Ана тілі 1-сынып. «Жылыжай» У дыбысы.

ryskulybyr001Рысгул Ыбырайқызы. Ақмола облысы Целиноград ауданы Қосшы ауылы №2 Қосшы орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі.

Сыныбы: 1 «Д» Күні: 25.01.2016 Мұғалімі: Ыбырайқызы Р
Cабақтың тақырыбы: Ө. Тұрманжанов «Білім»
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: сынып оқушыларының білім туралы ұғымын кеңейту. Жуан және жіңішке айтылатын сөздер туралы білімін тиянақтау, ой ұшқырлықтарын байқау, көркем, сауатты жазуға баулу.
Дамытушылығы: оқушылардың сөздік қорын молайту, дүниетанымдарын кеңейту, тіл байлығын, шығармашылық қиялын дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.
Тәрбиелігі: болашаққа өз үлесін қоса білетін, туған жерін, елін, тілін құрметтейтін, білімді ұрпақ етіп тәрбиелеу.

Скачать (PPTX, 1.17MB)

Күтілетін нәтиже: Сөздегі дауысты дыбысқа байланысты сөз жуан және жіңішке айтылатынын ұғындыру. Оқушылардың сөздік қорын молайтып, білімге деген құштарлығын арттыру.
Көрнекілігі: Қазақстан картасы, туған жерге арналған суреттер, кеспе қағаздар, интерактивті тақта
Әдісі Сұрақ-жауап, түсіндіру, топтастыру, ойын.
Түрі: Жаңа сабақ
Сабақ кезеңдері Мұғалім іс – әрекеті Оқушы і – әрекеті Бағалау
Психологиялық дайындық Қайырлы таң деп айтамыз,
Күнде бірге қайтамыз.
Отбасының гүліміз,
Көңілді өтер күніміз
Сөзбен мадақтау
Топтастыру 2 – топқа таңдалған суреттері бойынша бөлініп отыру Ұйымшылдыққа, ынтымақтастыққа жұмыс жасайды.
Үйге қандай тапсырма берілді?
а) Жылыжай деген не?
Қалай түсінесің?
ә) Тірі табиғатты ата.
б)Оларға қажетті жағдайларды ата.
в)Жылыжайда нелерді өсіруге болады?
Жылыжайда Топтық бағалау
Миға шабуыл Жұмбақтарды шеше отырып тақырыпты ау Топтық бағалау
Жаңа сабақты меңгерту. Балалар, бүгін біз Өтебай Тұрманжановтың «Білім» атты өлеңімен танысамыз.

Тұрманжанов Өтебай (15 желтоқсан 1905, Оңтүстік Қазақстан облысы Бөген ауданы Жалғызағаш ауылында дүниеге келген. 1978 жылы қайтыс болған.) – жазушы. Балаларға арналған әртүрлі тақырыпта әңгімелері мен өлеңдері бар. Соның бірі «Білім» атты өлеңі.

Кітаппен жұмыс  а) Өлеңді мәнерлеп оқыпберу.
ә) Мазмұнын түсіндіру.Адам өмір бойы өзіне құпия, сыры беймәлім  нәрселерді білуге құштар болады. Білімді  мектептен немесе оқу орындарынан алуға болады. 1қыркүйек – Білім күні. Бұл күні барлығымыз Білім күнін мерекелейміз. Алғашқы қоңырау соғылып, жаңа өмірге қадам басамыз. Сонымен қатар кітап, газет, журнал, оқу ақпарат құралдарын тыңдап өз білімін тереңдетеді.Балаларға өлеңді оқыту
(6 оқушы).Білім, байлық сөзіне дыбыстық талдау жасау.
a) Дыбыстар нешеге бөлінеді?
ә) Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
б) Жуан дауысты  дыбыстарды ата.
в)Жіңішке дауысты дыбыстарды  ата.Мысалы: ұры, жалқау, өрт, оқу, ине, құдық. Жуан ба, жіңішке ме?
Балалар өлеңді оқиды

Сұрақтарға жауап береді

Сергіту сәті. Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниеніаралап,
Оқыпбілімаламыз.
Көздісалыпқараңыз,
Былайқанатқағамыз.
Бір, екі, үш
Отырамыз тып – тыныш
Мұғаліммен бірге қайталайды
Дәптермен жұмыс. 43-жаттығу. Мақалды көшіріп жазу.
Жуан айтылатын сөздерді тап. Айтылу себебін түсіндір
Ойын. Кімнің жұлдызы биік? Мақал мәтел айтып жарысады
Қорытындылау. Білімді болу үшін не істеу қажет? оқу
іздену
үйрену
ұғу
әдемі жазу
білу
Үйге тапсырма 1.  Өлеңді мәнерлеп оқу.
2.  44-жаттығуды орындау.
3.   Жазу дәптеріндегі 3 –ші жаттығуды орындау
Балаларбелгілепалады.

 

Check Also

Сабақтың тақырыбы: Дала жануарлары мен өсімдіктері

Мұқыжанова Әзипа Төкішқызы. Қарағанды облысы Шет ауданы Х Сәрінжіпұлы атындағы ЖОББМ базасындағы тірек мектебінің  бастауыш …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.