Физика-7. Тақырыбы: Күш. Күштерді өлшеу.

ardakJuken000Жукенова Ардақ Тұрлықанқызы. Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Қызылағаш орта мектебінің математика пәнінің мүғалімі.

Мақсаты: Күш ұғымы туралы түсінік беру. Күштің негізгі өлшем бірлігін ұғындыру.

Міндеті: Оқушыларға дене жылдамдығының өзгеруі басқа денелердің әрекет етуі арқылы туындайтын мысалдармен көрсете отырып, солардың негізінде күштің анықтамасын беру.Күштің өлшем бірлігімен және күш өлшейтін құрал динамометрдың құрылысымен таныстыру.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар күш физикадағы негізгі ұғымдардың бірі екенінін біледі.Есептеулерде күштің өлшем бірлігін, бағытын анықтай алады. Күшті өлшейтін құралмен кез-келген күшті өлшеу әдістерін игереді.

Сабақтың түрі: жаңа ұғымды игеру сабағы.

Оқыту фрмасы: бірлескен ұжымдық іс-әрекет.

Сабақтың әдісі: ой қозғау,ой бөлісу, талдау,есептер, шығару, сыни тұрғысынан ойлау.

Пән аралық байланыс : қазақ әдебиеті

Көрнекілігі: И.Ньютон портреті, динометр түрлері,күш туралы мақал –мәтелдер, шығармашылық жұмыстар. Сабақтың презентациясын көшіріп алыңыз.

  1. Ұйымдастыру бөлімі. Сынып оқушылары 2 топқа бөлінген, таныстыру.

Ой қозғау «Біліміңді сына » (физикалық диктант)

  1. Денелердің бір біріне әрекет етуі —– деп аталады.( өзара әсер )
  2. Масса денелердің өзара әрекеттесу кезіндегі —– шама.
  3. Массаның белгіленуі —–
  4. Массаның халықаралық бірліктер жүйесіндегі өлшем бірлігі. ———-кг
  5. Өлшеулер жүргізу үшін массаны — өлшейді.
  6. Заттың тығыздығы деп —– деп атайды.
  7. Тығыздықтың белгіленуі —-
  8. Тығыздықтың формуласы —
  9. Тығыздықтың өлшем бірлігі

II.Ой бөлісу.

Оқушылар біздер күнделікті өмірде бір дененің екінші денеге әсер ететін көп кездестіреміз.Мысалы қолдың допқа,желдің ағаштың бұтағына,баланың әткеншекке ,магнинттің темірге т .б.

Сұрақ: Сонда бұл әрекеттер қалай жүзеге асады? Ненің әсерінен болады?қандай нәрсе ?

Жауап: күш

Сұрақ: Куш туралы қандай аталы сөздер ,мақал –мәтелдер білесіңдер?

III.Мағнаны тану. Күш ұғымы ғылымда кеңінен қолданылады және ол физиканың негізгі ұғымдарыныңбіріне жатады. Тақтаға күш,күштерді өлшеу тақырыбын жазамыз. Түсіндіру ,дәптерге жазу.

IY.Отбасылық талдау: екі топқа жаңа тақырып бойынша талдау жасату. күштің өлшем бірліктері, күштерді өлшеу.

Ізденіс жұмыстары:

1-топқа «И.Ньютон –классикалық механиканың негізін салушы» ,

2 –топқа «Күштердің түрлері»

  1. Ой қорыту кезеңі:
  2. Екі топ әр түрлі сөздер алып синоним сөздерге мағына береді.
  3. Есептер шығару.
  4. Өлшеп көр : әр топқа әртүрлі денелер беріп ,динометрдің көмегімен күш мөлшерін өлшеу,Н –ды кН –ға айландыру.2кН = 2000 н
YІ. INSERT – СТРАТЕГИЯСЫ: Нені білетін едім. Не үйрендім Не білгім келеді

Сабақтың презентациясын көшіріп алыңыз.

Check Also

Физика-9. Түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс теңдеулеріне есептер шығару.

Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Дененің, үдеуі, еркін түсуі,  …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.