Информатика. «Үздік информатик» (стс).

marinaKara000Каракулова Марина Сыражатдинқызы. Алматы облысы Жамбыл ауданы Б. Қыдырбекұлы атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі.

Сайыс мақсаты;
Білімділік:   Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау, бақылап, бағалау. Өз беттерінше білім деңгейлерін көтеруге жағдай жасау.
Дамытушылық: Оқушылардың  ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге  деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: оқушыларды  шапшаңдыққа, өз ойларын анық жеткізе  білуге, жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс  істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа,  жан-жақты  болуға, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, компютер, презентациялар, плакат, маркер.

Жүргізуші:
Саламатсыздар ма, құрметті ұстаздар, әділ қазылар, оқушылар!
Сіздермен бірлесе отырып информатика пәні бойынша  «Үздік информатик»  атты  сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Ойын толқып айналған қатты ағысқа
Табылғандай  танымда жат дауыста
Біреу озып келеді қатарынан
Біреу  қалып жатады асығыста
Ойын толқып жатқан асып, тасып
Біреу мығым, біреулер шалыс басып
Бұл ойынан  өтеді ғұлама ойлар
Жеңсеңде, жеңілсеңде қалма жасып –

Алдымен ойынға қатысатын оқушылармен таныс болайық.
Сайысқа екі топ 6а Компютер және 6б   командалар сайыс 6 кезеңнен тұрады.

Скачать (PPTX, 795KB)

І кезең «Бәйге»
ІІ кезең Егер мен болсам
ІІІ кезең «Жұмбақты әлем»
ІҮ кезең  Логикалық сұрақтар
Ү кезең «Құрал жабдықтар»
ҮІ кезең «Тіл өнері»

Әділ халқым берерсің әділ баға
Өнерімен өнерін салыстырып
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты?
Білімен тапқырлықтың жарасында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты. Әділ қазылармен таныс болайық.

І кезең «Бәйге кезеңі

Бәйге деген жүйрік аттар жарысы
Жүйріксіңдер сендер осы жарыста
Жүйрік озып келеді қатарынан
Біреу қалып жатады асығыста.

Сайысымыздың шарты бойынша  10 сұрақ қойылады.  Бір дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Қай  топ бірінші қолын көтереді  сол топ қатысушысы жауап береді.  Дұрыс жауап берме алмаса сұрақ келесі топқа көшеді. Ол топ жауап бере алмаса ешқайсына үпай берілмейді.

  1. Ақпараттық процесдерді жүзеге асыратын  негізгі құрал (компьютер)
  2. Адам мен компьютер арасындағы қарым –қатынас (интерфейс)
  3. Бір байтта қанша бит бар (8бит)
  4. Аты бар бірқатар байттар тізбегі (файл)
  5. Компьютерде жұмыс жасаған кезде адам экраннан қанша қашықтықта отыру қажет? (60-70 см)
  6. Компьютердің негізгі құрылғылары (монитор, пернетақта, жүйелік блок)
  7. Компьютердің қосымша құрылғылары (сканер, модем, принтер, тышқан, колонка)
  8. Компакт –диск оқ құрылғысы (CD=ROM DVD=ROM)
  9. Дүниежүзілі компьютер желісі (интернет)
  10. Компьютер ауруы (вирус)

ІІ –кезең «Егер мен болсам ……

Егер болсаң мамандықтың иесі
Не істер едің бұл өмірде жүйелі
Асыл тастан өнер жастан шығар деп
Бабам айтқан баба сөзі киелі

Сұрақ Тышқанның шаригі  кірленіп жүрмей қалса не істер едің?
Ол үшін 8 зат берілген

  1. Табақта су
  2. Сабын
  3. Орамал
  4. Парақ
  5. Спирт
  6. Мақта
  7. Отверка
  8. Қайшы

Топ басшылары шығып заттарды  көріп сұраққа жауап беруге тырысады.  Қағаз қалам алып өз ойларын жазады.  1 минут уақыт

Жауап алдымен тышқанды отверкамен ашып  шаригін алып, оны табақтағы сабын суға жуып, орамалға сүртіп, парақ бетіне әбден  кепкенше қоямыз, ал тышқан ішін спиртке малынған мақтамен сүртеміз.

ІІІ кезең «Жұмбақты әлем»

Білімнің ұщқырлығын танып сен
Асып тасып асықпа қалыспа сен
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр
Шапшаңдық бұл жарыста керек екен

Бұл кезеңнің шарты бойынша  жұмбақтар жасырылады. Әрбір жұмбақты дұрыс шешкен топқа 5  ұпайдан беріледі. Шеше алмаса келесі топ жауап береді. жауап берген топқа балл қосылады.

  1. Ақпаратты компютерден аламын
    Бірақ өзім қағазға басып беремі       (принтер)
  2. Компьютерге көмекпін
    Жануарға ұқсаймын
    Кілемше үстінде тұрамын
    Мен қосымша құралмын     (тышқан)
  3. Компьютердің миымын,
    Ақпаратты сақтаймын        (процессор)
  4. Бір бассаң әріптерді бас әріппен жазамын
    Тағы бассаң кіші әріппен жазамын (caps loks батырмасы)
  5. Ақпаратты қағаздан мен аламын
    Бірақ оны компьютерге саламын       (сканер)
  6. Компютерде түрамын
    Оны емдеуші құралмын (вирусты емдитін бағдарламма)
  7. Төртбұрышты әйнек
    Тұнып тұрған әлек    (монитор)
  8. Ұзынтұра Жалқаубек
    Тұрмай ылғи жатады
    Қозғала қалса артынан
    Ешбір белгі қалмайды     (бос орын пернесі)
  9. Бұтақ орнында мың бір инесі
    Компьютер жаны мекені     (кактус)
  10. Тетігін бассаң алаңсыз
    Жазады қағаз қаламсыз.  (пернетақта)
  11. Батырмасын басасың
    Қажетті файлды ашасың  (тышқан)

Қойылған сұрақ есепке
Ойланып жауап іздейік
Уақытты текке өткізбей
Қатесін анықтап берейік.

ІҮ кезең «Логокалық  сұрақтар»  логикалық есептер беріледі жауабы дайын команда сұраққа жауап береді. дұрыс жауапқа 5 ұпай қойылады.

  1. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды неше стакан қалды? (3 стакан)
  2. Бес шырпы таяқшасынан екі үшбөрышты құру керек. Құрыңдар
  3. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? Шырпы.
  4. Допты лақтырғанда сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? Жоғары
  5. Баспалдақ 15 басқыштан түрады баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышта тұру керек? -8

Ү кезең «Құрал жабдықтар кезеңі»
Құрал жабдықтар суреті экранда көрсетіледі әр топ кезекпен олардың аттарын атап қандай қызмет атқаратынын баяндап берулері керек. Әрбір дүрыс жауапқа 5 үпайдан беріледі. (принтер, процессор, монитор, пернетақта, тышқан, диск, сканер)

Ана тілің арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте-деп Қадыр Мырзалиев  ағамыз айтқандай жас қырандардың тіл білімін тамашалайық. Демек келесі сайысымыз «Тіл өнері» сайысымыз. «Тіл өнері» сендерге жұмбақталып 10 жасырын сөз  оқылады. Сол сөзді тауып,  қазақ, орыс, ағылшын тілінде айтқан командаға 10 ұпай, ал екі тілде айтса 5 ұпай, беріледі. Сүрақты мұқият тыңдаңыздар.

  1. Ақпараттың қайнар көзі (табиғат, природа,nature)
  2. Фонограф бағдарламасы қандай мәліметтерді өңдейді? (дыбыс, звук, sound)
  3. Ас адамның арқауы ал компютердің асы… (ток, ток, currend)
  4. Программадағы немесе мәтіндегі кемшілік (қате, ошибка, error/mistare)
  5. Қоршаған орта және онда жүріп жатқан мәліметтер (ақпарат, информация, information)
  6. Жіпке ілдім мен өзін, кіп кішкентай күн көзін (шам, лампа, lamp)
  7. Компьютерде жұмыс жасауды жеңілдететін қосымша құрылғы (тышқан, мышка, mouse)
  8. Логикалық көбейтудің атауы (және, и, and)
  9. Сәлем ненің патшасы? (сөз, слово, word)
  10. Кітап ненің бұлағы? (білім, знание, knowledge)

Осымен осы ойынды тамамдасақ,
Бұл жарысты өткізер ме ек жаман болсақ?
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағыда үйренеміз аман болсақ!

Қазылар орнықтырған адалдықты
Кімдердің жауаптары кәміл шықты?
Білім мен тапқырлықтың арқасында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты!
Ендеше сөз кезегі әділқазы алқаларында!

Қорытынды; Марапаттау,

Check Also

Аудандық олимпиада. І-тур. 2016-2017 оқу жылы.

A есебі N саннан тұратын А сандар тізбегі берілген. Осы сандар тізбегін кері ретімен шығару …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.