Бастауыш. Құстар қалай қыстайды?

kuralaiduis000Исбаева Құралай Дүйсенқызы. Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Қызылағаш орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі.

Мақсаты:

1. Оқушыларға қыс мезгілінде құстар қалай тіршілік ететінін түсіндіру.
2. Құстар туралы білімдерін толықтыру, дүниетанымдарын дамыту.
3. Құстар дүниесіне деген жылы сезімін ояту, оларды қорғау, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Типі: жаңа сабақ.
Әдісі: ойын, сұрақ – жауап.
Көрнекілік: құстар суреті, тест жұмысы, сызба.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
1. Оқушыларды сабаққа дайындау.
2. Құрал – жабдықтарын ретке келтіру.
3. Психологиялық дайындық.

ІІ. – Балалар, қазір бізде қай мезгіл?
– Ауа температурасы қанша?
Дүниетану пәнінен сендермен құстар тарауын ӛтіп жатырмыз. Мына ағаш басындағы құстар ұша алмай қалыпты. Сендер құстарға кӛмектескілерің келе ме? Олай болса құстарға кӛмектесейік. Әр құста үй тапсырмасын тексеру барысында сұрақтар жасырынған, сол сұрақтарға жауап беріп құстардың ұшуына кӛмектесейік.

1 .Құстарға көмек.
а) Құстарды – қандай жануарлар деп атаймыз? (қанатты жануарлар)
ә) Құстар нешеге бӛлінеді? (екіге бӛлінеді, жабайы және үй құстары)
б) Үй құстарын ата?
в) Ең үлкен құсты ата? (Түйеқұс)
г) Жыл құстары дегенді қалай түсінесің? Күзде жылы жаққа кетіп, кӛктемде қайтып оралатын құстарды «жыл құстары» дейді.
ғ) «Жыл құстарын» ата. Ұзақ, қараторғай (шымшық) сандуғаш.

2. «Кім кӛп біледі» ойыны.
Құстарға байланысты қандай тиым сӛздерді білесіңдер.
– Ұя бұзба, жұмыртқаға тиме.
– Құстар кӛп болса, зиянкес жәндіктер аз болады.
– Құстарға аяз қатер емес, аштық қатер.
– Тоқылдақпен шымшық – орман емшілері.

3. Тестпен жұмыс.
1. Мына белгілердің қайсысы қарды білдіреді.
а) О ә) О б)*
2. Қандай құс ӛзіне ұя жасамайды?
a) қарға ә) кӛкек б) торғай
3. Ауа температурасын немен ӛлшейді.
a) сызғышпен ә) барометрмен б) термометрмен
4. Қай құс жабайы құсқа жатады.
a) сауысқан ә) тауық б) әтеш
5. Ӛсімдіктер неше топқа бӛлінеді.
a) 3 топқа ә) 2 топқа б) 4 топқа

4. Сергіту сәті. «Ұшты – ұшты» ойыны.
Шартымен таныстыру. Құстарды айтқанда қанатымызды жаямыз. Ұшпайтын заттарды айтқанда қанатымызды жаймаймыз. Егер шатасып қалған бала болса, тақпақ айтады.

ІІІ. 5. Бейне таспа кӛрсетіледі.
– Балалар қай жыл мезгілі?
– Құстар немен қоректенеді?
– Ал қыста қайтқан ӛсімдік, жәндіктер бар ма?
– Қараңдаршы айналаға! Ендеше олар немен қоректеніп жүр?
– Балалар қалай ойлайсыңдар, олар ашығып жүр ме? Қыста құстар қорегі кӛп пе, әлде аз ба? Қазір олар ашығып жүр ме?
– Балалар кӛрдіңдер ме қыста құстарға қорек табу ӛте қиын екен. Сондықтанда біз құстарға қамқорлық жасап, жемсауыт жасадық.

6. Жұмбақ шешу.
1. Қонып алып жарға,
Қарқылдайды (қарға).
2. Ӛзі сақ, ӛзі ұсақ
Шықылықтап тұрмайды.
Құйрығы ұзын, ӛзі бұтақтан – бұтаққа ауысқан.
Бұл қай құс? (сауысқан)
3. Адамға жақын жүремін.
Бӛтегемді бұлтитып,
Шиқ – шиқ етіп жүремін. (торғай)
4. Тұмсығы қашау, кәсібі – ұя жасау,
Ағашты қорғап, зиянкестерді асау. (тоқылдақ)
5. Әр – түрлі түспен боялған,
Бейне бір әдемі түсті таңдағандай.
Ӛзі сары бауыр, торғайға ұқсас
Бұл қай құс? (шымшық)
– Қазір ауылда қандай құстарды кӛріп жүрсіңдер?
Қазір ӛз бақылағанын Назым айтады.
Біздің бүгінгі сабағымызға Рауфа Хамитқызы келіп отыр. Рауфа Хамитқызы биология пәнінің мұғалімі. Рауфа Хамитқызы құстар қалай қыстайтыны жайында толығырақ айтып берсеңіз?

7. Сызбаны сәйкестендір.
– Балалар құстардың үндерін бір – бірінен ажырата аласыңдар ма? Мына сызбаға қарап қай құстың екенін сызбамен кӛрсетейік.
Сауысқан қарқылдайды
тауық қаңқылдайды
қарға шаңқылдайды
қаз қытқыттайды
бүркіт шықылықтайды

ІV. Қорытынды.
«Ққстар айтысы» ойыны.
Қыстап қалатын құстарды айтқанда қол соғамыз, жылы жаққа ұшып кететін құстарды айтқанда қанат жаямыз.

Үй тапсырмасы:
«Құстар қалай қыстайды? » мәтінді оқу. Ӛзім бір құстың тұмсығын салып келем. Қай құстың тұмсығы екндігін сұрау. Құстардың тұмсығын салып келу, суреттің астына қай құстың тұмсығы екендігін жазып келу.

Check Also

Сабақтың тақырыбы: Дала жануарлары мен өсімдіктері

Мұқыжанова Әзипа Төкішқызы. Қарағанды облысы Шет ауданы Х Сәрінжіпұлы атындағы ЖОББМ базасындағы тірек мектебінің  бастауыш …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.