Қазақ тілі. Сөйлемдегі сөздердің байланысы.

matkeeva000Маткенова Балжан Қаниқызы, Ақмола  облысы, Бұланды  ауданы, Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі.

Сабақтың тақырыбы:
Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік мақсаты: Өткен тақырыптар бойынша ой қорыта отырып, жаттығулармен жұмыс жүргізу, оқушылардың алған білімдерін пысықтау, теориялық білімдерін пікірталас арқылы практикамен ұштастыру;
  2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ауызша және жазбаша тілдік стильдерін дамыту, ойлау өрістері мен дүниетанымдық көзқарас шеңберлерін кеңейту. Шығармашылық іскерліктерін арттыру.
  3. Тәрбиелік мақсаты: Жақсы қасиеттерге, адамгершіліктерге баулу. Жақсы оқып, үлгілі, білімді болуға, достықта адал болуға шақыру.
    Сабақтың түрі: Қайталау жинақтау сабақ
    Көрнекілігі: суреттер, сорбоноктер, көру диктантына арналған сөйлемдер, ғарыш кемесі, жұлдыздар, бұлттар.

Сабақта қолданылатын технология:  В.Н.Зайцевтің  «Жалпы оқу біліктілігін жетілдіру технологиясы »

Пайдаланатын әдіс – тәсілдер: түсіндіру, көрнекілік, талдау, жинақтау, ой қозғау, мағынасын ашу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, математика, әдебиеттік оқу
Сабақтың барысы:
I. Қызығушылықты ояту:

Ұйымдастыру кезеңі:  Сәлемдесу. Психологиялық ахуал:

Мұғалім                           Оқушылар
Әрбір адам?                       Туысым, досым, жұрағат
Әрбір сабақ?                       Үйрену, ұғу, ұлағат
Әрбір ісің?                           Тірлік, тірек, адамдық
Әрбір сөзің?                        Шындық, бірлік, адалдық.

-Олай болса , балалар, осы айтылған  өситті сабақ бойы орындауға тырысайық. Бүгін сабағымызда ғарышқа ұшсақ қалай қарайсыңдар?

Ол үшін мыны шифрді табуымыз керек: *** – ** =1  (100-99=1)

Жақсы,балалар, енді ғарыш кемесіне отырып оқу машығымызды түзеп алайық.

5 минуттық ызыңдап оқу.

-Балалар,  алдымызда бұлттар тосқауыл болып тұр. Оның арасынан аман шығу үшін ақ парақтарымызды алып диктант жазуға дайындалайық.

№4 көру диктанты

  1. Ләзім тақта сүртті.
  2. Бұлақ жылдам ағады.
  3. Кенеттен жел соқты.
  4. Зәуреш орташа оқиды.
  5. Мен әжемді сыйлаймын.
  6. Орманшылар ағаш кесті.

-Алдымыздағы бұлт сейілді (парақтарын жинап алу)

Сергіту сәті:
Аспанға қарап ай көрдік,
Төменге қарап жер көрдік.
Оңға , солға бұрылып,
Егеменді ел көрдік!

-Біздің еліміз қандай ел? Егеменді, тәуелсіз ел.Тәуелсіздік күні қашан?

16-желтоқсан. Біздің еліміз бейбіт, тыныш ел.

Комета, комета.

-Ол не балалар, комета деген не? Ендеше елімізді , жерімізді сақтап қалайық. Ол үшін өз білімімізді көрсетейік.

IІ. Өткенді пысықтау: Сорбонокпен жұмыс

Оқушылыр жұптаса отырып бір-бірін сорбоноктарын санап, тексеріп, бағалайды.
Бәрін білемін           –   көк түсті дөңгелек
Көмек керек болды –сары түсті дөңгелек
Білмедім                    – қара түсті дөңгелек

Сергіту сәті:
Аспанға қараймыз,
Жұлдызды санаймыз.
Сол жұлдыздың ішінен,

Каникулды қалаймыз.

-Иә, балалар, Каникул  деген жұлдыз бар екен. Ол жылына бір рет қана пайда болады екен. Кім біліп келді, қай мезгілде екен?

– Дұрыс, балалар, ол тек қана шілде айында шығады екен, сондықтан оны Каникул деп атап кетіпті. Бізің алымызданда жұлдыздар кездесіп тұр. *******

ІІІ. Негізгі бөлім
-Жұлдыздар жарқырап жол көрсетіп тұру үшін балалар, дәптерлерімізді ашып көркем жазу жүргізейік.Әдемі, таза жазып, жақсы оқысаңдар дана боласыңдар.Дана- деген білімді, ақылды деген.Ендеше дәптерімізді ашып

Көркем етіп Дд   әрпі мен дана сөзін жазайық.

Дәптермен жұмыс
Көркем жазу    Дд дана

Ай-күнді, тақырыпты жазып қояйық
Желтоқсанның оны
Сынып жұмысы
Сөйлемдегі сөздердің байланысы

1-жаттығу (91бет) Берілген сөздерден сөйлемдер құрастыр.Құрастырған сөйлемдеріңдегі сөздердің байланысын сызба арқылы көрсет.

Өзіндік жұмыс  Әр жұпқа бір сөзден беру. Жазғандарын әр қатардан бір балаға оқытып ,тақтада  талдату.

Әке, ана, көмек, бала, ақыл, отбасы, ұстаз, мектеп,дана.

Оқулықпен жұмыс:
2-жаттығу 91 бет.  Мәтінді түсініп оқы.Ұл баланы неліктен шаңырақ иесі деп атайды?

Отбасы

Қазақ отбасында шаңырақ иесі – әке. Отбасы мүшелері әкені тыңдайды. Ана- қадірлі адам. Әкесі мен балалары ананы сыйлайды. Отбасында қыз баланы құрметтейді. Ал ұл баланы болашақ шаңырақ иесі деп санайды.

Әрбір ата-ана балаларын жақсылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелейді.

Алғашқы екі сөйлемді көшіріп жазып, осы сөйлемдердегі сөздердің байланысын сызба арқала көрсет.

Шығармашылық тапсырма:
3-жаттығу 92бет   Сұрақтарға жауап жаз.

  1. Өзіңнің отбасында неше адам бар?
  2. Олар кімдер?
  3. Үйіңде отбасылық қандай дәстүр қалыптасқан?

Үйге  тапсырма:   4- жаттығу  92 бет Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып, өлеңді көшіріп жаз.Керекті сөздер төменгі жағында берілген.

Терек бүрін қорғайды,
Тікен гүлін қорғайды,
Ара балын қорғайды.
Шағала көлін қорғайды,
Шопан төлін қорғайды.
Егінші жерін қорғайды,
Ер жігіт елін қорғайды.

Ендеше бізде ғарыштан бақылап еліміздің тыныштығын шолып келдік.

Енді бүгінгі сабақ барысындағы өз ісімізге  баға берейік
ІҮ. Рефлексия
Бәрін өзім білдім        –   көк түсті дөңгелек
Көмек керек болды  – сары түсті дөңгелек
Қиын болды               –  қара түсті дөңгелек

Ү. Бағалау
Иә солай, иә солай
Біздің сынып осындай.

Check Also

Сабақтың тақырыбы: Дала жануарлары мен өсімдіктері

Мұқыжанова Әзипа Төкішқызы. Қарағанды облысы Шет ауданы Х Сәрінжіпұлы атындағы ЖОББМ базасындағы тірек мектебінің  бастауыш …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.