Компьютерлік  желілердің тағайындалуы.

SaltanatKobek000Кобекова Салтанат Рахманбердиевна. Қызыл-Орда облысы,  Қармақшы аграрлы-техникалық колледжі информатика пәнінің оқытушысы.

Пәні: Информатика
Сабақтың   тақырыбы:
Сабақ/ оқу мақсаттары:
Білімділігі:
 Компьютерлік желілердің тағайындалуы  туралы жалпылай түсінік беру.
Дамытушылық: Студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыру. Компьютерлік желілерді қолдануға үйрету.
Тәрбиелік : Студенттерді ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі:  Түсіндіру, сұрақ-жауап, конспекті жазу
Пән аралық байланыс:Ағылшын тілі.
Сабаққа қажетті:
Оқулықтар/әдебиеттер: Интернет желісі.
Құрал-жабдықтар: Компьютер
 
Сабақ/оқу барысы

Сабақ / оқу кезеңі Мазмұны
1 Ұйымдастыу  кезеңі Білім алушылардың  сабаққа  дайындығын  тексеру.
Журналға  белгі   соғу.  Назарларын  сабаққа  аудару.
    2 Өткен сабақтар бойынша
білім деңгейлерін
тексеру(үй тапсырмасын
сұрау)
Венн диаграммасы

Ауқымды желі Ортақ қасиеттері Жергілікті желі
   3 Жаңа сабақты (материалды) түсіндіру Жоспары:
1.       Желідегі қызмет түрлері.
2.        Негізгі түсініктерВиртуальды байланыс туралы түсінік. Кәдімгі пошта арқылы екі адамның қарапайым мәлімет алмасуын қарастырайық. Егер олар бір-біріне тұрақты түрде хат жіберіп, хат алып тұратын болса, олардың арасында тұтынушы (қолданбалы) деңгейінде байланыс болғаны. Бірақ олар бір-біріне хаттарын өздері алып бармайды, пошта жәшігіне сала сала­ды, яғни тікелей байланыста емес. Олардың басқалар көмегімен мәлімет алмасу түрінвиртуальды (нақты болмағанымен елестетуге бола­тын) байланыс деуге болады. Мемлекеттік пошта қызметі де өз жұмысында осындай төменгі дең­гей­дегі байланыс арқылы жүзеге асырылады, мысалы, хат алма­су темір­жол­дың пошта-багаж қызметін ұйымдастыру жолы­мен атқарылады. Тек осы қызмет бабының жұмысына қарап, біз екі қаланы физикалық түрде байланыстырып тұрған темір жол екенін байқаймыз.Ашық жүйелердің әрекеттесу моделі. ISO/OSI моделінде ком­пью­­терлер арасындағы байланыстың жеті деңгейі арқылы орын­далатыны айтылған болатын. Енді әртүрлі құрылықтарда орналас­қан компьютер­лер арасында қалай мәлімет тасымал­дана­тынын қарастырайық.1.      Тұтынушы алғашқы  қолданбалы деңгейде өз компью­те­рін­дегі прог­рам­малар көмегімен жіберілетін құжатын даяр­лайды.
2.      Ұсынылу деңгейінде тұтынушы компьютеріндегі операция­лық жүйе мәліметтің қайда жазылып тұрғанын анықтап, оның ке­ле­сі деңгей­мен әрекеттесуін қадағалайды.
3.      Келесі сеанстық деңгейде тұтынушы компьютері жергілікті неме­се ауқымды желімен байланысады.
4.      Тасымалдау (транспорт) деңгейінде жөнелтілетін құжат қол­да­ны­­латын желі хаттамалары талаптарына сәйкес тасымалдауға ыңғайлы фор­­мат­­қа  (пакеттерге) түрлендіріледі.
5.      Желілік деңгейде мәліметтің тасымалдану маршруты анық­та­лып, ол адреспен толықтырылады.
6.      Байланысу деңгейінде желілік деңгейден алынған мәлімет модем көмегімен физикалық деңгейге қажет нақты сигналдарға  түр­лендіріліп, оны модульдеу ісі атқарылады.
7.      Мәліметтерді нақты түрде тасымалдау соңғы физикалық деңгейде орындалады. Мұнда мәлімет тек биттер түрінде өрнек­теліп тасымал­данады.

Виртуальды байланыс ерекшеліктері. Мәлімет жөнелткен сервер мен оны қабылдап алған клиент кмпьютері хаттама­ларының әртүрлі деңгейлері  бір-бірімен тікелей әрекеттеспей, олар тек физикалық дең­гей арқылы байланысады. Мәліметтер бірте-бірте жоғары деңгейден төменгі деңгейге үздіксіз түрлене отырып, қосымша деректермен толық­тырылады да, олар деңгейге сәйкес хаттамалар арқылы қадағаланып тексеріліп отырылады. Осындай тәсілмен екі компьютердің бір-бірімен виртуальды байланысы жүзеге асырылады.

Желідегі қызмет түрлері. Қазіргі Интернетті пайдалану қыз­мет­­терінің барлығы да осы виртуальды байланысқа негізделген. Мәлімет­терді тасымалдау қызметі желілік деңгейдің виртуальды байланысына негізделіп, соның хаттамаларына сәйкес құрылады.

   4 Өтілген сабақты (материалды) бекіту Виртуальды байланыс туралы түсінік.
1.       Ашық жүйелердің әрекеттесу моделі
2.       Виртуальды байланыс ерекшеліктері
3.       Желідегі қызмет түрлері
   5 Үйге тапсырма Оқу (Компьютермен жұмыс жасау)
   6 Сабақ/оқу қорытындысын жасау, бағалау   Оқушылардың сұрақтарына жауап беру

Check Also

Аудандық олимпиада. ІІ-тур. 2016-2017 оқу жылы.

D есебі 5 бүтін сандар берілген. Осы сандардың арасынан төртеуін таңдағандағы қосындының ең үлкен жəне …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.