Бастауыш. Дөңес денелерді түсті қима қағаздан құрастыру.

pernekoja000Кожагельдиева Пернекуль Молдатаевна. Жамбыл облысы, Шу қаласы, “Жібек Жолы” мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың  тақырыбы: Жазықтықтағы геометриялық фигуралар мен кеңістіктегі дөңес денелерді түсті қима қағаздан құрастыру.
Сабақтың  мақсаты :
1. Білімділік:  Жазықтықтағы  геометриялық  Фигуралар (шаршы, тік  төртбұрыш, үшбұрыш, шеңбер)  және  кеңістіктегі  дөңес  денелілер  (текше,  паралеллепипед,  пирамида,  конус, цилиндр)  мағыналарын  кең  көлемде  ашу.
2. Дамытушылық:  Шығармашылық  жұмыс  жасау,  есте  сақтау  және  қиялдау  арқылы  оқушының  логикалық  ой-өрісін  дамыту.
3. Тәрбиелік : Белсенділікке  тәрбиелеу, циркул,  қайшы,  желіммен  жұмыс  жасау  барысында  техникалық  қауіпсіздік  ережесін  сақтау.
Сабақтың  түрі:  Саяхат  сабағы
Сабақтың  оқыту  әдісі:  Іздену,  зерттеу, проблемалық  түсіндіру  әдістері  т.б.
Сабақтың  көрнекілігі: геометрия,  еңбекке  баулу  оқулығы, түрлі  үшбұрыштар,  қатты  қағаз  т.б.

                                   Сабақтың  барысы

  1.  Ұйымдастыру  кезеңі
  2. Сабаққа  ереже  құру                                                                                                                   «Даналық  көпірі»
  3. Сабаққа  зейін  қою  керек
  4. Ынтымақ,  бірлік  болу  керек
  5. Тыныштықты  сақтау
  6. Топ  басшысын  тыңдау
  7. Тәртіп  бұзбау, бір-біріміздің  сөзімізді  тыңдау
  8. Тәртіпті  болу
  9. Әділетті  болу  керек

 

Сабақ-  еңбекпен  байланысқан  геометрия  сабағы  (күн, ай  атын дәптерге  жаздыру)

–       Балалар  мына  жерден  бір  ғажайып  құпияның  сырын  білгілерің  келе  ме?

Видеосұрақ:  

1. Ғалымдардың  ойынша  қандай  планетада  тірі  өмір  бар? (Марс)

2.Көлемі  жағынан  ең  кіші  күн  жүйесіндегі  планета? (Меркурий)

  1. Беймәлім  ұшатын  объект? (БҰО ; НЛО)
  2. Біздің  өмір  сүріп  жатқан  планета?  (Жер)
  3. Жерге  қарай  құлайтын  металл  және  тасты  дене?  (Метеорит)

Жақсы !

Осы  сұрақтар  немен  байланысты?  (Ғарышпен)

 

–        Ендеше  бүгінгі  сабақта  бізді  не  күтіп тұр?  (Ғарыш)

–       Дұрыс  айтасыңдар.  Олай  болса  біз  сендермен  бірге  ғарышқа  сапар  шегеміз.

–       Сапарларымыз  сәтті  болу  үшін  сендер  не  істеулерің  керек?  (Жақсы  жұмыс  істеу)

Жарайсыңдар!

Бүгінгі  сабағымыздың  тақырыбы: Ғарыш  әлеміндегі  дөңес  денелер

Білімді  тиянақтауда  жазықтықтағы  геометриялық  фигуралар  мен  кеңістіктегі   дөңес денелерді   түсті  қима  қағаздан  құрастыру  арқылы  берілген денелердің  мағыналарын  кең  көлемде  ашу.

 

Сабағымыздың  ұраны: «Әрбірің  жанып  тұрған,  жарық  жұлдызсыңдар!»

Енді  айтыңдаршы  ғарыш  кемесіндегі  ғарышқа  ұшатын  топ  адамды  қалай  атайды ?      (Экипаж)

Олай  болса  біз  ғарышқа  үш  экипажбен  сапар  шегеміз. Осы  үш  экипажды  анықтап  алу  мақсатында  мен  сендерге  мынандай  тапсырма  беремін.

  Тапсырма: -әркім  өзіне  ұнаған  фигураны  мына  жерден  таңдап  алсын.   (дөңгелек, үшбұрыш,  төртбұрыш)

Экипаж  командирлерін  оқушылар  өздері  сайлайды.

–        Ғарышқа  жәй  адамдар  ұша  бермейтінін  сендер  білесіңдер. Әрине  олар  дарынды,  білімді,  білгір,  құпияны  аша  алатындар !

–       Сондай  адам  біздің  арамызда  бар  ма  екен  тексеріп  көрейік.

Экипаждардың  ұшуға  дайындығын  тексеріп  көру  мақсатында,  менің  бірінші  тапсырмам.

  1.   Қандай  геометриялық  фигураларды  және  қандай  денелерді  біз  оқып  үйрендік ?
  2.   Мына  берілген  фигуралардың  ішінен  жазықтықтағы  тегіс  геометриялық  фигураларды  ата.
  3. Неге  олар  жазықтықтағы  тегіс  геометриялық  фигураларға  жатады ?
  4. Кеңістіктегі  дөңес  денелерді  ата ?
  5. Неге,  олар  кеңістіктегі  дөңес  денелерге  жатады ?

«Жүз  рет  естігенше,  бір  рет  көру»  мақалын  жандандыруда  «Шебер  қолдар»  айдарына  кезек  берейік.   (Призманы  құрастыр)

Әр  экипаж  мүшелеріне  жеке  жұмыс  беруде  менің  екінші  тапсырмам.

Дәптермен  жұмыс.  Әр  экипажға  жеке  тапсырма, фигуралар  сызу.

№ 1         Қабырғасы  5 см болатын  шаршы  сыз,  осы  фигураға  кең  көлемде  мәлімет  бер.

№ 2   Қабырғасы  5 см  және  10 см  болатын  тік  төртбұрыш  сыз, фигураға  кең  көлемде  мәлімет  бер.

№ 3  Радиусы  3 см  болатын  шеңбер  сыз, осы  фигураға  кең  көлемде  мәлімет  бер.

Ұшу  барысында  сендерді  ғарыш  әлемінің  кеңістігі  қоршайды. Кәне  елестетіп  көрейікші,  қандай  ғарыш  нысандарын  иллюминатордан  көруге  болады.  (. . .)    Жақсы !

Менің  үшінші  тапсырмам. 

Мына  слайдқа  қараңдар . –  Жазықтықтағы  геометриялық  фигуралардан,  қандай  кеңістіктегі  дөңес  денені  құрастыруға  болады  және  оның  қолдануы  туралы  мәлімет  бер.

  1. – Мына  берілген  техникалық  суреттер  бойынша  геометриялық  фигуралардың  айырмашылығын  ата.

-Осы  фигуралар  арқылы  оның  қолдану  туралы  кең  көлемде  мәлімет  бер.   (Цилиндр)

  1.  Мына  берілген  жазықтықтағы  геометриялық  фигуралардан,  қандай  кеңістіктегі  дөңес  денені  құрастыруға  болады . Бағыт  арқылы  көрсет.

-Осы  фигуралар  арқылы  оның  қолдану  туралы  кең  көлемде  мәлімет  бер.   (Конус)

  1. – Мына  берілген  техникалық  суреттер  бойынша  геометриялық  фигуралардың  айырмашылығын  ата.

-Осы  фигуралар  арқылы  оның  қолдану  туралы  кең  көлемде  мәлімет  бер.   (Пирамида)

«Шебер  қолдар»  айдарына  кезек  берейік.   (Пирамиданы  құрастыр)

Менің  төртінші тапсырмам   (Слайдтан  көрсету)

а)  Текшенің  жақтары  қандай  фигуралар ?  Оның  жақтарын  белгілеу  бойынша  оқу.                                      Ауданы  64  см2  тең.  Оның  ұзындығы  мен  енін  тап ?

ә)  Текшенің  көлемін  тап ?

а)  Параллелепипедтің  бір  жағының  ауданын  есептеп  шығар ?

ә)  Параллелепипедтің  көлемін  есептеп  шығар          а =6 см                в = 3 см     с = 4 см

«Шебер  қолдар»  айдарына  кезек  берейік.   (Конусты  құрастыр)

Видеофильм          «Әлемнің  ең  тұңғыштары»

1. Ғарыштың  негізін  салушы :  Константин  Эдуардович  Циолковский

2. Совет  Одағының  тұңғыш  ғарышкері  Юрий  Алексеевич  Гагарин

3. Қазақтың  тұңғыш  ғарышкері  Тоқтар  Оңғарбайұлы  Әубәкіров

Жоба  қорғау

Ал,  менің  соңғы  тапсырмам  

Осы  құрастырған  кеңістіктегі   дөңес  денелерден  өздеріңнің  шығармашылық  фантазиялық  қиялдарың  арқылы  ғарыш  зымыранын  құрастырыңдар. Және  де  осы  зымыранға  ат  қою,  анықтама  беру, қорғау  арқылы  кең  мағыналы  мәлімет  бер.

Сабақты  қортындылау

– Біз  бүгінгі  сабақта  немен   шұғылдандық ?

– Қандай  жаңалықтар  білдіңдер ?

– Не  ұнады ?

Кәне  өз  жұмыс  орындарыңды  қалыпқа келтіріңдер,  білімді  қортындылайық.

Ұпай  жүйесі:  

 Өте  жақсы  -11 – 12 ұпай                                                                                                                           Жақсы  –  7 – 10 ұпай                                                                                                                                              Қанағаттанарлық – 5 – 6 ұпай

Бәріңе  рахмет, сабаққа  белсене   атсалысқандарың  үшін.  Өте  жақсы. Сендермен  нағыз  шынайы  ғарышқа  ұшуға  болады  екен.

Осы автордың тағы бір сабағын көшіріп алыңыз: Сабақтың тақырыбы: Жұрнақ пен жалғау

Check Also

Сабақтың тақырыбы: Дала жануарлары мен өсімдіктері

Мұқыжанова Әзипа Төкішқызы. Қарағанды облысы Шет ауданы Х Сәрінжіпұлы атындағы ЖОББМ базасындағы тірек мектебінің  бастауыш …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.