Пәні: Математика Сынып: 1 “А”. Сабақтың тақырыбы: Есеп. Неше жас үлкен?

gulziratumen000Түменбаева Гулзира Қ Алматы қаласы Әуезов ауданы «Жаңа Ғасыр» №175 гимназия.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға 10-ға дейінгі сандарды қосу мен азайтудың кестелік жағдайларындағы есептеу дағдыларын, айырмалық салыстыруға және бірнеше бірлік артық санды табуға берілген есептерді шығаруға үйрету. Оқушыларды есептің  шартын, сұрағын  ажыратуға  үйрету, шешуін, жауабын  жаза  білуге  дағдыландыру.
  2. Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, байқампаздыққа тәрбиелеу.
  3. Дамытушылық: Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту, танымдылық қабілетін арттыру. Ойша ,ауызша есептеу дағдыларын қалыптастыру, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру.
  4. Жаңа технология: дамыта отырып оқыту, оздыра отырып оқыту, іс-әрекетті бағалау, тірек сызбалары және тірек конспектілері арқылы оқыту, саралап оқыту, шоғырландырып қарқынды оқыту, деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыту, сын тұрғысынан ойлау, деңгейлеп оқыту, жобалап оқыту технологиясы, ақпараттық технологиялар
  5. Техникалық құралдар түрлері: интерактивті тақта, электронды оқулық, ат жарыстарының суреттері, видео «Көктем», кесте.

Сабақтың типі:
аралас сабақ,жаңа білімді игеру сабағы, оқу материалын бекіту сабағы, қайталау сабағы, материалды қорытындылау сабағы және жүйелеу сабағы, бекіту сабағы.

Скачать (PPTX, 1.16MB)

Сабақтың түрі:

сайыс сабағы, жарыс сабағы, ойын сабағы, саяхат сабағы,әңгімелесу, сырттай саяхат сабағы.

Сабақтың әдісі:

  1. Иллюстрациялық түсіндіру.Оқушыларға ақпаратты әңгімелеу, лекция, семинар, коллоквиум, демонстрациялық жеткізу.
  2. Репродуктивті әдіс. Білім-білік дағдыларын қайта жаңғырту арқылы білімді белсенді игерту.
  3. Зерттеу әдісі: Мұғалімнің оқушыға шығармашылық тапсырма беруі, оқушылардың өз беттерімен шешіп, мәтінмен, есептер шығару, үлестірмелі материалдармен жұмыс.
  4. Эвристикалық әдіс. Ішінрара ізденгіштік әдіс, оқушылар мақсатты немесе міндетті мұғалімнің көмегі арқылы шешу.
  5. Мақсатты әдіс. Мұғалімнің белгілі мақсат қойып, оған жету жолын көрсетеді, оқушылар одан әрі әрекетке көшеді.

Таным қызметін ұйымдастыру үлгісі

  1. Жекелік үлгі-танымдық қызметтер оқушының өз күшімен орындалады.
  2. Жан-жақтылы- барлық оқушылар үшін жалпы міндет қойылған кезде пайдаланады.
  3. Топтық- жалпы міндеттен туындаған мақсатты шешу жолында топ түрінде әрекеттеніп, жауап топ ішінде жинақталады.
  4. Ұжымдық форма-ұжым өзінің әр мүшесін немесе әр мүше өз ұжымын оқыту, тәрбиелеу, дамыту әрекетіне келеді.

Сабақтың көрнекілігі және жабдықталуы: сюжетті суреттер
Пәнаралық байланыс: дүниетану, музыка, бейнелеу өнері.

Сабақтың барысы:
 
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1) Оқушылармен  сәлемдесу.Тақпағын айту. 3-слайд
2) Оқушыларды түгендеу. Кезекші айтады.
3) Оқушылардың  сабаққа  әзірлігін тексеру.

Психологиялық дайындық. 4-слайд

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту. Топ ережесі, бағалау нормалары айтылады, топтың аттары аталады. 1,2,5,6,7 -слайдтар

І-бөлім «Ой ашар» миға шабуыл жасау.

ІІ. Үй тапсырмасын жан-жақты тексеру кезеңі:
1) Үй тапсырмасын тексеру.
2) Өткен  тақырыптарды қайталау.
– Математикалық диктант пен математикалық тест алынады. 8-слайд

III. Жаңа сабақты түсіндіру:
 
ІІ-бөлім «Көкпар» ойыны
 
Көкпар – ұлттық ат спорты ойындарының бірі. Ойынның атауы «көк бөрте» (лақ) сөзінен шыққан. Оған 1 жасқа толған серкенің семізі (ешкінің малы) таңдалған. Семіз серкенің терісі жыртылмайды. Орташа салмағы 20-30 келідей болады. Басқа малдың терісі жыртылғыш болғандықтан, Көкпарға тартпайды. Екі топқа 10 адамнан бөлінеді. Бұл ойын жігіттердің күш-жігерін, төзімділігін, батылдығы мен ептілігін қалыптастырады. Көкпар ойыны- аттың қалай бапталып үйретілгенін, жүйріктігін сынайтын спорт.

Білімді жүйелендіру мен пысықтау.

Оқулықпен  жұмыс : 131- бет. 9, 10-слайдтар
Отбасы туралы, оның мүшелері туралы қысқаша әңгіме.
– 1- тапсырмадағы есепке назар аудартып, талдап, шығарту, салыстыру. 11,12-слайдтар
– Берілген  есепті оқып,  талдау  жүргізу.
– Есеп кім туралы?  (ағасы мен қарындасы)
– Ағасы  неше  жаста? (10  жаста)
– Қарындасы  неше  жаста? (4 жаста)
– Нені  табу  керек? Қай  амалмен  орындаймыз?

Ағасы  қарындасынан неше  жас  үлкен?

– Шешуін  дәптерде  орындату.

Шешуі:  10 – 4  ═6 (жас  үлкен)

Жауабын  жазғызу.

Ә). Кері  есепті  шығарту.
– Қарындасы  неше  жаста?  (4 жаста)

Ағасы  қарындасынан   неше  жас  үлкен?  (4 жас үлкен)
– Ағасы  неше  жаста?  (10  жаста)

Шешуі:  6 + 4  ═ 10 (жас )
Жауабын  жазғызу.

ІІІ-бөлім «Теңге алу» ойыны
 
Ол қазақтың ұлттық ойындарының бірі. Ол тегіс жерде өткізіледі. Ойынға жасы 18-ден асқан адамдар ғана қатысады. Ойыншылар мықты ерттелген атқа мініп, 30-40 метрдей жерден шауып бара жатып, ақ киіздің үстінде жатқан тиынды немесе ақ шүберекке түйілген тиынды ат үстінен еңкейіп көтеріп әкеткен адам жеңімпаз атанып, жүлде алады. Ойыншылар атқа кезек мініп немесе бірнеше атпен (әркім өз атымен) көп ойынға қатынаса береді. Алғашқы адам тиынды іліп кетсе, оның орнына тағы да тиын салынады.

-2- тапсырмада мәні  5-ке  тең  болатын қосындыларды  жазғызу.13-слайд

  • Қосу амалының компоненттерін  еске түсіру.
  • Ереже: қосылғыштардың орындарын ауыстырғаннан қосындының мәні өзгермейді.
  • Азайту амалының компоненттерін еске түсіру.

0+5 ═5                  3+2 =5
1+4═5                   4+1=5
2+3═5                   5+0=5

Сергіту сәті «Мен қазақпын»

VІ. Оқулықпен жұмыс:
 
ІV -бөлім «Қыз қуу» ойыны
 
Қазақтың өте көне ойындарының бірі. Жарыс жігіт пен оның қалыңдығы арасында өткізілген. Жарыс 400-500 метр қашықтықта өтеді. Қыз екі атқа ілгері тұрып, жарысқа түседі. Мәре сызығына жеткенге дейін жігіт қызды қуып жетсе, жеңімпаз ретінде қыздың бетінен сүюге мүмкіндігі бар. Ал егер жете алмаса, қайтар жолда қыз жігітті қамшымен бір ұрады. Аттың құлағында ойнау шеберлігі, жүйріктігі сыналатын ойын.

-3- тапсырмада  ұзындығы 4 см-ден  артық, бірақ 8 см-ден кем кесінділер сыз.
Неше кесінді сыздың? 15-слайд

VІІ. «Көктем» видеосын тамашалау.

V -бөлім «Аламан бәйге» ойыны
 
Аламан бәйге – көшпелі қазақ халқының үлкен жиын, салтанатты тойда, мерекелерде, аста өткізілетін дәстүрлі ат спортының бірі, ең ірі ат жарысы.

Құлагер, Ақбақай, Маңмаңгер, Тайбурыл сияқты сәйгүліктерді ән-жырға қосқан. Ат шабатын жолда кесіп өтетін су, көл, жыра мен жар болады. Жүлде қоры мол болады. Жүлдеге үйір-үйір жылқы, қора-қора қой берген.
 
VІІІ. Электронды оқулықтағы тестті орындау. 16, 17-слайдтардағы логикалық тапсырмаларды орындау.
 
ІХ. Рефлексия. –Бүгінгі  сабақта  не  үйрендіңдер?
 
Х. Үйге тапсырма: 131-бет, 4-тапсырма, логикалық тапсырма.

ХI. Оқушыларды бағалау, ең көп ұпай жинаған топты мадақтау.

Осы автордың тағы да екі көрнекті сабағын көшіріп алыңыз.

Әдебиеттік оқу 3-сынып. Сабақтың тақырыбы: «Менің анам»

Ана тілі 1-сынып. Сабақтың тақырыбы: «Заттың атын білдіретін сөздер»

Check Also

mukizhanjvaazipa000

Сабақтың тақырыбы: Дала жануарлары мен өсімдіктері

Мұқыжанова Әзипа Төкішқызы. Қарағанды облысы Шет ауданы Х Сәрінжіпұлы атындағы ЖОББМ базасындағы тірек мектебінің  бастауыш …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.