И-7. №5 сабақ. Компьютердің жады.

ilmira150Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Бірлесу-Еңбек ауылы “Бірлесу – Еңбек” орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Қырықбаева Эльмира Рәпілбекқызы

Сабақтың тақырыбы:Компьютердің аппараттық жабдықталуы. Жад
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Оқушыларға аппараттық жабдықталуы туралы толық ақпарат беру.
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабакта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері

Сабактың өту барысы:
1. Оқушыларды ұйымдастыру .
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру .
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4. Сабақты бекіту.
5. Сабақты қорыту
6. Үйге тапсырма беру.

  1. Оқушыларды бағалау

Өткен материалды қайталау сұрақтары:

  • Кодтау мен кері кодтау деген не?
  • Бит, байт деген не?
  • Техникалық жүйелерде неге екілік алфавитті пайдалануды таңдайды?

Жаңа түсініктер:
Жад – ақпаратты сақтауға арналған құрылғы.
Компьютердегі ақпарат 0 мен 1 (биттер) түрінде берілгендіктен, жад битті сақтаудың қызметін кез келген уақытта алып тастауға болатындай ету керек.

Жад ішкі және сыртқы деп бөлінеді.
Жадтың ішкі және сыртқы болып бөлінуі оның орналасу орны бойынша емес, (компьютердің жүйелік бологының ішінде немесе сыртында) оның қолдану сипаттамасы бойынша жүргізілуі керек.

Ішкі жад
Компьютердің ішкі жадына тұрақты жад және жедел жад жатады.

Тұрақты жадтау құрылғысы – компьютердің жүйелік блогының ішіндегі микросұлба.

Бұл жадқа зауыт – жасаушыларында ақпарат енгізіледі, ол компьютердің қосылуына қажет. ТЖҚ жұмысын қара экраннан көруге болады, ол компьютерді қосқан соң пайда болады.

ТЖҚ жазылған программалар компьютердің аппаратурасының дұрыс жұмыс істейтіндігін тексеруге арналған. Мысалы, компьютердің қатқыл дискісі істен шықса, ТЖҚ – дағы программа ақауларды байқайды даң қажетті ақпаратты шығаралы.

Құралды тексерген соң ТЖҚ  – дан операциялық жүйені жүктеу жүргізіледі. Енді одан әрі қарай операциялық жүйе компьютердің жұмысы мен оған орнатылған программаларды басқарады.

Компьютердің ішкі жадтың басқа түрі – RAM1 немесе ЖЖҚ 2 (ОЗУ) – компьютердің жедел жады.

Компьютерде қосылған программалардың орындалуы осы жедел жадта болады.

Жедел жад ұяшықтардан тұрады, олардың әрқайсысына ақпараттар бірлігі жазылады. Жедел жадтың бөлек ұяшықтарының адресі болады, программа сол адрестерде орналасқан мәліметтерге жүгінеді. Мысалы, мәтінді «а» әрпін «о» әрпіне өзгерту қажет болды делік. Оны істеу үшін компьютердегі «а» әрпінен тұратын ұяшықтың ЖЖҚ – да қайда орналасқанын білу керек. Қзгеріс жасалған соң бірден компьютер жедел жадтағы мәтінді алмастырады және соңғы мәнді қалдырады.

Компьютердің тез жұмыс істеуі жедел жадтың көлеміне тәуелді. Бүгінде жедел жадтың көлемі бірнеше Гбайттерге жетуі мүмкін.

Кэш – жад  – аса тез әсер ететін жад, ол аса тез әсер ететін компьютерлердегі жедел жадқа қол жеткізуді жеделдетуге арналған.

Заманауи компьютерлердің барлығында кэш-жад бар. Ол микропроцессор мен жедел жадтың арасында орналасқан. Жедел жадтың ең жиі қолданылатын бөліктерінің көшірмелерін сақтау оның міндеті болып табылады.

Процессордың ішкі жадпен жұмыс істеуі

Орталық процессор ЖЖҚ – мен жұмыс істегенде жадтан оқығысы немесе жадқа жазғысы келетін байттың адресін көрсету қажет. Процессордың өзінің ішкі жады бар. Бұл жад компьютердің ішкі жадына қарағанда жылдам жұмыс жасайды, бірақ оның сыйымдылығы аз. Процессордың ЖЖҚ – дан немесе, ТЖҚ – дан оқыған мәліметтері ішкі жадқа жазылады және өңделеді.

Сонымен, ішкі жадқа ЖЖҚ, ТЖҚ және кэш-жадты жатқызамыз.

Жадтың қалған түрлері қай жерге орналасқанына қарамастан сыртқы жадқа қатысты болады. Олар көбінесе ақпаратты тасымалдаушылар деп аталады.

Сабақты бекіту: Оқулықта берілген А, В деңгейлі тапсырмаларды орындайды.

Сабақты қорыту:

  1. Жедел жадтың тұрақтыдан айырмашылығы қандай?
  2. Ақпаратты тасымалдаушылар жадтың ұандай түріне жатады?
  3. Тұрақты жад не үшін қызмет етеді?
  4. Компьютер өшірілген соң қандай жад тазартылады?

Оқушыларды бағалау: берілген тапсырмаларды орындағандарына байланысты оқушылар бағаланады.
Үйге тапсырма:§5

Check Also

Аудандық олимпиада. ІІ-тур. 2016-2017 оқу жылы.

D есебі 5 бүтін сандар берілген. Осы сандардың арасынан төртеуін таңдағандағы қосындының ең үлкен жəне …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.