Мектеп алды даярлық. Тақырыбы: Көктем.

sabiraerk000Жамбыл облысы Шу ауданы Төле би ауылы Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінің Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Еркеева Сабира Баймуханбетқызы.
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Тіл дамыту
Оқу іс-әрекетінің түрі: Жаңа сабақ.
Тақырыбы: Көктем.
 Мақсаты:
1. Балалардың көктем мезгілі туралы білімдерін кеңейту.
2. Сөздік жұмыстары арқылы сөздік қорларын байытумен бірге есте сақтау қабілеттерін дамыту, грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге, әңгімелеп айтуға, берілген сұраққа нақты жауап беруге үйрету.
3. Құстарға, ағаштарға, қамқор және еңбекқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: құстардың, көктем мезгілінің суреті, үлестірмелі суреттер, слайд.
Билингвалды компонент: көктем-весна, құстар-птицы, гүлдер-цветы,.

Скачать (PPTX, 2.24MB)

Әдіс-тәсілдер: көрсету, әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Әрекеттер кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Тәрбиеленушінің іс-әрекеті
Мотивациялық қозғалыс.Ұйымдастырушы
Іздестіруші.

Рефлексті түзетушіШаттық шеңбері:Күлімде,Күн, күлімде,
Жер жасарып көгерсін.
Кешегідей бүгін де,
Қанат қақсын көгершін,

 Топқа бөлу

Конфет қағаздардың түсімен бөлу.

  1. Табиғат күнтізбесін толтыру.

 

Мағынаны ашу

  1. Видио роликті тамашалау.

–          Балалар, мына видио роликтен нені тамашаладық?
–          Осы көріністер қай мезгілде болады?
–          Дұрыс балалар.
–          Демек бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қалай аталады?
 
 Тапсырмалар.  «Қарлығаштың» тапсырмасы:
Жыл мезгілдерін ретімен орналастыру.

–  Қанаттары үшкір әрі ұзын, құйрықтары екі айыр құс. Қандай құс?
– Дұрыс ол қарлығаш.

 «Кір жаятын жіп» әдісі
Балалар бізге қарлығаш ұшып келіпті. Қарлығаш бізге хат алып келіпті.
«Құрметті менің достарым! Менің сендерге қоятын тапсырмам мезгілдерді атап, дұрыс ретімен орналастырып беріңдер»
–          Балалар, қарлығаштың  тапсырмасын орындауға дайынбыз ба?

– Жыл мезгілі нешеге бөлінеді?
– Ендеше жыл мезгілін атаңдар.
(Көктем-весна, жаз-лето, күз-осень, қыс-зима)

Жыл мезгілдерін ретімен жіпке ілу.
 
 Қараторғай тапсырмасы
 
–          Көпшілікке белгілі құс. Үйірленіп тіршілік етеді. Зиянды жәндіктерді жоюда бұл құстардың алатын орны ерекше. Ол қай құс?
–          Дұрыс балалар бұл торғай. Ендеше торғайдың тапсырмасын орындайық.
– Суреттен қандай жыл мезгілін көріп отырсыңдар?
– Көктем екенін қайдан білдіңдер?

 Оқулықпен жұмыс
Тырнаның тапсырмасы

–          Көлдің жағалауында, сазды жерлерде кездесетін, оның аяқтары, мойыны ұзын қандай құс?
«Миға шабуыл»
– Балалар бізге тырна ұшып келіпті.
– Тырнаның да хаты бар екен бізге.
«Менің достарым. Маған Т.Молдағалиевтің «Көктем» өлеңіні ба екен, сол өлеңді маған жатта бесеңде »
– Балалар өлеңді жаттауға дайынбыз ба?
А) Т.Молдағалиевтің «Көктем» өлеңін мәнерлеп оқу.

Б) Сөздік жұмысын жүргізу.

Интерактивті тақтадан Найзағайдың дыбысы естіледі.

–          Балалар бұл ненің дыбысы?
–          Ия дұрыс айтасыңдар бұл найзағайдың дыбысы.
–          Көктемде балалар табиғаттың осындай құбылстары болады.
Шартылдайды-сартылдайды, тарсылдайды.
Қып-қызыл отпен белгі- бұл жерде найзағайдың көрінісі суреттеліп тұр.
Тақтадан желдің дыбысы естіледі.

–          Бұл ненің дыбысы деп ойлайсыңдар?
–          Дұрыс бұл желдің дыбысы.
–          Балалар желдің самал жел, дауыл болып бөлінеді
–          Самал жел күн ыстық кезде самал жел ессе, бұл адамға жағымды болады.
–          Ал, дауыл жел ол табиғатқа зияны келуі мүмкін.

Өпкен жел-бұл жерде желдің денеге жайлы әсер етуі.

Бұлбұл тапсырмасы:
 
 
Ән салатын қандай құс?
 
–          Балалар бізге бұлбұл ұшып келіпті.
–          Бұлдың  орысшасы қалай аталадыы кім біледі?
–          Дұрыс бұлбұлдың орысшасы соловей деп аталады.
–          Бұлбұл  сендерге әнімен келіпті.
–          Сендерді би билеп бір сергіп қалсын деп.
Сергіту сәті:

  Көкектің  тапсырмасы: «Суреттер банкісі»
 
 
–          Өз атын өзі шақыратын құс қалай аталады?
 
Мына суреттерден көктемдегі еңбектерді бейнелейтін суреттерді табайық.
–          Балалар мына қағазда суреттер банкісі деген тапсырма беріліпті.
–          Солжақтағы суреттердің ішінен оң жаққа көктемгі еңбекті бейнелеп тұрған суретті тауып, жабыстыруымыз қажет.

Сауысқан тапсырмасы.
 
–          Өзі қара-ала түсте, өздеріне ыңғайлы жердің бәрінде кездесетін қандай құс?

–          Балалар сауысқан мынадай тапсырмамен ұшып келіпті
« Көктемгі гүлдер»  атты дидактикалық ойыны мен.
Шарты: себеттегі гүлдердің ішінен көктемде гүлдейтін гүлдерді шығарып алып, сол гүлді сипаттайды.

Қорытынды
Балалардың бүгінгі сабаққа деген бағалары.
–          Балалар бүгін біз қандай құстардың тапссырмасын орындадық.
–          Дұрыс балалар .
–          Жерде, далада, ағаштарда қандай өзгерістер болады?

Балалар шеңберге тұрып бір-бірімен амандасады.Балалар бүгінгі ауа райына байланысты суретті табиғат күнтізбесіне жапсырады.

Балалардың жауабы
Көктем

Қарлығаш

Ия

– Жыл мезгілі төртке бөлінеді.

– Күз, қыс, көктем, жаз.

– Бұл – көктем мезгілі.

Қараторғай.

Тырна
– Өйткені, жердегі мұз, қарлар еріп жатыр. Ағаштардың бүршік ата бастаған. Балалар құстарға ұя жасап жатыр.

Ия

Балалар бір неше рет қайталайды

Найзағайдың

Жел

Балалар музыкаға қосылып билейді

Торғай

Көкек

Сауысқан

Құстардың аттарын атайды

Жерде шөптер өседі, ағаштарда бүршік атып, жеміс ағаштары гүлдейді.

 

Күтілетін нәтиже.
1. Не алды? Көктем мезгілі  туралы ой-өрістері кеңейді.
2. Не білді? Көктемде ұшып келетін құстарды танып білді. Көктемнің құбылыстарын суреттей білді.
3. Не игерді? Әр құстың тапсырмасын орындай алды.

Check Also

ҰБТ – 2017 жаңа форматы және мамандықтар туралы толық мәлімет.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтеді. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы. ҰБТ– жоғары оқу …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.