Ерлік сабағы. «Ерлікпен жеткен Ұлы Жеңіс»

1 қыркүйек Білім күніне арналған Ерлік сабағының жоспары. Дайындаған Досполова Сәуле Аманкелдіқызы №128 мектеп Алматы қаласы

Сыныбы:   8а    Күні: 01.09.15ж

Мақсаты:

Оқушылардың бойына  патриоттық  сезімін  қалыптастыру, ерлікке, Отаншылдыққа, елжандылыққа,  аталар  ерлігін  мақтан  тұта  жалғастыруға баулу, рухани-адамгершілік қасиеттері дамыған және ел тағдыры үшін жауапкершілік сезімі бар, ынтымақтастық пен мәдениетаралық өзара әрекетке қабілетті, «Қазақстан − 2050» − Мәңгілік Ел стратегиясының басты мақсатына қол жеткізуге белсенді қатысатын тұлға қалыптастыруға тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының түрі: топтық жұмыс

Көрнекілігі: слайд, нақыл сөздер, үнтаспа

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.

Қазақстан Республикасының Гимнін орындау.

Оқушылардың көңіл-күйлерін сұрау. Жазғы демалысты қалай өткізгендері туралы сұрау.

ІІ. Кіріспе бөлім:

Мұғалім сөзі: Бүгінгі бірінші тәрбие сағатымыз Ерлік сабағына арналады.

Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Бұл күнге сан ғасыр бойы армандап жеттік. Тәуелсіздікке қан төгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізіп, елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қостық. 20  жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Барша қазақстандықтар үшін Тәуелсіздіктің мәні де, маңызы да айрықша. Өйткені біз Тәуелсіздіктің арқасында тарихымызды түгендеп, тілімізді, дінімізді және ділімізді қайта оралттық.

Әрине тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ. Қазақ халқының небір қайтпас қайсар батырларының жасаған ерліктерін оқулықтардан оқып білудеміз. Елім, жерім деп жаудан ұлтарақтай жері үшін, небір қазақтың батырлары өз өмірлерін қиып, қанды шайқастарда қаза болды. Біз үшін қай замандағы тарихымыз болмасын қымбат, айтулы кезеңдерде ту ұстаған бабаларымыздың барлығы да құрметті. Исатай, Махамбеттер патшалық Ресейдің озбыр саясатына қасқайып қарсы тұра білді. Сан зұлматты өткерген еліміз ұлт-азаттық көтеріліске келгенде де тосылып қарап қалған жоқ. Бұл күрестер азаттық үшін өткен сан күрестің соңы емес еді. Елін,жерін жау аяғына таптатпай, сол туған жерінің қарсы қадамы үшін басын өлімге тіккен аталарымыздың бойындағы ерен күш, биік рухқа әр кез таңданамын. Аталарымыздың сол қасиеті елге- мұра, ұрпаққа-ұран болып келе жатыр.

Ұлт – азаттық көтерілістер, Ұлы Отан соғысы мен желтоқсан оқиғалары, соғыстың қатал сынағынан өткен жандардың жанқиярлық ерлігі арқасында, біздің барлығымыз өмір сүру бақытына ие болдық. Бұл  соғыстың  салған  жарасы  әлі  күнге дейін  барлық  ұлттың  жүрегінде  жазылмады,  әлі де  сақталуда. Мұны  ешқашан  ұмытпаймыз.  Осы  жарқын  өмірді  сыйлаған әке, аға, әпкелеріміздің  ерлігі  мәңгі  үлгі.

Фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан, тұтқиылдан КСРО-ға шабуыл жасады. Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы басталды.

Тарихта Ұлы Отан соғысындай қасіретті соғыс болған емес. Соғыста 27 миллионнан астам кеңес адамы қаза тапты. Соның ішінде 410 мыңы қазақстандықтар болатын. Қай  соғыста  болмасын  елін, жерін, Отанын  қасық  қаны  қалғанша  қорғаған  батырлар  болған.

Ұлы  Отан  соғысының  құрбандары   соғысында  қаза  болған  ағаларымызға  тағзым  етіп  1  минут  үнсіздік  жариялаймын.
Иә, Ешкім  де, ешқашан да, ешнәрсе де  ұмытылмақ  емес!

Ал, осылайша  екінші  дүниежүзілік  соғыс  жариялады. Иа, қара жерді дөмбекшітіп, жазықсыз жандардың  жанын жазылмас жарамен қан жылатқан, көп ұлтты кеңес халқының ер жүректілігі мен ханға сінген  қаһармандығы әлем алдында  тағы әйгілі еткен  екінші дүниежүзілік соғыстың  аяқталғанына  биыл 70  жыл толып отыр. Ерліктің салтанатты жеңісіне 70 жыл  уақыт өтсе де , соғыс қан төгісін  басынан кешірген адамдар соғыс салған   азат пен қасіретті бүгінгі күнге дейін  ұмытқан емес және  бұл еш уақытта да ұмытылуы мүмкін емес.

Ел үшін, жер үшін, болашақ үшін қан төгіп, күрескен ата-бабаларымыздың арманы міне, бүгінде орындалып жатыр.

Тәуелсіздік оңайлықпен келген жоқ, қазіргі қол жеткен еркіндігіміздің басы сонау аласапыран кезеңде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып күрескен ата-бабаларымыздың болашақ ұрпағы үшін қан төккен ерлігінен басталып, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасымен жалғасын тапты. Тәуелсіздігіміздің он сегіз жылдығын атап өтер тұста сол желтоқсан оқиғасына да міне 24 жыл толып отыр. Қанша жыл, қанша ғасыр өтсе де, ұмытылмайтын оқиғалар болады. Ұмытылмайтындығы – оның халық тағылымдарымен байланыстылығында. Қоғам құрсағында жетілген қайшылықтардың салдары ретінде көрінген мұндай құбылыстардың талайы тарихтан белгілі.  1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы- әңгіме емес, дүмпуі алып құрлықты аралап кеткен  ғаламат тарихи оқиғаның бірі.  Сол бір қаһарлы желтоқсан күндерінен бері талай жылдар өтті. Қазақстан халықтарын өмірінде, яғни мемлекетімізде көптеген айтулы өзгерістер болғаны белгілі. Отанымыздың арқа сүйер азаматы болайық. Қорғауға әрқашан да дайын тұрайық. Азат елдің білікті, білімді, жігерлі, зиялы азаматы болайық!

ІІІ. Негізгі бөлім:

Топтық жұмыс:

Топтарға мынадай тақырыптар беріледі. 1-топ: Ерлік дегенді қалай түсінесіңдер?

2-топ: Тәуелсіздік

3-топ: Бейбітшілік

Топтар өз ойларын айтады.

  1. Қорытынды бөлім. «Қазақстан 2050 жылы қандай болады?» эссе жазу.
  2. Кері байланыс

 

 

 

 1-топ: Ерлік дегенді қалай түсінесіңдер? 
 2-топ: Тәуелсіздік дегенді қалай түсінесіңдер? 
 3-топ: Бейбітшілік дегенді қалай түсінесіңдер? 

Check Also

ҰБТ – 2017 жаңа форматы және мамандықтар туралы толық мәлімет.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтеді. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы. ҰБТ– жоғары оқу …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.