Кәсіби қазақ тілі: Электр тогы.

amangulazgal000Азғалиева Амангүл Құттыбаевна. Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы Орал қаласы Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға сөйлемдерді дұрыс оқуға бейімдеу, тақырыпқа байланысты тапсырмалар жазу арқылы жаңа сабақты меңгерту
  2. Дамытушылық: Мамандық бойынша термин сөздерді меңгерту. Сөздік қорларын байыту , мәтінді ауызша аудара білуге ойлау қабілетін дамыту
  3. Тәрбиелік: : Оқушыларды тілдік нормаларымызды сақтап, таза сөйлеуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі:  практикалық
Оқытудың әдістері мен әдістемелік амалдары: сұрақ- жауап, түсіндіру, тапсырмалар.
Көрнекті оқу құралдары мен техникалық құралдары:  топшама, кесте.
                                         
Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:   
Оқушылармен амандасу.
Оқушылардың сабаққа даярлығын, оқу құралдарын тексеру.
Дәрісхана даярлығын тексеру. Оқушыларды түгендеу.

ІІ.Өткен тақырыпты тексеру:

  1. Сөз таптарын қысқаша сұрау
  2. Термин сөздерді жатқа айту

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

  1. Қызығушылықты ояту.
  2. Оқытушы оқушылар зейінін сабаққа адару үшін, электр тогы туралы не білетіндерін сұрау.

eltok002

  1. Электр тогы туралы қандай сөз тіркестерін білесіңдер?

–  Электр өрісі;
–  Ажыратылған ток;
–  Еркін электр зарядтарын;
–  Электр қозғаушы күш т.б.

Өз мамандықтарыңыз туралы, соның ішінде электр тоғы туралы біраз мағұлмат айттыңыздар. Бүгінгі өтетін тақырыбымыз электр тогы деп аталады.

Электр тоғы деп зарядталған бөлшектердің реттелген /бағытталган/ қозғалысын айтады.

Өткізгіште электр тоғы болуы үшін оның ішінде электр өрісін тудыру керек. Осы өрістің әсерінен өткізгіш ішіндегі еркін қозғала алатын зарядталган бөлшектер электр күпггерінің әсер ету бағытында қозғалысқа түседі де электр тоғы пайда болады.

Өткізгіште электр тогы ұзақ уақыт болып тұру үшін өткізгіште электр өрісінің болып тұруьн қам тамасыз ететін электр тогының көздері болады.

Тоқ көздері әр түрлі болады, бірақ олардың барлығында да оң және теріс зарядталған бөлішектерді ажырататын, бөлу жұмысы орындалып отырады. Ажыратылыды бөлінген бөлшектер тоқ көзінің полюстерінде жинақталады, ал полюстер деп өткізгіштерді клеммалар не қысқыштар арқылы ток көзіне тіркейтін жерлерді айтады. Тоқ көзінін бір полюсі – оң, екінші полюсі – теріс зарядталады. Егер полюстерді өткізгіш арқылы қосатын болсақ, онда өріс әсерінен өткізгіш ішіндегі зарядталған еркін бөлшектер қозғалатын болады, элекгр тоғы туады.

Зарядталған бөлшектерді ажыратып бөлу процесінде тоқ көздерінде механикалық энергия, ішкі энергия немесе энергияның басқа бір түрі электр энергиясына түрленеді.

Егер әр түрлі екі металдан жасалған сымдарды дәнекерлеп тоғыстырып, сонан кейін тоғысқан жерін қыздырсак, өткізгіштерде электр тогы пайда болады. Мұндай тоқ көзі термоэлемент деп аталады. Термоэлементте қыздырғыштың ішкі энергиясы элекгр энергиясына түрленеді. Ал, электр машинасында механикалық энергия элекгр энергиясына түрленеді.

Сонымен, оқушылар, электр тогы дегеніміз не? Өткізгіште электр тогы болу үшін не істеу керек? Электр тогы қалай пайда болады? деген сұрақтарға жауап беріп көрейік. Олай болса, дәптерлеріңізге қысқаша жазып алайық.

Жаңа сөздікпен жұмыс.

Ток күші –сила тока
Мөлшер – обьем
Қозғалыс – движение
Өткізгіш – проводник
Қуат -мощность
Еркін- свободно
Қамтамасыз ету- обеспечивать
Қысқыш- зажим
Жылдамдық- скорость
Құрал- инструмент
Кернеу- напрежение

Анықтамаларды дәптерге жазу :
а) еркін электр зарядтарын тасымалдаушылардың реттелген қозғалысы электр тогы деп аталады.
ә) еркін шапшаң электр зарядтарын тасымалдаушылары бар болғанда ғана өткізгіште электр тогы пайда болады.
б) электр тогының пайда болуы үшін еркін зарядты тасымалдаушыларға ірекет ететін электр өрісінің бар болуы қажетті болып табылады.
в) электр тоғының ұзағынан сақталуы үшін электр өрісін тудыратын құрылғының болуы міндетті, яки ток көзі керек.

  1. Мағынаны тану. Бұл бөлімде оқушылардан сұрақтар, тапсырмалар бойынша сұрау, талдау.

1 Тапсырма. Сөз тіркестерін аударыңыз.
Зарядталған бөлшекгердің реттеінен қозғалысы; электр тогы болуы үшін; электр өрісін тудыру керек; электр күштерінің әсер егу бағытында; өткізгіште электр тогьшын больш түруын қамтамасыз ететін; ажыратьшьш бөлінген бөлпіектер; қысқыштар арқылы ток хөзіне тіркейтін жерлер; өткізгіш ішіндегі зарядгалған еркін бөлшектер қозғалатын болады; механикалық энергия электр энергаясына түрленеді; өр түрлі екі металдан жасалған сымдарды; тоғысқан жерін қыздырсак

2 Тапсырма. Көп нүктенің орнына ілік септік және тәуелдік жалғауын жалғаңыз.
Өріс… әсер…, энергия… баска бір түр..; бөлшектер… қозғалыс…; электр күштері… өсер ету бағыт…; ток көзі… бір полюс…; қыздырғыш… ішкі энергия…; ток күші… периодты өзгеру…; өткізгіштер… өзара әсер…, тербеліс… жиілік…; денелер… тартылу…; өндіріс… даму…; электроэнергетика… негіз…; энергетика сала… маман….

3 Тапсырма. Жақшанын ішіндегі сөздерге барыс септігінін жалғауын қосыңыз.
Бөлшектер (қозғалыс) түседі. Қысқыштар арқылы (тоқ көзі) қосылады. Механикалық энергия (электр энергия) айналады. Электр өрісінің больш тұруға (қамтамасыз ету) жағдай жасау керек. Менің досым «Басқару жүйелерін автоматтандыру жәке акпаратгакдыру»  (мамандық) (оқу) түсті. Кафедраның (зертхана) келсін. Студенттер оқу бітіргесін энергетикалык (компаниялар) (жұмыс) тұрады.

4 Тапсырма. Етістіктердге өткен шақ есімше формасьша қойыңыз, олармен сөз тіркестерін құраңыз.
Үлгі: қосылу – қосылған – қосылған сым
Реттелу, зарядталу, түрлену, пайда болу, ажыратылу, дәнекерлеу, жинау, орындалу, қамтамасыз ету, қыздырылу.

  1. Толғаныс

«Мамандығым мақтанышым» тақырыбына  5 минуттық ой толғау  (эссе) немесе мамандыққа байланысты өлең жодарын шығару.

   ІҮ. Жаңа тақырыпты бекіту:
І. Сұрақ – жауап
1)  Электр тогы  деген не?
2)  Өткізгіште  электр  тогы  болу  үшін  не  істеу керек?
3)  Электр тогы  қалай  пайда болады?
4)  Өткізгіште электр тогы  ұзақ  уақыт  болып  тұруы  үшін  қандай  шарт орындалуы керек?
5) Механикалық энергия, ішкі  энергия  электр  энергиясына  қай  кезде түрленеді ?
7) Термоэлемент деген не?

ІІ. «Инсерт жүйесі»

Білетінім Мен үшін жаңалық Таңқалдырды Білгім келеді

    Ү.Үйге тапсырма беру: Тақырыпқа  байланысты термин сөздер жазу.

Check Also

aliyasem000

Тарих-9. Индустрияландыруға бағыт алу және оның барысы.

Сембаева Алия. Жамбыл облысы Шу қаласы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі. Үй …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.