БАУЫРЖАННЫҢ ӨМІР ЖОЛЫ – ТҰНҒАН ТӘРБИЕ ҮЛГІСІ

Бошанова  Динар  Қонысбекқызы.  Жамбыл  облысы  Шу  қаласы «Жібек  жолы»  мектеп-лицейі Қазақ  тілі  мен  әдебиет  пәнінің  мұғалімі.

Қай  халықтың  да  тарdinarabosh000ихы  оның  тағдырында  алуан  айшықты  із  қалдырған  арыс  азаматтарымен  ажырағысыз  байланысты.Халқымыздың  елін, жерін  қорғауда   көрсеткен  ерліктерін  бағалап, батырлар  деп  аталатын  шоқ  жұлдыздар  ішінде  жарығы  молырақ  жарқырай  көрінетін  жарық  жұлдыз  бар.Халқына  деген  ыстық  махаббатын  сарқа  берген, шоқ  жұлдыздардың  ішінде  шұғыласы  мол  жұлдыздардың   бірі – Бауыржан  Момышұлы.

Ол  елін  сүймесе, халқын  жаудан  қорғауға  бел  байламаса, сол  жолда  ұлы  күрес  майданына  түспес  еді.Бауыржан  Момышұлының  бар  арманы, асыл  мұраты – халық  қамы, ел  тағдыры, тіл  тағдыры  болды.

Мен  қазақпын  жаралған  сүйек, еттен,
Менде  ар  бар, менде  ой  бар  жан  тебіренткен,
Халқымның  қарапайым  бір  ұлымын
Жанымды  арым  үшін  құрбан  еткен, –  деп  халқымызыдың  қаһарман  перзенті, хас  батыры, даңқты  қолбасшы, жауынгер   жазушы  Бауыржан  Момышұлы  жырлағандай, көкірегінде  намыс  оты  лапылдап  тұрған  «қазақ»   деген  атқа  лайық  ер  жүрек  азаматтарды  дәл  қазіргі  уақытта  кездестіру  оңайға  соқпасы  анық. Өйткені  Б.Момышұлы  батыр, дала  дауылпазы  ғана  емес, халқының  аяулы  жүрегінің  төрінен  орын  алған  қайталанбас  тұлға . Дана  Абай  сөзімен  айтқанда:

Сүйер  ұлың  болса, сен  сүй,
Сүйінерге  жарар  ол, – дегендей, елінің  сүйікті  ұлы, от  жүрегі  «Отан»  деп  соққан, ардақты  ұлына  деген  құрметін,  махаббатын  қалың  жұртшылық  мәңгі  сақтайды.

Қан   майданда  да,  жай  майданда  да  Құдайдан  ғана  қорқып, еш  адамнан  ықпаған, өмірде  қандай  қиындыққа   тап  келсе  де  мойымай, нар  жүгін  көтерген, намысы  наркескендей  өткір  Баукең  ғұмыры – жастарды  Отаншыл  рухта  тәрбиелеуге, Қазақстан  патриотизмін  қалыптастыруда  өлшеусіз, баға  жетпес  өнеге  екені  сөзсіз. Бауыржандай  аты  аңызға  айналған  даңқты  ұлын  мақтан  тұтпайтын, хас  батырын  қастерлемейтін  қазақ  баласы  кемде-кем.

Тақыр  жерге  шөп  шықпайды. Батыр да, ақыл  да  негізі  бар  жерден  шығады. Абай  шықпаса, ол  ортадан  кейінгі  Шәкәрім, Мұхтарлар , ал  Сұлтанмахмұт   пен  Қаныш    болмаса  Баянауылдан  шыққан  кейінгі    ғалымдар  мен   қаламгерлер  шоғыры  соншалықты  мол  болар  ма  еді ?

Бауыржан  шыққан  Дулат  тайпасының  Шымыр  руы –  ерлігі  мен  өрлігі  үзілмеген  рулардың  бірі. Тарихқа  үңілер  болсақ, осы  Шымырлардың  рубасы  Байзақ  датқа  болған. Сол  уақыттағы  ағымдағы  көтерілістерді  басқарып  жүрген. Ал  көтерілісшіл  елді  билеушілердің   үнемі  қырына  алып  жүретіндігі, сондықтан  да  бұл  елдің  адамдарының  шындыққа  өте  зәру  болатыны, сырын  бермей  сақ  жүретіні, қысастыққа  шыдамай  шытырая  қалатын  мінезі  бар  болған. Әйгілі  Бөлтірік  шешеннің  «Шымыр  шіреніп  өлтіреді»  дейтіні  дәл  осы  тұсы  болар.Баукеңнің  атасын  өзге  жұрт  «адыр  құлилар»  деп  атайды  екен.Өйткені  олар  басынан  сөз  асырмауға  тырысады  екен  деседі.

Өз  ортасынан  алған  тәрбиесін  Б.Момышұлы  «Ұшқан   ұясында»  асқан  шеберлікпен, жан-жақты  тамаша  суреттеп  жеткізген.Соның  бір  себебі  болар, жазушы  Тахауи  Ахтанов  Б.Момышұлының  атағы  жер  жарған  әскери  қолбасшы  болуының  себебін  анықтау  үшін  батырдың  түп  негізін  Баукеңнің  білім  нәрімен  сусындаған  Кеңес  дәуіріндегі  әскери  мектептен  іздеуді  көздейді.Оны  сезген  Баукең :

– Аптығып  алдымды  орай  берме. Бәрін  рет-ретімен  басынан  бастау  керек. Кез  келген  шындықтың  өз  жөні  бар.«Ұяда  не  көрсең, ұшқанда  соны  ілерсің» – деген  екен.Қаһармандық  эпостың  көбі  қазақта  екені  бесенеден  белгілі.Жыр  кестелерімен  әдемі  өрілген  баға  жетпес  халық  қазыналары  бүкіл  қауымды  әділ  болуға, әділетсіздікпен  күресуге, еңбекқор  болуға  меңзесе,  кейбірі  батырлыққа, Отанын, елін,  жерін  сүюге  баулиды.

Бұдан  ата-бабамыз  өз  ұрпақтарына  жан-жақты  тәрбие  беруге  бар  күшін  салғаны, әсіресе  Отанын  сүюге, оны  жаулардан  қоғауға  ерекше  көңіл  бөлгені  айқын.«Отанды  сүю    отбасынан   басталады» деп  бекер  айтпаса  керек. Қазақ  халқының  жаңа  туылған  баласын :

Айыр  қалпақ  киісіп,
Ақырып  жауға  тиісіп,
Батыр  болар ма  екенсің ?
Қарағай  найза  қолға  алып,
Жауға  тиер  ме  екенсің ?
Қашқан  жауды  артынан
Тура  қуар  ма  екенсің ? – деп  әлдилейтін  бесік  жырынан  бастап,  көптеген  ертегілер  мен  батырлар  туралы  эпостардың  дүниеге  келуі  осының  дәлелі .

Ер  халқымыздың  телегей-теңіз  мол  ауыз  әдебиетінен  Бауыржан  сияқты  қаншама  ұрпақ  үлгі-өнеге  алып,  қиялына  қанат  бітіре   қалықтады  десеңізші. Осындай  жаңа,  терең  мазмұнға, озық  идеяға  ие  ұлттық  әдебиет  жас  ұрпақты  Отансүйгіштік  пен  патриотизм  рухында  тәрбиелеуге  күшті  ықпал  етеді. Сол  себепті  көркем  әдебиет  ғасырларға  созылып,  жалғасқан  жаугершілік  заман  мен   қаһары  қатты  күндерде  халықтың  жан  азығы, рухани  серігі  болды.

Осындай  қазақ  халқының  бай  салт-дәстүрі  мен  әдет-ғұрпын  өзге  жұрт «Абай  жолынан»  оқып  білсе, «Ұшқан  ұяны»  оқыған  адамның    қазақ  халқының   мол  мұрасы  туралы  ұғымы  одан  әрі  нақтылана  түсетіндігі  даусыз.Бұдан  шығатын  қорытынды, Баукең  ел  намысын  осылай  ерте  сезіне  отырып, сол  намысты  қолдан  бермеуге  басынан  бекінген.Ұлт  намысына  айналу  үшін  өз  ортаңның  тәрбиесі  жеткіліксіз.Ұлттық  намыстың  көкіректі  кернеп, кеудеге  сыймай  атқылауы,  қоршаған  ортадағы  табиғат  сыйлаған  тылсым  күшімен  қатар    жора-жолдас, сыныптас, қызметтес, соны – білім  ордасының  тұрмыс – тіршілігі  мен  ұйымдастыру  жүйесі  қатты  әсер  етпек.

Халқының  асыл  қасиеттерін  ана  сүті  арқылы  бойына  әбден  сіңірген  Баукең  өзіне  дейінгі  қазақ  және  орыс    зиялыларының  мұрасын  оқи  отырып, зейінін  берсе  де, ділін  бермеген  қайсар  жан.Сол  себепті  Баукеңнің  ұлттық  рух  пен  ұлттық  намысқа  толы  сұңғақ  та  сымбатты, сұлу, алып  тұлғасынан  дүбаралықтың ешқандай  белгісін  таба  алмайсың.Баукеңнің  тұлғасынан  ұлттық  рух  қалай  есіп  тұрса, интерноционалистігі  де  ұлтжандылығымен  әдемі  үйлесіп  тұр.Осындай  асыл  қасиеттерінің  бірін  мына  бір  оқиғадан  қөруге  болады.Құжатқа  суретке  түсу  үшін  үйіне  фотограф  шақыртады. Құжатқа  керек  суретке  түсіп  болғаннан  кейін, кетіп  бара  жатқан  фотографқа : «Немереміз  екеуімізді  суретке  түсіресің  бе ?  деп  сұрайды.Фотограф  түсіретінін  айтқаны  сол-ақ  екен, ас  бөлме  жаққа  дауыстап:

-Зейнеп,  ана  Ержанды  әкел.Қазақша  киімін  киіндіргін… Баукеңнің  польтосы  мен  төбесі  көкбарқыт  көнелеу  тымағы  да  жетті.Келіні « ата,  тымағыңыз  ескілеу  ғой» дегендей  күбір  етіп  еді, Момышұлы : «Мен  киемін.Мен  не  кисем  де  Момышұлымын !» деп  төтесінен  тартады.Момышұлы  I де, Момышұлы  III те  сатыр-сұтыр  киініп  жатыр.Баукең  костьюмді  шешіп  тастап, жейденің  үстінен  полтьосын, әлгі  ескі  тымағын  баса  киіп алады.Баланың  қазақша  киімі  ол  кезде  ұмытылғын, таңсық  дүние.Ұлттық  киімді  ұлттық  көздің  өзі  жатырқай  бастаған  заман.Басынан аяғына  дейін, шақтап  тіккен  қазақы  киім-кешек.Шынашақтай  қазақ  домаланып  шыға  келеді.Төбесі  қызыл  торғынмен  қапталған  арқаның  тымағы, белінде  сондай  қызыл  жібекпен  күлтелі  шашақты  белбеу.Атасы  да  мейірленіп, ықыласты.Атасы  мен  немересін  де  суретке  басып  алады.

Бұл  жерден  түйетін  нәрсе, нағыз  интернационалист  болу  үшін  бар  болмысыңмен  өз ұлтыңның  өкілі  болуың  керек.Сонымен  қатар  Бауыржан  Момышұлының  тұлғасына  басқалардың  бойынан  табыла  бермейтін  шындықтың  шоғы  мәңгі  өшпестей  ұялаған.Бауыржанды  өзге  батырлардан, командирлер  мен  қолбасшылардан   ерек  етіп  даңқын   асырған  да  осы  шындығы.Оның  өзінен  де, өзгеден  де  талап  ететіні – абсалютті  шындық ! Шындықтың  шапанын  жамылып,  өтіріктің  халыққа  берілген  у  екенін  айтудан  еш  жалықпаған.Абсалютті  шындықты  айта  білсек, сол  кезеңге  ғана  емес, болашаққа, ұрпаққа   үлкен  пайдасын  тигізеді  деп  есептеген.Оның  айтқан  шындығы – берісі  ұлт, мемлекет  деңгейіндегі, әрісі  адамзат  ауқымындағы  шындық. Осылай  шындықтың  шыңынан  көріне  білген  Баукең: «Өтіріктің  балын  жалап  тірі  жүргенше, шындықтың  уын  ішіп  өлген  артық» деп  сөзден  түйін  түйген.Сол  себепті  қазақ  Бауыржанды  «Жан, Ар, Тау»  деп  шынайы  бағалай  білген.Пенде  болғаннан  кейін  Баукеңе  табынушылар  да, керісінше  ізін  қуушыларда  болған.Бір  кездесуде  Олжас  Сүлейменовтың   «Қазақтардың  ішінде  маған  қатты  әсер  еткен, идеал  етіп  ұстанған  адамым  Бауыржан  Момышұлы  ғана  болды»  деуі  тегін  емес.«Жүрегінің  түгі  бар»  деп,  қазақ   жауға  шапқандарды  ғана  емес, сөз  саптағандарды  да  айтқан. Оның  бұған  дейінгі   дәлелі: «Ақиқатты  айтқаннан   асқан  ерлік  жоқ»  деген  екен  Кебекбай  би. Баукең  осылай  халқының  бірнеше   толқын  жасына  идеал  болып, рухын  жандандырып, қанат  бітірді.

Иә, екінші  дүниежүзілік  соғыс     ақын-жазушылар  шығармаларының  бірден-бір  тақырыбы – кешегі  алапат  соғыстың  адамзатқа  әкелген  қасіреті  мен  соны  жеңіп  шығуға  ұмтылған  ұлы  адамдақ  күш  туралы  болуы  заңды  құбылыс.Кейінгі  ұрпақтың  бейбіт  болашағы  үшін  жаумен  жан  аямай  шайқасқан  батыр  Бауыржанның  Ұлы  Отан  соғысы  кезіндегі  ерлік  істері  мен  артында  қалдырған  мол   жазушылық  мұралары  ұрпқтан-ұрпаққа  үлгі-өнеге  болып  жалғаса  берері  сөзсіз.Батыр  халқымыздың  Мәскеу  түбіндегі  шайқасы, Сталинград  эпопеясы, Курскі  иіні, Днепр  үшін  арпалыс, ақыр  соңында  фашист  жендеттерінің  қамалы  Берлинге   шабуылы – бұлардың  бәрі  халқымыздың  ерлікке  толы  шежіре  беттері.

Қазақстанда  жасақталған  генерал-майор  И.В.Панфилов  атындағы  8-  гвардиялық  атқыштар  дивизиясы  Мәскеуді  қорғау  күндерінде  Ұлы  Отан  соғысының  тарихына  мәңгі  өшпейтін  ерлік  беттерін  жазды. Бұл  шайқаста  батырға  тән   батылдығымен, ерен  ерлігімен, қылыштай  кесіп  түсетін  шыншылдығымен  көзге  түсіп, даңққа  бөленген, жасы  отыздың  үстіне  жаңа  шыққан  жас  жігіт  Бауыржанның  аты  нақ  осы  кезде  шыққан  еді.Генерал  Панфилов  Бауыржан  батальонын «отқа  салса  күймейтін, суға  салса  батпайтын  батырлардың  жасағы»  деп  қалжыңдап  айтса  да, бұл  сөздің  төркінінде  шынайы  шындық  жатыр.

Міне, сол  ауыр  күндердегі  елім  деп  туған  ерлердің  ел  намысы, Отан  үшін, ел  бақыты  үшін  арпалысып, қан  майданда  қыршыннан  қиылғандардың  да, есен-сау  абыроймен  оралғандардың  да  ерліктері  елеусіз,  ескерусіз  қалған  жоқ.

…Ұрпақ  атар  сексен  мен  жүздігімді,

Тарихтың  түкпірінен  сөз  келгенде, – деп  Баукең  шындықты  алдын  ала  көзі  тірісінде  айтып  кеткен. 2010  жылы  Бауыржан  Момышұлының  100  жылдық  мерейтойын  Республика  көлемінде  тойлап,  атап  өттік.

Бауыржан  Момышұлының  кіндік  қаны  тамған   Жуалы  топырағында  оның  Мемориалдық  мұражайының  ашылуы, аудан  орталығы   Бурный  селосына  аты  берілуі, көше, білім  ордаларының  батыр  атымен  аталуы  арыстандай  айбатты, жолбарыстай  қайратты, батыр  жазушыға  деген  үлкен  құрмет. Батырға  деген  тағы  бір  баға  жетпес  асыл  мұра – 2007  жылы  Жуалы  ауданында  орнатылған  ескерткіш.Бұл  хас  батырға  орнатылған  ескерткіштердің  баға  жетпес  тәрбиелік  мәнінің  бір  жағы  ғана.Ескерткіш – бүгінгі  және  келер  ұрпаққа  өнеге. Ол – тарих.Бір  күндік  емес  мәңгілік.Көп  нәрсені  ескертеді, есіңе  салады.Оның  қасынан  өткен  жан  әрқашан  басын  иіп, ауыр    күндердің  тарихын  еске  түсіреді. Бұл  күндер  де  келмеске  кетті, аңызға  айналды.Баукеңнің  даңқы  ғасырдан  ғасырға  өтетініне  сенемін.

Халық  нақылы  негізінде  батыр  атамызға  Имаш  атасының  берген  дауасы  тиген  деседі.Баукеңнің  қай  кезде, қандай  жағдайда  айтқан  сөздері  болмасын  елді  бірлікке,бірлесіп  тіршілік  етуге  үндейді, халықтың  дінін, тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін  сақтауға  шақырады. Бауыржан  атамыздың  ақ  алмастай  өткір  сөздері  ешқашан   да  маңызын  жоймақ  емес.

Check Also

Тарих-9. Индустрияландыруға бағыт алу және оның барысы.

Сембаева Алия. Жамбыл облысы Шу қаласы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі. Үй …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.