Қазақ тілі 8-сынып. Тұрлаулы мүшелер. Бастауыш.

dinarabosh000Бошанова Динара Қонысбекқызы. Жамбыл облысы, Шу қаласы, “Жібек Жолы” мектеп-лицейінің Қазақ  тілі  мен  әдебиет  пәнінің  мұғалімі .

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушылардың сөйлем мүшесі туралы лингвистикалық білімдерін кеңейту, қосымша тапсырмалар мен жаттығу жұмыстары арқылы бекіту.
  2. Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, ана тілді сүюге, отанды қорғауға тәрбиелеу.
  3. Дамытушылық: Оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, көркем әрі сауатты жазуға дағдыландыру.
  4. Скачать (PPTX, 182KB)

Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, өзіндік ой қорыту.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа  байланысты  слайд, суреттер, үлестірмелі қималар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет,

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқу құралдарын, оқушыларды түгендеу.
Психологиялық дайындық:
      Мұғалім: «Шаттық  шеңбері»
Әрбір  адам?    – Туысым, досым, жұрағат . «Адамзаттың  бәрін сүй  бауырым  деп».
Әрбір  сабақ?   – Үйрену, ұғу, ұлағат.
Әрбір  ісің?      – Тірлік, тірек, адамдық.
Әрбір  сөзің?   –  Шындық, бірлік, адалдық.

       Абай  Құнанбаевтың  туғанына  170  жыл  толуына  орай  бүгінгі  сабағымызды  Абай  атамыздың  ғибрат  сөздерімен  байланыстырып  отырамыз. 

Сабақтың  ұраны:
        “Білімдіден шыққан сөз,
         Талаптыға болсын кез»   Абай.
Қосымша  мәлімет:
Мұхтар  Әуезовтың  “Абай жолы” роман –эпопеясында

  • 3000  түр –түс  атауы қолданылған, оның  700-і  ақ түстің баламалары.
  • 756 елді мекен аты,
  • 216 шөп аты,
  • 50 ер –тұрман атауы пайдаланылған.
  • Эпопея 500 астам кейіпкерден  тұрады.

dinarabosh001Оқушылардың  ұраны:

“Кемді күн қызық дәурен тату өткіз,

Жетпесе, біріңдікін бірің жеткіз.»   Абай.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

      Тақтадағы  сөйлемдер  арқылы  түсіндіру

  1. Мен өмірді қатты сүйемін.
  2. Қанат, Қайрат, сендер де дайындалыңдар.
  3. Білегі жуан бірді жығар, білімі толық мыңды жығар.
  4. Самат екеуіміз қырманға бардық.

       Сөйлем мүшелері дегенімізсөйлем құрауға қатысқан толық мағыналы сөздер. Мысалы: Мен өмірді қатты сүйемін деген сөйлемді алатын болсақ., бұл сөйлемде төрт сөз бар. (кім?) Мен, (не істеймін?) сүйемін, (нені?) өмірді, (қалай?) қатты. Екі сөз сөйлем құрауға негіз болып тұр (Мен сүйемін), қалған екеуі нені және қалай екенін пысықтап, толықтырып тұр.

     Екінші мысалда Қанат, Қайрат, сендер де дайындалыңдар деген сөйлемде төрт  толық мағыналы сөз (Қанат, Қайрат, сендер, дайындалыңдар) бір көмекші сөз (де) бар. Бұл сөздердің екеуі ғана (сендер дайындалыңдар) сөйлем мүшесі болады, ал Қанат, Қайрат сөздері сөйлемдегі сөздермен (бастауыш, баяндауышпен) байланысқа түспей, оқшауланып тұрғандықтан, сөйлем мүшесі бола алмайды.

Сөйлем  құрамында  тұрса да, сөйлем мүшесі бола алмайтындар: шылау сөздер,

     одағай сөздер, көмекші етістіктер, қаратпа, қыстырма сөздер.
Сөйлем мүшесінің белгілері:

  1. толық мағыналы сөз болуы керек;
  2. сөйлемдегі басқа сөзбен байланысып тұруы керек;
  3. сөйлем мүшелерінің бірінің сұрауына жауап беруі керек;

Сөйлем мүшелері құрамына қарай дара, күрделі және үйірлі болып бөлінеді:

  • толық мағыналы бір сөзден болған мүшені д а р а мүше дейміз.
  • күрделі сөзден, тұрақты тіркестен не шылаулы тіркестен болған мүшені к ү р д е л і мүше дейміз.
  • Ү й і р л і мүше – кемінде екі не одан көп сөзден құралып, бастауыштық-баяндауыштық қатынастан тұратын, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаратын сөздер тобы.  

     Үйірлі мүшенің күрделі мүшеге ұқсастығы – екеуінің де екі не одан да көп толық мағыналы сөзден тұратындығы.

Айырмашылығы  -үйірлі мүшенің өз ішінде шартты түрде бастауыш пен баяндауышқа және басқа мүшелерге жіктелетіндігі.                                            Мысалы: Білегі жуан бірді жығар, білімі толық мыңды жығар деген сөйлемдегі білегі жуанүйірлі мүше, себебі – өз ішінде бастауышқа (білегі) және баяндауышқа (жуан)  ажыратылады. Сөйлем құрамында білегі жуан деген екі сөз қосылып, бір сұраққа жауап береді де (несі?), осы сөйлемнің бастауыш қызметін атқарады. Ал күрделі мүшеде мұндай қасиет (бастауыштық-баяндауыштық қатынас) жоқ.

Мысалы: Самат екеуіміз қырманға бардық.  Сөйлемнің бастауышы Самат екеуіміз  екі сөзден құралған. Бөлек алғанда, ол сөздердің жеке-жеке лексикалық мағыналары болғанмен, олар сол тіркесте сөйлемің бір ақ күрделі бастауышы, оны баяндауышпен байланысына қарап та аңғаруға болады: тіркескен екі есім (бастауыш) І жақтық көптік мағынада болғандықтан, баяндауыш та сол грамматикалық мағынада, І жақтық тұлғада (бардық) айтылған.

    Үйірлі мүшелер көбінесе бар, жоқ, аз, көп тәрізді сөздерге және сын есімдер мен есімше тұлғаларына аяқталады. Сөйлемнің бес мүшесі де үйірлі бола алады.

Сөйлем мүшелері атқаратын қызметі жағынан тұрлаулы және тұрлаусыз мүше болып екі үлкен топқа бөлінеді.

Т ұ р л а у л ы  мүшелер   деп сөйлем құрауға негіз болатын бастауыш пен баяндауышты;

Т ұ р л а у с ы з  мүшелер   деп өздігінен сөйлем құрай алмайтын, тек сөйлемде берілген ойдың шеңберін кеңейтетін анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыштарды  айтамыз.

Бастауыштың құрылысына қарай бөлінуі

Құрылысына қарай бөлінуі Мысалдар
Дара бастауыш Балалар (кімдер?) саяхаттан көңілді оралды.
Күрделі бастауыш Ел көру, жер тану (не?) – ер жігітке лайық қасиет.
Үйірлі бастауыш Жұмысы жоқтық (не?) аздырар адам баласын.
Анамның айтқаны (не?) әлі есімде сақтаулы.

Бастауыш болатын сөз таптарының кестесі.

Сөз табы Мысалдар
Зат есім Жетімкөлге биыл аққулар (нелер?) оралмады.
Сын есім Үлкендер (кімдер?) төрге, кішілер (кімдер?) есік жаққа жайғасты.
Сан есім Алтау (кім?) ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу (кім?) түгел болса, төбедегі келеді.
Есімдік Кейбіреулер (кімдер?) бұл сұрақтан тосылып қалды.
Есімше тұлғалы етістік Оқыған (кім?) жетер мұратқа, оқымаған (кім?) қалар ұятқа.
Тұйық етістік Сыпайы сөйлеу (не?) – әдептіліктің белгісі.
Одағай Әжемнің уһлі (несі?) көбейіп кетті.
Үстеу Еріншектің ертеңі (несі?) бітпес.
Еліктеу сөз Дабыр-дүбір (не?) жақыннан естіле бастады.

ІV. Жаңа сабақты бекіту:
Ұраны:  “Білгенге маржан,білмеске арзан.»   Абай
       Оқулықпен  жұмыс

  1. 36-жаттығу. Берілген сөздерді  бастауыш  етіп, сөйлемдерді  аяқтап  жазу  керек.
  2. Ауылдың  маңы – терең  сай. Балалар  шуы – өте  жақын. Асық  ойнаған – азар. Жығылған  жұдырыққа  тоймас. Алтау  көлікпен  келеді, төртеу   жаяу  келеді.  Оның  айтып  отырғаны – баяғы  сол  әңгіме. Ол  өзі  келді.
  3. Абай Құнанбаевтың  ғибрат  сөздерін оқи  отырып, бастауышты  табыңдар. Құрамын  және қай  сөз  табынан, қалай  жасалғанын  анықтаңдар.
  4. Тіл өнері  дертпен  тең.
  5. Адам баласының  ең  жаманы – талапсыз.
  6. Әйел адам  гүлмен  тең.
  7. Қансонар қызығын  құс  салған  біледі.
  8. Жақсы жаны  еріп  тыңдайды.
  9. Тесік моншақ  жерде  қалмас.
  10. Мақал-мәтелдер
  11. Әке көрген  оқ  жонар,  шеше  көрген  тон  пішер.
  12. Тәуекел кемесі  суға  батпайды.
  13. Ақылды сөзге  тоқтайды, ашулы  өнбесті  жоқтайды.
  14. Графикалық диктант. Берілген суретке  қарап, тұрлаулы  мүшелердің  шартты  фигураларын  пайдалана  отырып,  сөйлемдер  құрау.

Қорытынды:

  1. Бастауыштарды құрамына  қарай  түрлерін  Венн  диаграмма  арқылы  ажыратамыз.
  2. “Сен маған, мен  саған”.Сұрақ  жауап
    1. Сөйлем  мүшелері  нешеге  бөлінеді?
    2. Тұрлаулы  мүше  дегеніміз  не?
    3. Тұрлаусыз  мүше  дегеніміз  не?
    4. Бастауыш  дегеніміз не?
    5. Бастауыш  құрамына  қарай  нешеге  бөлінеді.
    6. Сұрақтары  қандай?
    7. Бастауыш  қандай  сөз  таптарынан  жасалады?

Үйге  тапсырма: 37-жаттығу.Мәтінді  көшіріп  жазу. Бастауыштарды  тауып, қандай  сөз  таптарынан  болып  тұрғанын  ажырату.
-бастауыш
-баяндауыш
-анықтауыш
-толықтауыш
-пысықтауыш

Check Also

aliyasem000

Тарих-9. Индустрияландыруға бағыт алу және оның барысы.

Сембаева Алия. Жамбыл облысы Шу қаласы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі. Үй …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.