5-сынып. Терезелер. Терезе элементтері.

aidyntle000Тлебалдиев Айдын. Жамбыл облысы Шу қаласы, “Жібек Жолы” мектеп-лицейінің информатика мұғалімі.

Сабақтың  мақсаты:          
1. Windows  терезелерімен, терезелерді көрсету нұсқаларымен және терезелерді басқару  тәсілдерімен, терезелердің менюімен, Windows  оқулығымен жұмыс істеу мүмкіндіктерімен таныстыру
2. >Оқушылардың Windows терезесі ұғымын, меню қасиеттері мен анықтамасын, терезенің негізгі элементтерін білу қабілеттерін дамыту.
3. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың типі:                 Практикум элементтері  бар, көрсете – түсіндіру
Білім – біліктілікке            Оқушылар білуі тиіс:
қойылатын талаптар:        –     Windows терезесі ұғымын;

  • терезелерді көрсету нұсқаларын;
  • активті терезе ұғымын;
  • меню қасиеттері мен анықтамасын;
  • қолданбалармен жұмыс істеу негіздерін;
  • терезенің негізгі элементтерін;
  • активті терезе белгілерін;
  • команданың активтілігінің белгілерін.

Оқушылар үйренуі тиіс:

  • терезелерді экранда үш түрде көрсетуді;
  • активті терезені анықтауды және терезені активтеуді;
  • терезелердің көлбеу созылған менюін қолдануды;
  • Windows оқулығымен жұмыс жасауды;
  • тышқанның көмегімен қолданбаларды іске қосуды;
  • айналу жолағын қолдануды.

Көрнекілігі: компьютер, проектор, үлестірме қағаздар

Сабақтың барысы:    I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Үй тапсырмасын тексеру
  2. WindowsХР операциялық жүйесі дегеніміз не?
  3. Компьютермен жұмыс істеуді бастау әрекеттерінің тізбегін көрсет.
  4. Компьютермен жұмысты аяқтау әрекеттерінің тізбегін көрсет.
  5. Тышқанның қандай батырмасы негізгі, ал қайсысы қосымша болып  табылады?
  6. Тышқанның көмегімен не істеуге болады?
  7. Жұмыс үстелінің (орнының) негізгі элементтерін атап жаз.

Білім – оқу анасы (жаңа тақырыпты түсіндіру).

Windows операциялық жүйесінің негізгі объектісі терезе болып табылады. Windows операциялық жүйесінің бұлай аталуы тегін емес, оның қазақша аудармасы «терезелер» дегенді білдіреді. Терезе – Windows ортасының негізгі ұғымы.

Терезе дегеніміз – бұл жақтаулармен шектелген экрандағы төртбұрышты аймақ.  Әрбір терезенің оны басқаруға арналған элементтері мен жұмыс аймағы болады. Windows жүйесінде жұмыс істеу барысында бірнеше терезені бір мезгілде ашуға және терезелер арасында таптырмалар тақтасындағы батырмалардың көмегімен ауыса отырып олардың әрқайсысында кезекпен жұмыс істеуге болады.
Терезе элементтері

Сабақтың толық нұсқасын, көрнекіліктерімен бірге көшіріп алыңыз.

Check Also

Диаграммаларды құру. 8-сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары.

Токсанбаева Гульнара Казизовна. І санатты информатика және математика пәнінің мұғалімі  «Рыков атындағы орта мектебі» коммуналдық …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.