Желілік қоғамдастық деген не оған мүше болу үшін интернетті пайдалану (коучинг).

zhakaev02Жақаев Мұхамеджан. Жамбыл облысы Шу қаласы, “Жібек Жолы” мектеп-лицейінің жоғары санатты физика-информатика мұғалімі.

Толық нұсқасын көшіріп алыңыз.

Орны:        Шу ауданы, Далақайнар а. Әшімбаев атындағы орта мектебінде өтілген мұғалімдер семинары

Сілтеме Жоспар
Сабақ атауыКоучинг Желілік қоғамдастық деген не оған мүше болу үшін интернетті пайдалану
Жалпы мақсаттар 1. Желілік қоғамдастық деген не, оған қалай мүше боламын?
2. Желілік қоғамдастық сайтына мүше болу?
3. Желіге (сайтқа) ақапарат салу мен одан ақпарат алу.
Басымдық: Мұғалімдердің желілік қоғамдастыққа белесен қатысу үшін сайтқа тіркелу, сатқа ақпарат салу, сайттан ақпарат алу әрекеттерін үйренуі.
Міндеттер:
  1. Шу ауданы мен қаласы мұғалімдерінің «Сенім» кәсіби желілік қоғамдастығымен таныстыру.
  2. Желілік қоғамдастық сайтына тіркелу, мақала салауды үйрену.
  3. Сайтқа фотосурет, мақала салу.
  4. Сайтқа видео салу, видеосайттарды пайдалану. www.youtub.com видео жүктеу, слітеме алу, қою.
Оқыту нәтижелері ü  Желілік қоғамдастыққа жаңа мүшелер тартыладыü  Желінің сайтына тіркеле алады.
ü  Мұғалдім сайтқа мақала сала алады.
ü  Видео жүктеуді білді
ü  Сілтемелер қоя алады.
Тапсырма 1. 2. 3 .4
Дереккөздер Интернет, сайт, слайд,  нұсқаулық,

1-сабақ (40 мин.)

Тақырыбы:

  1. Психологиялық жағымды ахуал тудыру: Сергіту, бейнетаспада ән әуені. (3 мин.)

Оқу материалы:

Желілік қоғамдастық арқылы тұрақты дамуды іске асыруға болатынындығын біз бірінші деңгей бағдарламасымен танысқаннан кейін білдік. Бұл жұмысты іске асыруда, егер бір мектепте бір өзің жұмыс жасасаң, тек өз мектебіңнің мұғалімдерімен ғана болсаң, онда жұмыстың тиісті нәтижесін көре алмауың мүмкін. Сондықтан біз жұмысты желілік қоғамдастықты құрып, басқа мектептегі көшбасшылармен тығыз қарым-қатынас жасау арқылы орындасақ, оның нәтижесі жақсы болатынын білдік.

Басқа мектеп деп отырғанымыз көрші мектеп немесе басқа облыстағы кез-келген мектеп болуы мүмкін. Осы желілік қарым-қатынасты жолға қоюдың, жүзеге асырудың төте жолы интернет арқылы онлайн-конференциялар өткізу. Ол үшін интернет сайттарына тіркелу, сайтқа ақпарат салу, сайттан ақпарат алуды білу керек. Сонда біз желіні кеңінен пайдалана аламыз.

1- тапсырма. «Желілік қоғамдастық және оған мұше болу» атты тақырыпта жұмыс істеу үшін «Атаулар туралы 3 сұрақ» атты әдіспен жұмыс.

Үш терминді тақтаға жазып қоямын.

  • Желі
  • Компьютер
  • Интернет

Әр қатысушы үш терминді негізге ала отырып  ҚАЙДА? ҚАЛАЙ? НЕ? деген сұрақтарды қатыстырып сұрақтар әзірлейді.

  • Жеке жұмыс
  • Топта жұмыс
  • Аудирорияда сұрақтармен жұмыс жасау үшін «Ыстық орындық» әдісі қолданылады.
  • «Ыстық орындықта» отырған тыңдаушыға құрастырылған сұрақтар жан-жақтан қойыла бастайды, тыңдарман білгенінше жауап береді, жауап бере алмайтын болса немесе сұрақ жауабына сұрақ қоюшы қанағаттанбаса, ол сұраққа өзі толықтыру жасайды, тыңдармандар бірнеше рет ауысып отырады.

2-тапсырма. Тыңдармандарға «Желілік қоғамдастыққа мүше болып жұмыс істеу үшін интернетті пайдалану» атты тақырыпта ақпарат ұсынылады.

  • Жеке жұмыс. Мәтін оқылады, мәтінді оқып отырып оң жағына қатты әсер еткен жерлерін (мүмкін өз тәжірибесін есіне түсіретін шығар  немесе келіспеген жерлері болса, болмаса, ұнаған тұстары),

Сол  жағына – оң  жағына  жазып алған мәселелердің себеп-салдары жазылады. Жазған мәселе не туралы, ол нені еске түсіреді, ол мәселелер туралы қандай сұрақ қояр едің? деген мәнде.

ЖЕЛІ ЖЕЛІНІ тиімді пайдалансақ:
  • Топта талқылайды.
  • Аудиторияда жариялайды. Әр топтан бір тыңдаушы ақпараттың ең түйінді жақтарын айтып шығады.

3-тапсырма. Әр тыңдарман желілік қоғамдастық сайтына тіркеліп, ондағы материалға пікір жазып қалдырады.

Рефлексия (5 мин.) 

Рефлексия
Коучинг несімен ұнады?
Коучингтің жаңалығы не болды?
Коучинг қиын болды ма?

Коучингте не артық болды?

Коучингте не жетпей қалды? «Екі жұлдыз бір тілек» әдісі  (парақша т/у            –  не ұнады,            –  не ұтымды болды 1 тілек, ұсыныс )

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

2 комментария

  1. Нусипалиева Рауан

    Сәлеметсіз бе, Мұхамеджан ағай. Өз жұмысыңызбен бөліскеңінізге рахмет. Өзім іздеген материалды таптым десем болады. Желілік қоғамдастық бойынша жұмыс жүргізуім қажет еді. Сіздің жұмысыңыздын идеясы қатты ұнады.
    Рахмет, шығармашылық табыс тілеймін!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.