“Қазақстан сәулет өнерінің ескерткіштері”. Оқушы жобасы.

tokenjobaТынбаева Баглан Кенесовна. Алматы облысы  Іле ауданы Қоянқұс ауылы “№1 орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен ” МКМ

Тақырыбы:   “Қазақстан сәулет өнерінің ескерткіштері”
Секция:     тарих
Орындаған:   7″А” сынып   оқушысы Төкен Мұқағали  Баққожаұлы.
Ғылыми жұмыс жетекшісі: АГУ   аға оқытушысы Қыдырбекова   Индира Тұрсынғалиқызы.
Ғылыми жетекшісі: бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Тынбаева Баглан Кенесовна
2014 жыл

Скачать (PPTX, 734KB)

Мазмұны
І.    Кіріспе……………………………………………………………………………………3.
ІІ.  Негізгі бөлім……………………………………………………………………………4
2.1 Айша бибі кесенесі……………………………………………………………..4
2.2 Бабаджа қатын кесенесі………………………………………………………6
2.3 Қарахан кесенесі………………………………………………………………..7
2.4 Қожа Ахмет Яссауи кесенесі………………………………………………7
ІІІ.  Қорытынды……………………………………………………………………………13
ІV.  Пайдаланған  әдебиеттер тізімі………………………………………………14

  1. Қосымша……………………………………………………………………………….15

Абстракт

Жұмыстың мақсаты:  Ұлттық мұраға қосылған асыл қазыналардың бірі ежелгі   Қазақстандағы  сәулет өнерінің ескерткіштері жайлы құндылықтарды іздеу,  осы  мұраны зерттеу бағытында замандастарымды қызықтыру.

Зерттеу кезеңдері: 

  1. Тақырып таңдау .Тарихи оқиғалардан, аңыз әңгімелерден, документальді        фильмдерден, кітапханалардан, ғаламтордан тақырыпқа байланысты дереккөздер қарастыру.
  2. Ғылыми әдебиеттерді оқу,зерттеу жұмысына мәліметтер жинау.
  3. Презентация жасау, жинаған мәліметтерді компьютерге енгізу.

Жұмыс әдістері:

Жұмысты орындау барысында ғылыми монографияларды қарастыру. Қосымша оқулықтар мен әдістемелік әдебиеттерді пайдаланды.

Зерттеудің жаңашылдығы: Ежелгі сәулет өнерінің ескерткіштерінің элементтерін  және   сол ғимараттарға ерекше сән  беріп тұратын ұлттық ою – өрнектердің  жасалу жолдарына мән беру. Ғимараттарға сән берген ою-өрнектерді жаңғыртып қазіргі замандағы сәулет өнерінде пайдалану.

Іске асыру аймағы:  тарих, география , әдебиет, бейнелеу өнері , факультатив сабақтарында   қосымша материал ретінде пайдалану. Сәулет  өнеріне икемді балалардан  топ құрып ғимараттар макетін жасау.

Пікір

Қоянқұс ауылының № 1 орта мектебінің 7 “А”  сынып оқушысы Төкен Мұқағали жас ұрпақтың жаңа заман үрдісінде ұлттық қазынаны жоғары бағалай алатын  оқушы. Осы ғылыми жұмысты орындау барысында көптеген  ғылыми  әдебиетпен  танысты. Қазіргі кезде көп қызығушылық тудыра бермейтін жұмыстарға  қызығушылығын білдірген Мұқағали  “Қазақстанның сәулет өнерінің ескерткіштері”  тақырыбын таңдап алды.

Ізденіс барысында өзінің  тапқырлығын, ізденімпаздығын  көрсете білді.

Жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен , қорытынды мен қолданылған  әдебиеттер тізімінен тұрады.  Негізгі бөлімде Мұқағали ежелден сақталып қалған Айша бибі, Бабаджа қатын, Қарахан, Қожа Ахмет Яссау кесенелеріне  сипаттама бере отырып, тарихын зерттеп, тарихи жағдайлармен байланыстыра білді.
Ғылыми жетекшісі: Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Тынбаева Б.К.

Алматы облысы  Іле ауданы
Қоянқұс  ауылы № 1 орта
мектептің  7 “А” сынып
оқушысы Төкен    Мұқағали

Рецензия
Алматы облысы  Іле ауданы № 1 орта мектептің 7  сынып оқушысы Төкен Мұқағали   бейнелеу өнері пәнінен “Қазақстан сәулет өнерінің ескерткіштері” атты тақырыпты таңдап алды. Оқушы осы тақырып бойынша  өзінің дарындылық  зеректілік қабілеттерін көрсете алды.

Мұқағали  “Ежелгі  Қазақстанның сәулет өнерінің ескерткіштері”  тақырыбы бойынша  көптеген ғылыми  әдебиеттер мен мақалаларды іздестіріп , оқып,  танысты.

Қазіргі кезде көп қызығушылық тудыра бермейтін жұмыстарға  мән берген Мұқағалидің жұмысының мақсаты :Қазақстан сәулет өнерінің ескерткіштерінің тарихын зерттеу, өз замандастарын халқымыздың мәдени мұрасымен таныстыру.Зерттеу жұмысы  кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды  және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен  тұрады.Осы аталған ғылыми жұмысында ежелден сақталып қалған , тарихи маңызы бар кесенелер жайлы мағлұматтар қарастырылған

Төкен  Мұқағалидің бұл зерттеу жұмысы “Зерде ”  сынды балалардың  зерттеу жұмыстарының  сайысына лайықты деп танылды.

Рецензент
Кіріспе
Сәулет өнері “архитектура ” деп аталады. Ол латын және грек тілінде  “бас құрылысшы ” деген  мағынаны білдіреді.Біздің түсінігімізде сәулет өнері – күнделікті  адамдар өмірі үшін  салынған ғимараттар.Бірақ бізге мұра болып қалған  тарихи ескерткіштер туралы ұмытпауымыз керек.  Ежелгі  дүние өнері адамға сенім мен күш беріп , өмірге құштар етті, өзінің әсемдігімен көздің жауын алатындай.

Ұшы-қиыры жоқ Ұлы далада сұлулықты , табиғатпен тамаша үйлесімдікті бойына сіңірген дала адамы мәдениет пен өнердің тамаша  үлгілерінде жасады.  Әдетте тарихи маңызы бар ескерткіштерді шын мәнінде ғылыми тұрғыда қалпына келтіру үшін мүмкіндігінше  сол мұраның түпнұсқасы  сақталуы керек . Қазақстанның түпкір-түпкірінде   сақталған  ескі ғимараттар арқылы халқымыздың өткендегі өмірін, өнері мен мәдениетін зерттеуге болады.

Орта ғасырдағы сәулет өнері феодалдық қоғам кезінде пайда болды. Мұнарасы көк тіреген мешіттер мен мавзолей медреселер   осы кезге дейін сақталған . Сәулет өнерінің күші арқылы  оның адам еңбегімен  жасалған материалдық  ортаның құрамдас бөлігі екендігі айқындалады. Бұл ортада  адам өмірі мен тіршілігі  өтіп жатыр. Сәулет өнері табиғаттан тыс , апатқа қарсы және адамдардың материалдық және рухани талап-талғамына сай кеңістікті пайдалану мүмкіндіктеріне жол ашады.Әрбір өнер түрлі уақытты өздігінше көрсетеді.

Айша бибі кесенесі

       Айша бибінің кім екені жөнінде атадан балаға қалған аңыз болмаса, тарихи деректер жоқ. Ал, аңыз оны төрт түліктің бірі сиыр малының атасы деп есептейтін Зеңгі бабаның қызы еді дейді. Сол аңыздың айтуынша, Айша бибі Түркістанда жас батыр Қараханмен кездесіп, бірін бірі ұнатқан екі жас бас қосып, өмірлік серік болуға уағдаласады. Жаугершілік заман болса керек, тұс тұстан анталаған жаумен арпалысып, елін, жерін қорғаумен жүргенде Қараханның уәделі мерзімде Айша бибіге баруға мүмкіндігі болмайды. Арада біраз уақыт өтіп кетеді. Ақыры шыдамы таусылған Айша бибі Қараханның мекені Тараз қаласына өзі іздеп бармақ болып, қасына күтушісі Баба әже қатынды ертіп, жолға шығады. Бірнеше күн жол жүріп, Таразға жетеді. Қаланың төбесі көрінгеннен кейін өзеннің жағасына тоқтап, сол арада суға түсіп, шаң тозаңнан арылып, біраз дем алуға тоқтайды. Күтушісі ас жабдығына кіріседі. Салқын суға шомылып, денесі сергіп шыққан Айша бибі күтушісі ас әзірлегенше дем ала тұрмақ болып, арнайы өзіне төселген төсенішке келіп жатады. Су сабатының салқын ауасына қосылған таудың самал желі ұзақ жолдан шаршаған жас арудың балғын тәнін аялай сипап, рахат құшағына бөлейді. Сүйіктісінің ауылының төбесін көріп көңілі жайланған, енді аз уақыттан кейін онымен кездесетінін ойлап, тәтті қиял бесігінде тербеліп жатып, маужырап ұйықтап кетеді. Осы ұйқыдан оны даланың улы жыланы шағып оятады. Денесін у жайлап, тынысы тарылып бара жатқан Айша бибі дереу Қараханға хабар бергізеді. Қарахан тәуіптерін, молдасын алып жеткенде ару қыз ісіп кеуіп екі дүниенің арасында жатыр екен. Қарахан молдаға екеуінің некесін қиғызады. Содан кейін ол қызды қолына алып, жаны үзіліп бара жатқан Айшаның құлағына: « Айша, сен енді бибі болдың!» деп үш рет айқайлапты. Ханның өлі қызбен неке қиысқаны одан бұрын да, кейін де тарихтан кездеспейді. Қайғырып, қан жұтқан Қарахан сүйген жарының денесін арулап жерлеп, басына әсем күмбез орнатады. Жауын шайып, жел мүжіп, уақыт өз белгісін салғанымен бір бірін шынайы сүйген ғашықтардың махаббатының өшпес белгісіндей болып, сол күмбез әлі тұр Тараз қаласының іргесінде.

Мазар сырты ерекше қапталған, оны тек Бұхарадағы Исмаил Самани мазарымен ғана салыстыруға болады. Айша бибі кесенесі Орталық Азиядағы плита түрінде қапталған оюға толы толығымен кесілген терракотамен безендірілген. Кесене безендіруінде бай және әр түрлі геометриялық фигураларымен апталған. Тізбектер терракотамен қапталған жіңішке суреттермен қазақ оюлармен безендірілген. Айша-бибі кесенесі көне түріктер халқының ою-өрнектерімен безендірілген. Қазіргі кезде бұл ескерткіштерден батыс қабырғасы, ал қалған қабырғалардан – аз ғана суреттер қалған. Пішіні шаршыланып біткен, ауданы 7,6 х7,6 м, бұрыштар бағана-тіреулер арқылы көтерілген. Кесене ортасында құлпытас (3х1,4 м) орнатылған. Батыс жақ қабырға мен бағаналар оюлы ұсақ плиткалармен қапталған. Қабырғаның ортасында сүйір аркалы текше жасалған. Текше беттерінің қабырғаға ұласар тұсы шағын бағаналармен сәнделген. Айшы бибі кесенесінің іргетасынан бастап есептегенде 3,4 м биіктікте бағаналарға араб әрпінде жазуы бар белдеу жүргізілген. Солардың біріндегі “күз, бұлттар, дөңгеленген дүние…” деген сөздер жазылған. Кесене қабырғалары (қалыңдығы 80 см) үш бөліктен: күйдірілген кірпішпен қаланған ішкі жағынан, оймыш әшекейлі плиталармен қапталған сыртқы жағынан, сонымен бірге саз балшықпен және жарамсыз плиткалардың сынықтарымен толтырылған қабырға ортасындағы кеңістіктен тұрады. Қабырғалар мен бағаналар беріктігін арттыру үшін қабырғаның ішкі жағына арша ағашынан арқалық қойылған. Кесене қабырғаларының сыртқы беті артқы жағындағы сыналарымен бекітілген оймыш ұсақ плиталар арқылы безендірілген. Ұсақ плиталардың шырмауық өрнегіне 60 түрлі әшекей қолданылған. Қашаумен үңгіп жасалған бұл оюлар бір-бірімен қиюласып, кесененің мақсатына лайық сәулеттік сипат, композициялық шешім тапқан. Кесене құрылысынан Темір дәуіріндегі сәулет өнерінде үлкен орын алады.

Ескерткіш туристтерді тек қана ерекше сәулетімен ғана емес, сонымен қатар сұлу Айша бибі мен батыр Қарахан арасындағы шексіз махаббаты туралы аңыз да қызықтырады. Қараханның әйелі. Күмбезді сол Қарахан (Әулие ата) салдырған. Бірақ кесенені салған сәулетші туралы нақты дерек жоқ.

“Қазақ жобалау-қалпына келтіру” институты Айша бибі кесенесін қалпына келтіру жұмысының жобасын жасап, Тараздағы шеберхана ескерткішті қалпына келтірді. Қайта қалпына келтіру жұмыстары 2001-2004 жылдар аралығында жүргізілді. Кесене кейіпін келтіру үшін Түркістан филиалының қайта жасаушы шеберлері үш жыл бойы ескі технологиялы пештерді қолдану арқылы 72 түрлі белгі салынған плиткалар дайындады. Сондай-ақ кесене фундаментін қатайту қабырғаларын көтеріп алғашқы кейпіне келтіру күмбездің ішкі және сыртқы желкендерін жөндеу секілді қиын жұмыстар атқарылды. Сондай-ақ электр жарығын тартып кесене аймағы қоршалды, яғни осылайша кесене қайта қалпына келтірілді. Айша бибі кесенесі республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізіліп, мемлекет қорғауына алынған

 Бабаджа қатын кесенесі

     Бабаджа қатын кесенесі – Қазақстандағы  Х -ХІІ  ғасырлардан сақталған сәулет өнері ескерткіші. Тараз қаласынан 18 км қашықтықтағы Айша бибі кесенесінің маңында орналасқан. Қасбеті мен 2 қапталы бір-біріне ұқсас, мәнерлеп қаланған кірпіштен күн тәрізді өрнектер жасалған. Жоғары жағы аркалы, ішке кірер есік шығыс жақ қабырғасында. Оның үстінен ішкі еңсенің 16 қырлы күмбезі басталады. Ал сыртқы күмбезі биіктігі 86 см қырлы призманың үстіне орнатылған. Күмбез тұғыры аршамен құрсауланып, тақталардан суағарлар жасалуы сол кездегі құрылыс өнерінің өте жоғары дәрежеде болғанын көрсетеді. Ғимаратта шағын көлемдегі архитектура. Детальдер ұтымды әрі үйлесімді пайдаланылған. Бабаджа қатын кесенесі сыртқы пішімінің жинақылығымен, құрылысының беріктігімен ерекшеленеді.

Айша бибі кесенесінің қасында Жамбыл ауданында орналасқан, XI-XII ғасырдың ең ерекше ескерткіші болып табылады. Қос қисығы бар 16 қабырғалы шатыр төбелі өзінің ерекшелігімен әйгілі. Шатырлы, қабырғалы жабуы орта ғасырлық сәулет өнері мен қазіргі заманғы кесенелердің еш бірінде жоқ. Ондағы эпиграфиялық айшық мұнда жерленген әйелдің аты-жөні бізге жеткізіп отыр. Ол аңыз бойынша Айшаның күтушісі еді. Айшаға осы бір қасіретті сапарда жолбастаушы болған болатын. Айша қайтыс болғаннан кейін сүйікті тәрбиеленушісінің моласы басында оның шамын жағып өтті. Екі кесене де тек зират ету орны емес, сонымен бірге мұсылман әлемінің қасиетті орындары болып табылады.

Қарахан кесенесі

Қарахан кесенесі – Қазақстанда 11 ғасырдан сақталған сәулет өнері ескерткіші. Қазіргі Тараз қаласының батыс шетінде. Кесене Қарахан әулетінен шыққан белгілі хан Ша-Махмуд Бұғра Қарахан қабірінің басына орнатылған. Күмбезі ғана құлаған кесененің төрт қабырғасы мен жылтыр кірпішпен өрнектелген қос мұнарасы 19 ғасырдың 90-жылдарына шейін сақталған. 1905 жылы оның құлаған бөлігі түгелдей бұзып алынып, орнына 1906 жылы жаңа кесене салынған. Жаңа құрылысты сол кездегі Ташкент ишаны Сайд Бакханов қаржыландырған. Кейінгі салынған кесене алғашқысына ұқсамайды. Қас беті Айша бибі кесенесіне ұқсас болғанымен, кірпіштерінің өрнектеліп қалануы жағынан Бұқарадағы ортағасырлық Исмаил күмбезіне еліктеушілік байқалады. Қарахан кесенесі төрт бұрышты, ортаңғы кең бөлмеден және үш кіші бөліктен тұрады. Орталық бөлменің төбесі киіз үйге ұқсатылып жабылған. Артқы жағында екі мұнарасы бар. Кесененің қас беті оңтүстікке қараған, ал оның ішіндегі қабір оңтүстіктентен солтүстіккеке қаратыла қойылған. Кірер есігі аркалы қуыспен безендірілген. Қабырғаларының ішкі жағы кесененің бұрынғы өз кірпіштерімен қаланып, сыртқы жағын қалауға жаңа кірпіш пайдаланылған.

Тараз қаласының орталық бөлігінде, Төле би және Байзақ батыр көшелерінің қиылысында орналасқан. Кесене ортағасырлық Тараз аумағында құрылған .

Қарахан кесенесі өзінің әсемдігімен Ресей сәулет өнерін бағалаушыларын 1902 жылдың өзінде ежелгі Тараздың теңдесіз жасампаздығы ретінде таңдандырыпты. Археологиялық қазбалар көрсеткендей, бұл ғимаратты өрлеу кезінде өте шеберлікпен әзірленген 30 түрлі өрнекті кірпіштер пайдаланған. Құрылыс қараханидтер дәуірінде, ХІ ғасырда жасалған. Оның құрылысы Айша бибі мен Бабаджа қатын кесенесімен тікелей байланысты. Оның жерленуін тарих, біздің аймақты Х-ХІІ ғасырларда билеген Қараханидтер әулетінің хандығымен байланыстырады. Әулие-Ата атануы да содан.

Қожа Ахмет Яссауи кесенесі

     Қожа Ахмет Яссауи кесенесі — Түркістан қаласында XIV ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат. Қожа Ахмет Яссауи дүние салғаннан кейін халықтың көп жиылуымен өзіне арнап соғылған кішкене мазарға жерленеді. Кейін бұл кесене мұсылмандардың жаппай тәуеп ету орнына айналды.

Түркістан қаласындағы Ахмет Яссауи ғимараты – орта ғасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Ол XII ғасырда өмір сүрген бүкіл Шығысқа аты әйгілі көне түркі ақыны, софизмді уағыздаушы Ахмет Яссауидің (Яссы-дан шыққан деген мағынада) бейітінің басына орнатылған.

Оңтүстік Қазақстанда Сайрам деген жерде туған Ахмет Яссауи сол кездегі ғылым мен ағартудың орталығы ретінде белгілі болған Отырар қаласында білім алады да, кейіннен Бұхардағы Юсуп Хамадани басқарған сопылар қауымына кіріп, дәруіштік мектептен өтеді.1140 жылы Юсуп Хамадани  дүние салған соң, қауымды Ахмет Яссауи басқарады. Бірақ көп ұзамай-ақ «мәртебелі» қызметін тастап, өзінің туған өлкесіне біржола қайтып оралады. Софизм идеяларын уағыздап, өзі де оны берік ұстана отырып, жоқшылықта өмір сүреді. Сондықтан да, оны жергілікті халық Әзірет Сұлтан деп атап кетеді.Ахмет Яссауидің уағыздаушы және ақын ретінде атағы кең жайылып, оның «Диуани Хикмат» («Даналық жайындағы кітап») атты діни өлеңдер жинағы көне түркі тілінде жазылғандықтан, жергілікті халыққа түсініктілігі арқасында талай мәрте қайта көшіріліп, бірнеше рет басылған. Бұл сияқты уағыздық өлеңдерінің философиялық және діни-мисттикалық мазмұны, ондағы жақсылыққа, әділеттілікке шақырған үнмен ұласады, халықтың қайырымдылық сезімін ояту, оны басқа діндегілермен жауласудан сақтандырумен қатар дін иелерінің ашкөздігін, зұлымдығын әшкерелеумен жалғасып жатады.  Ахмет Яссауидің өлеңдері құнды әдеби ескерткіш, кейіннен қазақ халқыныі құрамына енген қыпшақ, оғыз, қарлық сияқты көне түркі тайпалары зерттеудің көзі болып табылады.   Халық аңыздарында Түркістандағы әулиенің аруағын атақты қолбасшы, бүкіл Шығысты тітіренткен Ақсақ Темірдің айрықша сыйлап өткені айтылады. Оның әмірімен Ахмет Яссауи қайтыс болғаннан екі жүз жыл кейін қирап бітуге таянған кішкене ғана мазардың орнына, дүние жүзілік сәулет өнерінің белгілі ескерткіші орнатылды.

Темірдің өмірін Зафарнама, «Жеңіс кітабы» авторы Шараф-ад Дин Әли Мазди растайды. Ескерткіштің салынуын оның Ахмет Яссауидің қабырына зиядат етіп қайтқан 1397 жылдың аяғындағы оқиғалармен байланыстарыды. «Жеңістер кітабында» Темір, сол жылы Яссыда болған кезінде, мұнда өзіне қарайтын елдердің тегінде Ахмет Яссауидің атына лайық зәулім ғимарат салу жайлы жарлық берген еді делінеді. Ол ислам дінінің даңқын асыруда, оның кең таралуына, аса үлкен өлкен басқаруды жеңілдетуге тиіс болған.

ХІV ғасырдың аяғында бұл күмбез біткен соң Әмір Темір көреген Әзірет Сұлтанның қорын ұйымдастырып, өзі арнайы қол қойып бекіткен. Дегенмен, Қазандықтың ішкі есіктерінің біріндегі халькаға жазылған «1394-1395 жылдар» Темірдің өзі белгілеп берген. Бұл – ғимараттың басқа бөліктерінің кіндігі. Темір уйдің ішкі сәні мен салтанаты қалай болуы керегтігін де айтқан. «Қолхаты» (грамота) жазылған. «Қолхатта» Әмір Темір көрегендікпен жаңа біткен ғимарат туралы «ешқашан да, қандай болған жағдайда да сатуға, жекеменшік секілді ұрпақтан-ұрпаққа уақытша немесе түбегейлі біреуге беруге болмайтынын қатты ескерткен».

Ғимараттың кіре беріс есігінің ішкі маңдайшасында қазірге дейін жақсы сақталған жазудан мынадай сөздерді оқуға болады: «Бұл әулие мекен алла тағаланың рахымы жауған падиша Әмір-Темір Көрегеннің жарлығы бойынша орнатылды… Алла тағала оның әмірінің ғасырлар жасауына нәсіп етсін!»

Қожа Ахмет Иассауи кесенесі талай ғасырдан бері мұсылманшылықтың алтын бесігі болып келеді. Оны бүкіл қазақ жұрты, түркі әлемі ерекше қасиет тұтады.Қожа Ахмет Иассауи кесенесі – түркі әлемінің рухани орталығы.Ахмет Яссауи ескерткіші – Орта Азия мен Қазақстандағы біздің занамызыға дейін сақталған ең зәулім күмбезді, қыштан соғылған ғимарат. Оның көлдененеңі – 46,5 м, ұзындығы – 62,5 м. Сыртқы көрінісі симметриялы жинақы келген бұл құрылысқа үлкенді-кішілі 35 залдар мен бөлмелер сыйып тұр. Олардың барлығы бір-бірімен қос қабатты 8 дәлізбен және әр түрлі өтпелі баспалдақтармен жалғасып жатады.Ахмет Яссауи ғимаратының құрылымындағы тағы бір ерекшелік: Қазандықты қоршаған блоктар-залдар мен бөлмелер күмбезді мызғытпай ұстап тұратын тіреулері бар. Қабырғаның қалындығын белгілегенде де үйдің берік тұруы көзделген. Үйдің қаңқасы түрліше қиюластырылған доға немесе күмбез тәрізді элементтерден құрылады, бұл әдіс кейін Орта Азия мен Қазақстан архитектурасында одан әрі дамытылды. Жалпы тұрқы симметриялы, жеке бөлшектері — ассиметриялы болып келетін бұл зәулім ғимарат 8 түрлі бөлмелер тобынан тұрады

Қазандық;
Үлкен Ақсарай;
Кіші Ақсарай;
Құдықхана;
Кітапхана;
Асхана;
Көрхана;
Мешіт;

Ол порталы оңтүстік-шығысқа, ал бүйір беттері тиісінше оңтүстік-батыс пен солтүстік-шығысқа қарайтын етіп салынған. Келген адам орталық залға бас порталдың сәнді есігі арқылы кіреді. Қазандық Қазақстан мен Орта Азиядағы кірпіштен өрген күмбездердің ішіндегі ең үлкені, диаметрі 18,3 метрлік күмбезбен көмкерілген. Бұл бөлмеден өткен соң оюмен өрнектелген ағаш есік арқылы Қожа Ахмет Ясауи мүрдесі жатқан бөлмеге кіруге болады. Көрхананың қос қабат күмбезін кейде Мұхаммед Ханафия порталы деп те атайды. Қазандықтан өзге бөлмелерге қарай қос қатарлы сегіз дәліз тарайды. Бұл дәліздер ғимаратты сегіз дара блокқа бөледі. Әр блокта архитектурасы да, пайдаланатын мақсаты да әр қилы бөлмелер бар. Оңтүстік-батыс блокта мешіт орналасқан. Ал оңтүстік- шығыс блокта халимкана бар. Халимканада дүйсенбі мен жұма күндері кедей-кепшік пен дәруіштерге тегін үлестірілетін тағам -халим әзірленетін болған. Солтүстік-шығыс блокта құдықхана, ал солтүстік-батыс блокта Үлкен Ақсарай орналасқан. Оңтүстік-батыс және солтүстік-шығыс жақтарының орта тұсында өзінің архитектуралық тұрқы жағынан біртектес, қабатты залдар- Кіші Ақсарай мен кітапхана бар. Кесенедегі сегіз дәліздің алтауы өтпелі де, екеуі – тұйық. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі тек зират болумен шектелмей, мешіт-медреселік қызметтерді де атқарған. Түрлі мақсаттағы бөлмелердің басын осылайша біріктіру өз заманының тамаша үлгісі болып табылады. Кітапхана мен Ақсарай бөлмелері көлденең аркалармен жабылған. Төбені осылайша жабу түрлі пошымдағы күмбездерге, тұрқы шаңырақ тәрізді иықтар мен жаппаларға негіз болып тұр. Бұл жаппаларда көтеруші аркалардың өзара қиылысу элементтері Орталық Азия архитектурасында сол кезге дейін кездеспеген елеулі жаңалық болып табылады. Негізгі бөлмелер-  қазандықта, көрхана мен мешітте қос қабатты арқалар жоқ, олардың әрқайсысының қабырғаларынан төрт- төрттен ойықшалар жасалған. Күмбездердің ішкі беті алуан тұрпаттағы сталакиттермен көмкерілген. Бұлар арша ағашынан жасалған білезіктермен бекітілген .

Орта бөлігіне үлкен көлемдегі өрнектелген жазулар түсірілген.

Қабырғаларында сталактиттермен әшекейленген тайыздау ойықтары бар. Көрхананың төбесі қос қабатты күмбезбен көмкерілген. Ішкі күмбезі — құрылыстық, сыртқы күмбезі — көркемдік міндет атқарады. Көрхана күмбезі бұрыш-бұрыштағы төрт білікке тіреліп, биік мойындықпен көтерілген. Сыртқы күмбезі қатпарлы. Бұл қатпарлар өсімдік өрнекті пішіндес мозаикамен қапталған. Солтүстік портал қабырғаларының көркемдігі көрген жанды таң қалдырады. Үш ширектік діңгекшелері алты қырлы тақталармен қапталған, көгілдір түсті бояулармен айшықталған. Көрхананың дәл ортасында Қожа Ахмет Ясауидің сағана-құлпытасы орнатылған. Ол жасыл түсті яшмадан жасалған, ернеуіне нәзік өрнектер салынған. Қазандық пен көрханадағы Сафар шебер өрнектеп жасалған ағаш есіктер көркемдігімен көз жауын алады. Көрхана есігінің ою-өрнектері сүйекпен ерекше нақышталған. Есік жұқа темірмен қақталып, оған алтынмен жазулар түсірілген. Есіктің үстіндегі тас тақтайға көрхана Әмір Темірдің бұйрығымен тұрғызылғандығы жайында жазылған. Кесененің мешіті де аса бір тамаша архитектуралық құрылыс.

Кесене ішіндегі Құдықхана  орналастырылған.    Ол мойындығында 16 терезесі бар, шағындау қос қабат күмбезді сопақшалау келген зал. Оған қазандық бөлмесінен Жолбарыс хан дәлізі арқылы өтуге болады. Мешіттің батыс жақ кабырғасына   мозаикалық михраб орнатылған. Михраб мешітке ерекше көрік беріп тұр. Оның беті мозаикамен және өсімдік суретімен әшекейленген. Михраб –  жебе ұшты арқасы бар ойық. Бұл ойық көгілдір түсті мозаикамен көркемделген, тік бұрышты сәндік белдеумен қоршалған, оған ақ әріптермен Құран сөздері жазылған. Әр жерден әсемдік үшін жалатылған алтынның сілемі көзге шалынады. Кесененің оңтүстік-батыс жағында діншілдердің ораза ұстауына және Құдайға құлшылық етуіне арналған жер асты мінажатханалары Қожа Ахмет Ясауидің көзі тірі кезінде жасалып, қайта жаңғыртылған. XVI ғасырда мешітке іргелес қосалқы бөлмелер тұрғызылған. Бұлар: батыс беткейдегі дәрет алатын тахаратхана мен Үлкен Ақсарайдың солтүстік- шығысындағы көмкерілген жер асты зираты. XVI ғасырдан кесененің жекелеген бөлмелеріне әйгілі адамдардың сүйектері қойыла бастады. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде және оның төңірегінде Жолбарыс хан, Есім хан, Абылай хан, Әмір Темірдің шөбересі Бабыр хан, Қаз дауысты Қазыбек би, Жәнібек батыр, т.б. белгілі адамдар жерленген.

Қорытынды

          Біздің еліміздің егеменлік пен тәуелсіздікті алуына байланысты қазақ халқының шынайы тарихына, рухани және материалдық құндылығына  аса маңызды қызығушылық туып отыр.  Сондықтан сақталып қалған  сәулет пен қала құрылысының  тарихи мұрасын зерттемейінше, қазақ халқының  тарихи міденимұрасын зерттеудің біртұтас  жүйесі толық  болмайтынын ескеру қажет. Сәулет өнері рухани және материалдық  құндылықтардың  жинағы мен нәтижесі  болып табыла отырып, жалпы мәдениеттің  маңызды құраушысы  ретінде қызмет етеді.

2004 жылы  13 қаңтарда ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қаулысы бойыншы қабылданған “Мәдени мұра” Мемлекеттік  бағдарламасын іске асыру Қазақстан мәдениетінің тарихын зерттеу  және оны әрі қарай дамыту  қоғамымыздың рухани саласын  дамуы болып табылады. Осы бағдарламаның  нәтижесіндетарихи құндылықтар мен  жазба негіздерінен  бөлек көптеген  сәулет ескерткіштер мен сәулеттік-құрылыстық нысандардың орны қазылып, сәулеттік ескерткіштер , кесенелер, ескі мешіттер қалпына келтіріліп, жаңартылуда.

Ғылыми зерттеулердің  мәліметтері бойынша Қазақстан аймағында жүздеген ежелгі және ортағасырлық қалалар, қоныстар , қорымдар  мыңдаған сәулет  ескерткіштері анықталған. Сондықтан осы тақырыпта жұмыс жасауды  жалғыстырамын .

Пайдаланған  әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан архитектурасы.  Ә. Марғұлан   Т.Бейсенова  М.Мендіқұлов
Алматы  2010  “Өнер”  баспасы
2. Отчет о работе  Центральной Казахстанской экспедиции .  А.Х.Марғұлан
3. Қазақстан тарихынан әңгімелер. Ж.О.Артықбаев Ә.Сабданбекова
4. Бейнелеу өнері 4 сынып Н.А.Раупова     Ә.Т.Төлебиев  Алматы  “Атамұра” баспасы
5. Бейнелеу өнері 6 сынып З.Айдарова     М. Сауғабаева   Алматы “Атамұра”  баспасы

Презентациясы бар.

Check Also

ҰБТ – 2017 жаңа форматы және мамандықтар туралы толық мәлімет.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтеді. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы. ҰБТ– жоғары оқу …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.