PAINT ГРАФИКАЛЫҚ РЕДАКТОРЫ

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларды Paint графикалық редакторымен, редактордың терезе элементтерімен таныстыру. Paint графикалық редакторында жұмыс істеу тәртібін үйрету.
2. Дамытушылық: оқушылардың білімін кеңейтіп, компьютерде жұмыс істеу шеберлігін одан әрі шыңдау және оқушылардың өздігінен жұмыс істеуін дамыту.
3. Тәрбиелік: жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа, жан-жақты болуға, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: практикум элементтері бар түсіндірмелі-көрнекілік.
Көрнекіліктер: ДК, мультимедиялық құралдар, тақырып бойынша дайындалған слайдтар, оқулық, жұмыс дәптері, таратпа карточкалар.
Пәнаралық байланыс: Геометрия, бейнелеу өнері.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 2мин
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 5мин
ІII. Жаңа тақырып 20мин
IV. Практикалық жұмыс 10мин
V. Сабақты бекіту 5мин
VI. Үйге тапсырма 1мин
VІІ. Бағалау. 2мин

Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1) оқушылармен сәлемдесу, түгендеу;
2) оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару;
3) сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
(сұрақ-жауап әдісі бойынша)
1. Компьютерлік графика деген не?
Компьютер көмегімен құрылған кескендер компьютерлік графика деп аталады.
2. Компьютерлік графика нешеге бөлінеді?
1-ші екі өлшемді графика, 2-ші үш өлшемді графика.
3. Екі өлшемді графика нешеге бөлінеді?
1-ші Растрлық графика, 2-ші Фракталдық графика, 3-ші Векторлық графика.
4. Пиксель деген не?
Пиксель-монитор экранындағы кескіннің минимал элементі, ол квадрат пішінді
5. Растрлық кескіндер дегеніміз не?
Растрлық кескіндер мозаика сияқты, тек шыны немесе пластмасса кесектерінің орнына пиксель алынады.
6. Векторлық кескін дегеніміз не?
Векторлық кескін-бұл нүктелер, сызықтар, шеңберлер, төртбұрыштар және басқа геометриялық фигураларды пайдаланып, компьютерлік графикада өрнектеу.
7. Фракталдық графика дегеніміз не?
Фракталдық графика математикалық есептеулерге негізделген, кескіндердің негізгі элементі болып математикалық формула табылады.

ІII. Жаңа тақырып.
Paint графикалық редакторы
Paint сурет салу программасы. Әр түрлі графикалық кескіндерді салуға, өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл программаның көмегімен қарапайым суреттен бастап, күрделі графикалық шығармаларға дейін жасауға болады.
Paint программасында өзіміз сурет салуымызға, Windows-тің басқа қолданбаларынан алмасу буферіне көшірілген дайын суреттерді мәтінге қоюға, сондай-ақ сканердің көмегімен алынған күрделі кескіндерді енгізуге болады.

Paint программасын іске қосу
Paint графикалық редакторын іске қосу үшін, келесі әрекеттерді орындау керек.
1. Іске қосу (Пуск) батырмасын шертіңдер.
2. Бас менюден Программалар (Программы) командасын таңдаңдар.
3. Ашылған бағыныңқы менюден Стандартты командасын таңдаңдар.
4. Келесі бағыныңқы менюден Paint графикалық редакторын таңдаңдар.
Бұдан былай осындай әрекеттер тізбегін мына түрде жазамыз:
Іске қосу→Барлық программалар→Стандартты→ Paint
(Пуск→Все программы→Стандартные→Paint)
Командалар орындалғаннан кейін, экранға Paintграфикалық
редакторының терезесі шығады.
Көріп отырсыңдар, терезе Windows жүйесінің стандартты түрі сияқты, бірақ мұнда салынатын кескіннің түсін таңдап қана қоймай, оның фонының түсін де таңдауға болатын түстер палитрасы қосылған. Терезенің үлкен бөлігін бос кеңістік – сурет салу алаңы алады. Оның сол жағында таңбашалар тобы – құралдар тақтасы орналасқан. Терезенің төменгі жағында түстер палитрасы бар.
Түстер палитрасының көмегімен екі түрлі түсті таңдауға болады: негізгі – біз онымен сурет салатын түс және қосымша – бұл фон беретін түсі. Программаны іске қосқанда, ешқандай әрекет болмаса, келісім бойынша кескіннің түсі – қара, ал фонның түсі ақ болып шығады.
Политраның сол жағында бірін-бірі жабатын екі квадрат орналасқан. Жоғарғысы сурет түсін көрсетеді. Ол таңдаған түсте тышқанның сол жақ батырмасын шерту арқылы таңдалады. Төменгі квадрат фон түсін көрсетеді, ол үшін таңдаған түсте тышқанның оң жақ батырмасын шерту қажет.

Сурет салу кезеңі
Сурет салу процесі мынадай негізгі кезеңдерден тұрады:
1. Құралды таңдап алу керек.
Paint графикалық редакторында 16 құралды пайдалануға болады. Олардың міндеттерін білу үшін, тышқанның нұсқағышын қажетті құралдың үстіне орналастыру керек. Сонда ішіне олардың міндеттері жазылған кішкене төртбұрыш пайда болады.
Сурет салу кезеңдері мына құралдар арқылы жүзеге асырылады:

Ерікті аймақты белгілеуқұралы, бұл қисық пішінді үзіндіні таңдау қызметін атқарады.
Белгілеу құралы, суреттің тік төртбұрышты үзіндісін таңдау қызметін атқарады.
Өшіргіш/түрлі түсті өшіргіш, бұл суреттің белгілі бір бөліктерін өшіруге арналған құрал.
Құю (Заливка) құралы, бұл тұйық контурдың ішін кескін немесе фон түсін бояйды.
Түс таңдау құралы, бұл кескіннің немесе фон түсін, суреттің кез келген нүктесінің түсіне өзгертеді.
Масштаб құралы, бұл суреттердің жеке үзінділерін үлкейтіп, кішірейтуге мүмкіндік береді.
Қарындаш құралы, кез-келген сызықты әр түрлі жуандықта сызуға арналған.
Кисть, ерікті сызықтарды салуға арналған. Кистінің қажетті түрін таңдап алуға болады.
Бүріккіш құралы, пульверизатор эффектісіне жетуге мүмкіндік береді.
Жазу, бұл сурет ішіне мәтін орналастырады.
Сызық, түзу сызықтар салуға арналған.
Қисық, тегістелген сызықтар салуға мүмкіндік береді.
Тік төртбұрыш, тік төртбұрыштар салуға арналған.
Көпбұрыш, ерікті пішінді тұйық көпбұрыштар салады.
Эллипс, шеңбер және эллипс салуға арналған құрал.
Бұрыштары дөңгеленген тік төртбұрыш. Бұрыштары дөңгеленген квадраттар мен тік төртбұрыштар салуға мүмкіндік береді.

2. Сызықтың қалыңдығын, кисть түрін немесе төртбұрыштың типін тағайындау.
Мұны құралдар тақтасының тура астыңғы жағындағы арнайы аймақта жасауға болады. Сызықтардың қалыңдығын бірден бастап, бес нүктеге дейін салуға болады және кисттің, төртбұрыштың бірнеше түрлерін пайдалануға болады.

3. Кескіннің түсін таңдау.
Сурет салатын түсті таңдау үшін, палитрадағы қажетті түстің төртбұрышына тышқан нұсқағышын орналастырып, сол жақ батырмасын басыңдар.

4. Фонның түсін таңдау.
Фонның түсін таңдау үшін, палитрадағы қажетті түске тышқан нұсқағышын орналасьырып, оң жақ батырмасын шертіңдер. Бұл саты фонды пайдаланып объектілер жасайтын құралдармен жұмыс істегенде қажет (тік төртбұрыш, көпбұрыш, эллипс, дөңгеленген көпбұрыш).

5. Ал, енді сурет саламыз.
Сурет салуға қажетті қандай да бір құралды таңдау үшін, келесі әрекеттерді орындау керек:
1. Сурет салуға қажетті құралды таңдап, оған тышқанның нұсқағышын орнатып, оны шертіңдер.
2. Палитрадағы қажетті түстің төртбұрышына тышқан нұсқағышын орналастырып, сол жақ батырмасын шертіңдер.
3. Нұсқағышты сурет салатын орынға жылжытып апарыңдар.
4. Тышқан батырмасын басып тұрып нұсқағышты қажетті бағытта тасымалдаңдар.
5. Суретті салып болған соң, тышқанның батырмасын жіберіңдер.

IV. Практикалық жұмыс.
Жаңа тақырып бойынша тапсырмалар орындайық.
Карточкамен жұмыс істеу

V. Сабақты бекіту.
1. Paint редакторының терезе элементтерін, арнайы параққа толтыру.
2. «Ой сергіту», Paint редакторының құралдарын еске түсіру.

VI. Үй тапсырмасы.
1. §22оқу, 117-120 бет.
2. Paint графикалық редакторының құралдарының қайсысы қандай міндет атқаратынын жатқа айту.
3. “Көктем көрінісі” тақырыбында Paint графикалық редакторында сурет салу үшін сурет салып келу.

VІІ. Бағалау.
«Бес саусақ» әдісі

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.