ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 20 ЖЫЛ

Әбілда Шырайлым Ғалымжанқызы

Жамбыл облысы, Шу қаласы, “Жібек Жолы” мектеп-лицейі, 9″б” сынып.

Биыл Қазақстан халқы ел тәуелсіздігінің 20 жылдығын қуанышпен атап өткелі отыр. Адам өмірі үшін елеулі, ал мемлекет тарихы үшін қас қағым сәт қана саналатын бұл мерзім өткенімізді саралап, келешегімізге көз жіберіп алатын елеулі белес екені анық. Сондықтан да қоғамымыз үшін қиын да қызықты, қауырт істер мен өркенді өзгерістерге толы болған бұл жиырма жылдық кезеңді бүгінде елжірей еске алып, алға тың күшжігермен ұмтылатын жөніміз бар. Өйткені, тәуелсіздігіміздің таңғы шағында, бәзбіреулердің көп ұлтты Қазақ елінің осынау аз уақыт ішінде бірлігі жарасқан мемлекетке айналып кете қоятынына күмәнмен қарағаны да есімізде.

«Кім бүгінгісін таныса-өткеніне де ие, өткенін білген-келешегіне де қожа», деген халық даналығы бар емеспе.

Алайда, тап осы жиырма жылда Қазақстан еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың білікті басшылығының арқасында ол жайсыз жорамалдар мен сәтсіз сәуегейліктер жүзеге аспай, еліміз бүгінде тек ТМД арасында ғана емес, әлемдік деңгейде жоғары қарқынмен дамып отырған бейбіт әрі беделді мемлекеттердің қатарына қосылып отыр. Бұл бүгінде әлемге танылған ақиқат екені айқын.

Әрине, отандастарымыз қазіргі алаңсыз еңбек етіп, білім алып, өсіп-өніп, берекелі тіршілік кешіп жатқан жағдайға оңайлықпен жеткен жоқ. Бүгінде Қазақстан ұлттық әл-ауқат деңгейі жөнінде әлемдегі 110 мемлекеттің арасында 50-ші орынды иеленіп отыр.

Осы орайда елбасымыздың көрегенді әрі ұтқыр шешімдерін атап өткім келіп отыр. Президент қысқа мерзім ішінде Қазақстанның әлем алдындағы бейбітсүйгіш ел ретіндегі беделін қалыптастыра білді. Іштен де, сырттан да жасалған қысымдарға қарамастан, ол өзінің алғашқы шешімдерінің бірі арқылы Семей полигонындағы жарылыстарды тоқтатты.

ХХ ғасыр ядролық қару деген кесепатты дүниеге алып келді. Сол қару кеңінен қолданылмай жатып, өзінің пайда болу кезеңінде-ақ айналасына өлім септі. Сынақтар, сол сынақ өткізетін жер-полигондар пайда болды. Сондай қасіретке әлемнің біраз жері, оның ішінде қазақ жері-халқымыздың аяулы перзенттері дүниеге келген Семей жері де ұшырады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің 1991 жылғы 29 тамыздағы Жарлығымен тоқтатты. Семей ядролық сынақ полигонын жабу-теңдессіз оқиға. Оны біздің еліміздің басшысы жапты деп мақтанамыз. Президенттің мұндай шешім қабылдауы расында да теңдессіз ерлік еді. Араға, бір жыл салып, АҚШ Конгресі де Невадада ядролық сынақты тоқтатуға шешім қабылдады. Одан кейін француздар да ақылға келіп, 1995 жылы полигондарын жапты. Мұндайда алған беттерінен қайта қоймайтын қытайлар да 1996жылы өздерінің Лоб-Нор шөліндегі полигонын жапты. Ал қазірге дейін жинақталып қалған 41735 ядролық оқтұмсықтың күші Жер шарын бір емес-ау, жүз мәрте жоя алады екн. сол жойқын қаруды жоюдың бастамашысы біздің еліміз болып отырғаны үлкен абырой. Қасіретке айналған аймақ енді қайта сергіп, қайта түлеп, халыққа қызмет етуге тиіс. Осы жолда қыруар іс тындырылды. Оны бүкіл әлем бағалап отыр. Әлде қызғаныш, әлде жетесіздігінен болар, сол істі елегісі келмейтіндер, ең болмағанда әйтеуір бір жамандап көрсеткісі келетіндер де бар. Әркім-өз ниетінің құлы. БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның:1911 жылы Президент Н. Назарбаевтың Семейдегі ядролық қарудан бас тартуы үлен ерлік. Бұл қадам көрегендік, нағыз тәуелсіздікті жариялау. Мен барлық мемлекет басшыларын, оның ішінде ядролық державалардың басшыларын Қазақстаннан үлгі алуға шақырамын деп бұған үлкен саяси баға берді.

Елбасымыздың екінші батыл қадамы деп елордамызды Алматыдан Астанаға ауыстыруын айтуға болады. Астана-қазірдің өзінде әлемдік саясаттың бағыт-бағдарын айқындайтын орталықтардың біріне айналып келеді. Мұнда Қазақстанның тікелей бастамашылығымен өмірге келген ірі халықаралық ұйымдардың жиындары өтіп жатады. Көне қазақ даласында тұңғыш рет 60 тарта мемлекет және үкімет басшылары мен ірі халықаралық ұйымдардың жетекшілерінің қатысуымен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының 7-ші Саммиті өтті. Елімізде алғаш рет Азиада ойындарының алауы жағылып, онда отандық спортшыларымыз тамаша табыстарға жетті.

Еліміздің тұрақтылық жағдайында, бірлік туының астында қарышты қарқынмен дамып отыруы-халқымыздың баға жеткізгісіз бақыты дер едім. Әрине, біз оның қадірін білуге тиіспіз. Ең бастысы, бүгінде заман талабына сай Қазақстанның ертеңгі келешегі бұдан да жарқын болатыны сөзсіз. Өйткені, халқымыз Президент Нұрсұлтан Н. басшылығымен қолға алынған қай істің де табысты аяқталатынына кәміл сенеді. Әрі ол сенім өзін үнемі ақтап келеді.

Check Also

ҰБТ – 2017 жаңа форматы және мамандықтар туралы толық мәлімет.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтеді. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы. ҰБТ– жоғары оқу …

3 комментария

  1. біздің Шырай ғоой… МОЛОДЕЦ

  2. Тұрар Айсана

    Шығармааааааааааааа кереметтттт!!!!!!!!” маған қаттты ұнады!!!! Әрі қарай білім деңгейінді,тіл байлығының осуіне тілектеспііііін !!!!”

  3. Тұрар Айсана

    оззззз құрбыылааарын АЙСААНА МЕН ГУЛЬНАРРА И КЛАСССС 9 ААА

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.