3-сынып. Сан есім (қмж).

kalamhas000Ибашева Каламкас Есеновна. Жамбыл облысы, Шу қаласы, Жібек жолы» мектеп-лицейі. Бастауыш сынып мұғалімі, ІІ  (негізгі) деңгей.
Сыныпты үш топқа гүл,күлкі,қызыл,сұрақ суреттері арқылы 4 топқа бөлу, топ ережесін «Бейнефильм» арқылы қайталау.
Үй тапсырмасын тексеру:445-жаттығу
Тапсырмалар беру және жауаптарын тыңдау арқылы өткен сабақтарда танысқан сөз таптары қайталанады.
І топ: «Зат» Зат есім дегеніміз не? Зат есім қандай сұрақтарға ІІ топ: «Қимыл» Етістік дегеніміз не?
Етістік қандай сұрақтарға

Скачать (PPTX, 802KB)

Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім
Сабақтың атауы Сан есім
Мақсаты

Күтілетін нәтиже

1. Білімділігі: Сан есімнің граматикалық тұрғыдан сөз табы екенін ұғындыру. Олардың сөйлемдегі сөздерге қатысы мен байланысын анықтай білуге үйрету. Сұрақтар қою арқылы сөйлем ішіндегі сан есімдерді тез таба, ажырата білуге дағдыландыру
2. Дамытушылығы: танымдық тапсырмалар, сұрақтар арқылы оқушылардың дүниетанымын, шығармашылық қабілеттерін дамыту
3. Тәрбиелілігі: оқушыларды ұйымшылдыққа, таза, сауатты жаза білуге, адамгершілікке, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру.
Пәнаралық байланыс: математика, дүниетану
Көрнекіліктер: бала білімін бекітуге арналған қосымша тапсырмалар топтамасы
Психологиялық ахуал Бүгін  бізде ерекше
Сабақ болып жатыр ғой.
Тәртіп, оқу деңгейін,
Ұстаздар көріп отыр ғой.
Ал тәртіпті болайық
Жақсы оқып  әр күнде
Білім  керек  әркімге
«Айнадан көру» тренингі
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту Сыныпты үш топқа гүл,күлкі,қызыл,сұрақ суреттері арқылы 4 топқа бөлу, топ ережесін «Бейнефильм» арқылы қайталау.

Үй тапсырмасын тексеру:445-жаттығу

Тапсырмалар беру және жауаптарын тыңдау арқылы өткен сабақтарда танысқан сөз таптары қайталанады.
І топ: «Зат»
Зат есім дегеніміз не?
Зат есім қандай сұрақтарға
ІІ топ: «Қимыл»
Етістік дегеніміз не?
Етістік қандай сұрақтарға
ІІІ топ: «Түстер»
Сын есім дегеніміз не?
Сын есім қандай
с ұ р а қ т а р ғ а ж а у а п б е р е д і?

ІV топ: «Ойлан» тобы

Сөз таптары дегеніміз не?

Сөз таптарын пысықтау үшін , семантикалық картамен жұмыс:

               есімдер

сөздер

Сан  есім Сын есім Етістік Зат есім
ойнады
доп
әдемі
төртеу
биік
оқушы
биледі
оныншы
сопақша
слты
лимон
үшеу
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Әр топ берілген тапсырмаларынан тірек-сызба құрады, постерға түсіреді, қорғайды.

Мағынаны тану 1.      Көркем жазу.
-Мииияууу қандай дыбыс
-Неге ұқсайды? /өркеш, әткеншек/
-Жазу үлгісін электрондық оқулықтан көрсету
-«Мысық» әнін тыңдап қара сөзбен әңгімелеу.2.  Сабақтың тақырыбын Сөзжұмбақ арқылы ашу
1. Әр адамда неше көз бар?
2. «А» әрпі алфавитта нешінші тұрады?
3.Ұлы Жеңіске неше биыл неше жыл толады?
4.Қазақстан ассамблеясына неше жыл?
5.Қазақ тарихына неше жыл?
6.Біз нешінші сыныпта оқимыз?Тірек-сызбамен жұмыс.
Өтірік өлең.
Елу метр есіктен
Еңкеюмен шақ кірдім.
Жүз қасқырды өшіккен
Бір қозыға бақтырдым.
Қарамен ерекшелінген сөздерге сұрақ қой. Қай сөз табына жатады?
Сұрақтарға жауап бере отырып, жаңа сабақты тұжырымдау
Сан есімнің ережесін еске түсіру.
Ереже.
Заттың санын білдіретін сөздерді сан есімдер деп атаймыз. Неше? нешінші?
Қанша? сұрақтарына жауап береді

Кітаппен жұмыс.
447-жаттығу: қарамен жазылғансөздер қандай сұраққа жауап береді? Ол сөздер нені білдіреді?

Дәптермен жұмыс.
448-жаттығу: Жұмбақты оқып, жатқа жаз.Сан есімдерді тауып, қай сөзбен байланысып тұрғанын айт.

449-жаттығу:Ребусты шешіп,шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлемдер құра.

Сергіту сәті Бейнетаспа арқылы әуемен қимыл-қозғалыс жасап серігіп алады
Ой толғаныс 1. Екі таяқ,
төрт сылдырмақ,
бір сыпыртқы.
(сиыр)
2. Бір үйге көзсіз боп басыңды сұғасың,
Бұл үйден көреген боп шығасың
(Мектеп)
450-жаттығу: Берілген сөздердің зат есім екенін дәлелдеу*Сан есімдерді тап, сұрақ қой. Олардың қай сөзбен байланысып тұрғанын айт.
Бала қиялын жетілдіру, көңілдерін сергіту әрекеттері.
Ойнаймыз, күлеміз, шешуін табамыз!
*Бір сиырдың аяғы, құйрығы, мүйізін бірге санағанда барлығы нешеу?
*Мен, сен және біз екеуіміз, сонда біз қаншамыз?
Біреуі сөйлейді, екеуі тыңдайды, екеуі көреді. Ол не?
Жауабын тап. Сан есімдерді анықта.
Сабақты бекіту.
1. Сан есім дегеніміз не?
2. Сан есімнің с-ұрақтары
3. Сан есім қай сөз табымен байланысады?
4. Сан есімдері бар мақал айту.
5. Сан есімдері бар жұмбақ айту.
Үйге тапсырма     Дәптермен жұмыс Күнделіктеріне жазып алады
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Check Also

mukizhanjvaazipa000

Сабақтың тақырыбы: Дала жануарлары мен өсімдіктері

Мұқыжанова Әзипа Төкішқызы. Қарағанды облысы Шет ауданы Х Сәрінжіпұлы атындағы ЖОББМ базасындағы тірек мектебінің  бастауыш …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.