Бастауыш мектепте жалпы оқу біліктілігін жетілдіру технологиясын қолдану.

matkeeva000Маткенова Балжан Қаниқызы, Ақмола  облысы, Бұланды  ауданы, Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі.

Бастауыш мектеп оқушыларының оқу іс-әрекеті мен оқудан тыс уақытындағы іс-әрекетінде шығармашылық қабілетін дамыту – өскелең буынға тәлім-тәрбие берудегі күрделі психологиялық әрекет болып табылады.
Бүгінгі күннің негізгі талабы – білімді адамды әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, шығармашылық таныммен тікелей қатынас жасай алатын, жаңаша ойлай алатын шығармашылық адамға айналдыру.
Балаларда әлемнің көп бейнелі жақтарын шығармашылық таным негізінде қабылдай алу қабілетін дамыту қажет. Осының негізінде интеллектуалды, креативті ұрпақты тәрбиелеп оқыту, педагогикалық психологияның маңызды мәселелерінің бірі деп білеміз. Әрбір жеке адамның шығармашылық қабілетінің дамуының жоғары жетістігі, тек сол адамның ғана емес, қоғам дамуына да едәуір әсер етеді
Оқытудың жаңа технологияларының бастауыш сынып оқушылырының ойлау қабілетін дамытуға үлесі зор. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығана деген сүйіспеншілігі ерекше орын алады.

«Бастауыш мектепте жалпы оқу біліктілігін жетілдіру» технологиясының мақсаты – бастауыш сынып оқушылырының ой-өрісін, ойлау қабілеттерін, шапшаң және түсініп оқу дағдыларын дамыту. Әдістемелік жұмыстың басты мақсаты: оқушылардың жұптық жұмыстарды бірлесе отырып орындай білуге, көру қабілеттерін жаттықтыра отырып,сауатты жаза білуге үйрету. Бұл мақсатта көру диктанттарын әр сабақ сайын міндетті түрде орында осы технологияның ажырамас бөлігі тәрізді.

Бұл педагогикалық тәжірибенің жаңашылдығы – дәстүрлі оқытудың тиімді  тұстары мен жаңа технологялық элементтерді біріктіріп, оқушыны шығармашылықпен жұмыс жасауға баулу.

Өзгеріс концепциясы – оқыту барысында пәнаралық байланысты нығайтуға, тіл сабақтарын тереңдетіп түсіне отырып оқытуға, математика пәнінде логикалық ойлау қабілеттерін ауызша есептеулерді үзбей қолдану арқылы дамытуға, жалпы бастауыш сынып оқушысының жан-жақты шығармашыл белсенді тұлға ретінде оқыта отырып тәрбиелей білуді қалыптастыруды көздейді. Дәстүрлі оқыту тәсілдерінен айырмасы – үнемі қолдана білуді және мұғалімнің әр сабаққа қосымша тапсырмалар дайындап келуін қажет етеді.

Бұл технологияның тиімділігі – көру қабілеттерін дамыта отырып, сауаттылыққа баулу.

Жаңашылдығы – нәтижесі оқушы білімі арқылы көрінеді, оқушыны өз білімін есепке ала отырып, алға ұмтылуға ынталы етеді.

Мұғалім сабақта сауалнама немесе оқу техникасын тексеру жұмыстарын оқушының жұптасып тексерулерін қолдайды, яғни бір-бірін тексере білуг үйретеді.

Бастауыш мектепте жалпы оқу біліктілігін жетілдіру жұмысының мақсаттары:

1. оптималды оқытуды жүзеге асыру(1 минутта 120 сөз);
2. Жазу шапшаңдыған арттыру ( 1 минутта 60 сөз жаза білуі);
3. Есептеу дағдыларын 1 минутта 30 цифр жаза білуге үйрету;
4. Оқыған мәтінді өз түсінігі бойынша айта білуге үйрету;
5. Демалыс кездерінде оқу шапшаңдықтарын төмендетпеуді үйрету.
Оптимальды оқыту дегеніміз – түсіне отырып, ауызекі сөйлеу шапшаңдығана тең оқыту. Адам күнделікті сөйлесу барысында 1 минутта 120-150 сөз қолданады. Адамның сөйлесу дағдылары, бірін-бірі түсіну, ұғымталдығы ерте заманнан солай қалыптасқан. Орыс педагогі Т.А.Грекованың зерттеуінше, баланың сабақты ұғып,меңгеруі үшін оның минутына сөз оқуы 120-130 сөз болуы тиіс екен.

В.Н.Зайцев технологиясына сүйене отырып, бастауыш сыныптардағы оқу деңгейінің міндетті  өлшем деңгейі мынадай болып белгіленеді:

                Баға 4-сынып 3-сынып 2-сынып
                  «5» 150 сөз 130 – 140 сөз 120 сөз
                  «4» 120 сөз 100 сөз 80 сөз
                  «3» 90 сөз 80 – 90 сөз 60-50 сөз

Оқытудың мүмкін деңгейін өлшеуге төмендегідей талаптар қойылады.
1. Өлшеу деңгейін нақты анықтау мақсатында оқушыларға таныс емес мәтін беріледі.
2. Мәтіннің ішінде сан есімдер болмауы тиіс.
3. Қысқа сөздер, қос сөздердегі қайталанып тұрған белгі де жеке сөз болып есепке алынады.
Оқыту деңгейін өлшеу барысында оқу шапшаңдығы төмен болса, онда оқушыға мәтінмен танысып алуға мүмкіндік берілуі керек. Оқу шапшаңдығын әдетте мұғалім тексереді. Мектепішілік тексеру  кезінде оқу шапшаңдығын мұғалім тексереді, оқу ісінің меңгерушісі мәтіннің (кітаптағы немесе қосымша материалдағы) көшірмесі бойынша баланың оқуын бақылап отырады.Мұғалім мен оқу ісінің меңгерушісі тексеру нәтижесін салыстырғанда көп алшақтық кездеспесе, оқушының оқыған сөзінің ортақ саны алынады. Егер екеуінің өлшеу қорытындысы сәйкес келмесе, оқу шапшаңдығын тексеру қайта өткізіледі.

Оқушы әрқашан өз жетістігін көріп, бағалай білуі керек. Диагностикалық карта әр оқушыға дербес жүргізіледі.

Мерзімі Оқушы шапшаңдығы Қате оқылған сөз

Көру диктантының міндетті шарттары:
1. Күнделікті сабақта күн сайын өткізу;
2. И.П.Федоренконың ұсынған үлгісі бойынша;
3. Сөйлемдерді іштей оқу керек;
4. Егер келесі қайталаудан кейін оқушылардың бәрі үлгеріп отырса, келесі топтамаға көшу;
5. Топтаманы 1-2 апта немесе одан да көп немесе аз пайдалану (оқушы жетістігін есепке ала отырып);
Мұғалімнің осы технолгияны қолдану аясында нақты көрініп тұрған табысы: сынып оқушыларының бір қалыпты мәнерлі оқу дағдыларының қалыптасуы және оқу шапшаңдықтарының жыл соңында артуы.Оқушы білімін диагностикалау және маниторинг жүргізу жақсы нәтижелер көрсетті. Оқушылар өздері шығармашылық жұмыстар жасауға, яғни ертегі ойлап айтуға, таныс ертегінің кейіпкерін басқа жерде елестету арқылы өз ойынша әңгімелей білуге үйренеді.

И.П.Федоренконың құрастырған диктанттар  топтамасы 18 бөліктен тұрады. Әр бөлігіндегі  сөздер саны жол сайын 1 әріпке ұзартылады.

Тақтаға топтаманың 6 сөйлемі жазылып , қағазбен жабылады немесе ақ ватмен қағазға жазып дайындауға да болады.Әрбір сөйлемді іштей оқуға 4-5 секунд уақыт беріледі, сонан соң мәтін қайта жабылады. Топтамадағы сөйлемдердің бәрі жазылып болған соң, оқушылардың парақшалары тексеруге алынады.Оқушыға өзін-өзі тексеру  мүмкіндігін беруді үйретуге болады. Ол үшін бала жай  қарындашпен әр сөйлем тұсына қателер санын шығарады. Ең бастысы , мұғалім негізгі міндетті шарттардан ауытқымаса, өз шығармашылығына байланысты түрлендіре алады. Егер сөйлем құрастыруда сөз саны сәйкес келсе, бір жолда құралған нақыл сөздер, мақал-мәтелдерді қолдануға болады.Мұндай жұмыс жүргізу  – әдебиеттік оқу сабағымен тікелей байланыстырып, көру қабілеттерін, есте сақтау, жаттау дағдыларын қалыптастырады.Үш күн қатарынан қайталанған мақалдарды бала ұмытпайды.

Оқытудың жаңа технологияларының бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамытуға үлесі зор. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі ерекше орын алады. Мен өз тәжірбиемде ақпараттық қатынастық технология(интерактивті) ,жалпы оқыту дағдыларын дамыту технологияларын енгіздім. Мақсатым – өз бетімен дами алатын, әр түрлі өмірдің жағдайларына төзе алатын, белсенді, ой-өрісі дамыған білімді оқушы тәрбиелеу.

Негізгі мақсатым – баланың жеке қасиеттерін ашу арқылы тәрбиелей отырып, танымдық қабілеттерін қалыптастыру. Ой-өрісін  дамыту арқылы олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда өзіндік жұмыс түрлерінің маңызын ашу.

әдебиеттер:

  1. Зайцев В.Н. Резервы обучения к чтению.  М.,Просвещение, 1991г.
  2. Бидайбекова А.Қ.   Инновациялық технологиялардың бастауыш мектептегі білім сапасын арттырудағы маңызы.

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.