Информатика. MS EXCEL диаграммаларын құру.

bakytBolsynb000Болсынбекова Бакыт Оразгалиевна, Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылы, К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі, информатикадан І-деңгейлі сертификатталған мұғалімі

Диаграмма (греч. Διάγραμμα (diagramma) — бейнесуретсызба мағыналарын білдіреді) — бұл мәліметтерді талдау мен салыстыру ыңғайлы болу үшін кестедегі мәліметтердің көрнекі графиктік түрде берілуі.
Кiтап беттерiндегi кестелерге мәлiметтердi енгiзу және есептеу жұмыстары өте жеңiл iске асқанмен, оларды салыстыру, талдау қиынға түседi. Диаграммадағы мәлiметтер оның типiне қарай нүкте, сызық, сектор және басқада элементтер арқылы көрсетiледi.

Скачать (PPTX, 648KB)

Диаграммалардың типтері:

  • Бағандық (гистограмма);
  • Сызықтық;
  • Дөңгелек;
  • Нүктелік;
  • Сақиналық;
  • Көпіршіген;
  • Жапырақшалық;
  • Цилиндрлік;
  • Конустық;
  • Пирамидалық және т.с.с.

Диаграмма құру үшін:

  • Диаграмма құратын мәліметтерді енгізу;
  • Диаграмма құруға қажет мәліметтерді жұмыс парағында белгілеу;
  • Вставка менюіндегі Диаграммы командасын таңдау;
  • Вставка диаграммы диалогтік терезесінде диаграмма түрін таңдау қажет;
  • Макеты диаграмм диалогтік терезесінде диаграмманың атын, аңызын енгізуге болады.

Диаграммалар мынадай элементтерден тұрады:

  • Тор;
  • Тақырыптар – диаграмманың жеке элементтерін түсіндіру үшін қолданылады;
  • Аңыз – диаграммаларда берілген деректердің қатарларын ажыратуға көмектеседі.

Диаграмманы бiр бет iшiнде басқа орынға жылжыту үшiн диаграмма аймағында тышқанды бiр рет шертiп белгiлеп алып, тышқанның немесе пернелердiң көмегiмен қажеттi орынға жеткiземiз. Ал, диаграмманы басқа бетке жылжыту үшiн алмастыру буферiн қолданамыз, ол үшiн:

  1. Диаграмманы белгiлеймiз;
  2. Алмасу буферіне орнасластыру үшін қиып алу (вырезать) батырмасын шертемiз;
  3. Диаграмманы орналастыруға қажеттi бетте тышқанды шертемiз;
  4. Көрсеткiштi диаграмманың сол жақ жоғарғы бұрышы тұратын орынға орналастырамыз да енгiзу (вставить) батырмасын шертемiз.

Диаграмма құрылғаннан кейiн, оның типiн және басқа да элементтерiн өзгерту қажет болса, белгiленген аймақтың iшiнде тышқанның оң батырмасын шертiп жанама мәзірдi ашамыз немесе қажетті диаграмманың типiнде тышқанды екi рет шертеміз.
Диаграмманы баспаға шығару, кiтап беттерiн баспаға шығарғанға ұқсас. Диаграмманы баспаға шығармас бұрын, алдын ала көру режимiн пайдаланған дұрыс. Диаграмманы қағазға шығарудың мына екi вариантының бiрiн таңдау мүмкiндiгi бар:
–  Диаграмманы кiтап бетiнiң бiр бөлiгi етiп шығару немесе
–  Жеке параққа шығару.
Егер диаграмма кестемен қатарластырылған (встроенная) болса, онда ол өзiне сәйкес кестемен бiрге қағазға шығарылады. Мұндай диаграмманы жеке параққа басып шығару үшiн оны белгiлеп алып, Алдын ала көру (Предварительный просмотр) батырмасын шерткен соң баспаға шығару командасын орындаймыз.

Баспаға шығару кезiнде мүмкiндiгiнше диаграмманың өлшемiн стандартты параққа лайық күйге келтiрген жөн.

ТАПСЫРМАЛАР:

Компьютермен жұмыс. Деңгейлік тапсырмаларды орындау.
1-міндетті денгей. Төмендегі y=x 2  функцияға график типін таңдап диаграмма тұрғыз:

х у
2 4
4 16
6 36
8 64
10 100
12 144

2-лайықты деңгей.  Төмендегі функцияға гистограмма типін таңдап диаграмма тұрғыз:

Қазақстан халқының ұлттық құрамы (%)

1926 1939 1959 1970 1979 1989 1999 2009
Қазақтар 57,1 38 30 32,6 36 39,4 50,7 63,3
Орыстар, украиндар, белорустар 33,1 51,5 52,1 51,1 48,1 44,3 37,7 23,3
Басқа ұлттар 9,9 10,5 17,9 16,3 15,9 16,3 11,6 13,1

3-жоғарғы деңгей.   Кестедегі деректерді пайдаланып, екі бөлек диаграмма құру:

  • 1- 1,5 жастағы сәбилердің түскі ас мәзірін көрсететін дөңгелек диаграмма құру.
  • 1,5-3 жастағы сәбилердің түскі ас мәзірін көрсететін дөңгелек диаграмма құру.
  • Әр жастағы балалардың салыстырмалы менюін көрсететін гистограмма құру . Оны жұмыс кітабының жаңа бетіне қою.

Check Also

Аудандық олимпиада. ІІ-тур. 2016-2017 оқу жылы.

D есебі 5 бүтін сандар берілген. Осы сандардың арасынан төртеуін таңдағандағы қосындының ең үлкен жəне …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.