Оқушыларды еңбекке баулуда технологиялық үрдістерді үйрету,кәсіптік білімді жетілдіру.

Башахов Болат Орынғазыұлы«Өкпеті» орта мектебінің технология пәні мұғалімі Үштөбе ауылы Тарбағатай ауданы Шығыс Қазақстан облысы.

Еңбек тәрбиесі-жас ұрпақтың бойына еңбекке ынталықты,құштарлықты тәрбиелеу, болашақ еңбек жолын дұрыс таңдауға, бағыт бағдар беру болып табылады. Сондықтан мектепте жас ұрпақты еңбекке тәрбиелеу бағытында«Еңбекке баулу»сабағы жүргізіледі. Мектепте 1-4 сыныптарда «Еңбекке баулу» пәні ал, 5-9 сыныптарда 2001 жылдан бастап «Технология» пәні оқытылады. 1999 жылдан бастап бұрынғы «Еңбекке баулу» пәнін көптеген дамыған елдердің тәжірбиесіне сүйене отырып «Технология» деп өзгертілді. «Технология» деген сөз гректің шеберлік,білгірлік деген сөзді білдіреді.

« Техналогия» пәнін оқытудың мақсаттары.

«Техналогия» пәнін оқытудағы басты мақсат-оқушылардың өз бетімен еңбек етуіне ықпал  ету, оларды әр түрлі материалды өңдеудің қазіргі заманғы техналогиялық үрдістерін және бұйымдарды көрме жобалауды орындауына қатыстыру болып табылады.
Бұл:
-оқушылардың политехниикалық дамуын , оларды қазіргі заманға және болашақ техналогиялармен таныстыруды, жалпы еңбек біліктіліктері мен дағдыларын игеруді;
-оқушылардың шығармашылық жіне эстетикалық дамуын;
-оқушылардың өзін-өзі анықтауыа мүмкіндігін туғызуды, техника мен техналогия әлемін зерделеуді ескереді

«Техналогия» пәнін оқытуда төмендегі міндеттер жүзеге асырылады:
-оқушыларға болашақтағы техналогия жайында политехникалық білімді жәнеақыл-ой, сезімдік әрекеттер жүйесін қалыптастыру;
-Оқушылардың үй шаруашылығы мен  отьасы экономикасын жүргізуге қажетті ьілім мен біліктілікті қалыптастыру:
-Қазіргі өндіріс негізі мен,қызмен көрсету аясымен таныстыру:
-Оқушылыардың жобалау мен конструкциялау бойынша қабілеттілігін дамыту:
-Оқушылардың нарықтық экономика туралы негізгі түсініктерді білуіне,қызмен көрсету мен өз өнімдерін өндіру және іске жарату біліктілігіне үйрету;
-Графикалық сызуды орындай алуға,жоба құжаттарын  құра білуге ықпал ету;

«Технология»пәні оқушылардың математика,физика,химия,биология,сызу,бейнелеу өнері,экономика пәндерінен алған білімдерін іс –әрекетіне пайдалана алатын курс болып табылады.

«Технология»пәнінің базалық мазмұнында мынандай бөлімдер оқытылады.

  1. «Ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиясы».Бұл бөлімде өсімдік өсіру,топырақты өңдеу,себу,отырғызу,тыңайтқыш себу,зиянкестер және әр түрлі аурулармен күресу шаралары.

Мал шаруашылығы,құс шаруашылығы,төлдерді,құстарды күту,өсіру оларға азық дайындау және сақтау оқытылады.

  1. «Конструкциялық материалдарды өңдеу техналогиясы» бөлімінде өндірісте және қызымет көрсетуде қолданылатын машинаның негізгі түрлері,канструкциялық материалы ағаш, метал, пластмасс түрлері,оларды өңдеу түрлері оқытылады
  2. «Қоғамдық өндіріс және қызымет көрсету.Экаогия және кәсіптік бағдар»бөлімінде тұтынатын өнім жарнамасын таңдау,кәсіпкерлік қызымет,тұтыну тауарларына бизнес жоба даярлау, мамандық түрлерін таңдау. Экалогиялық жағдайлар,қоршаған ортаны ластанудан қорғау жолдары анықталады.
  3. «Тұрмыстағы техника»бөлігінде үй ішінде пайдаланылатын техеика түрлері,үйді күту,жөндеу,үй жиһаздарын орналстыру,тұрмысты пайдаланатын электр машиналарын пайдалана білу,жөндеу жұмыстары оқытылады.
  4. «Сәндік қолданбалы өнер бойынша көркемдеп өңдеу» бөлімінде ағаштың,металдың бетін көркемдеп өңдеу, бедерлі ою-өрнек түсіру,жұқа қаңылтырдан,фологадан,мыс сымдардан әр түрлі әшекей сыйлықтар жасау үйретіледі.
  5. «Үй эканомикасы»бөліміндеүй экономикасының мақсаты,үй шаруашылығын жүргізу ережелері,отбасы бютжеты кәсіпкерлік қызмет негізгі,жеке кәсіпкер мен іс-әрекетін ұйымдастыру және ашу туралы мәліметтер оқытылады.
  6. «Электротехникалық жұмыстар»бөлімінде электр энергиясын ашу,жеткізу,пайдалану,электор тізбегі элементтері,тұрмыстық электор құралдарымен жұмыс кезіндегі қауыпсіздік ережелері,өлшегіш және бақылағыш құралдарымен жұмыс істеу,электор тізбегін құрастыру жолдары оқытылады.
  7. «Ақпараттың технология негіздері»бөлімін оқушылар қазіргі заманғы әлемдік түрлері туралы қғымды ақпратты кітаптан,сұхпаттаудан,ради және теледидар арқылы алу жолдарын,ақпаратты өңдеу,тасмалдау сақтау тәсілдерін үйренеді.
  8. «Тамақтану мәдинеті.Тамақ дайындау технологиясы»бөлімінде тамақтану мәдениеті,тамақтану негіздерін,дастархан басында өзін ұстай білу ережелерімен, мал сою өнері,малды ұлттық мүшелеу,ұлттық ет тағамын әзірлеу,тамақ тарту рәсімімен таныстырылады.
  9. «Шығармашылық жоба».Бұл бөлім екі кезенде жүргізіледі.Бірінші кезенде оқушылар түрлі сызулармен техникалық талаптар бойынша технологиялық карталар жасауды үйренеді.Екінші кезенде бұйым жасау,жұмыс орнын ұйымдастыруды өз бетінше атқаруды үйренеді.Оқушылар өз бетінше жұмыс істеуін қамтамасыз ете отырып,шығармашылық қасиеттерін шыңдай түседі.Шығармашылық жобаның мақсаты-оқушы бойындағы технологиялық және арнаулы біліммен дағдыны қалыптастыру,шығармашылықпен жұмыс масауына ықпал жасау болып табылады.Жобаның мазмұндығымен күрделігі оқушы білімі мен шеберлігіне байланысты жоба бөліміне 5-9 сыныпта он алты сағаттан беріледі.Ол оқушылар арасында әр оқу жылы аяқталарда орындалады.Нәтижесінде оқушылардың арасында қол өнер бұйымдары көрмесі ұйымдастырылады.

«Технология»пәнін оқытудағы қазіргі кездегі ең басты кемшілік шағын мекткптерде топқа бөлініп оқытылады.Негізіне еңбекке үйрету ұлдарға бөлек,қыз балаларға бөлек оқытылуы керек.Қазір бұл мәселе баспасөздерде технология пәні мұғалімдері өз ұсыныс пікірлерін білдіріп жатыр.Бқл мәселеде ұл балалар мен қыздар бірінші сыныптан бастап бөліп оқытылуы керек деп айтылып жатыр.Өйткені ұл бала «Ата кәсіп»мектебі,ал қыз балалар «Ана дәстүрі»мектебі бойынша кішкене кезінен бастап,еңбекке баулу керек.Сонда ғана болашақ белгілі бір кәсәп иесін даярлай аламыз.Өзім сабақ беретін сыныптарда қыздарға,ұлдарға оқытылуы тиіс бағдарламаны толық оқытуға тырысып,бағдарламаны ұлдарға да,қыздарға толық сәйкес етіп оқытып жатырмын.Әр оқу жылы сайын өтетеін пәндік апталық,семинарларға қатысып,ашық сабақтар өткізіп тұрамын. Оқушыларға еңбекке үйретудің қыр-сырын меңгерту мақсатыд. Ағаш қосылыстарын біріктіру әдістері,қаңылтырдан қалақ жасату, қазақтың музыкалық аспаптары,ши тоқу өнерімен таныстыру,металды түзету және майыстыру,былғары мен тері қурақтарының шетін өру тәсідері, ағашты бедерлеп ою және ағашты тұмырлап ою,сызба бойынша тоғызқұмалақ ойынының тақтасын жасау,кампазиция ою-өрнектің қолданылу жүйесі,ою-өрнекті жапсырмалау өнері,ұлттық ою-өрнектің түрлек, атты ашық сабақ өткіздім.Осы сабақтарымның барлығы зерттеу бағытым. Оқушыларды ұлттық қол өнерге баулу болғандықтан қазақтың қол өнерінен мол мағұлмат беруге тырыстым. Қол өнерге бейім ,дарынды оқушылармен жекелей жұмыс жүргізу үшін мектепте Шебер қолдар  үйірмесн жүргіземін. Оқушылар бос уақытнда жұмыс істеуі үшін мектеп жанында оқушеберханасы істеп тұр.Ондағы станоктар талапқа сай. Шеберханада балаларды қауіпсіздік ережесімен таныстырып отырыады.Қазіргі заманда «Техналогия» пәнінің басты мақсаты оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, олардың жеке қабілеттеріне сәйкес кәсіпті таңдауға бағыт-бағдар беру,ауылдық жерлерде мектеп орналасқан жердің аймақтың ерекшелігіне байланысты кәсіпке даярлау болып табылады.

Оқушыларға кәсіптік бағдар беру бойынша мынадай жұмыстар жүргізіледі.
-оқушылармен мамандықты дұрыс таңдаудың маңызы жөнінде сабақ өткізу
-оқушылардың қызығушылығы мен бейімділігін сауалнама, әңгімелесу, бақылау қолымен жүйелі түрде зерттеу
-оқушылардың кәсіптік қабілеттерін анықтау.
-Оқушылардың өздерінің қызығушылығы бойынша үйіамелер мен қосымша сабақтарға қатысуын қамтамасыз ету;
-Оқушыладың мамандықты саналы түрде таңдауына көмек көрсету,осы бағыттағы жұмыстырды жүзеге асыру мақсатында кәсіптік бағдар беруде мынандай жұмыстар жүргіздім.5-8 сынып арасында «ынта ықыласты анықтау картасын  жүргіздім.Мұндағы сауалнама бойынша оқушылардың математикаға,техникаға,геграфияға,әдебиет пен шет тіліне,тәрбие саласына, тарихқа, биалогияға ауыл шаруашылығы еңбегіне  және қызмет көрсету саласындағы еңбекке қаншалыұты ынталы екенін анықтауға болады.Ынталы оқушымен пән мұғалімі жеклене жұмыстар жүргізіп болашағына бағдар беруіне болады.Ал 9-11 сынып оқушыларына  «Менің қалауым» атты диогностикалық сауалнама жүргіздім.Мұндағы сұрақтар «Адам және жаратылыс», «Адам және техника»,«Адам және адам»,«Адам және таңбалар жүйесі»,«Адам және көркем бейне»,топтарына іріктелген.Аталған топтың қайсысынан оқушы көп ұпай жинаса,оқушы сол кәсіп тобын таңдайды.Сол топтағы мамандық түрлерімен,сол мамандықты оқытатын оқу орындыры туралы,оқуға тапсырғандағы тест  тапсыратын піндер туралы мағұлматтар беріледі.

Ал оқушыларға кәсіпке бейімдеу бағытында 10-11 сыныпта еңбек сабағында автомобил құрылысы жіне жолда жұру ережесі оқытылады.Бұл курс бойынша оқушы автомобильдің құрылысын,жол белгілерін,жол ережелерімен таныса алады.Болашақта мектептің материалдың техникалық жағдайы  нығайып,жағдай жасалса оқушыларға аудандық білім бөлімі келісе отырып автомобиль жүргізушісі мамандығын беруге болады деп ойлаймын.

Келешекте мектеп қоғамдық-гуманитарлық немесе жаратылыстану-математикалық бағытты таңдағанда «Технология»сабағы 10-11 сыныптарда мектептің оқу-материалдық базасына байланысты мынандай  курстардың бірін ұйымдастыруға болады.

  1. Қоршаған орта және өндіріс
  2. «Техникалық шығармашылық»курсы
  3. «Көркем- сәндік қолданбалы өнер» курсы
  4. «Ауыл шаруашылық өндірісінің техналогиясы»курсы
  5. «Қазіргі өндірістің экалогиялық праблемалары»
  6. «Ақпараттың техналогия»курсы
  7. «Кәсіпкерлік техналогия»курсы
  8. «Шаруаның мекен-жайы,құрылыс,қамқорлық жасау,жөндеу»курсын оқытуға болады.

Осы бағыттағы курстарды ұйымдастырып,оқушыларға белгілі бір мамандық беру үшін мынандай жағдайлар жасалуы керек.

  • «Технология»пәнінің оқулығы ұлдарға және қыздарға бөлек жазылуы керек.

Он екі жылдық білім беру үш сатыда іске асырылады.
1 саты-бастауыш білім беру,1-4 сыныптар
2 саты-негізгі білім беру,5-10 сыныптар
3 саты-орта білім беру,11-12 сыныптар

  • Оқушылар еңбекке баулу 1-сыныптан бастап ұлдар мен қыздар бөлініп бөлек оқытылуы керек.
  • Белгілі бір мамандықты оқытып шығу үшін мектептің оқу-материалдық базасы жасалу керек.

Міне осындай таптар орындалған жағдайда ғана мектепте оқушыларды белгілі бір кәсіпке үйрете аламыз деп ойлаймын.

Check Also

ҰБТ – 2017 жаңа форматы және мамандықтар туралы толық мәлімет.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтеді. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы. ҰБТ– жоғары оқу …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.