіру, Кірістіру);

Ú  Түзету ( Правка) менюінің Қиып алу ( Вырезать), Көшіру ( Копировать), Кірістіру (Вставить), Өшіру ( Удалить), Тазалау (Очистить), Толтыру (Заполнить) командаларының көмегімен;

Ú  Тышқанның көмегімен;

Ú  Контекісті жанама менюдің командаларының  көмегімен   орындауға болады.

Жылжыту немесе  Орын ауыстыру үшін нені , қайда жылжыту керек екенін көрсету керек. Тышқанның  көмегімен белгіленген бөлікті ( ұяшық немесе блок) жылжыту  үшін, тышқан курсорын сол белгіленген аймақтың ішіне орналастырамыз. Одан кейін тышқан батырмасын басулы күйінде ұстап тұрып қажетті орынға жеткіземіз.

Ұяшық мазмұнын көшіру.

Көшіру кезінде мәлімет бұрынғы орнында да қалады , оның көшірмесі жаңа орынға қойылады. Тышқанның көмегімен көшіру үшін белгіленген аймақты жылжыту кезінде (Gtrl) пернесін басулы күйде ұстап тұру керек.

Ұяшықтағы   мәліметтерді  өшіру және тазарту .

Егер ұяшықты немесе  блокты мәліметтерден  тазарту , яғни ондағы мәліметтерді өшіру қажет болса , оларды белгілеп  алған соң [Del]  пернесін

басу жеткілікті .

Ұяшықты   немесе блокты оған енгізілген мәліметтерден қажетті аймақты  белгілеп алған соң, Түзету, Тазарту (Правка, Очистить) командаларын орындау арқылы да тазалауға болады.

Сабақты бекіту тапсырмалары:

1 – тапсырма

Оқушылар компьютердегі электронды оқулықтағы 3 тапсырманы орындайды.

2 – тапсырма     Төмендегі тапсырманы кестеге тереміз

1 Тауар Саны Бағасы
2 Тәтті тоқаш 100 80
3 Самса 50 50
4 Шырын 75 150
5 Шекілдеуік 20 80
6 Балмұздақ 120 130
7 Айран 60 185
8 Қаймақ 40 160
9 Ірімшік 45 220
10 Барлығы

3 – тапсырма

—  Бет- страница- list;  Жұмыс кітабы жұмыс бетінен тұрады

—  Ұяшық– ячейка- cell; Жұмыс беттері ұяшықтан тұрады;

—  Диаграмма-диаграмма-diagram ; мәліметтерді графиктік түрде көрсету

—  Кесте–таблица- table; Кесте бірнеше ұяшықтан тұрады;

—  Формула-формула- formula;  Excel де формулалар жазу арқылы есептеуге болады;

Сабақты қорытындылау

Сабақты қорытындылау үшін оқушыларға «Балық қаңқасы» деген тапсырма беріледі. Балықтың қаңқасына бүгінгі сабақта не үйренгендерін жазады да екі топтан бір оқушы шығып плакатқа сызған тапсырмаларын қорғайтын болады.

Оқушыларды бағалау: сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалаймын

Үйге тапсырма: Электронды кестелер.

 

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.