Әдебиеттің маңызы білімнің негізі.

amangulazgal000Азғалиева Амангүл Құттыбаевна. Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы Орал қаласы Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі.

Оқытудың  белсенді формалары мен тиімді әдістері: инновациялық дәрістер топтамасы, пракатикалық сабақтар, іскер ойындар болып табылады. сабақтарда, оқытушы оқушының танымдық іс-әрекетінің барысын қадағалап , жауаптың дұрыстығын талдайды. Мұндай сабақтардың нәтижесінде оқушы қазақ әдебиетінен тек білім ғана алып қоймай,  білік пен дағды жинайды. Ойындар кезінде оқушылар топтарға бөлініп, ғылыми кеңес отырысында оларға қойылған талаптарға, проблемаларға  жауап іздеп, шешу жолдарын жұрт алдында қорғайды.  ОӨТҚ-ін ұйымдастырудың негізгі бір іргелі ұғымы, сөз өнері, теңеу, кейіптеу, ауыз әдебиеті, шығарма т.б. қазақ әдебиетін  оқытудың модульдік технологиясы  үлкен роль атқарады. Әрбір жекелеген  модуль  басқа модульдермен өзара байланыста болады. Бір модульды игермей, курсты  толығымен  оқып үйрену мүмкін емес. Әр модульдың  материалы  алдыңғы модульге  негізделеді, оны жүйелейді және бекітеді.

Әдебиеттің  маңызы білімнің негізі болып табылатын – оқушысының қазақ әдебиетінен  өзіндік жұмысы. Адам тек өзінің тәжірибесі, ойы мен әрекетінен өздігінен алған берік білімін ғана игілігіне жаратады. Сондықтан да кәсіби білім беру оқу орны білімді оқушыға жеткізуден гөрі оқушының өзіндік оқу-танымдық қызметіне, ол тәжірибені қалыптастыруға бірте-бірте өтуде. Бұндай айналу кәсіби білім беру оқу орнында оқитын колледж оқушысының қазақ әдебиетіне  лайықты оқу материалын таңдау, психологиялық, теориялық және практикалық дайындығын, оқу материалының көлемінің қиындығы мен көп еңбек сіңіруді есепке алып жоспарлайды. Қазақ әдебиетінде білім берудің озат технологиясын, оқушының алған білімін, шеберлігін,әдетін тексеру мен бағалауын; олардың өзіндік қызметіндегі маман болып қалыптасуын қажет етеді.

Қазақ әдебиетін оқытудың негізі болып өзін-өзі оқыту принципі қойылған. Бұл үшін оқушы өз бетімен әр түрлі деректерден білімді қабылдап, сол ақпаратпен жұмыс жасап, практикада қолдана білуі тиіс. Қазақ әдебиетін оқыту мынадай  дидактикалық мәселелермен хабардар етуі мүмкін:

  • білімді іздеу, оның мәнін түсіну және қорытындылау; практикалық әдеттерді жасау және дамыту;
  • ойлау және ұйымдастыру шеберлігін, қорытындылау және жүйеге келтіру процесінде оқушының төменгі сатыдан жоғары сатыға алға басуын қалыптастыру.

Сондықтан да өзіндік жұмыс, педагогикалық басқару, оқушының оқу-танымдық жұмысын басқаруы, ұйымдастыру әдісі ретінде қолданады. Бұл жерде ұйымдастыру – оқушының қызметінің жеке басқару функциясы болып табылады. Қазақ әдебиетін оқытудағы оқу процесі құрылымында жиі оқушының  өзіндік жұмысының негізі болып табылатын жаңа білімді құрастыру керек. Қазақ әдебиетін оқытудағы оқу еңбегі оқушының танымдық қызығушылығынан туады.

Білімді және әдісті меңгеру – бірыңғай процесс, сонымен қатар қарама-қарсы. Білім-әдіс, әдіс-білім болуы мүмкін. Оқу жұмысындағы ұйымдастыру мен өзін ұйымдастыру жүйесі оқушының теориялық білімін бағалау:

а)  пәнді оқытудың мақсаты;

б) бақылау түрлері мен тәсілдері;

Оқу-танымдық қызметінде мақсатқа жету дәрежесін бағалауға көмегін тигізеді. оқушының оқу, ізденіс, шығармашылық қызметіндегі мақсаты – болжап білетін нәтиже, болашақтың заттық жобасы. Оқушы білім мен шеберлікті меңгеруді ұйымдастыру қызметіне керекті бағдарламаларды білуі тиіс.Оқушының қызығушылық, дербестік, саналық және белсенділігіне оның мінезінен, бақылау, өздік бақылау түрлері мен әдістерінен, кейде өзара бақылау және оның қорытындыларының септігі тиеді. Қазақ әдебиетінде бұндай бағдарламаларды өңдеген оқытушы, қандай білім, қандай мақсатта оқушының оқыған материалынан қорытынды шыққанын бағалай білуі керек. Ол үшін оқушының қойған мақсатына жететін қазақ әдебиеті сабақтарының түрлерін ескеруі керек.

Оқушының оқу-танымдық қызметінің негізгі белгілері:

1) Оқытушының көмегімен оқитын тақырыбын, орындайтын тапсырмасын  жоспарлау;

2) Студенттің оқу-танымдық қызметінде қойылған мәселеде оқушының өз бетімен және шығармашылық белсенділігін көрсету;

Сондықтан оқу-танымдық қызмет сапалы өзгерісіне шыдайды және үдемелі дамиды. Бұл белгілер оқу процесіндегі мынадай сипаттамалармен анықталады:

  • Қазіргі ғылыми ойдағы жаңа табыстар мен дидактикалық  процестің әбден жетуіне ұмтылыс;
  • Қолайлылық оқу-тәрбиелік  мақсатта уақыт пен тәсілге аз күшпен жету;
  • Ғылыми-формальды және интуитивтік мазмұннан бас тартып, тіке әдіс пен  оқу түрін терең  ғылыми түрде анализдеу.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. «Қазақ тілі мен әдебиет» журналы №7,  2003 ж.
  2. Қ.Бітібаева «Педагогикалық технология талаптары».
  3. «Қазақстан кәсіпкері» журналы №1, 2007 ж.

Check Also

aliyasem000

Тарих-9. Индустрияландыруға бағыт алу және оның барысы.

Сембаева Алия. Жамбыл облысы Шу қаласы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі. Үй …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.