Оқушыларды ҰБТ-ге сапалы дайындау жолдарын жетілдіру. Баяндама.

lazzatalim000Алимбекова Ляззат Зарлхановна.  Жамбыл облысы, Шу ауданы Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебі.

    Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім қызметін басқаруға қол жеткізуіміз керек.
  Н. Назарбаев
Мақсаты:
Білімдері әр түрлі деңгейдегі оқушылармен жеке жұмыс ұйымдастыру арқылы ҰБТ – ге дайындау.
Жоспарлау;
Оқулықпен, тест нұсқаларымен қамтамасыз ету;
Жүйелі жыл бойы қосымша сабақ беру;
Емтихан алу, талдау, нәтижесін бағыттау;
Міндеттері:
Әрбір оқушымен біліміне қарай жеке жұмыс ұйымдастыру
Тест шешу жолдарын тиімді тәсілдермен үйрету.
Уақытты тиімді пайдалануға үйрету.
Дайындық жұмыстарының нәтижелеріне сараптама, мониторинг жасау.

Скачать (PPTX, 2.42MB)

Жұмыс жүйесі
Оқушылардың пән бойынша толық меңгермеген тақырыптарды анықтау.
Оқушыларды білім деңгейне қарай топқа бөліу.
Жеке оқушыларадың мүмкіншіліктерін қарастыра отырып, толық меңгермеген тақырыптарды әр түрлі деңгейде түсіндіру.
Істеген жұмыстардың нәтижесін тексеріп, әр қарай оқушылардың білім деңгейін толықтыру.
Оқу бағдарламасын толық меңгерген оқушылармен тест шешу жолдарын тиімді тәсілдерін үйрету.
А, В деңгейінің есептерін шығару жолдарын меңгеру.
С деңгейіндегі күрделі еспетереді шығару жолдарын үйрету.

Уақытты тиімді пайдалану әдісін үйрету.
Толық тест тапсырмасымен жұмыстар жасау шешу жолдарын тиімді тәсілдерін үйрету.

Күтілетін нәтиже:
Табысты оқыту – оқушының тақырып мәнін өз бетінше меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы.

XXI ғасыр – ғылым мен техниканың қарыштап дамыған кезі. Ақпараттандыру, жаһандану және интеграция ғасырында жаңа дүние үшін күрес жолында білім беру бірнші кезекке қойылып отырған кезде Ұлттық бірыңғай тестілеуді енгізу білім беру ұйымдарының қызметін объективті бағалауға, оқушылардың оқу еңбегінің қорытындысын анықтауға, дәлелдеуге мүмкіндік береді.

Ұлттық бірыңғай тестілеу құру қазіргі заман талабынан туындап отырған қажеттілік. оқушылар мен ұстаздардың бірлескен еңбегін бағалайтын, білім сапасына қол жеткізетін көрсеткіш болып табылады.

Қазіргі таңда мектеп бітірушілерді тестілеуден өткізу заман талабына сай жүргізіліп отырғаны белгілі. Осы орайда физика пәні таңдау пәндердің бірі болғандықтан оқушылардың даярлығы да стандарттан төмен болмауы тиіс. Бірақ оқушылардың қабілеттері мен физикалық білімдері әр түрлі деңгейде болатыны белгілі. Сондықтан физикадан берілетін тест тапсырмаларының мазмұны білім алуды жалғастыруға қажетті нақты физикалық білімді меңгеруді, интелектіні дамытуды, физикалық   іс – әрекетке тән және қоғамда толыққанды қызмет етуге қажетті ойлау сапасын қалыптастыруды тексеруге арналған.

Гуманитарлық бағыттағы бағдарламадан шет қалса да, мектеп курсында кездеспейтін тақырыптар да бар. Осы тақырыптарды толық деңгейде меңгерту қосымша дайындықты талап етеді. Ұсынылып отырған әдістемелік жинақ осы оқулықтарды жою мақсатында құрастырылған. Қоғамдық – гуманитарлық бағыттағы бағдарламада қарастырылмаған және сағат аз бөлінген тақырыптарға да тапсырмалар жинақталған.

Физика пәні бойынша ҰБТ  – ге дайындалу үшін талапкер бойында 6 негізгі фактор:
Ең негізгісі – ынтасы, талабы, құлшынысы
Қандай деңгейде болса да физикалық білімі
Сұранысына байланысты – диагностикасы
Психологиялық жағдайы
Әлеументтік жағдайы<
жүйелі түрдегі дайындығын

негізге ала отырып, физика пәнін оқытуда оқушылармен лекция, жеке жұмыс, тақырыптар бойынша коррекциялық жұмыстар жүргізу тиімді деп есептеймін.

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.