Дайын торсықтың бетіне ою түсіру.

IzbasarovBakitЖамбыл облысы, Меркі ауданы, Тәтті ауылы №13 М.Мәметова атындағы орта мектептің технология пән мұғалімі Избасаров Бақытхан Серікұлы

5-сынып
Сабақтың тақырыбы.Дайын торсықтың бетіне ою түсіру.
Мақсаты: Қазақтың ұлттық бұйымының бірі торсық бетіне ою түсіру.
Білмділігі: Оқушыларды ұлттық бұйымдар жасауға үирету..
Тәрбиелілігі: Қазақтың ұлттық бұйымдарын жасай білуге, қадірлеуге, күтім жасай білуге тәрбиелеу
Дамытушылығы: техникалық ойлауға шеберлікке шыңдау.
Көрнекілік: Теріден жасалған бұйымдар, күйдіру құралы, суреттер.
Пән аралық байланыс: сызу,сурет,тарих
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру: Оқушылармен амандасу, түгендеу, оқу құралдарын реттеу, халаттарын киіп ,қауыпсіздік ережелерін еске түсіру
II.Үй тапсырмасын тексеру: қағазға ою түсіру
III.Үй тап.қорытындылау
IY.Жаңа сабақ
Теріні өңдеудің көптеген әдістері мен технологиялары бар. Бұл әдістер көркемдік бұйымның реттелуі мен көркемдік сипатына сәйкес қосарлана да,бөлек те қолданылады. Қазіргі кездегі көркемдік өңдеу -өркениеттілікпен бірге пайда болды. Әр ұлттың былғарыны қолданылуы мен онымен заттарды әшекейлеуі әр түрлі болады. Еуропада кітап баспасымен қатар өрнек салу пайда болды,әйелдер сөмкелері және белбеулері аппликатциямен және кестелеумен безендірілді.Солтүстікте былғарыны терімен өңдесе, Шығыс елдерінде оны алтынмен қаптаған. Былғарыдан жасалған киімдер мен аяқ киімдер, жиһаздар мен түсқағаздар, кітаптың түптеулері, қаруға арналған қынаптар адамзат тарихының едәуір бөлігін қамтиды. Өрнек салу. Өнеркәсіп өндірісінде былғарыға суретті преспішін арқылы түсіру сияқты қалыптаудың түрл і әдістері қолданылады.Өрнек салудың бірнеше түрі бар. Перфорация немесе шекіп жасау- көне тәсілдердің бірі,онда түрлі пішіндегі тескіштер арқылы теріде ою өрнек тәрізді тесіктер шекіп жасалынады. Көшпенді өмір салтына байланысты қазақтардың ыдыс-аяқтары алғашқыда тек теріден және ағаштан жасалған Жылқының, өгіздің мойын терісінен жасалатын, қымыз құюға арналған торсықтың негізінен екі түрі бар, Аппликация.бұйымға былғары тілімдерін желімдеу немесе жапсырып тігу.
V. Жаңа сабақты қорытындылау
Тері бетіне салынған оюларды толықтыру.
VI.Үй тапсырмасы. Тігіс жолдарына қолды жаттықтыру.

 

Check Also

ҰБТ – 2017 жаңа форматы және мамандықтар туралы толық мәлімет.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтеді. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы. ҰБТ– жоғары оқу …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.