Ұлттық ойынды қадірлей білейік!

akbotasaulen000Сәуленқызы Ақбота, бастауыш сынып мұғалімі, ,Павлодар облысы.

Бүгінгі таңда ұлттық ойын түрлерін дамыту мен оны қоғамдағы әр топ өкілдері арасында кеңінен насихаттау ерекше қолдауға ие. Мектепке дейінгі мекемелер ұлттық ойындар арқылы балалардың ойлау қабіетін ойната отырып дамытуды қолға алған.

Қазақтың ұлттық ойындарының маңызы зор. Ұлттық ойындар қазақ халқының ежелгі – мәдениеті мен өнерінің де ешкімнен кем болмағанын байқатады. Ұлы ойшыл Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала болама?» деп айтқандай ойын бала өмірінде ерекше орын алады.

Біз балабақшада балаларға «хан талапай», «асық ату», «тоғызқұмалақ», «соқыр теке», «қыз қуу», «арқан тарту», «ақсүйек» ойындарын жиі ойнатамыз. Бұлар балалардың ой-санасы мен, ақыл-парасатын өсіреді. Жалпы ұлттық ойындар екі топқа бөлінеді, спорттық және ақыл ойды дамытуға арналған. Біздің ұжым осы екі түрін кеңінен қамтуға тырысып келеді.

Педагог ретінде балабаақша балаларына тәрбиесі мен біліміне дамытуда ұлттық ойындардың маңызы өте зор екендігіне көзім жетті. Осы орайда Ахмет Жүнісовтың айтуынша (Фәниден бақиға дейін, Алматы, «Қайнар», 1994), «Өзге халықтар сияқты қазақтың ертеден қалыптасқан, атадан балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойын-сауық түрлері бар. Зер салып байқап отырсақ, ол ойын-сауықтар қазақтың ұлттық ерекшелігіне, күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тығыз байланысты туған екен және адамға жастайынан дене тәрбиесін беруге, оны батылдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, күштілікке, төзімділікке, т.б. әдемі адамгершілік қасиеттерге баулуға бағытталған екен». Ал «Қазақстан. Ұлттық энциклопедия» кітабында қазақтың ұлттық ойындары туралы былай деп жазылған: «Қазақ ұлты негізінен ұрпақ қамын басты мақсат етіп қойып, балалардың нағыз азамат болып қалыптасуына аса зор мән берген. Нәтижесінде дәстүрлі бала тәрбиесінің басты құралы ретінде ұлттық ойынды орайластырып, дамытып отырған», — дейді. Бұл сөздер алынып отырған әдісіме, айтылған сөзіме жан бітіріп отырғандай.

Осы орайда облыстық «Сарыарқа самалы» газеті ұжымының да ұлттық ойындарды ел арасында кеңінен насихаттап жүргені баршамызды қуантады. Бұл ұлттық ойындардың тек балабақша деңгейінде ғана қалып қоймауына үлкен септігін тигізіп келеді.

Ұлтымыздың асыл қазынасы болған ұлттық ойындарымызды жоғалтып алмай, ұрпақтан – ұрпаққа жетуін насихаттау, халқымыздың, баршамыздың міндетіміз деп білейік.

Скачать (PPTX, 418KB)

Ақбота  СӘУЛЕН.

Check Also

ҰБТ – 2017 жаңа форматы және мамандықтар туралы толық мәлімет.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтеді. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы. ҰБТ– жоғары оқу …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.