Windows ОЖ үшін архиватор бағдарламалар

ОҚО., Шымкент қаласы, «Болашақ» колледжі
Рысакбаева Жанат Қасымқызы
Сабақтың тақырыбы:      Windows ОЖ үшін архиватор бағдарламалар
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Windows ОЖ үшін архиватор бағдарламалары бойынша білім, білік дағдысын қалыптастыру, WinRar бағдарламасынмен жұмыс істей білуі, білім алушыларға тапсырмалар беру арқылы алған білімдерін қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқып отырған пәніне қызығушылығын, мақсаттылығын, талдай білуін, жұмысқа жауапкершілікпен қарауын тәрбиелеу.
Дамытушылық: Жалпы қабілеттілікті, танымдық қызығушылықты дамыту, жаңашыл ғылым мен техниканың жетістерін пайдалана білу. Өз бетімен қорытынды шығара білуге дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: білімді, іскерлікті және дағдыны жетілдіру сабағы
Сабақ әдісі: оқытудың компьютерлік технологиясы, сұрақ – жауап, түсіндіру, өзіндік жұмыс жасау, кеспе қағаздармен жұмыс жасау әдістері
Көрнекіліктер: Слайд – презентация, архиватор программасы, Эйлер – Венн диаграммасы, жеке тапсырмалар
ОТҚ: интерактивті тақта, дербес компьтерлер

Пәнаралық байланыс:
Математика – пайыз есептеу, пропорция құру
Экономика – дискінің жадын үнемдеу, ақпарат өлшем бірлігін азайту
Желілік технология – ақпаратты сығымдап, интернет ақылы тарату

Әдебиеттер:
Негізгі:

  1. Н.Т.Ермеков «Операциялық жүйелер» Астана – 2008.
  2. Д. Ғабдуллаев. А.Медешова «Дербес компьютердің бағдарламалық жасақтамасы» Астана – 2010.

Қосымша: Информатика (Ақпараттық жүйелер): оқулық. А.М.Джумагалиева, А.Ж.Нургазинова, Л.Қ.Смаилова, А.Ш.Күлмуратова – Алматы: ЖСШ РПБК «Дәуір», 2011.

Сабақтың құрылымы мен мазмұны

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, түгелдеу, білім алушылардың зейінін сабаққа аудару
  1. Сабақтың мақсатын және жұмыс жоспарын хабарлау

Сабақ барысында бірінші үй тапсырмасын тексеріп, бағалау жұмысын жүргізу. Қосымша сұрақтар арқылы бағалау.
Сонымен қатар, қажетті білімдерді игерген соң, алған білімдерін бекіту мақсатында дербес компьютерде тәжірбиелік жұмыс орындау.
Тапсырманың нәтижесінде, нақтылығына байланысты бағалау кезеңі.
Тақырыпқа байланысты викториналық сұрақтармен жұмыс жасау. Эйлер- Венн диограммасымен жұмыс жүргізу.
Сергіту сәті: Жұмбақтармен жұмыс.
СТО стратегиясымен жұмыс.

  1. Тақырыпты хабарлау және оның жоспарымен таныстыру

Бүгінгі сабақ барысында біз WIN Rar және  WIN Zip программасымен жұмыс жасаймыз. Осы архиватор программаны пайдалана отырып, ақпаратты бірнеше тәсілмен сығу жолдарын, *.rar және *.zip типтерінің айырмашылығын анықтаймыз. Архивтелген файлдардың көлемін пайыз арқылы салыстырып өтеміз.

Сабақ төмендегідей бөлімдерден тұрады:
1- Өткен тақырыптар бойынша білімді дамыту, яғни MS Power Point редакторында тақырыпқа байлансты слайд- презентациялрды тексеру. Мүмкіндіктеріне байланысты сұрақтарға жауап беру.
2- Тақырыпты түсіндіру жұмыстары.
3- Тақырыпқа байланысты тәжірбиелік жұмыс жасау.
4- Жұмыстың нәтижесін тексеру қатемен жұмыс жасау.
5- Тақырыпқа байланысты сұрақ-жауаптар.
6- Эйлер-Венн диаграммасы арқылы *.rar және *.zip типіндегі сығылған ақпараттарды салыстыру.
7- Сергіту кезеңі, жұмбақтармен жұмыс жасау.
8- Сабақты қорытындылау, белсенді білім алушыларды бағалау.
9- Үй тапсырмасын беру.
10- INSERT стратегиясымен жұмыс жасау.

  1. Білім алушылардың білімін бақылау. «Миға шабуыл»

Үй жұмысын тексеру. Үйге берілген тапсырма бойынша MS Power Point редакторында «Tottal Commander» программасына байланысты слайд- презентация жасап келу. Презентацияларды тексеріп болған соң білім алушыларға сұрақтар қою.

  1. Ақпарат ұғымы
  2. Ақпараттың өлшем бірліктері
  3. Ақпаратты сығу
  4. Флэш дисктерді Tottal Commander программасында форматтау немесе тазалау жұмыстарын тақтада көрсету
  5. Windos ОЖ туралы түсінік
  6. Windos ОЖ-ның нұскалары
  7. Ақпаратты сығуға арналған архиватор бағдарламалар
  1. Үй тапсырмасын бағалау

Білім алушылардың үйге берілген тапсырмалары нәтижесін тексеру. Тапсырмаға байланысты білім алушылар өзара қосымша сұрақтар беріп, қателерін өзара түзейді. Үй тапсырмасына байланысты білім алушылар бағаланады.

  1. Мағынаны тану

Тұрғылықты дискіде немесе ауыстырылатын тасымалдаушыда бос орын аз болғанда немесе файлды электронды поштамен жөнелту кезінде орынды үнемдеу қажеттілігі туындайды. Мұндай жағдайда ақпаратты бүлдірмей сығуға мүмкіндік беретін арнайы программалар қолданды.

Ақпаратты сығу – файлда жадтың сақтау көлемі кішірейтетін ақпартты түрлендіру процесі.

Файлда ақпаратты сығу процесі деректерді мұрағаттау терминімен аталады.

123
Программаның терезе көрінісі

Мұрағатталған файл – арнайы әдіспен ұйымдастырылған файл, оның ішінде бір немесе бірнеше файл немесе сығылған қапшық болуы мүмкін.
Мұрағаттан алу – бұл файлдарды мұрағатқа орналастырғанға дейін қандай түрде болса, архивтен тура сондай түрде қалпына келтіру процесі.
Файлдарды қаттау мен шешуді жүзеге асыратын программалар мұрағаттаушылар деп аталады.
Көлемі бойынша үлкен мұрағатталған файл бірнеше дискілерге (томдарда) орналасуы мүмкін. Мұндай мұрағаттар көптомды деп аталады. Том – бұл көптомды мұрағаттың құраушы бөлігі. Мұрағатты бірнеше бөліктерден құрастыра отырып, оның бөліктерін бірнеше дискетке жазуға болады.
Мұрағаттаушылардың бәрі мұрағаттаудың негізгі функцияларын орындайды:

  1. Жаңа мұрағат жасау
  2. Мұрағаттан файлдарды шығару
  3. Бар мұрағатқа файлдарды қосу
  4. Өзі шешілетін мұрағат жасау
  5. Көптомды мұрағат жасау
  6. Зақымдалған мұрағатты толық немесе жартылай қалпына келтіру
  7. Мұрағатты бөгде адамдардың қарауынан және өзгертуінен қорғау

Мұрағатты әзірлеу үшін жетектегішті ашып, мұрағатталуы тиіс файлды табамыз. Оны тінтуірдің оң жақ пернесімен шертіп, мәтін мәндік мәзірден Мұрағатқа үстеу әмірін таңдаймыз. Мұрағаттаушы бағдарламаның «Мұрағаттың аты және параметрлері» деген сұхбат терезесі ашылады. Онда «Жарайды» батырмасын басу керек. Жасалған мұрағаттық файл файлдар тізімінің соңында көрініс табады.

123
*.rar және *.zip архиваторларының көрінісі

Қажет болса, мұрағаттаушы бағдарлама терезесінде мұрағаттық файлдың қысу параметрлерін, атын және орналасатын жерін өзгертуге болады.
Мұрағатталған файлды қайтып қалпына кетіру үшін жетектегішті ашып, мұрағаттық файлды тауып алып, тінтуірдің оң жақ пернесімен шертіп, Ағымдағы қалтаға бөліп алу әмірін таңдаймыз. Ағымдағы қалта файлдары тізімнің соңында мұрағаттан бөліп алынған файлдар пайда болады.

  1. Өзіндік жұмыс

Білім алушылардың алған білімдерін бекіту мақсатында дербес компьтерде өзіндік жұмыстар орындау.
Өзіндік жұмыс:

  1. Жұмыс үстелінен өзіңіздің атыңызбен жаңа бума ашыңыз.

Ашылған буманың ішіне
-мәтіндік файл
-кестелік файл
-дыбыстық файл
-графикалық файл
-жаңа бума орнадастырыңыз

  1. Буманың құрамы толық болған соң -*.Rar және *. Zip типтері арқылы архивтеу жұмысын жүргізіңіз
  2. Пайда болған архиятік файлдардың көлемін қарап шығыңыз.
  3. Архив жасағанға дейінгі және архия жасап болған соң файлдың пайыздық өлшемін шығарыңыз.

Бума көлемінің пайызын пропорция арқалы есептеу
Кеспе қағаздармен жеке өзіндік жұмыс жасау әдісі

Кеспедегі сұрақтар:
Бағдарламалық жасақтама
Tottal Commander программасы
Файлдардың архивтелуі
Ақпараттарды сығу түсінігі
Архивтік файлдардың құрылымы
Ақпараттарды сығу әдістері
Архиватор – бағдарламалар
Архивтік файлдарды құру және архивтен шығару
*. Zip архивінің ерекшелігі
*.Rar архивінің ерекшелігі
Файлдарды архивтен шығару  үшін қандай командалар орындалады
Білім алушылардың орындаған тәжірибелік жұмыстарын тексеріп, қателермен өзара жұмыс жасату. Бір – біріне түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

  1. Сергіту сәті

123

  1. Қағаз бетінен алады, Бірден компьютерге салады – Сканер
  2. Компьютермен енеді, Қағазға басып береді – Принтер
  3. Төрт бұрышты әйнек, Тұнып тұрған әлек – Монитор
  4. Бес атаның балалары, Қыдырмашы біреуі. Бір күн бар да, бір күн жоқ. Соны есепке алсақ, Ұзын саны жүз екі – Пернетақта
  5. Өзі темір, жаны жоқ. Ақпаратты сақтап таратқан, Жұртты өзіне қаратқан – Процессор

Білім алушылардың қызығушылығынарттыру үшін бір ұяшықта +1 деген бал болады. Жалпы сабақ барысындағы бағасына қорытындылап 1 бал қосылады.

9.Білім алушыларды бағалау

  1. Үйге тапсырма беру

Архиватор бағдарламасына слайд – презентация жасау.

  1. Сабақты қорытындылау

INSERT стратегиясын пайдалану

 

Нені білемін

Нені үйрендім

Нені үйренгім келеді

 

 

 

 

Скачать (PPTX, 1.86MB)

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.