Биология. Жүректің құрылысы.

marjankurman000Амангелді Маржан Құрманғалиқызы. Жамбыл облысы Шу қаласы “Жібек Жолы” мектеп-лицейінің биология пәнінің мұғалімі.
Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік.Оқушыларды жүректің құрылысы, қанайналымның маңызды  қызметтерімен таныстыру.
  2. Дамытушылық Оқушылардың белсенділігін арттыру. әрекетін басқару оқу материалдарының мазмұнын өмірмен байланыстыру арқылы оқушылардың білім біліктігін дамыту.
  3. Тәрбиелік: Салауатты өмір-салтына жағымды көзқарас пен оған ұмтылу, өз денсаулығымен бірге өзгелердің денсаулығына деген жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, элект.оқулық
Пәнаралық байланыс: информатика, әдебиет, математика
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақ әдісі: түсіндіру,баяндау,сұрақ-жауап
Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі
– оқушылармен сәлемдесу
– кезекшіні анықтау
– оқушыларды түгендеу
– оқу-құралдарын ретке келтіру

Рефлексия.

Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сіздерге мынадай көңіл-күймен келдім. (күнді көрсету) Ал сіздердің көңіл-күйлеріңіз қандай?

Скачать (PPTX, 1.53MB)

Оқушыларға карточкалар (күн, бұлт, бұлт арасындағы күн) таратылған. Әр оқушы өзінің көңіл-күйін білдіретін карточканы көтереді. Қане балалар бүгінгі сабағымызға тоқталмас бұрын алдыңғы өткен сабақтарға шолу жасайық.

Бізде бүгін сайыскер 3 топ білім сынағынан өтеді.

Слайд 1
І топ – «Артерия» тобы
ІІ топ – «Вена» тобы
ІІІ топ – «Капилляр» тобы.

Слайд 2
Білім сынағы түрлі кабинетерде өтеді.

  1. «Менен-сұрақ, сізден-жауап» кабинеті

Топқа өткенді еске түсіру үшін сұрақтар қойылады. Ойыншы сол сұраққа дұрыс анықтама беріп кетеді.

  • Адам ағзасында ұлпаның неше  түрі  бар?
  • Жұлын неше сигменттен тұрады?
  • Қимыл-қозғалысты реттейтін ми бөлігі
  • Адам көру анализаторы арқылы неше пайыз  қабылдайды?
  • Иммунитет дегеніміз не?
  • Ересек адам миының салмағы
  • Жұлынның массасы қанша?
  • Жүйке жасушаларының ұзын өсіндісі
  • Алқым ісуі ауруына жетіспейтін химиялық элемент
  • Ядроның қызметі
  1. Үй тапсырмасын сұрау

Слайд 3
Келесі кабинет «Терминдер» кабинеті. Ойынның аты «Сен бізді білесің бе?»

Слайд 4
3.«Деңгейлік тапсырмалар» кабинеті

А деңгейінің сұрақтары

Тест сұрақтары Д Қ
1 Адамда қанша литр қан бар?
А)7л             В)5л            С)4л
2 Қан жасушаларын көрсет
А) Эритроцит ,Лейкоцит,Тромбоцит
В) Лимфа, Эритроцит,Лейкоцит
С) ұлпа сұйықтығы, қан, лимфа
3 Қанның қызыл түсті болуы … байланысты:
а) эритроцитке;   в) лейкоиитке;   с) қан сары суына

Б деңгейінің сұрақтары

Тест сұрақтары Д Қ
1 Қан кандай ұлпа?
а) дәнекер;  ә)бұлшықет;  б) жабын
2 Қан дене салмағының неше % құрайды?
а) 10%;            ә) 7%;             б) 15%;
3 Оксигемоглабин деген не?
а) СО2 қосылған гемоглобин;
ә) темірмен косылған гемоглобин;
6) 02 қосылған гемоглобин;
4 Плазманың кұрамында неше пайыз су болады?
а) 10%;           ә) 95-98%;                   б) 90-92%.

С деңгейінің сұрақтары

Тест сұрақтары Д Қ
1 Қанның ұюын қамтамасыз ететін зат:
а) эритроцит;       ә)лейкоцит;         б)фибрин
2 Әрбір эритроцит тыныс алуға қатысуы шамамен қанша күнге созылады
а) 120;       ә)200         б)150
3 Лейкоциттердің негізгі қызметі
а) организмді микробтардан, басқа түрлі нәруыздың әссрінен, суық пен ыстықтан, денеге зиянды заттар енуден сақтайды
ә) зат алмасудан пайда болған керексіз және улы заттарды организмнен шығарады
б) Ұлпаларға келгенде  гемоглобині өзіндегі оттегін ыдырау арқылы бөліп, клеткалардың тыныс алуын қамтамасыз етеді.
4 Эритроциттер түзелетін орны:
а) сүйек кемігі;    ә) бауыр;    б) өкпе;
5 Қан топтарын 4 топқа бөлген кім?
а) Л.Пастер                 ә) Р.Гук;    б) 1930 жылы К. Ландштейнер

Слайд 4
Презентация қорғау
І-топ                Қан топтары
ІІ-топ              Организмнің ішкі ортасы
ІІІ-топ             Иммунитет түрлері

Жаңа сабақ

Слайд 5
(Теориялық бөлім)

Балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы бәріңізге мәлім. Ал қантамыр жүйесінде ең бастысы – жүрек. Адамның ең басты мүшесі. Ұлы ойшыл, философ Әл-Фараби  “Қайырымдылық қаласы” атты еңбегінде жүректі “табиғи жылу көзі” деп, ол туралы құнды деректер келтіреді. “Жүрек — басты мүше, ол баска мүшелерге  бағынбайды”, — деп тұжырымдады. Сабағымызды элект.оқулықта бейнеленген бейнебаянға назар аударсақ.

(8 сынып элект.оқулығынан үзінді)
Слайд 6
Жүректің құрылысы.
1- төменгі қуыс вена.
2- бұшықет.
3- май  ұлпасы.
4- оң жақ қарынша.
5- өкпе артерисының айшықты қаңпақшасы
6- Он жақ жүрекше.
7- жоғарғы қуыс вена
8- қолқа.
9- Өкпе артериясының тармағы
10- сол жақ жүрекше
11- өкпе венасының тармақтары
12- қолқа қақпақшасы
13- қос жақтаулы қақпақша
14- Он жақ қарынша 15 –қалқа
16- Сіңір жіпшелері 18- үш жақтаулы қақпақша

Слайд 7.   Жүрек –  қан  тамырлары жүйелерінің  мүшелеріне: жүрек, артериялар, капиллярлар,  веналар жатады. Қанның  тұйық жүрек-қан  тамырлары жүйесі  бойынша  үздіксіз қозғалуы  қан айналым  деп  аталады.

Жүрек тұтас  қалқа  арқылы оң  және  сол жақ бөлікке бөлінеді. Жүрек  төрт  қуысты:  екі  жүрекше,  екі  қарыншадан  тұрады.  Жүрекшелер  мен  қарыншалар жақтаулы  қақпашалармен байланысады.  Оң  жақ  бөлігінде   3 жақтаулы, сол  жақ  бөлігінде  2  жақтаулы  қақпашалар  орналасады.

Слайд 9. Жүрек 3  қабаттан тұрады.

Сыртқы-эпикард, ортаңғы-миокард, ішкі эпикард.Жүрек қабырғасының  негізгі  бөлігін бұлшық  етті  қабат  құрайды.Сол жақ  қарыншаның  қабырғасы қалың,оң  жақ  қарыншаның  қабырғасы жұқалау, ал  жүрекшелердің қабырғасы  одан  да  жұқа  болады.

Слайд 10. Постермен жұмыс
І-топ Жүректің жұмысы
ІІ-топ Жүректің маңызы
ІІІ-топ Жүректің құрылысы

Слайд 11   Қорытындылау
 «Бір айналым сұхбат»
(оқушылар бүгінгі тақырып бойынша бір сөйлемнен айтып шығады)
Балаларды бағалау

Үйге тапсырма беру

  • 40 тест құрау

Слайд 12 Рефлексия «Жүректерден жүректерге»
(Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып іледі)

Сонымен балалар, бүгін қан айналым жүрек тақырыптарын қорытындыладық. Бәріміздің деніміз сау, жүрек соғысымыз қалыпты болсын деп қолдарыңыздағы жүрекшеге бір-бірлеріңізге тілек жазып қалдырыңыздар. Сау болыңыздар!
«Вена» тобы

Критерийлер
1 «Сұрақ-жауап»  дұрыс жауаптың жан-жақтылығы 1 ұпай  «5»   20-25 ұпай
«4»  10-20 ұпай
«3»   5-10 ұпай
2 «Сен бізді білесің бе»  оқушылардың дұрыс жауап берудегі сөз қолданысы 1 ұпай
3 Деңгейлік тапсырмалар  жауаптың нақтылығы 1 ұпай
4 Презентация қорғау маңыздылығы  және сауаттылығы 3-5
Ұпай
5 Постер қорғау оқушылардың жаңа сабақ бойынша ой түйіндеуі 3-7
ұпай
Жалпы ұпай

«Капилляр» тобы

Критерийлер
1 «Сұрақ-жауап»  дұрыс жауаптың жан-жақтылығы 1 ұпай  «5»   20-25 ұпай
«4»  10-20 ұпай
«3»   5-10 ұпай
2 «Сен бізді білесің бе»  оқушылардың дұрыс жауап берудегі сөз қолданысы 1 ұпай
3 Деңгейлік тапсырмалар  жауаптың нақтылығы 1 ұпай
4 Презентация қорғау маңыздылығы  және сауаттылығы 3-5
Ұпай
5 Постер қорғау оқушылардың жаңа сабақ бойынша ой түйіндеуі 3-7
ұпай
Жалпы ұпай

«Артерия» тобы

Критерийлер
1 «Сұрақ-жауап»  дұрыс жауаптың жан-жақтылығы 1 ұпай  «5»   20-25 ұпай
«4»  10-20 ұпай
«3»   5-10 ұпай
2 «Сен бізді білесің бе»  оқушылардың дұрыс жауап берудегі сөз қолданысы 1 ұпай
3 Деңгейлік тапсырмалар  жауаптың нақтылығы 1 ұпай
4 Презентация қорғау маңыздылығы  және сауаттылығы 3-5
Ұпай
5 Постер қорғау оқушылардың жаңа сабақ бойынша ой түйіндеуі 3-7
ұпай
Жалпы ұпай

Check Also

География -10. §52 Ресей халқы, еңбек ресурстары.

Мырзакулова Мереке Сейсеналиевна. Жамбыл облысы Шу қаласы Төле би орта мектебінің география   пәні мұғалімі. «Гүл сыйлау» …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.