Информатика пәніне арналған интеллектуалды ойын «Информатика әлемі» сайысы

zhanarsul000Сулеева Жанар Жұмабайқызы.  ОҚО  Сарыағаш  ауданы Қапланбек гуманитарлық агроэкономикалық колледжінің информатика пән мұғалімі

Мақсаты:

Білімділік: оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау, бақылап, бағалау, өз беттерінше білім деңгейлерін көтеруге жағдай жасау.

Дамытушылық: оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік: оқушыларды шапшаңдыққа, өз ойларын анық жеткізе білуге, жауапкершілікке,   өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа, жан-жақты болуға, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу
 
Мазмұны:
Сайысқа 5 адамнан тұратын 2 топ қатысады.
Сайыс 7 кезеңнен тұрады.
1-кезең: “Таныстыру”
2-кезең: “Ширату”
2-кезең: “Бәйге !”
3-кезең: “Лото ”
4-кезең: “Ойлан тап?”
5-кезең: «Сөз жұмбақ»
6-кезең: «Ғажайып алаңы»
7-кезең: «Тапсырманы орында» (Электронды оқулықпен жұмыс))

Мұғалім:

Армысыңдар, бүгінгі  «Информатика әлемі» атты  сайыс сабағымызға  жиналған  қауым! Бүгінгі  біздің сайысқа  қош  келіпсіздер!   Информатика бұл ХХІ ғасырдың есігін ашатын, болашаққа қарай бет алуға көмек беретін сабақ. Бүгінгі сайыс арқылы біз информатика сабағын өте қызық және қажет  екендігін түсінейік.

жүргізуші:   

Армысыңдар, бүгінгі  «Информатика әлемі» атты  сайыс сабағымызға  жиналған  қауым! Бүгінгі  біздің сайысқа  қош  келіпсіздер!

 жүргізуші:
Құтқарып  ауыр  бейнеттен
Техниканы  үйреткен
Роботтай –адамды
Тіл  бітіріп  сөйлеткен
Компьютер  емей  немене
Білмегенді  білдірген
Өлшеп  киім  кигізген
Барлық  істі  атқарып
Пайдасын  елге  тигізген
Компьютер  емей немене
Бәріңіз  маған  қараңыз!
Ойынымызды  бастайық
Алуан  түрлі  ойларды
Ортамызға  тастайық.
Информатика  пәнінен
Көрсетіп  біздер  батырлық
Ой  толғалық  жүйелі
Таңдайымызға  татырлық!

Бірінші кезең: қатысушыларды таныстыру.
1курс 1513053 «Ветеринариялық фельдшер» «А»(9-сынып)

Осы жазуды басып қалып толық нұсқасын көшіріп алыңыз

Check Also

Аудандық олимпиада. ІІ-тур. 2016-2017 оқу жылы.

D есебі 5 бүтін сандар берілген. Осы сандардың арасынан төртеуін таңдағандағы қосындының ең үлкен жəне …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.