Тарих-6. Қазақстан жеріндегі алғашқы көшпелі тайпалар.

kazhken000Бектибаев Қажыкен Бекенович. Жамбыл облысы, Шуқаласы, №40 мектептің тарих пәнінің мұғалімі.

Ойын – сайысты жүргізетіндер 6 «а» сынып оқушылары. Қарсы алайық!

  • Сақ тайпалары! (Домбыра – кіріп отырады)
  • Ғұн тайпалары! Көсем, батыр, жауынгерлер.

Көшпелі тайпалардың тарихымен, тұрмысымен, мәдениетімен таныстырып  өтетін сынып оқушысы: ___________________________
Ойын – сайысты бағалайтын әділ-қазы мүшелері :

  1. _______________________________________
  2. _______________________________________
  3. _______________________________________

Ойын – сайыстың жоспары, сіздердің алдарыңызда. Танысып өтіңіздер.

Ал мақсаттары болса, біздің ұлы есімдердің «Іші алтын, сырты күміс» нақыл сөздердің мағынасында.

  1. «Өзінің елін сүйе алмайтын адам ештеңені де сүйе алмайды».

(Дискоел Байрон)

  1. «Халық пен халықты, адам мен адмады теңестіретін нәрсе-білім». (М. Ауезов)
  2. «Тек ұлы оқиғалар ғана ұлы адамдарды тудырады». (Жан-Жак Руссо)

«Батыр көл бастар, көсем жол бастар»- дегендей көсемдерге жол берейік…

  1. Көсемдердің қарым-қатынастары:

Жылнамашы : Сақ деп аталатын тайпалардың әрқайсысының өз алдында көсемі болған. Көсемнің әмірі күшті еді. Көсем қаза болса, оның сүйегін арбаға салып ел аралатқан. Көсемнің өлгенін көрген тайпа мүшелері шашын жұлып, бетін тырнап, өз құлағын қанататын, көзін тырнаған. Сол қолын оқпен тесетін болған. Қаза болған көсем үлкен қорғандарға жерленген, өлікпен бірге алтын, күміс, ыдыс-аяқтарды және сойылған атты бірге көмген…
Тіпті көсемнің ханымы мен қызметкерін де өлтіріп, онымен бірге жерлейтін болған…

  • Сақ көсемі өзін-өзі таныстырады. (Әңгімелесу)

Жылнамашы: Ғұндардың билеушісін «шаньюй» деп атаған. Б.з.б 206 ж. Ғүн тайпалардың басшысы болып Мөде шаньюй сайлайды. Ол билікті қолына алғаннан кейін жеңімпаз соғыстар жүргізіп, біраз жерлерді жаулап алды. Үйсіндерге жорық жасады, Алтай тайпаларын бағындырды, Қытаймен шайқасты. Бес ғасыр Жуық ғұндар кең далаға билік жүргізді…

  • Ғұн көсемі өзін-өзі таныстырады:

Айналайын халқым менің
Жас тілекпен сән түзедім
Сәлемімді қабыл алған
Мен ғұндардың бір қызы едім
Тайпамызды ғұн дейді,
Ғұн дегенде кун дейді
Әрі ақылды, әрі ептіміз,
Өнерлі де, қасиетіміз,
Біз тайпамыз ғұн деген.
Бүршік атқан мен еркеңмін
Батырларымз сап түзеп
Садыққапта садағы
Қорамсақта оқтары,
Иығында садақбау, беліне болатын ілген
Үстіне шапан киген
Астында тұлпар аты бар
Аяғы жерге тимейді
Судай ағып келді.
Айта берсем тауыса алмаймын
Шайқастарда шаң салмаймын
Мен, Мөде шаньюй қызы, қайсармын.

  1. Картамен жұмыс: Мозайка. Сұрақ-жауап.

Сақ көсемі                                        Ғұн көсемі

1) Біздің өлкемізде Оңтүстік Қазақстанда қай сақ тайпалары мекендеген?
2) Әр өзендерді атап, көрсет.
3) Арал теңіздің ежелгі атауы?
4) Неше облыс? Атап көрсет.
5) Сақ, ғұн билеушілерін қалай атады?
6) Қазақстанның көршілес мемлекеттерін атап көрсет.
7) Сақтардың жорықтары (карта бойынша)
1) Қазақстанның қай аумағында ғұндар мекендеді?
2) Көлдерді, теңіздерді көрсет.
3) Сырдария өзенінің ежелгі атауы.
4) Жетісу, 7 өзендерді көрсетіп атап бер.
5) Қ.Р. ел басшысын қалай атайды?
6) Ежелгі заманда сақ, ғұн тайпалары қай мемлекеттермен қарым-қатынастары болды?
7) Ғұндардың жорықтары (карта бойынша)

 

  1. Мәтінмен жұмыс . (мәтінді толықтырып жаз)

 

  1. «Шайқас» (сақ-ғұн тайпалары)

Сақтар                                           Ғұндар

1) Сақтардың  шаруашылығының негізгі түрлерін атаңдар.
2) Төрт түлік малдың түрін ата. Бұлардың қайсысы маңызды рөл атқарады?
3) Сақтардың көшіп-қонатын көлігі қандай болған?
4) Сақтардың қоғамында өмір сүрген адамдар қандай топтарға бөлінді?
5) Су жағасындағы мекендеген сақ тайпаларын қалай атады?
6) Сақтар неге табынды?
7) Сақтардың күн құдайы кім болған?
8) Сақ қоныстары Шірік-Рабат, Бәбіш-Молда, Қазақстанның қай аумағында табылған?
9) Сақтарды ежелгі деректерде қалай атаған?
1) Ғұндар одағы неше тайпадан құрылған?
2) Ғұндар мемлекет басқарған адамды қалай атады?
3) Ғұндардың соғыс құралдары қандай болған?
4) Ғұндар қай тілде сөйлеген?
5) Ғұн билеушілері 1 жылда неше рет жиналыс өткізген? Неге?
6) Ғұндар нені өте қадірлеген?
7) Б.з.б V ғасырларда ғұндар жеріне қай тайпалар келіп қоныстанды?
8) Мағжан Жұмабаевтың ғұн туралы өлеңі қалай аталды?
9) Ежелгі деректерде ғұндарды қалай атаған?
  1.  «Бұрыс-дұрыс»- мәтінмен жұмыс. (Тайпалар орындайды)

Сақтар                                                   Ғұндар
Мәтінді оқып бұрыс сөздерді дұрыстап беру. Уақыты 2-3 мин, мәнерлеп оқып беру.

  1. «Сыр сандық»

Тайпалар өздерінің пікірлерін, ойларын көрсетіп, жауабын табады.
Жылнамашы: Қазақ жері, тарихы, мәдениеті ежелгі заманнан қызық, жұмбақ сырларды жасырып жатыр. Сақ, ғұн жауынгерлері іздеп, ойлап, білімдерін, тапқырлығын ортаға салады.
«Білегі күшті бірді жығар, білім күшті мыңды жығар» – дегендей сыр сандықты ашайық.
Сақ- «Сыр сандық»
Ғұн- «Сыр сандық»

  1. «Батырлар» сайысы.

Жылнамашы: Көшпелі тайпалардың тарихында батырлардың аты әсіресе жауынгершілік жорықтарымен белгілі…
Батыр жауынгерлер «Қасқа қатал, досқа адал» болған. Олар қақтығысқан жауын аямаған.
Жыл сайын үлкен мерекелер жасалып, бұл мерекеде ортадағы ортақ ыдыстан тек жауды өлтірген жауынгерлер ғана ішімдік іше алатын болған. Олар батыр жауынгерлерді ардақтап, құрмет еткен.
Атақ-абыройы асып ерлігі аңызға айналған батырларымыз.
Шырақ пен Атилла!
Қарсы алайық!
1) Сақ батыры: Шырақ
Сақтардың батыры мен Шырақ!
Айтқан сөзім әділ-ақ
I Дарийді алдап
Шөл далада адастырып
Қара бұлтын кері серіп
Тәуелсіздігін қорғап алып
Ортада тұрған мен Шырақ!

Ғұн батыры : Атилла
Ерте күнде атты Күннен ғұн туған
Отты ғұннан от боп ойнап мен туған,
Мен, Атилла Европаны дүрсілдеткен
Қара теңіз, Дунайына туымды тіккен
Қытайлықтың нөкерлерін, туыстарын
Тұтқынға алып өте қатаң жазаладым,
Жинап бойды, жарлыны
Бәрі маған бағынды
Тәңіріндей табынды
Аз халықты көп қылдым,
Сөйтіп жолым болды да
Келді бәрі орнына.

  1. Ән-күй. Сақ батырлары.

Тайпам менің сақ елі,
Томирис патшайым хан еді
Әйелде болса ақылды асыл
Кирді жеңген күшті батыр еді

Батыры бар Шырақ деген тағы да
Ақылы бар, айласы асқан жұртқа
Тәуелсіздік алып беру сақтарға
Арман еді Шырақ атты батыр-ау

Зергерлік өнер жақсы дамып сақтарда
Айналысты ата-баба, жастарыда
Тарихшы қарған белгі болып дүниеде
Есіктен табылды «Алтын киімді адам».

Ән-күй. Ғұн батыры.

  • Картамен жұмыс. Саяси карта.

Жорықтартуралы әңгімелесі.
Картамен жұмыс.

  • Мақал-мәтелдер.

Жылнамашы: «Адам тілі тас жарар, тас жармаса бас жарар» дегендей Батырлар қолдарын бастап келесі сайысқа шығады. Соғыс құралдары садақ пен найза емес –асыл сөздер.
«Жүйрік аттың сипаттары секілді асыл сөзде де белгілі сипаттары болады».

  • Сақ, ғұн батырлары мақал-мәтелдер айтып шығады.
  1. «Мергендер» сайысы.

Жылнамашы: Көшпелі тайпалар шетінен шабандоз көздегендерін құр жібермейтін әйгілі мерген садақшылар болған.

Бәлкім осыдан болар гректер, мидиялықтар, Франк, Бургундия билеушілері өздерінің ержеткен ұлдарын садақ тарту өнеріне баулу үшін сақ, ғұн сарбаздарының тәрбиесіне береді екен…
(Сақ, ғұн жауынгерлері «Мергендер» сайысына кіріседі- даталармен жұмыс)

1) Б.з.б 529-558 ж/ж- парсы патшасы Кир сақтарға жаулап алу жорықтарын жүргізеді.
2) Б.з.б 518 ж- Парсы патшасы I Дарий қалып қолды бастап сақтарға аттанды.
3) Б.з.б 330-327 ж/ж Ал Мақ Ескендір Зұлқарнайын парсыларды, Орта Азияны жаулап сақ-массагеттерге аттанды.
4) Б.з.б 23 ж –Ескендір Зұлқарнайын жіберілген жебесінен жараланып қаза тапты.
5)1969-1970 ж/ж – Есік қорғаны «Алтын киімді адам» табылды.
6)Б.з.б VII ғ – аңдық стиль пайда болды.
1) Б.з.б IIIғ – Ғұн тайпаларының басшысы болып Мөде шаньюй сайланды.
2) Б.з.б 55 ж- Ғұн мемлекеті оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлінді.
3) 434-453 ж/ж – Қазіргі Венгрия,  жерінде Атилла билік үргізді.
4) 451 ж-солтүстік Францияда Тула қаласының аумағында Каталауын шайқасы болды.
5) 453 ж – Атилла  қайтыс болды.
6) Б.з.б I ғ соңы – I б.з. I ғ – Қазақстан жеріне Орталық Азиядан ғұндар келді. («Ұлы қоныс аударуы»).
  1. «Арулар» (Сақ, ғұн ару қыздарының билері)

Жылнамашы: «Сақ әйелдері ержүрек келеді, соғыс қаупі төнгенде ерлеріне көмек көрсетіп, ұрысқа араласады» – деп грек тарихшы Касий жазған.
Жалпы сақ әйелдері қоғамға сыйлы болған, әйелдерге деген қарым-қатынас, құрметтеу, қастерлеу негізінде жүзеге асты. Үйге кірген ұл ең әуелі анасына, содан кейін ғана барып әкесіне иіліп тағзым етеді.
Әйел-қыздарды құрметтеп, қастерлеп, сыйлап, сұлулығына, ержүректігіне сүйінген.

Абай айтқандай:
«Бәлектей арқасында өрген бұрым,
Шолпасы сылдыр қағып жүрсе ақырын
Камшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,
Сұлу қыздың көріппе ең мұндай түрін?»

Арулардың сұлулығындай сақ- ғұн қыздарымызды ортаға шақырайық!

(Билер)

  • Бағалу.
  • Марапаттау.

3)  Қорытынды.

Check Also

Тарих-9. Индустрияландыруға бағыт алу және оның барысы.

Сембаева Алия. Жамбыл облысы Шу қаласы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі. Үй …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.