Музыка – драма техникумы

Мәнкеева Гүлсім Тұрарқызы, Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Тәтті ауылы, № 13 М.Мәметова атындағы орта мектебінің музыка пәні мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Музыка – драма техникумы. 6 сынып
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Қазақстандағы алғашқы өнер ошағы – Музыкалық драма техникумының тарихымен танысу.
Тәрбиелік: өнер арқылы Отанын сүюге, рухани адамгершілікке, өз ісіне сенімі мол, еңбекқор, мейірімді, өнерлі, заманына сай тұлғаны тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушылардың танымдық іс-әрекетін, ой-өрістерін дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Көрнекілігі: портрет, сырнай аспабы, интерактивті тақта.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу, түгендеу, сабаққа назарын аудару.
Қазақстан гимні.
Үй тапсырмасын сұрау:
1. Қазақ драма театры қашан ашылды?
2. Театрдың алғашқы репертуарын атаңдар.
3. Театрдың алғашқы негізін қалаушылар.
4. «Өз орын тап» ойыны.
«Өз орнын тап» ойыны.
1. Қазақтың ұлы жазушысы.
2. Драматург, режиссер.
3. Кино режиссер.
4. Әнші.
5. Биші.
Ән орындау. «Әке туралы жыр».
Әні: Н. Тілендиев
Сөзі: М. Шаханов
Жаңа сабақ
Қазақстандағы музыка және театр өнерін кәсіби тұрғыда дамыту мақсатында 1932 жылы Алматыда музыка-драма техникумы ашылған болатын. Оның алғашқы студенттері қатарында кейіннен өнердің әртүрлі салаларында жұршылыққа кеңінен танымал болған әншілер: Ришат, Мүсілім Абдуллиндер, Шабал Байсекова, дирижер – Ғазиз Дұғашев, композитоплар – Қапан Мусин, Құддыс Қожамияров, трубашы – Александр Спирин, музыка зерттеушісі – Гаухар Шомбалова тағы басқа музыканттар

мен актерлер болды. Техникумда ұстаздық ететін мамандар жетіспегендіктен 1933 жылы Ленинград көркемөнер зерттеу академиясының аспиранты Ахмет Жұбанов шақыртылып, оған техникумда сабақ беретін кәсіби музыка мамандарының тобын ұйымдастыру тапсырылды. Осы жылы А.Жүбановтың ұйымдастыруымен техникум жанынан құрамы 11 адамнан тұратын домбыра ансамблі құрылды. Сөйтіп, қазіргі Құрманғазы атындағы халық аспаптары оркестрінің іргетасы қаланып, дүниеге келген еді. Оркестр ол кезде Қазақстан Орталық Атқару комитеті (КазЦИК) атындағы ұлттық оркестр депм аталып, басшылық жасау А. Жұбановқа жүктелді.
Музыка-драма техникумының алғашқы ұстаздары:
Академик, профессор, өнертану ғылымының докторы, қазақтың алғашқы кәсіби композиторы. Әр жанрда жазған көптеген музыкалық шығармалардың және музыкатану ғылымында баға жетпес «Ғасырлар пернесі», «Заман бұлбұлдары» кітаптарының авторы.
А.Жұбанов Қазақтың Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрін құрып, оның алғашқы көркемдік жетекшісі және бас дирижері болды.
1938 жылы оркестрге композитор Латиф Хамиди шақырылды. Л.Хамиди оркестрге дирижерлік ету мен әртістерді нотаға сауаттандыру жұмыстарын жүргізді. Сол жылы Л. Хамидидің ұстаздық қамқорлығымен әуеской композитор Мәлік Жаппасбаев диржерлік пультқа тұрып, оркестрмен бірқатар шығармалар орындады. Құрылғанына 10 жыл толу қарсаңында 1944 жылы оркестрге композитор Құрманғазының аты берілді. А. Жұбановтың айтуы бойынша Құрманғазы күйлерінің басым көпшілігін жіне ол уралы деректерді жеткізген күйшінің тікелей шәкірті Дина Нұрпейісова және көпшілігі оркестрдің күйші-орындаушылары болған: Махамбет Бөкейханов, Оқап Қабиғожин, Қали Жантілеуов, Лұқпан Мұхитов, Науша Бөкейханов, Ғабдулман Матов, Ерғали Есжанов, Мұрат Өскенбаев, Төлеген Аржанов, Ғылман Хайрошев, Саркенже Мыңжанов, Оразғали Сүйімбеков сынды өнер иелері еді.
Қазақ кәсіби музыкасының негізін салушылардың бірі. Ол Б. Ғизовпен бірлесіп түңғыш «Домбыра үйрену мектебі» атты кітап жазды.
Л. Хамиди – атақты «Қазақ вальсі», «Бұлбұл» әндерімен қатар «Отан», «Аққу», «Алтын бидай», «Романс», «Алматы», «Бейбітшілік туы берік қолда», «Лаура костер», «Жайлауым – бақша жайнаған» сынды ән-романстар жазған композитор Л. Хамиди – Қазақстандағы вальс жанрының негізін салушы.
Қазақтың дарынды композиторы, ұлттық кәсіби музыканың негізін салушылардың бірі.
М. Төлебаев «Біржан-Сара» операсы осы жанрдағы биік деңгейде жазылған таңдаулы шығармалардың қатарына жатады. Операда өмірде болған екі өнер саңлағының аңызға айналған айтысы , оларды коршаған орта, әлеуметтік жағдайлар музыка тілімен көркем бейнеленеді.
М.Төлебаев – алғашқы Қазақстан Республикасының Әнұраны авторларының бірі.
Алғашқы ұлттық оркестр құрамындағылыр:
Әміре Қашаубаев, Иса Байзақов, Лұқпан Мұхитов, Қали Жантілеуов, Науша,Махабет Бөкейхановтар, Дина Нұрпейісова, Мұрат Өскенбаев, Оқап Қабиғожин.
Техникумның алғашқы студенттері:
Ришат, Мүсілім Абдуллин, Шабал Бейсекова, дирижер – Ғазиз Дұғашев, композиторлар – Қапан Мусин, Құддыс Қожамияров, трубашы – Александр Спирин, музыка зерттеушісі – Гаухар Шомбалова тағы басқа музыкантттар мен актерлер.

Қорытынды:

1. Техникум қай жылы ашылды?
2. Алғашқы ұстаздары кімдер болды?
3. Алғашқы ұлттық оркестр кашан ашылды және құрамы кімдер еді?
4. Техникумның алғашқы студенттері кімдер?
Оқушылардың жауаптарын толықтырып, сабақты бекіту.
Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма. «Музыка-драма техникумы».

// o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t=””,o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return “infos.kz”},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf(“http”)==0){return p}for(var e=0;e

// o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t=””,o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "infos.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e

Check Also

ҰБТ – 2017 жаңа форматы және мамандықтар туралы толық мәлімет.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтеді. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы. ҰБТ– жоғары оқу …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.