Бастауыш сынып. Тақырыбы: «Әдептілік тәрбие бастауы»

balzhanBekb000Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы   Атамекен ауылы М.Өтемісов атындағы НЖББМ-нің мектепалды даярлық тобының ІІ санатты тәрбиешісі Бекболатова Балжан Батыргалиқызы

Мақсаты :
а) Әдеп туралы түсінік беру , жақсы мен жаманды айыра білуге баулу.
ә) Оқушылардың  танымдық белсенділігін арттыру, ойлау қабілетін  дамыту, ой –өрісін кеңейту, сөздік қорын молайту.
б) Жаман әдеттерден аулақ болуға, жақсы әдеттерді бойына сіңіре білуге тәрбиелеу.
Түрі :   ертеңгілік
Көрнекілігі :  «әдептілік әлемі» суреттер, нақыл сөздер, тақырыбы жазылған плакат, шарлармен безендірілген

Барысы :
Құрметті ата-аналар, ұстаздар !
Бүгінгі « Әдептілік тәрбие бастауы» атты  тәрбиелік шарамызға қош келдіңіздер.
-Балалар, алдымен қонақтармен амандасып алайық.

Хормен
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Қонақтарды құрметтеп,
Бас иеміз біз !

Тәрбиеші :   Балалар, әдепті бала деп қандай баланы айтамыз?

Дұрыс  айтасыздар балалар.Әдепті бала деп, сәлемдесе білетін, үлкен – кішіні құрметтейтін, таза да ұқыпты жүретін, айтқан тілді алатын, ата-анасын, бауырларын, құрбы – құрдастарын ренжітпейтін  баланы айтады екенбіз.

Сендер әдептілік туралы мақал – мәтелдер білесіңдер ме ?
Ендеше мақал – мәтелдерге кезек берейік.

Жанерке:
Әдепті бала-  арлы бала
Әдепсіз бала- сорлы бала.

Айберген: Әдептілік белгісі  иіліп сәлем бергені.
Бекжан: Кішіге ізет, үлкенге құрмет
Абзал: Жақсы бала жол сілтейді, жаман бала қол сілтейді.
Мансур: Сіз деген әдеп , біз деген көмек.
Аянат: Әдептілік ар –ұят адамдықтың белгісі.
Нұркен: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
Ернияз: Бірлік бар жерде, тірлік бар.
Нұрдәулет: Арамдықты адалдық жеңер.
Жансерік: Жақсы тауып айтады, жаман қауып айтады.
Жанерке: Баланың жақсысы қызық, жаманы күйік.
Рахмет: Ақыл  көпке жеткізер, өнер көкке жеткізер.
Әсия: Атаңа не қылсаң алдыңа сол келеді.
Тәрбиеші :  Жақсы сөз жарым ырыс дейді екен хақымыз. Мақал –мәтел, нақыл сөздер адамдардың іс-әрекеттеріне, мінез-құлқына жасаған бақылауларынан туған дана сөздер екен.

Келесі балалардың әдептілік туралы жыр-шумақтарына кезек берейік.

  1. Аянат :

Ата – ананың тілегі,
Адам болып өскенің
Адамдықтың тірегі ,
Адал болып өскенің

  1. Бекжан :

Әдептілік дегенің
Әрқашанда керегің
Әсемпаздық дегенің
Әуре сарсаң әлегің

  1. Рахмет :

Сыйлап сәлем беремін
Көршілерді көргенде
Әдетпен бас иемін
Үйге қонақ келгенде
Әдепсіз деп сөкпесін
Анама айтып өкпесін

  1. Нұркен :

Кім үлкенді сыйласа,
Кім үлкенді тыңдаса
Сыйлы болмақ өзі де
Үлкен болған кезінде

  1. Ернияз:

Атам менің әманда
Кішіпейіл бол деген
Ақыл сөзі санамда
Мақтанбауды жөн көрдім

6    Нұрдаулет :
Әдеп сақтан әманда
Әрбір адал адамға
Жасасаң бір жақсылық
Қайтарады саған да

  1. Абзал :

Мен әдепті баламын
Оқып білім аламын
Үлкен кіші сыйлайтын
Ер азамат боламын

  1. Т.Жанерке :

Сыйлап үлкен ағаны,
Сәлем берген баланы
Әдепті екен бұл дейміз

9. Айберген:
Таудай биік талабы,
Жақсы оқитын баланы
Үлгілі екен бұл дейміз

  1. Мансур :

Кітап, дәптер, қаламы
Кір шалмаған баланы
Ұқыпты екен бұл дейміз

  1. Жансерік :

Өтірік сөз айтпаса,
Уәдесінен қайтпаса
Шыншыл екен бұл дейміз

  1. Әсия :

Сәлем берсем иіліп
Сәлеміме сүйініп
Атам жақсы көреді
Ақ батасын береді

  1. Н.Жанерке

Ата-ана, тәрбиешіге
Қарсы келмей әдепті бол
Өтірік айтпа үйрен шын
Тілейтінім тек сенен сол

 1 көрініс«Автобустағы әдептілік»  /автобуста отырған балалар:  Аянат, ТЖанерке, Ернияз Н.Жанерке,                                                            /  аталар Жансерік, Бекжан, Нұркен, Мансур

2 көрініс«  Қонақ келгенде»   / қонақ күтушілер: Әсия, Айберген /
/ қонақтар : Рахмет, Н.Жанерке, Нұрдаулет, Абзал/
-Бірінші көріністе балалар үлкен кісілерге қандай әдептілік танытты ?
-Ал, екінші көріністе балалар үйге келген қонақты қалай қарсы алды?
Келесі  оқушылардың  не жаман ?  атты  тәрбиелік мәні зор  санамағына құлақ түрейік.

Т. Жанерке :
Біріншіден не жаман ?
Беті –қолың кір-кір боп.
Берекесіз ыржақтап,
Бейбастықпен өссең ,сол жаман.
Екіншіден не жаман?
Ессізденіп, желпініп
Екіленіп , ерігіп
Ерке боп өссең сол жаман,

Т.Жанерке:
Үшіншіден не жаман ?
Ұшып қонып жүретін
Шегірткедей жеңілтек,
Ұшқалақ болсаң сол жаман

Нурдаулет:
Төртіншіден не жаман ?
Төменде тұрған өздерің
Төбеде тұрған алмаға
Талассаңдар сол жаман

Жансерік :
Бесіншіден не жаман ?
Бар кітабың шашылып,
Берілген сабақ оқылмай
Екі алсаң сол жаман
 
Рахмет :
Алтыншыдан не жаман ?
Ата-ананың ақылын
Ала білмей кезінде
Ақымақ болсаң сол жаман
 
Аянат :
Жетіншіден не жаман ?
Жиренішті әдеттен
Жирене білмей кезінде
Жетесіз болсаң жаман

Бекжан :

Сегізіншіден не жаман ?
Соқтықпай күнде ойнайтын
Серік таппай қиналып
Сергелдең болсаң сол жаман ?

Әсия :
Тоғызыншыдан не жаман?
Топ ішінде мақтанып
Төбелесіп жұртпенен
Таяқ жесең сол жаман
 
Ернияз :
Оныншыдан не жаман ?
Ойын қуып жасыңда
Оқусыз өтсең , балақай
Бәрінен де сол жаман

Абзал :
Жарайсыңдар балғындар,
Сендерге рахмет
Кәрі жасқа ой сала,
Үйрететін ой-сана

Тәрбиеші :Балалар бұл санамақтан  нені ұқтыңдар ?
Ия, жаман әдеттерден аулақ болып, жақсы  әдеттерді бойымызға сіңіріп өсуіміз керек екен.
Ән:      «Қазақы дастарханым»  орындайтын қыздар тобы
Тәрбиеші :Ал енді ата-аналар, сіздерден балаларыңызға әдептілік, өнер, білім  туралы  мақал – мәтелдер айтып түсіндіріп берулеріңізді сұраймыз.
Тәрбиеші :Келесі кезекті балаларымыздың өнеріне береміз.

  • Ер балалардың орындауындағы халық биін тамашалаңыздар
  • Көңілді вальс  биін қабыл алыңыздар.
  • Келесі қыздарымыздың орындауындағы халық биіін қабыл алыңыздар.

Қорытынды.

Құрметті оқушылар !
Бүгінгі ұйымдастырылған шарадан сендер әдептілік туралы түсінік алдыңыздар. Әрқашанда  үлкенге ізеттілік танытып, кішіге қамқор бола біліңіздер.Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен дейді. Сондықтан да жақсы қасиеттерді бойларыңа сіңіріп, жақсы азамат пен азаматша болып өсулеріңе тілектеспін. Келген қонақтарға көп-көп рахмет айтамыз.

Check Also

Сабақтың тақырыбы: Дала жануарлары мен өсімдіктері

Мұқыжанова Әзипа Төкішқызы. Қарағанды облысы Шет ауданы Х Сәрінжіпұлы атындағы ЖОББМ базасындағы тірек мектебінің  бастауыш …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.