Қазақ халқының зергерлік өнері (жоба).

Кіріспе

Біздің түсінігімізде сәндік  бұйымдары – күнделікті  адамдар өмірі үшін  қажетті бұйым болмаса да , адам өміріне ерекше сән-салтанат пен нәзіктік сыйлайтын өнер шығармасы . Ұлттық зергерлік бұйымдар  бізге мұра болып қалған  қазақ халқының мәдениетінің ерекше салаларының бірі.  Ежелгі  дүниеден бері зергерлік  әшекейлер адамға сенім мен күш беріп , өмірге құштар ететін, өзінің әсемдігімен көздің жауын алатын асыл  бұйымдар.

Ұшы-қиыры жоқ Ұлы далада сұлулықты , табиғатпен тамаша үйлесімдікті бойына сіңірген дала адамы мәдениет пен өнердің тамаша  үлгілерін жасады. Қазақстанның түпкір-түпкірінде   сақталған  ескі зергерлік бұйымдар  арқылы халқымыздың өткендегі өмірін, өнері мен мәдениетін зерттеуге болады.

Зергерлік  бұйымдар   адамның  еңбегімен  жасалған материалдық  ортаның құрамдас бөлігі екендігі айқын.  Зергерлік өнер адамдардың материалдық және рухани талап-талғамына сай кеңістікті пайдалану мүмкіндіктеріне жол ашады.Әрбір зергерлік әшекей бұйымдар түрлі уақытты өздігінше көрсетеді. Қазақ халқының зергерлік өнері ерте замандағы шеберлердің тамаша дәстүрлерін жалғастыра отырып, ғасырлар тереңіне бойлай енген. Ол этнос мәдениетін құрайтын маңызды бөліктерінің бірі болып табылады.

Қазақстанның археологиялық олжалары өткен заман зергерлерінің асқан шеберліктерін паш етеді.Мысалы, Алматы облысы, Есік қаласында табылған қалыптау, ойма, батырма, көз салу техникасында орындалған әйгілі  бұйымдары , киім-кешегі жануарлар бейнеленген алтын жалпақ қаңылтыр белгімен сәндендірілген ертедегі жауынгер «Алтын жауынгер» жерленген бірегей комплекс. Өздерінен кейін «хайуанаттар стилінің» тамаша үлгілерін қалдырған ертедегі берелдік шеберлер өз өнерлерімен таңқалдырады. Ежелгі зираттардан әдемі ат әбзелдері, үзеңгі және белдік жиынтықтары табылған. Әшекейлердің кейбір түрлері, мәселен, қимасында дөңгелек болып келетін білезіктер ұзақ хронологиялық кезең бойында көрініс табуда. Оларға ұқсас білезіктер қола, ертедегі темір дәуірлеріндегі зираттардан, ХІІ ғасырдағы Отырар қазынасынан табылды. Қазақтардың зергерлік өнері кәсіби сипат алды, бұл өндіріс ерекшелігімен байланысты болды. Алтынмен және күміспен жұмыс істейтін шеберлерді «зергерлер» деп атаған, «зер» – парсыша алтын, алтын әшекей деген сөзді білдіргендіктен де «зергерлер» деп атаған. Зергерлер жеке дара жұмыс істеген, шеберліктерін көбіне өз ұрпақтарына мирас етіп қалдырып отырған.Зергер  жасайтын бұйымдардың түр-түрі  болған: бұған әйелдер әшекейлері, киімге арналған заттар, дене тазалығының жабдықтары, асқа байланысты құралдар, киіз үйдің ағаш бөлшектерін сәндендіруге арналған белгілер, жиһаздар, ағаш және былғары ыдыстар, музыкалық аспаптар, қару-жарақтар, ат әбзелдері енеді. Материал

Толық нұсқасын презентациясымен бірге көшіріп алыңыз.

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.