Сыныбы: 3 «б» Пәні: Дүниетану (ҚМЖ).

gulnaribra000Ибраева Гүлнар. Жамбыл облысы, Шу қаласы, “Жібек жолы” мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғлімі (НЗМ ІІІ-деңгей).

Сыныбы: 3 «б»     Пәні: Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Құстар.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға   табиғат көркі құстар туралы,құстар жануарлардың маңызды тобы екендігін, олардың түрлері мен  тіршілігі жайлы,                            адамға пайдасы туралы түсінік қалыптастыру
Сабақтың міндеттері:
1. Топтаса отырып, бірін-бірі оқытуға, мазмұнын әңгімелей білуге үйрету
2. Балалардың табиғатқа аялы қарым-қатынастарын дамыту
3. Құстардың адам өміріндегі маңызы және оларды  қорғап, сақтай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, жигсо әдісі
Сабақтың көрнекілігі: бейнеролик, интерактивті тақта, презентация. Сабақтың презентациясын көріңіз және көшіріп алыңыз

р/с Сабақ кезең-дері

 

у
а
қ
ы
т
ы
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Күтілетін нәтиже бағалау
1. Ұйымдастыру 1-2мин Психологиялық ахуал.Тренинг жасату. Әрқашан көңіл-күйіміз көтеріңкі болсын дей отырып, «Бразилия жаңбыры» тренингін жасату. Бір-біріне сәттілік тілеу. Оқушылар қимылдарды қайталайды.Көңіл күйлері көтеріледі.. Оқу құралдарын дайындап сабаққа әзірленеді Оқушының сабаққа деген қызығушылығы оянып ынтасы артады.
2. Үй тапсырмасын сұрау 5 мин Үйге берілген тапсырманы тест арқылы тексеремін. Тест 5 сұрақтан тұрады. Дұрыс жауабын тақтада тексеріп, әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан белгілеп бағалау парақшасына қоямыз. Әр оқушы өз алдарына берілген тест жұмысын орындайды.Тақтадағы слайдтан дұрыстығын тексеріп, ұпайларын қояды. Өз бетімен жұмыс жасап, өз ойын қорыта алуға дағдыланады. Әр сұраққа

1 ұпай

3. Топқа бөлу. Партаға жануарлар топтарының суреттерін қоямын

сурет бойынша өз топтарын құрайды

3-мин «Алтын ережені» сақтауды еске салу.Балалардан не себепті бұлай топқа бөліну себебін сұрау. Әр топ өз топ басшысын сайлап, өз топтарына байланысты қысқаша мәліметке дайындалып отыруды тапсыру. Сурет бойынша топталады.Әр топ өз топбасшысын сайлайды және топбасшысы өз атына сай қысқаша мәліметін айтады. Бір-бірімен тез байланысқа түсіп, шапшаңдығы,бір-бірімен топтасып жұмыс жасау қасиеті артады. Диалогтік қарым-қатынасқа түседі. Топ басшыларына қосымша ұпай
4.  

 

 

Ой шақыру

3 мин Тақырыпқа сай құстардың видеоролигін слайдта көрсетіледі. Балалар видеороликтен не туралы көрдіңдер.Мен не себепті көрсетіп отыр деп ойлайсыңдар? Олай болса бүгінгі сабаққа байланысты қандай мақсат қоямыз? Оқушылар жаңа сабақтың тақырыбын видеороликке қарап өздері ашады.

 

Сабаққа байланысты алдарына мақсат қояды. Қандай жұмыс түрлерін атқаратынын айтады.

Тақырыпқа қажетті ақпараттар жинақтайды

 

 

 

 

5. Жаңа сабақ

 

Анықта!

3-мин Балалар құстар туралы не айта аласыңдар?

Қандай топқа бөлеміз?

Қане салыстырып жіберейікші

Анықтау жыл құстары мен отырықшы құстарды топтау

Слайдтан тексеру.

Құстарды топқа бөлуге болады

Үй құстары,жабайы құстар

 

Жыл құстары, Отырықшы құстар

Оларды салыстырады, талдайды,топтайды.

.

Алған білімдерін жинақтап, салыстырып, өмірмен байланыстыру қасиеті қалыптасады. 8-9 дұрыс жауап-3ұпай

6-7 дұрыс жауап-2ұпай

4-5 дұрыс жауап-1ұпай

6. Сергіту сәті 1 мин Бүркітке не жарасады?

Шегірткеге не жарасады?

Ақ тауыққа не жарасады?

Ақылдыға не жарасады?

Олай болса оқуға ден қояйық

Самғаған.    оқушылар қолдарын жайып к.

Секірген     оқушылар секіреді

шоқыған       оқушылар шоқиды

оқыған      партаға отырады. Білімге ден қояды.

Оқушылардың көңіл-күйлері көтеріледі,сергиді.
7.. Кітаппен жұмыс 10-мин Тақырыпты 3 топқа бөлу арқылы «ЖИГСО» әдісін жүзеге асырдым.»ЖИГСО»-ұжымдық оқыту әдісі. Әр топ өзіне бөлінген бөлікті оқып, топпен талдады.Әр топ мүшелері өздеріне бөлінген бөлікті  ұжымда талқылап, мазмұнын жақсы меңгереді ортақ шешімге келеді.. Өз бетінше түсініп оқуға төселеді және диалогтік қарым-қатынасқа түседі.Өз жұмыстарын қорғауда белсенділік танытып,өз білімдерін әрі қарай толықтырады. Белсенділік танытқан оқушы өзіне 4 ұпайдан бағалау парақшасына қояды.
8.  

Дәптермен жұмыс

2мин Балалар бүгінгі сабақта өздеріңе таныс емес қандай сөзді оқыдыңдар?

Орнитология грек сөзінен шыққан.

Орнитолог сөзі

 

Орнитолог мамандығы-құстардың тіршілігін зерттеп,бақылайтын мамандық. Бұл өте қажетті және құрметті мамандық

Жаңа сөзбен танысып, сөздік қоры молаяды.
9.  

Құстар қалай дыбыстайды?

 

 

«Сәйкесін тап»

1-2мин Ал енді балалар мен сендерге құстар қалай дыбыстайды? «Сәйкесін тап» тапсырмасын ұсынғалы отырмын.

Алдымыздағы парақшаның №3 тапсырмасына назар аударайық. Сурет бойынша қандай жұмыстар атқарамыз деп ойлайсыңдар?

 

Оқушылар карточкадағы тапсырмаға қарап бағыт арқылы сәйкес суретке көрсететінін айтады.

 

Құстардың қалай дыбыстайтынын анықтайды

 

8-9 дұрыс жауапқа-3ұпай

6-7 дұрыс жауапқа-2ұпай

4-5 дұрыс жауапқа-1ұпай

10. Дыбыстық тану 2мин Кім құстардың дауысын көп тани білсе, біз оны сыныбымыздың орнитолог мамандығы деп есептейміз.Есту арқылы құстар дыбысын ажырату. Слайдтан дыбысты кезекпен-кезек көрсету.Бәрін дұрыс айтқан оқушыны «Орнитолог»   мамандық деген жазуы бар корона тағамын Оқушылар дыбыстарды естиді,анықтайды, қай құстың дыбысы екенін ажыратады..Сондай-ақ өздері сыныбымыздың «орнитолог» мамандығын анықтайды. Сабаққа деген қызығушылығы артып, белсене қатысады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан
11. Шығармашылық жұмыс 5мин 1-ші топ Құстарға байланысты тыйым сөздер жазу.

2-ші топ Құстарға байланысты теңеу сөздер жазу

3-ші топ құстарға байланысты халық болжамдарын жазу

Оқушылар өз бетінше жұмыс жасайды.Әр топ өз жазғандарын оқиды және тексеруге қасындағы жолдасына береді. Өз бетінше жұмыс жасау дағдысы қалыптасады. Өзара бірін-бірі бағалайды.
12. Постер қорғау 5мин 1-ші топ қызыл кітапқа енген құстар жайлы

2-ші топ венн диаграммасы бойынша жануарлар мен құстардың айырмашылығы мен ортақ белгісін жазып көрсетеді

3-ші топ фишбоун әдісі

Оқушылар топтаса бірлесе жұмыс атқарады және постерлерін тақтада қорғайды. Постер қорғаған оқушы өзіне 3 ұпайдан белгілейді.
13. Қорыту 3мин  

Құстар жөнінде сұрақтар.
1. Құстардың негізгі мекені не?
2. Қай ай құстың атымен аталады?
3. Адам қай құсты аң аулауға пайдаланған?
4. Қай құста мүлде ұя болмайды?
5. Қандай құс хат тасушы атанған?
6.Құстар бізге қандай пайда келтіреді?

( ұя)

 

 

( көкек)

 

 

Бүркіт

 

көкек

көгершін

 

зиянды жәндіктерді жеп пайда келтіреді.

14. Үйге тапсырма 1мин 114-115 бет мазмұндау. Шығармашылық тапсырма.

Жануарлар, өсімдіктер, адам арасындағы байланысына мысалдар келтіру.

15. рефлексия Қандай құсқа ұқсағым келеді? оқушылар стикерге өздеріне ұнайтын құсты, не себепті ол құсқа ұқсағысы келетінін жазып, тақтадағы талға іледі.
15. Бағалау 2мин Оқушыларға бағалау парақшасындағы ұпайлар санын санату Бағалау парақшасындағы ұпайларын санап, өздерін бағалайды.

Сабақтың презентациясын көріңіз және көшіріп алыңыз

Check Also

Сабақтың тақырыбы: Дала жануарлары мен өсімдіктері

Мұқыжанова Әзипа Төкішқызы. Қарағанды облысы Шет ауданы Х Сәрінжіпұлы атындағы ЖОББМ базасындағы тірек мектебінің  бастауыш …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.