Ауа-жердің қорғаны. Ауаны қорғау. Бастауыш.

anaramanbek000Аманбекова Анар Мұратқызы. Жамбыл облысы, Шу қаласы, №40 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі.

Сабақтың  тақырыбы:
Сабақтың  мақсаты:   Білімділік.  Ауаның  адам  өміріндегі  маңызы, оны  қорғау  туралы  оқушылардың  білімдерін қалыптастыру
Дамытушылық:  Дүние  танымын, ой  өрістерін, пәнге  деген қызығушылығын   дамыту
Тәрбиелік : Салауатты  өмір  салтына,  табиғатты қорғау  сезіміне  тәрбиелеу.
Сабақтың  түрі:   Аралас   сабақ.
Әдіс  -тәсілдері:  Түсіндіру, тәжірибе, сурет  салу, шығармашылық жұмыс.
Сабақтың  көрнекілігі: интерактивтік   тақта, су  құятын  ыдыс, шырақ т.б.
Пәнаралық   байланыс: музыка, бейнелеу, әдебиеттік оқу.

Сабақтың   барысы :
I   Ұйымдастыру  кезеңі
а) Сәлемдесу.
ә) Сабаққа назар аудару.

Бір-бірімізге жақсы көңіл күй сыйлайық
Үлкенге иман керек,
Кішіге иба керек.
Адамдар бірін-бірі
Құрметтеп, сыйлау керек.

II   Үй  тапсырмасын  тексеру  кезеңі .
Су қоймаларын  қорғау     мазмұнын  сұрау

III.  Өткен    материалдар   бойынша   білімдерін   тексеру  кезеңі .
а) Судың   қандай  қасиеттерін  білесіңдер?
Тәжірибе  жүзінде  дәлелдеу
ә) Картамен   жұмыс.
б) Су  айналымын    түсіндір.
в) Сызбамен  жұмыс.
г) Жұмбақ шешу, мақал-мәтелдер, өлеңдер.

  1. Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.

Ребус  шешу
Ребустың   жауабы:   Ауа

Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Ауа – Жердің қорғаны. Ауаны қорғау.
Сабақтың мақсаты:   Ауа  – жердің  қорғаны  туралы  терең  танып  білу
Ауаны  қорғай  білуге  үйрену .

  1. Жаңа білімді меңгеру.

а) Сұрақ-жауап.
Жер  шарының  айналасын   қоршап  тұрған  не?
Жер  бетінің  тіршілік  көзі  не ?
Ауа  жерді   күндіз неден,  түнде   неден  сақтайды?
ә) Кестемен  жұмыс.

anaramanbek2

 

б) Дәптермен  жұмыс.

Ауаның қасиеттері Түссіз, иіссіз, мөлдір, көзге көрінбейді

в) Тәжірбие жасау.

Сергіту  сәті.

  1. Жаңа білімді бекіту кезеңі.

«Кім шапшаң» ойыны.

  1. Жердің ауа қабаты туралы айт. Неліктен «Ауа – жердің қорғаны» деп саналады?
  2. Жерге ғарыштан құлаған заттарды ғалымдар не істейді?
  3. Ауаны ластайтын не?
  4. Біздің еліміздің ауаны қорғау үшін қандай шаралар қолданады?
  5. Таза ауа адамға не береді?
  6. Сен ауаның қандай қасиеттерін білесің?

а) Бүгінгі өткен сабаққа байланысты қандай өлеңдер, жұмбақтар білесіңдер?
б) Семей полигоны туралы оқушылардың рефераты.

VII. Үйге  тапсырма.   Ауа  жердің  қорғаны.
Ауаны  қорғау   баяндама.
Бағалау. Ынталарына, білімдеріне  қарай    балдық  жүйемен
бағалау.

Check Also

mukizhanjvaazipa000

Сабақтың тақырыбы: Дала жануарлары мен өсімдіктері

Мұқыжанова Әзипа Төкішқызы. Қарағанды облысы Шет ауданы Х Сәрінжіпұлы атындағы ЖОББМ базасындағы тірек мектебінің  бастауыш …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.