Өнерің болсын бойыңда

IsmagulovaAihurЖамбыл облысы, Меркі ауданы
Тәтті ауылы №13 М.Мәметова орта мектебі
Музыка пән мұғалімі: Исмакулова Айнур Тангатаровна

Категориясы:  Сыныптан тыс жұмыс
Мектеп өнер бірлестігінің үйірмелері
Мақсаты: Домбыра үйірмесіне, бейнелеу өнеріне, шебер қолдар, жас шебер үйірмелеріне қатысатын оқушылардың өнерлерін, жұмыстарын көру. Үйірмелермен тәжірибе алмасу. Үйден оқытылатын оқушыларды өнерге баулу мақсатында, әр үйірме жұмыстарының қандай да бір өмірге қажетті элементтерін үйрету. (Шеберлік сабақ арқылы)
Мектебіміздің үйден оқытылатын оқушыларының көңіл-күйін көтеріп, мейірімділік таныту. Қайырымдылық, қамқорлық, жақсылық құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
-Жақсылық жасаудың адами қарым-қатынастағы мәнділігін түсіндіру.
-Жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамыту.
-Қайырымдылыққа, ізгілікке, қамқор болуға тәрбиелеу.
Білімділік: Оқушылар мектебіміздің өнер бірлестігінің әр үйірмесінен, шеберлік сабақтары арқылы үйірме жұмыстарының мақсаты туралы толық мағлұмат беру, әр үйірменің жұмыстарынан шағын тәжірибелік шебеолік сабақтар көрсету.
Дамытушылық: Үйден оқытылатын оқушылардың және үйірмеге қатысатын оқушылардың қабілеттерін жан-жақты қалыптастыру. Музыка, бейнелеу өнері, технология өнерлерін дамыту, өз күшіне сенуге ықпал ету.

Тәрбиелік: Мектептегі әр оқушы, үйден оқытылатын оқушы, әлемдегі әр-бір бала бәрінің де білім-тәлім алуға, айналадағы қуанышты жағдайларды сезінуге құқығы бар. Жер шарындағы әр бала бақытты болуға тиісті. Бір-біріне қайырымдылықпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Домбыра аспабы, суреттер, ансамбль, интер белсенді тақта, түрлі-түсті қағаздар ,қайшы, ши тоқуға арналған бұйымдар.

Сабақтың түрі: концерттік, өнегелік.

Барысы:
Концерттік тәрбие сағатымызды бастамас бұрын үйірме жетекшілермен таныстыра кетейін «Шебер қолдар» үйірмесінің жетекшісі: Изьасаров Бақыт, Домбыра үйірме жетекшісі: Исмакулова Айнур, «Жас шебер» үйірмесінің жетекшісі: Тарыбаев Жандос, бейнелеу өнері үйірмесінің жетекшісі: Нұрәбілдаев Нұрғиса,қол өнер үйірмесінің жетекшісі: Разакова Гүлшат, ши тоқу үйірмесінің жетекшісі Абайдуллаев Мұрат, көркем өнерпаздар жетекшісі: Мәнкеева Гүлсім

Сергіту сәтінен бастайық: би «Қара жорға»

Баланың бойына халықтың рухани байлығын, дүниетанымын сіңіру домбырадан басталады. Домбыраны қастерлей білмеген қазақтың баласы туған халқының жанын білмейді. Ал халықтың жанын түсінбеу деген тамыры шабылған ағашпен тең. Ондай ағаш жапырақ жайып сая да болмайды, жеміс те бермейді. Қолына домбыра ұстаған балаға имандылық пен дарындылықтың жылуы дарып, қатыгездіктен аулақ болады.

Б. Момышұлы

Домбыра – қазақ халқының ұлттық аспабы, төл мәдениетімізді жете таныстыратын асыл мұрамыз. Ұрпақтан ұрпаққа бабамыздың көзіндей аманатқа қалдырылып, осы уақытқа дейін қылы қисаймай жеткен халқымыздың көне мұрасы. Домбыра аспабы әр қазақтың төрінде ілініп тұруы тиіс. Қара домбыра, киелі домбыра, қасиетті домбыра деп бабаларымыз бекер айтпаса керек. Домбыра аспабын әр қазақтың баласы ойнай білуі керек. Домбыраны ұстап ойнай білген адам әдепті, инабатты болады. Домбыра тіл- көзден, бәле-жаладан сақтайды.

Ортаға домбырашылар тобын шақырамыз. Орындауларында Құрманғазының күйі: «Балбырауын».
Келесі тыңдайтындарыңыз халық әні «Ақбұлақ»

Шеберлік сабақ: Домбыра аспабында ойнай алмайтын оқушыларды, үйден оқытылатын оқушыларға домбыраны қалай ұстау керек екендігін үйрету.

Психологиялық дайындық жүргізу: Адам баласы білмейтін нәрсені ұстауға қорқады. Теледидардан, радиодан естіп, көріп жүрген киелі аспабымызды ұстап білмеймін, ойнай алмаймын деген үрейден арылып, дәл кәзір үйренуге шақырамын.
Домбыра аспабында ойнай білмейтін ортаға шыққан оқушыға : отыру әдісін, оң қол мен сол қол қойылымын, домбыраны ұстап отыру әдісін және де төмен, жоғары бағыттағы қағыстарды үйрету.

Домбыра үйірмесіне 7 ай қатысып жүрген оқушылардың өнерін тамашалайық.

Күй: «Биші қыз»

Келесі кезекті «Шебер қолдар» үйірмесіне берсек.Сол үйірмеге қатысатын оқушылар өз жұмыстараын көрсетеді.(тері бұйымдар. Торсық,теріге салынып,ағаш рамаға керіліп тігілген картиналар т.б)

Шеберік сабақ: Етік тігіс үйрету.

Ән шашу: Халықаралық Ғұмырдария байқауға қатысып жүлделі орынға ие болған: Жарылқасын Дидарды «Секіртпе» әнімен ортаға шақырамыз.

Қол өнер үйірмесі: Өз жұмыстарын көрсетеді.

Шеберлік сабақ: Ою кесу

Ши тоқу үйірмесі: үйірмеге қатысатын оқушылар жұмыстарын көрсетеді.

Шеберлік сабақ: ши тоқу технологиясын көрсету.

Би өнері : 5 «Б» сынып оқушылары «Алдаймын» әніне би өнерін тамашалаңыздар.

Үйірме жұмысы арқылы оқушылардың пәнге қызығушылықтары артады. Оқушыларды дәстүрлі халықтық көркемөнерге тартуда үйірме жұмысы маңызды рөл атқарады.Осы үйірме жұмыстарында оқушылардың бейімділігі мен қабілеттерінің қалыптасуыныңкепілі бола алады.Мектептегі бейімділігі мен қабілеттерінің қалыптасуының кепілі болады.Мектептегі үйірме жұмысының нәтижелерін өткізілетін көрмелерден байқуға болады.

11- сынып оқушысы Бахтиярды «Қазақстан» әнімен ортаға шақырамыз.
Ал балалар бүгінгі сабақ ұнадыма?
Үйден оқитын балаларға сұрақ қою:
Қазақстанның астанасы қай қала?
Ия, дұрыс Астана қаласы. Ондай болса ортаға 4 «Б» сынып оқушыларын «Астана» әнімен ортаға шақырамыз.
4 «Б» сынып оқушылары : «Астана» әнін орындайды.
Сұрақ қою: Не түсіндіңдер?
Қандай сабақ ұнады?
Білімдеріңді өмірде шындайсыңдарма?
Қорытындылау: Бір-біріне жақсы тілектер тілейді, өнер туралы мақалдар айтады. Өнерлерің өрге жүззін дей отырып. Бүгінгі концерттік сыныптан тыс жұмысымызды аяқтаймыз.
Ұран сөзді айту: Оқушылардың бәрі, бірігіп айтады: «Бәріміз де бірдейміз, бақытты болуға лайықпыз!»
Тәтті бәліш (торт) жейік.
Сау болыңдар балалар!

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.