ДЭЕМ-ның ішкі және сыртқы қондырғыларын құрастыру

pic
Шымкент қаласы, “Болашақ” колледжінің арнайы пәндер оқытушысы, магистр: Мауленова Айнұр Жандарбекқызы

Пәні: ДЭЕМ және желілер аппараттық құралдарының кешені
Сабақтың тақырыбы: ДЭЕМ-ның ішкі және сыртқы қондырғыларын құрастыру.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: студенттерді ДЭЕМ-ның қондырғыларын орналастыру ережесін пайдаланып, ДЭЕМ-ның ішкі және сыртқы қондырғыларын құрастыруға жаттықтыру.
Тәрбиелік: студенттерді жеке және ұжымдасып жұмыс істеуге тәрбиелеу;
Дамытушылық: жаңашыл ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалана білу, тәжірибеде теориялық материалдарды пайдалану, студенттердің дербес компьютер құрылғыларымен жұмыс жасау қабілеттілігін қалыптастыру;
Сабақтың типі: білімді, іскерлікті, техникалық құралдармен жұмыс істеу дағдысын жетілдіру.
Сабақтың түрі: тәжірибелік сабақ  (лабораториялық сабақ).
Сабақты оқыту әдісі: білімді тексеру әдісі, сұрақ-жауап, техникалық құралдармен жұмыс істеу, эвристикалық және өзіндік жұмыс істеу әдістері.
Сабақтың әдістемелік қамтамасыз етілуі: слайдтар, электронды формадағы лабораториялық жұмыс, техникалық құрал жабдықтар. Жүйелік блок, монитор, пернетақта және ДЭЕМ-ның басқа құрылғылары.
Пәнаралық байланыс: информатика, физика, әдебиет.
ОТҚ: интерактивті тақта, ДЭЕМ-ның ішкі және сыртқы қондырғылары.
Әдебиеттер: «ДК-дің ішкі құрылғыларының модернизациясы», Ерматов Ш.Р., «Дербес компьютердің құрылғылары» – (электронды оқулық), А.Азимбаев.

Сабақтың барысы мен мазмұны:

  1. Ұйымдастыру кезеңі (2-3мин.) Сәлемдесу, жоқ оқушыларды белгілеу, назарын сабаққа аудару.
  1. Сабақтың жоспары мен мақсатын хабарлау:

Бүгінгі сабақта теориялық материалдарға сүйене отырып, ДЭЕМ-ның қондырғыларын құрастырып, бір жүйеге келтіріп, жұмысқа дайындаймыз.

а)  үй тапсырмасын сұрау;
б) өтілген материалдарды еске түсіру;
в) ДЭЕМ-ның құрылғыларын электронды формада құрастыру;
г) ДЭЕМ-ның ішкі және сыртқы құрылғыларын студенттерге жинаттыру;
д) үйге тапсырма беру;

  1. Үй тапсырмасын сұрау.

Лабораториялық жұмыстың орындалуын теория жүзінде сұрау, студенттердің жұмысты орындауға дайындығын тексеру;

Лабораториялық жұмыстың орындалу реті:

  • Жүйелік блоктың бос қорапшасына ең алдымен токпен қоректендіруші құрылғысы орналастырылады:

2.Жүйелік блоктың ең негізгі құрылғысы болып табылатын аналық тақшаны құрастыру; ол үшін:

  1. Микропроцессор;
  2. Кулер;
  3. Опетаривті жад орналастырылады.
  4. Аналық тақшаны жүйелік блок қорапшасына салып, орналастырып болғаннан кейін карталық адаптерлерді орналастыруға кірісеміз:
  1. Видео карта;
  2. Желілік карта;
  3. Дыбыстық карта.
  4. Қатты магниттік дискті орнату.
  5. Сыртқы жад тасымалдаушы құрылғыларды орнату.
  6. Ішкі құрылғыларды бір-бірімен байланыстыру шиналарын орналастыру.
  7. Сыртқы құрылғыларды арнайы порттар арқылы жүйелік блок қондырғысымен байланыстыру.
  8. Құрастырылған ДЭЕМ-сын ток көзіне қосу.
  1. Оқушылардың білімін тексеру.

Студенттермен өтілген материалдарды еске түсіру жүргізіледі. Ол үшін ДК-дің әрбір құрылғысына сипаттамалар беріледі. Интерактивті тақтадан әрбір құрылғының электронды нұсқадағы суреттері көрсетіледі. Студенттер сол құрылғыларға мінездемелер береді.

Қайталайтын теориялық материалдар: ДК-дің әрбір құрылғысына жеке тоқталу.

monitorМонитор – компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Монитордың экранындағы кез келген көрініс (кескін) түрлі түсті нүктелердің жиынтынан тұрады. Мұндай нүктелерді әдетте пиксельдер деп атайды. Түрлі түсті монитордың экранындағы әр пиксель қызыл, жасыл немесе көк түстердің бірімен боялған ұсағырақ үш нүктелерден тұрады. Тік және көлденең жолда орналасқан пиксельдер саны монитордың ажырату қабілетін көрсетеді. Дисплейдің экранына орналасқан пиксельдер саны көп болған сайын, оның ажырату қабілеті де жоғары, сәйкесінше монитордың көрсету сапасы да жоғары болады.  Монитордың электронды-сәулелік түтікшелі (ЭСТ) және LCD – (Liquid Crystal Display, сұйық кристалды монитор) – сұйық күйдегі заттардың негізінде жасалатын түрлері бар.

 

pernetaktaПернетақта – компьютердің жұмысын басқара отырып, қажетті ақпаратты енгізу үшін қолданылатын құрылғы. Ол әріптің және цифр пернелерінің көмегімен компьютерге кез келген ақпаратты енгізуге мүмкіндік береді. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 101 немесе 105 перне, ал оң жақ жоғарғы бұрышында  жұмыс режимі туралы ақпарат беріп отыратын 3 жарық индикаторы орналасады. Пернетақтадағы пернелер бірнеше блокқа бөлінеді:

  • символдық пернелер;
  • функционал пернелер;
  • нұсқаушы немесе курсорды экранда басқару пернелері;
  • цифрлық пернелер немесе қосымша пернетақта;

tishkanТышқан – «графикалық» басқару құрылғысы. Тышқанды кілемшенің үстімен жылжытқанда, экрандағы тышқанның нұсқағышы да сонымен қатар қозғалып, қажетті объектілерді таңдауға мүмкіндік береді. Тышқанның екі (немесе үш) батырмасының бірін баса отырып объектілермен көптеген операцияларды орындауға болады. Батырмалардың ортасында орналасқан доңғалақшаны айналдырып, экранға тұтасымен сыймай тұрған мәтінді, суретті  немесе web-парақты жоғары-төмен жылжытуға болады. Тышқанның оптикалық және мехпникалық түрлері бар.

 

printerПринтер – ақпаратты қағазға басып шығаратын  құрылғы. Принтердің бірнеше түрі: матрицалық, сия бүріккіш, лазерлік, сублимационалдық, жарық диодты (LED) принтерлер бар.

 

 

skanerСканер – қағаздағы мәтін мен суретті компьютерге автоматты түрде енгізу үшін қолданылады. Сканер кескінді (суретті, т.б.) машина кодына ауыстырып, компьютердің жадына жазады. Сканердің жұмысының принципі былай: жарық сәулесі жол-жолмен жазық суретті сканерлейді, оның жұмыс принципі электрондық сәуленің дисплей экранын сканерлеуіне ұқсайды. Сканерлер қара-ақ түсті немесе түрлі түсті болады.  Сканерлердің негізгі екі түрі болады:

–  Қол сканері;

–  Планшетті сканер.

analik_taktaАналық плата – дербес компьютердің ең маңызды құрылғыларының бірі. Аналық платада процессор мен оперативті жадты байланыстыратын ақпараттық кеңарна – басқаша айтқанда «шина» орналасады. Шина сонымен қатар компьютердің басқа да ішкі құрылғыларын бір-бірімен байланыстырып тұрады. Аналық платаның жұмысын микропроцессордың микросхемалар жиынтығы – чипсет басқарып отырады. Чипсет – процессорды оперативті жадпен және басқа да ішкі құрылғыларменбайланыстыра отырып, оның жұмысын басқаратын аналық тақшаның микросхемалар жиынтығы.

mikroproccesorПроцессор, дәлірек айтсақ микропроцессордербес компьютердің басты микросхемасы. Компьютердегі барлық программалардың командаларын осы микропроцессор орындайды. Микропроцессорды компьютердің «миы» десе де болады. Микропроцессор аналық платаның орта тұсында орналасады. Жұмыс кезінде қатты қызатындықтан оны салқындату үшін бетіне кішкене желдеткіш орналастырылады.

 

operativti_zhadОперативті жад (ОЖҚ) – процессор жұмыс істеп тұрған кезде пайдаланылатын барлық бағдарламалар мен деректерді cақтауға арналған негізгі жад. Оперативті жадты осы бағдарламалар мен деректерді сақтау үшін қолданылатын ұяшықтардың жиынтығы десе де болады. Компьютер жұмыс жасап тұрған кезде процессор өзіне қажетті деректерді осы ұяшықтардан алып отырады. Оперативті жадта деректерді сақтау үшін оны үздіксіз электрмен қоректендіріп отыру керек. Компьютерді ажыратқанда – оперативті  жадтағының бәрі өшеді, ал компьютерді қосқанда – барлық бағдарламалар мен деректерді процессордың өңдеуі үшін оперативті жадқа қайта жүктейді.

Компьютердегі бағдарламалар мен деректерді ұзақ уақытқа сақтау үшін қатқыл диск немесе винчестер қолданылады. Компьютерді өшіргенде қатқыл дискідегі ақпарат ешқайда жоғалмайды. Қатқыл диск бір емес, сырты магнитпен қоршалған айналмалы бірнеше дискілерден тұрады. Қатқыл дискінің басты параметрі ретінде оның ақпарат сыйымдылығын айтуға болады. Қатқыл дискідегі ақпарат гигабайтпен (1 гигабайт = 1024 мегабайт) өлшенеді. Қазіргі қатқыл дисклерде 80-160 гигабайтқа дейін ақпарат сыйғызуға болады.

videoadapterВидеоадаптер (графикалық карта, видеокарта) – процессордан немесе оперативті жадтан мониторға келіп түсетін ақпаратты өңдеу үшін қолданылатын ішкі құрылғы. Аналық тақша қосқыштарының біріне орнатылады.

 

 

zhelilik_kartaЖелілік карта (немесе жергілікті желіні байланыстыру картасы, желілік адаптер) – бір ғимаратта немесе бөлмеде орналасқан компьютерлерді өзара байланыстыру үшін қолданылады.

 

 

floppyИілгіш диск (дискета). Иілгіш магниттік дискіге (дискета) 1,44 Мбайт көлемінде ақпарат сыйғызуға болады.

 

 

diskzhetekИілгіш магниттік дискідегі ақпаратты арнайы дискжетек оқып жазады. Дискжетек дегеніміз – ақпаратты дискетаға жазуға мүмкіндік беретін құрылғы.

 

 

cd-romҮлкен көлемде ақпарат тасымалдау үшін CD-ROM компакт-дискілерін қолданған тиімді. CD-ROM («Compact Disk Read Only Memory» – жады оқылатын компакт диск) ақпаратты сақтау үшін кең көлемде қолданылатын ақпарат тасымалдаушылардың бірі. Компакт дискінің ақпарат сыйымдылығы 650-700 МБайт шамасында.

 

 

cd-rom-diskovodКомпакт-дискідегі мәліметтерді оқу үшін CD-ROM дискжетегі қолданылады. CD-ROM дискжетегінің негізгі параметрі – оқу жылдамдығы. Оқу жылдамдығының өлшем бірлігі ретінде 80-жылдары музыкалық компакт дискілердің (аудиодискілер) оқу жылдамдығы ретінде белгіленген өлшем бірліктер қолданылады. Қазіргі заманғы CD-ROM дискжетектерінің оқу жылдамдығы 40х – 52х.

  1. Лабораториялық жұмысты электрондық нұсқада орындау.

Оқытушы және топ студенттерінің қатысуымен лабораториялық жұмыстың орындалу реті алдымен электрондық нұсқада көрсетіледі.

1

Лабораториялық жұмыстың орындалу реті:

Жұмысты орындау алдымен ДК-дің ішкі құрылғыларын жинастырудан басталады.

  1. Жүйелік блоктың бос қорапшасына ең алдымен токпен қоректендіруші құрылғысы орналастырылады:2
  2. Жүйелік блоктың ең негізгі құрылғысы болып табылатын аналық тақшаны құрастыру; ол үшін:
    1. Микропроцессор;
    2. Кулер;
    3. Опетаривті жад орналастырылады.

3

  1. Аналық тақшаны жүйелік блок қорапшасына салып, орналастырып болғаннан кейін карталық адаптерлерді орналастыруға кірісеміз:
  1. Видео карта;
  2. Желілік карта;
  3. Дыбыстық карта.

4

4.Қатты магниттік дискті орнату:5

5.Сыртқы жад тасымалдаушы құрылғыларды орнату:6

  1. Ішкі құрылғыларды бір-бірімен байланыстыру шиналарын орналастыру:7

7.Сыртқы құрылғыларды арнайы порттар арқылы жүйелік блок қондырғысымен байланыстыру:8

  1. Құрастырылған Дербес компьютер көрінісі:9
  1. Техникалық құралдарды пайдаланып, студенттерге лабораториялық жұмысты орындату.

2 қатарда отырған топ студенттеріне жұмысты орындау мақсатында ДК-дің құрылғылары беріледі. Әр қатардың студенттері бірлесіп, ұжым бойынша ДК-ді құрастырады. Алдымен, ДК-дің ішкі құрылғыларын, шиналарын жалғастырып дұрыс орналастырылғандығын оқытушыға тексертеді, жұмысты қалай орындағандарын түсіндіреді. Тексерілген жұмысты ары қарай жалғастырып, ДК-дің сыртқы құрылғыларын ұйымдастырады.

  1. Бағалау.

Студенттердің теориялық сұрақтарға берілген жауаптарына және лабораториялық жұмысты орындағандарына қарап бағалау.

  1. Қорытындылау.

Сабаққа шолу жасап, жетістіктері мен кемшіліктеріне тоқталып, қорытындылау.

  1. Үйге тапсырма беру.

Дербес компьютерлер мен желіге қосылған компьютерлерді салыстырып, мүмкіндіктерін қарастыру.

Скачать (PPT, 6.44MB)

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

2 комментария

  1. Рахмет! Мықты сабақ!

  2. Мауленова ханым! облыс, аудан, мектебіңізді жазып көрсетсеңіз

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.