«Ой сананы шыңдайық!» тақырыбында үйірмеаралық сайыс

saulesary-147x150Қызылорда облысы Қармақшы аудандық оқушылар үйі«Көркемөнер» үйірмесінің жетекшісі Сериева Сәуленің ұйымдастыруымен өткізілген.

 Аудандық оқушылар үйінің басшысы:                  Н.Наурызбаева

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өз ұлтына, тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, жас ұрпаққа ана тіліміздің қадір-қасиетін дарыту. Ойын арқылы оқушылардың тез ойланып,жауаптарын тиянақты, жүйелі айтуға, топ алдында еркін сөйлеуге баулу. Тұрақты сөз тіркестерімен, мақал-мәтелдермен, көне сөздермен таныстыру, мағыналарын аша білу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.
Сабақтың әдісі:  Сұрақ-жауап.
Көрнекіліктер:  Интерактивті тақта, газет.
Пәнаралық байланыс:  Әдебиет, тарих.

Сабақтың барысы:
І. Кіріспе бөлім.
а) Ұйымдастыру кезеңі.
ә) Сайысқа қатысушыларды тіркеу.
б) Сарапшылар алқасын сайлау

ІІ.Негізгі бөлім.

І кезең «Мықты болсаң, тауып көр».
Шарты: Кестедегі сөздерді байланыстыра отырып,тұрақты сөз тіркестерін табу, мағыналарын ашу.

ІІ кезең «Жүйрік болсаң шауып көр»
            Шарты: Кестедегі сөздерден мақал-мәтелдер құрастыру, мағынасын түсіндіру.

ІІІ кезең «Ойлы болсаң, озып көр»
Шарты: көнерген сөзбен байланысты сөзді, мағынасын табу.

ІІІ. Қорытынды бөлім.

Сарапшылардың қорытындысы тындау
Сайысқа қатысушыларды марапаттау.

Саламатсыздарма! құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Бүгінгі өткелі тұрған «Ой – сананы шыңдайық!» тақырыбын-дағы үйірмеішілік сайысымызға қош келдіңіздер!.

      Бүгінгі сайысымыздың мақсаты:  Оқушылардың өз ұлтына, тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, жас ұрпаққа ана тіліміздің қадір-қасиетін дарыту. Ойын арқылы оқушылардың тез ойланып,жауаптарын тиянақты,жүйелі айтуға, топ алдында еркін сөйлеуге баулу. Тұрақты сөз тіркестерімен, мақал-мәтелдермен, көне сөздермен таныстыру, мағыналарын аша білу.

Олай болса сайысымызды бастайық. Алдымен сайысқа қатысушы оқушылармен таныстырып өтейін.

1. «_________________» үйірмесінің мүшесі______________________________
2. «_________________» үйірмесінің мүшесі______________________________
3. «_________________» үйірмесінің мүшесі______________________________
4. «_________________» үйірмесінің мүшесі______________________________
5. «_________________» үйірмесінің мүшесі______________________________

Ал ендігі кезекте сіздерге өз ой пікі, тұжырымдарын білдіретін қазылар алқасымен таныстырып өтейін:
1.     Аудандық оқушылар үйінің басшысы    Н.Наурызбаева
2.     Аудандық оқушылар үйінің әдіскері   А.Әбдіреева
3.     Аудандық оқушылар үйінің «Сымбат» үйірмесінің жетекшісі М.Аяшова

Ал енді олай болса сайысымызды бастайық.

І кезең «Мықты болсаң, тауып көр».
Шарты: Кестедегі сөздерді байланыстыра отырып,тұрақты сөз тіркестерін табу, мағыналарын ашу.

1 Ай Шығарды
2 Күн
3 Жұлдыз
4 Бұлт
  1.      Айды аспанға  бір-ақ шығарды – таң қалдыру, атын шығару.
  2.       
1 Өкпе Қазан
2 Бүйрек
3 Жүрек
4 Тамыр

3.     Өкпесі қара қазандай – ренжу.
4.

1 Сақина Тілеп алу
2 Білезік
3 Алқа
4 Моншақ

5.     Сау басына сақина тілеп алу – өзіне бәле тілеу.

1 Жіп Байлау
2 Сөз
3 Арқан
4 Сөйлем
  1.      Сөз байласу – уәделесу, келісу.
1 Төсек Отырғызу
2 Мұз
3 Дала
4 Орындық

7.     Мұзға отырғызып кету – алдау.

1 Ағаш Түйін
2 Шүберек
3 Жұдырық
4 Жіп

8.     Ағаштан түйін түйген – ұста.

1 Құлақ Жету
2 Мұрын
3 Ауыз
4 Аяқ

9.     Екі езуі құлағына жету – қуану.

1 Бір Аспап
2 Үш
3 Төрт
4 Бес

10. Бесаспап – өнерлі.

1 Аяқ Көріп
2 қол
3 Бас
4 Көз

11.Аяқын көріп асын іш – тазалығына қарау

ІІ кезең «Жүйрік болсаң шауып көр»
            Шарты: Кестедегі сөздерден мақал-мәтелдер құрастыру, мағынасын түсіндіру.
Мақал-мәтел мына сөздерден құралады.

1 Оқыған Жауар
2 Талапты
3 Білімді
4 Саналы

1.     Талаптыға нұр жауар.

1 Күшті Жығар
2 Білімді
3 Айлалы
4 Өнерлі

2.     Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.

1 Біреу Секіреді
2 Екеу
3 Үшеу
4 Төртеу

3.     Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді.

1 Құс Іледі
2 Блапан
3 Торғай
4 Үкі

4.     Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі

1 Жалғыз Шықпас
2 Аз
3 Көп
4 Мол

5.     Жалғыздың үні шықпас

1 Ер Сөйлемейді
2 Батыр
3 Дос
4 Сұлтан

6.     Ер жігіт екі сөйлемейді.

1 Ешкі Ысқырық
2 Бұзау
3 Лақ
4 Қой

7.     Айдағаның бес ешкі сықырығың жер жарар
 
ІІІ кезең «Ойлы болсаң, озып көр»
Шарты: көнерген сөзбен байланысты сөзді табу, мағынасын табу.

1 Темір Тулақ
2 Тері
3 Шүберек
4 Ағаш

Тулақ-жүн сабау үшін немесе төсеніш үшін пайдаланатын, кептіріліп қатырылған шикі тері.
Туалқ шашу (салт)-жүн сабарда, сабап болған соң берілетін тамақ атауы.

1 Таяқ Қорамсақ
2 Бытыра
3 Садақ
4 Оқсалғыш

Қорамсақ-садақтың жебесін салып белге байлайтын жеке-жеке ұясы бар оқсалғыш.
Беркініп садақ асынбай
Біртіндеп жауды қашырмай
Білтеліге доп салмай
Қорамсаққа қол салмай
Қозы жауырын оқ алмай,
Ерлердің ісі бітер ме?
М.Өтемісұлы. «Ереулі атқа ер салмай».

1 Киім Шидем
2 Дәстүр
3 Ыдыс
4 Ағаш

Шидем-қойдың жабағысының сыртын шекпенмен қаптап тігілген киім (күпі)
Әуес көріп жүгірген жас балалар
Беті-қолы домбығып үсік шалды.
Шидем мен тон қабаттап киген малшы,
Бет қарауға шыдамай теріс айналды.         /А.Құнанбаев «Қыс»/.
 
Осымен сайысымыз аяқталды, қош сау болыңыздар!
Сайыс аяқталып ойын жеңімпаздарын  анықтау, марапаттау.

«Көркемөнер» үйірмесінің жетекшісі:                     Сериева Сәуле

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.