Мектеп алды даярлық. «Қыс».

sabiraerk000Жамбыл облысы Шу ауданы Төле би ауылы Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінің Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Еркеева Сабира Баймуханбетқызы.
Күні: 05.12.2014ж.
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Қыс».
Мақсаты: Қыс мезгілінің ерекшелігін балаларға түсіндіру. Қыс мезгіліне деген қызығушылығын арттыру.
Көрнекілігі: Қыс мезгілі туралы суреттер, слайд, мазайка қиықтар, суреттер, мақта,шелек.
Әдісі: Сұрақ –  жауап, әңгімелеу, түсіндіру
Сөздік жұмыс: Қыс – зима.

Әрекет кезеңі Тәрбиешінің әрекеті Баланың әрекеті
Мотивациялық қозғаушыҰйымдастырушы-
ІздестірушіРефлексті түзетуші
1.Шаттық шеңбері:Қуанамын мен де
Қуанасың сенде
Қуанамыз бәріміз
Арайлап атқан күнге.2. Топқа бөлу.
Жыл мезгіліне байланысты төрт мезгілдің суреттері таратылады .«Қыс», «Көктем», «Жаз», «Күз»

Балалар бүгінгі ауа райын бақылап, табиғат күнтізбесіне белгілейді.

3. Мағынаны ашу.

Балаларға жұмбақ жасыру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.

Жұмбақ:

Шанамен зырлап желетін,
Шаңғы, коньки тебетін,
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгілдеп ойлайсың?

–          Балалар кім қыс туралы тақпақ біледі?
–          Бүгінгі күннің  ауа райы қандай болып тұр балалар?
–          Онда бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болады?

4. Бүгінгі сабақтың тақырыбымен таныстыру.

– сабағымыздың  тақырыбы «Қыс,қар орысшасы»

Пәнаралық байланыс.

5. «Ой қозғау»

А) Балалар біз тақтада қандй суреттерді көріп отырмыз?
Б) Осы суреттердің ішінен қыс мезгіліне пайдаланатын заттарды табайықшы.

6. Қимылды ойын «Қар жинау»

Ойын шарты: Топтан бір-бір баладан шығады. Ортада қар үйіліп тұрады. Берілген белгі бойынша шелекке қарды толтыру керек.

7. Дәптердегі сандықша тапсырмасымен сөздік жұмыс: Шайба, хоккей туралы түсінік беру.

8. Сергіту сәті:

9. Миға шабуыл:

Ә.Табылдының «Қыс» өлеңін жаттау.

Жас ұланмын шыныққан,
Жасқанбаймын суықтан.
Қардан жасап аққала,
Сырғанаймыз шаттана.

10.Мозайка әдісі:

«Аққала жасау»

Ойын шарты: Қиып дайындалған аққаланың денелерін  алдарын берілген плакатқа ретімен орналастыру керек.

11. Қорытынды бөлім:

«Есте сақтау».
–          Қыс мезгілінде қандай ерекшеліктері бар?
–          Қыс айында қандай мерекелер болады?
–          Қыс мезгілі несімен ұнайды?
–          Қардан тағы не жасауға болады?

Балалар ата-анналардың көмегімен Аяз атаға хат жазып келу.

Тәрбиешіге қарап қимыл-қозғалысты қайталайды.Сол суреттерге қарап балалар төрт топқа бөлінеді.

Жұмбақтың жауабын шешеді.

Балалар білетін тақпақтарын айтады.

Балалардың жауабы. Тақтаға бүгінгі күннің суретін іледі.

Балалар суретке қарап жауап береді.
Балалар жауап береді.
Қыс-зима.
Снег-қар.
Балалар тақтаға шығып қажетті киімдерді іледі.

Балалар ойын шартын түсініп қар жинауға кіріседі. Қарды көп жинауға тырысады.

Балалар тақпақты бірге қайталап жаттайды.

Топтағы балалар бірлесе отырып аққаланы құрастырады.

Балалар жауап береді.

Күтілетін нәтиже.
Не білді?  Қыс мезгілін танып білді.
Не алды?  Қыс мезгілінің ауа райы туралы мәлімет алды.
Не істей алады?   Өлеңді жатқа айта алады.

Check Also

mukizhanjvaazipa000

Сабақтың тақырыбы: Дала жануарлары мен өсімдіктері

Мұқыжанова Әзипа Төкішқызы. Қарағанды облысы Шет ауданы Х Сәрінжіпұлы атындағы ЖОББМ базасындағы тірек мектебінің  бастауыш …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.