Дүниетану. Тақырыбы: Ауа. Ауаның қасиеттері.

matkeeva000Маткенова Балжан Қаниқызы, Ақмола  облысы, Бұланды  ауданы, Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі

Мақсаттары:

Білімділік : Ауа қасиеттері туралы білімдерін тереңдете отырып, ауаның жер үстіндегі қозғалысы туралы түсініктерін қалыптастыру;

Дамытушылық : Байқампаздық, әуестік дағдыларын дамыту.Салыстыру және қорытындылау біліктілігін арттыру;

Тәрбиелік : Табиғатты аялауға, ұқыпты қарауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Жұмыс түрі:      түсіндірмелі-зертханалық сабақ

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, қазақ тілі

Қажетті құрал-жабдықтар: «Ауаның құрамы» атты тірек сызба, орман бейнелеген сурет, тәжірибе үшін шар, бір стақан су, АКТ.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Психологиялық дайындық

ІІІ. Өткенді қайталау:

«Кірпі мен тиінге жеміс жинау» ойыны

Үй тапсырмасын сұрау.

ІҮ. Жаңа сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

Қызығушылықты ояту (мұғалімнің әңгімесі)

«Көрінбейтін ьсиқыршы»

Ү. Оқулық бойынша жұмыс.

Оқушыларға жаңа сабақты түсіндірместен бұрын оқулықта берілген сұрақтар қойылады. Оқушылар өз күштерімен жауап беруге тырысады.

Тәжірибе арқылы айналаның бәрінде ауа бар екенін дәлелдеу.

1-тәжірибе. Шарды үрлеп, сонан соң оның желін шығарады.

Сұрақ: Үрлегенде және желін шығарғанда шар қандай күйге түсті?

2-тәжірибе. Екі ұртыңды ауамен толтыр да, екі саусағыңмен ұртыңды  бас. Не байқадың?

Мұғалімнің түсіндіруі.

  • Ауа қабаты бізді және біздің ғаламшарымыз Жерді қоршар тұр. Осы қабатты атмосфера деп атайды. Ол біздің  планетамыз Жерді Күннің радиациясынан қорғайды.

Егер ауа қабаты жойылып кетсе, онда тіршілік жойылады. Күннің ыстық сәулесі түгел күйдіріп жібереді. Енді ауа суда да, топырақта да бар екеніне мысал келтіріңдер.

Оқушылар ауаның қасиеттерін кестеге толтырады.

Негізгі сөз Ауаның қасиеттері
Ауа Мөлдір, түссіз, салмағы жоқ, пішіні жоқ, иісі жоқ, жылы, суық, қатты, т.б.

– Ауаның құрамы қандай? Тақтаға тірек сызбасы ілінеді.

Азот 78 %

Көмір қышқыл газы 1 %

Оттегі 21 %

– Сонымен ауа дегеніміз не? г – Ауа – газдардың қоспасы.

4) Оқушылар «Ауа. Ауаның қасиеттері» мәтінін оқиды. Осы сабақта алған білімдерін оқулықтағы мәтінмен салыстырады. Ауа туралы алған білімдерін бекітеді.

5) Мұғалімнің басшылығымен тәжірибе жасалады. Жұмыс майшаммен жүргізілетін болғандықтан, қауіпсіздік ережесі қатаң сақталуы тиіс.

Тәжірибенің нәтижесін кестеге жазады.

Сабақты қорытындылау.

Ауа туралы не білдіңдер?

Дәптермен жұмыс.

Үйге тапсырма беру.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Бағалау.

Оқушылардың  еңбегін мадақтау.

 

 

Дүниетану

Сабақтың тақырыбы: Ауаның табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.

Сабақтың мақсаты: ауаның тазалығын сақтау туралы түсінік қалыптастыру; табиғат пен адам өміріндегі ауаның маңыздылығын түсіндіру; ауаны неден және қалай қорғау керектігін ұғындыру.

Сабақтың көрнекілігі: ауаның құрамы және қасиеттері туралы сызба.

Сабақтың барысы:

Психологиялық дайындық.

Үй тапсырмасын тексеру.

Ауаның қасиеттерін айтыңдар. Оқушылар бір-бірінің жұмыс дәптерлерінде орындаған тапсырмаларын өзара тексереді.

Пікірталас ұйымдастыру.

– «Ауа таза болу керек» деген пікірді қалай түсінесіңдер?

Жаңа сабақты түсіндіру.

1) Оқулықтағы мәтіннің бірінші бөлігі оқытылады. Осы бөлімнен ең негізгі ойды тапқызу (ауа өсімдік, жануар, адамнын тыныс алуы үшін қажет).

2) Рөлдік ойын (ойынның бірінші бөлімі).

Сынып 4 топқа бөлінеді.

  1. Адамдар 3. Құстар мен аңдар
  2. Балықтар 4. Өсімдіктер

Әр топ таңдап алған тақырыбы бойынша ауаның маңыздылығын айтады.

Рөлдік ойынның екінші бөлімі.

Сынып 3 топқа бөлінеді.

1-топ     – адам

2-топ     – экологтар

3-топ     – жануарлар

Экологтарға адамдардың үстінен жануарлардың шағымы түседі. Адам және комбинаттар, зауыттар, жанармай колонкаларын салу керектігін айтады. Жануарлар адамның жете ойламағандығынан көптеген жануарлардың қырылып жатқандығы туралы айтады.

Жануарларды қорғау туралы әңгімені экологтар көтереді.

Әңгімені қорытындылай келе тақтаға немесе плакатқа сызба сызылады.

Мұғалім әңгімеге араласпай, оқушылардың өздерін сөйлетеді. Пікірталас соңында оқушылар Жердегі тіршілік атаулының бәрі адам әрекеттеріне тәуелді екендігіне, сондықтан адам ауа кеңістігін қорғап, оның тазалығын сақтауы тиістігіне көздерін жеткізеді. Ауа — тіршілік көзі.

3) Оқулықтағы мәтіннің екінші бөлігі бойынша жұмыс.

Бұл бөлімнен қандай жаңа мағлұмат алдыңдар? Дәптермен жұмыс.

Оқушылар «Ауа тазалығын сақтаңдар» деген тақырыпта сурет салады.

Сабақты қорытындылау.

Ауаны ластанудан не үшін қорғау және сақтау керек?

Таза ауаны сақтап қалу үшін не істеуіміз қажет?

Үйге тапсырма беру.

Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беру, жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау.

Check Also

Сабақтың тақырыбы: Дала жануарлары мен өсімдіктері

Мұқыжанова Әзипа Төкішқызы. Қарағанды облысы Шет ауданы Х Сәрінжіпұлы атындағы ЖОББМ базасындағы тірек мектебінің  бастауыш …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.