Информатика 8-сынып. Сабақ жоспарлар жинағы.

Сынып: 8 Өтілетін күн: 01.09 Сабақ № 1
Сабақтың тақырыбы:
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Ақпарат ұғымын, түсінігін, мағынасы мен түрлерін үйрету
2. Дамытушылық: ой-өрісін дамыту.
3. Тәрбиелік: тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Пән аралық байланыс: экономика
Сабақтың көрнекілігі: дербес компьютер, оқулық

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару
2. Үй тапсырмасын тексеру:
3 Алғашқы көмек деп нені айтамыз?
4 Монитор мен көздің ара қашықтығы қанша сантиметр болуы керек?
5 Адамды тоқ ұрғанда не істеу керек?
6 Компьютерде жұмыс бастар алдында оқушының міндеттерін атаңыз?
7 Көзге қандай жаттығуларды білесіздер?

Жаңа сабақ

Қоғамның қазіргі кездегі дамуының ең басты белгісі – бұл өндірістің, тұтынудың және адам әрекетінің барлық салаларында ақпарат жинаудың артуы болып табылады. Адамның бар өмірі – қалай да болсын – ақпарат алу, жинау және өңдеумен байланысты. Адам не істесе де: кітап оқығанда, теледидар көргенде, сөйлескенде – ол әрқашан үздіксіз ақпарат алады және оны өңдейді.

«Ақпарат» термині латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін «information» сөзінен шыққан. Бұл терминнің кең тарағанына қарамастан, ақпарат түсінігі ғылымдағы ең көп пікірталас тудырған түсініктердің бірі болып табылады. Қазіргі кезде ақпарат түсінігінің дәл анықтамасы жоқ, көптеген жағдайларда ол интуициялық болып келеді және оған адам әрекетінің әр түрлі салаларында әр түрлі мағына беріледі.

Қазіргі кезде ақпарат түсінігін айқындайдың кең таралған үш теориялық жолы бар. Олардың әрқайсысы оның мағынасын өзінші түсіндіреді.

Бірінші теориия (К.Шенон) сандық-ақпараттық тұрғыдан қарастырады да, ақапаратты оқиғаның анықталмағандығының өлшемі ретінде айқындайды. Бұл теория ақпараттың мағыналық жағын ескермесе де, хабарды оңтайлы кодтау немесе ақпаратты өлшеуге негіз болды да, байланыс техникасы мен есептеуіш техникасында өте пайдалы болып шықты.

Екінші теория ақпаратты материяның қасиеті ретінде қарастырады. Оның пайда болуы кибернетиканың пайда болуымен байланысты және адам немесе аспап қабылдайтын кез келген хабарламада ақпарат болады деген пайымдауға негізделген. Яғни ақпарат материя қасиеті ретінде оның табиғаты мен құрылымы, реттелуі, көп түрлілігі және т.б. туралы түсінік береді.

Үшінші теория – мағыналық тұрғыдан негізделген, ол бойынша ақпарат білім ретінде және кез келген білім емес, оның бағдарлау үшін, белсенді әрекет жасау үшін, басқару және өзін-өзі басқару үшін пайдаланылатын бөлігі ретінде түсіндіріледі. Басқаша айтқанда, ақпарат – бұл білімнің әрекеттегі, пайдалы, «жұмыс істеуші» бөлігі.

Ақпаратты алу дегеніміз – бізді қоршаған орта құбылыстар мен нысандардың өзара байланыстары, құрылымы немесе олардың бір-біріне қатысуы жөнінде нақты мағлұматтар мен мәліметтер алу деген сөз.

Мысалы, сабақ үстінде мұғалім жаңа ақпаратты оқушыларға жеткізеді, ал оқушылар оны қабылдап, мағынасын түсініп, естерінде сақтайды және жауап береді.

ЕТ-да ақпараттың өлшем бірлігі үшін «бит» және «байт» алынған.

Байт – 8 биттен тұратын тізбек, бір символды белгілейтін код. Іс жүзінде байттан үлкен килобайт, мегабайт, гигобайт өлшемдері пайдаланылады.
1 байт – 8 бит =23 бит.
1 Кбайт – 1024 байт =210 байт.
1 Мбайт – 1024 Кбайт =220 байт.
1 Гбайт – 1024 Мбайт =230 байт.

Ақпараттың негізгі объектісі, яғни оның беретін шикізаты мен беретін өнімін ақпарат болып саналады. Сондықтан ақпарат ұғымы информатика мен ЭЕМ-де жұмыс істеудің ең түбегейлі атауларының бірі болып есептеледі.

1. Ақпаратты қабылдау тәсілі бойынша:
– көз (түстерді ажырату, мәтіндік, сандық, графиктік ақпараттарды алады);
– есту;
– иіс, дәм сезу;
– саусақпен;
– сезім мүшелері.

2. Ақпараттың берілу түрі бойынша біз тек техникалық құрылғылар «түсінетін» ақпаратты қарастырайық:
– мәтіндік ақпарат (кітап, газет, телефон)
– сандық ақпарат (көбейту кестесі, хоккей матчытының есебі)
– графикалық ақпарат (сурет, схема, сызба)
– музыкалық ақпарат.

Информатика – түрлі ақпараттарды өңдеп, сақтап, талдап және жан-жақты тарату жолдарын зерттеп, оқытып, үйрететін ғылым.

4. Сабақты қорытындылау.

Ал, оқушылар бүгінгі сабақта ақпарат түсінігін, мағынасын, қызметі мен түрлерімен таныстыңыздар. Сонымен бекіту сұрақтары арқылы сабағымызды қорытындылайық. 1) Ақпарат термині қандай мағына береді?
2) Ақпараттың информатика ғылымында қандай рөл ойнайды?
3) Ақпараттың өлшем бірліктерін айтыңыз?

5. Үйге тапсырма
§1 Ақпарат және оның түрлері атты тақырыпты оқып келу.

 

Сынып: 8 Өтілетін күн: 08.09 Сабақ № 2
Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты кодтау. Санау жүйелері. Сандардың бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне ауыстыру.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: санау жүйесінің ұғымын, түрлерін үйрету
2. Дамытушылық: ой-өрісін дамыту.
3. Тәрбиелік: тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Пән аралық байланыс: математика
Сабақтың көрнекілігі: дербес компьютер, оқулық

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару
2. Үй тапсырмасын тексеру:
3. Ақпарат сөзіне қандай мағына бересіз?
4. Адам ақпараттың қандай түрлерін қабылдай алады?
5. Ақпарат алынатын ақпарат көздерін атаңыз.
6. Ақпараттың өлшем бірліктері қандай?
7. Адам ақпаратты қалай сақтайды?

Жаңа сабақ

Сан ұғымы – математикадағы сияқты информатиканың да іргелі негізі. Егер математикада сандарды өңдеу әдістеріне көп көңіл бөлінетін болса, информатикада сандардың берілу әдістерінің маңызы ерекше, өйткені солар ғана жадының қажет ресурсын, есептеу жылдамдығы мен қателіктерін айқындайды.

Сандарды арнайы символдар көмегімен бейнелейміз. Сандарды атау және жазу тәсілі санау жүйелері деп аталады.

Санау жүйелері позициялық және позициялық емес деген екі топтан тұрады. Позициялық емес санау жүйесінде сан цифрының тұрған орнының ешқандай мағынасы жоқ. Мысалы, Римдік санау жүйесіне қатысты ХХХ санында Х цифры кез-келген позицияда 10 (он) деген мағынаны береді.

Позициялық емес санау жүйесінде арифметикалық амалдарды орындау күрделі болғандықтан барлық есептеулер позициялық санау жүйесінде іске асады.

Позициялық санау жүйесінде цифрдың мағынасына оның тұрған жерінің ролі зор. Позициялық санау жүйесінің негізі болып жүйедегі пайдаланылатын цифр сандары табылады.

Позициялық санау жүйесі төмендегі санау жүйелерінен тұрады:
1) ондық санау жүйесі (0,1,2,3,4,5,6,7,8,9);
2) екілік санау жүйесі (0,1);
3) сегіздік санау жүйесі (0,1,2,3,4,5,6,7);
4) оналтылық санау жүйесі (0,1,2,3,4,5,6,7,8,9, A, B, C, D,E, F).
5) Ондық санау жүйесі.

Мектеп қабырғасында 10-дық санау жүйесінде жұмыс істедік. Санау жүйесінің 10-дық деп аталатын себебі, бұл жүйенің негізі 10 саны болып есептеледі. Бұл жүйеде сан енгізу үшін төмендегі цифрлар пайдаланылады:0,1,2,3,4,5,6,7,8,9.

Санның цифрына бөлінген позиция – дәреже деп аталады.

Мысалы, 425 жазуы – сандардың 4 жүздік, 2 ондық, 5 бірлік дәрежеден тұратынын білдіреді.

Осы цифрларды басқа тәртіпте жазайық, мысалы, 524 – онда бұл сан 5-жүздік, 2-ондық, 4-бірліктен тұрады.

Барлық сандар үшін негіз болатын сан цифр позициясына байланысты дәреже көрсеткішіне келтіріледі және сол санға көбейтіледі. Бірлік дәрежедегі негіздің дәреже көрсеткіші 0-ге, ондық дәрежедегі негіздің дәреже көрсеткіші – 1-ге, жүздік дәрежедегі негіздің дәреже көрсеткіші – 2 және т.с.с.

Егер сан бөлшек түрінде берілген болса, бұл санды да негізгі байланысты қосынды түрінде жазуға болады. Бөлшек бөліміндегі сандардың дәреже көрсеткіші кері таңбамен беріледі және бөлшек бөліміндегі ең үлкен сан дәреже көрсеткіші – -1-ге, келесісі – -2-ге т.с.с. болады.

Мысалы, 52410 және 384,950610 сандарын ондық санау жүйесінің қосындысы түрінде жазатын болсақ:

Бұл өрнектегі 10 саны – санау жүйесінің негізі.
384,950610=3*〖10〗^2 + 8*〖10〗^1 + 4*〖10〗^0 + 9*〖10〗^(-1) + 5*〖10〗^(-2) + 0*〖10〗^(-3) + 6*〖10〗^(-4);

2) Екілік санау жүйесі

Компьютерде позициялық негізі 2 болатын екілік санау жүйесі қолданылады. Екілік санау жүйесінде кез-келген сан 0 және 1 цифрларының көмегімен жазылады және екілік санау жүйесі деп аталады. Берілген санның индексінде 2 саны көрсетілсе ол – екілік санау жүйесі.

Екілік санның барлық цифрын (дәрежесін) бит деп атаймыз.

Ондық санау жүйесіндегі сияқты екілік санау жүйесінде де кез-келген санды қосынды түрінде жазуға болады.
Мысалы,
1010101,1012 = 1*2^6 + 0*2^5 + 1*2^4 + 0*2^3 + 1*2^2 + 0*2^1 + 1*2^0 + 1*2^(-1) + 0*2^(-2) + 1*2^(-3);

Анықтама: “Екілік санау жүйесінен санды 10-дық санау жүйесіне ауыстыру үшін, коэффициент-цифрлардың екілік дәреже көрсеткіштерінің қосындысы түріне келтіріп және оның қосындысын табу керек. Қосындыдан кейінгі шыққан сан – 10-дық санау жүйесіне келтірілген сан.”

4. Сабақты қорытындылау.
Сонымен сан ұғымы – математикадағы сияқты информатиканың да іргелі негізі. Информатикада сандардың берілу әдістерінің маңызы ерекше, өйткені солар ғана жадының қажет ресурсын, есептеу жылдамдығы мен қателіктерін айқындайды. Бекіту сұрақтары арқылы сабақты қорытындылайық.

1. Санау жүйесі деп нені айтады?
2. Позиялық санау жүйесінің позициялық емес санау жүйесінен айырмашылығы неде?
5. Үйге тапсырма. Тақырыпты оқып келу. №1,2,4 есептерді шығару.

 

Сынып: 8 Өтілетін күн: 15.09 Сабақ № 3

Сабақтың тақырыбы: Сандарды санаудың бір жүйесінен басқа жүйесіне ауыстыру.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: санау жүйесінің сегіздің, оналтылық санау жүйесінің түсінігін, есеп шығаруды үйрету.
2. Дамытушылық: ой-өрісін дамыту.
3. Тәрбиелік: тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Пән аралық байланыс: математика
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, оқулық, карточка

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару
2. Үй тапсырмасын тексеру:
3. Ақпарат сөзіне қандай мағына бересіз?
4. Адам ақпараттың қандай түрлерін қабылдай алады?
5. Ақпарат алынатын ақпарат көздерін атаңыз.
6. Ақпараттың өлшем бірліктері қандай?
7. Адам ақпаратты қалай сақтайды?

Жаңа сабақ

Сегіздік санау жүйесі, яғни негізі 8 болатын санау жүйесінде сандар сегіз цифрдың көмегімен өрнектеледі: 0, 1,2, 3, 4, 5, 6, 7. Мысалы, 357 сегіздік санында жеті бірлік, бес сегіз және үш сегіздің квадраты бар, яғни 3578=3*82+5*8’+7*8°, мұнда 357 санының индексі “8” санау жүйесін білдіреді. Жазылған қосындыда ондық жүйенің ережесі бойынша арифметикалық әрекеттерді орындай отырып, 3578=23910 аламыз, яғни 357 сегіздік саны 239 ондық санға сәйкес келеді.

Екілік санау жүйесін компьютерден тыс жерде қолдансақ ол өте үлкен сан болады. Мысалы, 89512810 = 110110101000100110002

Екілік санау жүйесін қысқаша пайдалану үшін он алтылық санау жүйесін қолданамыз, бұл санау жүйесінің негізі – 16 саны болып табылады.

Он алтылық санау жүйесінде 10-дық санау жүйесінің цифрлары, ал жетпеген цифрлардың орнына латын алфавитінің әріптерін қолданамыз, яғни A – 10, B – 11, C – 12, D – 13, E – 14, F – 15.

Сонымен, ондық жүйенің бірлік барлық цифрлары және бұдан басқа алты латын әрпі оналтылық санау жүйесінің «цифрлары» болып табылады.

Оналтылық санау жүйесінің барлық цифрларын келтірейік:
0, 1,2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 A, B, C, D, E, F

Оналтылық санау жүйесінде F санынан кейін ондық жүйеде 15 + 1 = 16 дегенге сәйкес F+1 саны келеді.

Мысалы,
3E5A116 = 3*〖16〗^4 + E*〖16〗^3 + 5*〖16〗^2 + A*〖16〗^1 + 1*〖16〗^0 = 3 * 65536 + 3 * 4096 + 5 * 256 + 10*16+1*1= 25539810

Тапсырма:
1. Сандарды сегіздік санау жүйесінен ондық санау жүйесіне ауыстырыңыз:
а) 5558; в) 2358;
ә) 6368; г) 7318;
б) 2378; д) 3548.

Жауаптары:
А) 5558=5*82+5*81+5*80=5*64+5*8+5*1=320+40+5=36510
Ә) 6368=6*82+3*81+6*80=6*64+3*8+6*1=384+24+6=41410
Б) 2378=2*82+3*81+7*80=2*64+3*8+7*1=128+24+7=15910
В) 2358=2*82+3*81+5*80=2*64+3*8+5*1=128+24+5=15710
Г) 7318=7*82+3*81+1*80=7*64+3*8+1*1=448+24+1=47310
Д) 3548=3*82+5*81+4*80=3*64+5*8+4*1=192+40+4=236

№2. Сандарды он алтылық санау жүйесінен ондық санау жүйесіне ауыстырыңыз:
а) 9116; в) 23516;
ә) 4016; г) 7С3116;
б) 5А16; д) Ғ54І6.

Жауаптары:
а) 9116=9*〖16〗^1+1*〖16〗^0=144+1=14510
ә) 4016=4*161+0*160=64+0=6410
б) 5А16=5*161+10*160=80+10=9010
в) 23516=2*162+3*161+5*160=2*256+3*16+5*1=512+48+5=56510
г) 73116=7*163+12*162+3*161+1*160=3*4096+12*256+3*16+1*1=12288+3072+48+1= 1540910
д) Ғ54І6=16*162+5*161+4*160=16*256+5*16+4*1=4096+80+4=418010

4. Сабақты қорытындылау.
Сіздер бүгінгі сабағымызда санау жүйесінің сегіздік және оналтылық түрлерімен таныстыңдар. Есептерді шығаруға үйрендік. Бекіту сұрақтары арқылы сабақты қорытындылайық.

1) Санау жүйесі деп нені айтады?
2) Сегіздік санау жүйесінің оналтылықтан айырмашылығы неде?

5. Үйге тапсырма.
Тақырыпты оқып келу. 16 беттегі №1 есепті шығару.

 

Сынып: 8 Өтілетін күн: 22.09 Сабақ № 4
Сабактың тақырыбы: Екілік сандарға амалдар қолдану.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Екілік жүйеде орындалатын орифметикалық
амалдарды үйрету, информатика пәнінің мақсатын ұғындыру.
Дамытушылық: Оқушылардың санау жүйесі жайындағы ой-өрістерін дамыту және жылдам есептеуге үйрету
Тәрбиелік: Оқушыларды пәнге қызықтыру, ұқыптылыққа, әдептілікке тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі ОТК/оқытудың техникалық құралдары/Компьютер Pentium IV, принтер, сканер, модем. Әдебиеттер: мектеп оқулықтары О.Камардинов
Информатика, О.Сейтқұлов Информатика, Балапанов, Бөрібаев 30сабақ
ИФМ, Алгоритм, Инфориатика негіздері, Репетитор, карточкалар.

Сабақтың барысы

II.Жаңа сабақты баяндау
Екілік санау жүйесінде арифметикалық амалдар ондық жүйедегі ережелер бойынша орындалады, айырмашылығы – санау жүйесінің негізі екіге тең және тек екі цифр ғана пайдаланылады.

ҚОСУ. Қосу амалын карастырайық. Екілік санды қосу тасымалдау арқылы сәйкес разрядтарды қосуға әкеледі.
Екі екілік санды қосу кезінде мынадай төрт ереже қолданылады:
Мысалы,
101
+ 011
1000 алынады.
Сонымен, 10002=810.

Қосу – екілік арифметикадағы маңызды амал. Компьютердегі екілік сандармен жүзеге асатын басқа үш амал – азайту, көбейту, бөлу әдетте қосудың көмегімен орындалады.

АЗАЙТУ. Екілік санды азайту кезінде:
Мысалы, 1010-101 екілік санның айырмасын табу. Кіші разрядтан бастап азайтуды бағанмен орындаймыз:
1010
– 101 Азайту процесін кезеңімен қарастырайық:

1) Кіші разряд үшін 0-1 бар. Сондықтан үлкен разрядтан бірлікті аламыз және 10-1=1.
2) Келесі разрядта 0- 0= 0 болады.
3) Сол жақтағы разрядта тағы да 0-1 болады. Үлкен разрядтан 1-ді аламыз және 10-1=1
4) Келесі разрядта 0 қалады.
5) Нәтижеде: 1010
– 101
101 алынады.

КӨБЕЙТУ. Екілік сандарды көбейткенде мыналарды есте сақтау керек:
101 Тексеру: 1012=1*22+0*21+1*20=510
110 1102=1*22+1*21+0*20=610
000
101 Ж/бы: 111102=1*24+1*23+1*22+1*21+0*20=3010
101
11110
БӨЛУ. Екілік санау жүйесінде бөлу – ондық жүйедегі (бұрыштап) сатылап бөлу сияқты орындалады. Екілік жүйеде бөлу мейлінше оңай орындалады, өйткені бөліндінің кезекті цифры тек нөл немесе бірлік қана қалады.

Мысал. 30 санын 5 санына бөлейік. Ол үшін 3010 санын екілікке 111102-ге ауыстырайық.
510=101-ге сатылап бөлуді орындайық.
11110 101
101 11 1102= 610 нәтижесін алдық.
101
0

4. Сабақты қорытындылау: Екілік санау жүйесінде арифметикалық амалдардың қызметін, яғни қолданылуын қарастырдық. Бекіту сұрақтарымен сабақты қорытындылайық.

5.Үйге тапсырма: тақырыпты оқып, түсінік айту 1,2-есеп, 24-27бет.

Сынып: 8 Өтілетін күн: 29.09 Сабақ № 5
Сабақтың тақырыбы: Логика дегеніміз не. Логика түрлері. Пікірлер алгшебрасы.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Логикалық пікірлердің түрлерін түсіндіру және ол жайындағы түсініктерді үйрету.
Дамытушылық:Оқушылардың логикалық пікірлер жайындағы ой-өрістерін дамыту және жылдам есептеуге үйрету
Тәрбиелік:Оқушыларды пәнге қызықтыру, ұқыптылыққа әдептілікке тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі:ОТК/оқытудың техникалық құралдары/ Компьютер PentiumIY,
Принтер,сканер,модем,Әдебиеттер:Мектеп оқулықтары,
О.Камардинов «Информатика»,О.Сейтқұлов «Информатика
Балапанов.Бөрібаев «30 сабақ», ИФМ, Алгоритм,
Информатика негіздері,Репетитор,карточкалар.

Сабақтың барысы

р/қ Сабақтың негізгі бөліктері уақыт Мұғалімнің іс – әрекеті Әдістер және формаларды пайдалану

1 Ұйымдастыру кезеңі мин Оқушылардың назарын сабаққа аудару,сыныптың сабаққа дайындығын тексеру Оқушылырдың назарын сабаққа аударып,сыныптың сабаққа дайын-дығын тексеру. Тақтаның тазалығы мен оқушылардың оқу құралдарын түгендеу
2 Өткен сабақты қайталап

Оқушының танымдық қабілетін ояту мин Өткен сабақты сұрау,жалпы сұрақтарға жауап беру,жеке карточка
1) Екілік сандарды қосу барысындағы сүйенетін ережені ата?
2) Екілік сандармен қандай амалдар орындай аламыз?
3) Сегіздік санау жүйесінің сандарын ата?
4) Он алтылық санау жүйесінде қандай сандар бар?
5) Екілік сандарды қалай бөлеміз?

3. Жаңа сабақты баяндау:

ЭЕМ қатысуымен шешілетін есептердің арасында дәстүр бойынша логикалық деп аталатын мұндай есептер аз емес.

Логикалық дегеніміз –адамның ойлау нысандары мен заңдары туралы, нақты айтқанда , дәлелді пікір заңдары туралы ғылым.

Ғылыми пән ретінде логиканың бірнеше нұсқалары дараланады: формалды логика, математикалық, логика, ықтималды логика, диалектикалық логика және т.б.

Әр түрлі кестелерді жасау, қарама-қайшы түйіндерді шешу және басқа да көптеген жағдайларда адамдар логиканың көмегіне жүгінеді.

Формалды логика сөйлеу тілімен білдіретін біздің кәдімгі мазмұнды пікірімізге талдау жасаумен байланысты.

Математикалық логика формалды логиканың бір бөлігі болып табылады және ол кесіп – пішіп, айқындалған объектілермен пікірлердің ақиқаттығын немесе жалғандығын бір жақты шешуге болатын дәйектемелерді ғана үйретеді.

Математикалық логика саласы,алгебралық қисын секілді, информатикада да жақсы меңгеріледі. Қазіргі уақытта алгебралық қисынның негізгі операцияларына қосылмаған бір де бір программалау тілі жоқ.

Есеп. Өзеннің жағасында қайығы бар шаруа, ал оның жанында қасқыр, ешкі және қырыққабат тұр. Шаруа өзі екінші жағалауға жүзіп өтуі және қасқырды,ешкіні, қырыққабатты сонда алып баруы қажет. Алайда қайыққа шаруадан басқа, не тек қасқыр, не тек қана ешкі, не тек қана қырыққабат сияды. Мұндай жағдайда шаруа не істеуі керек?

Талқылап көрейік:
1.Егер қасқырды алып кетсе, онда ешкі қырыққабатты жеп қояды.
2.Егер қырыққабатты алып кетсе, онда қасқыр ешкіні жеп қояды.
3.Ендеше ең алдымен ешкіні алып өту керек, өйткені қасқыр қырыққабатты жемейді, ал содан кейін қайтып келіп…
4.Өз бетіңізбен логикалық талқылауды ақырына дейін жеткізіңіз.

Компьютерде бұл есепті шешу кезінде программада шартты қолдану жолымен логикалық операциялар пайдалануы қажет.

Пікірлер дегеніміз – жалған немесе ақиқат болатын кейбір пайымдаулар.

Мысалы, «ақ қар» , «2*2=4» пікірлері ақиқат, ал «жер тегіс» , «2*2=5» пікірлері жалған. Әдетте, біз бақылайтын фактілер ақиқатқа қабылданады. Жалған пайымдаулар көбіне жиі талқлаулардағы немесе сөйлемдердегі қателерден немесе қалауды шындықтың орнына беруге ұмтылудан пайда болады.

Пікірлер жалпы және жеке болып бөлінеді. Қиын жағдайларда сұрақтардың жауабы және немесе емес жалғаулары арқылы құрамды пікірлермен көрсеттілерді. Мысалы, «Мына оқушы ақылды және зерек» пікірі екі қарапайым: «Мына оқушы ақлыды» және «Мына оқушы зерек» пікірлерне тұратын пікір болып табылады.

4. Сабақты қорытындылау: ЭЕМ қатысуымен шешілетін есептердің арасында дәстүр бойынша логикалық деп аталатын мұндай есептер аз емес екен. Бекіту сұрақтарымен сабақты қорытындылайық.

1) Логика дегеніміз не? Қандай түрлерін білесін?
2) Пікір дегеніміз не?

5.Үйге тапсырма: тақырыпты оқып, түсінік айту 1,2-есеп, 24-27бет.

 

Сынып: 8 Өтілетін күн: 13.01 Сабақ № 17
Cабақтың тақырыбы: MS Word мәтіндік процессоры. Негізгі түсініктер. Word іске қосу. Мәтіндік құжатты құру және сақтау.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: MS Word мәтіндік редакторында жұмыс істеуді үйрету.
2. Дамытушылық: ой-өрісін дамыту.
3. Тәрбиелік: тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: экономика
Сабақтың көрнекілігі: электронды оқулық, дербес компьютер.

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару.
2. Үй тапсырмасын тексеру:
3. Мәтіндік редактор дегенміз не?
4. Тақырып жолы қандай қызмет атқарады?
5. Меню жолында не орналасқан?
6. Стандарт, пішімдеу үстелі қандай қызмет атқарады?
7. Сызғыш қандай қызмет атқарады?

Жаңа сабақ.

Бекіту сұрақтары:
1. Пішім дегеніміз не?
2. Стандартты құралдар үстелінде қандай жұмыс атқарады?
4. Сабақты қорытындылау.

5. Үйге тапсырма.
§ MS Word мәтіндік редактор.

 

Сынып: 8 Өтілетін күн: 06.10 Сабақ № 6
Cабақтың тақырыбы: Қазіргі заманғы. Дербес компьютерлер мен оның құрамдас бөліктерінің түрлері.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың мақсаты:

1. білімділік: ДК -мен жұмыс істеуді үйрету.
2. Дамытушылық: ой-өрісін дамыту.
3. Тәрбиелік: тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: физика
Сабақтың көрнекілігі: электронды оқулық, дербес компьютер.

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару.
2. Үй тапсырмасын тексеру:
3. Логикалық көбейту деп нені айтады?
4. Дизъюнкция дегеніміз не?
5. Логикалық теріске шығару деп нені айтады?
6. Санау жүйесі дегеніміз не?
7. Логика дегеніміз не?

Жаңа сабақ.

Дербес компьютердің құрамына кіретін жабдықтарды қажетіне қарай өзгертіп отырады. Оның құрамына кіретін құрылғыларды компьютердің конфигурациясы деп атайды. Компьютерді сатып алғанда оның құрамына енетін жабдықтарды негізгі конфигурация деп атайды. Негізгі конфигурация үнемі өзгеріп отырады. Қазіргі кезде келесі төрт құрылғы негізгі конфигурация ретінде қарастырылады:

*жүйелік блок;
*дисплей немесе монитор;
*пернетақта;
*тышқан.
*Жүйелік блок.

Компьютердің ең негізгі құрылғысы – жүйелік блок. Ол тік қораптың ішіне салынған. Оның ішінде дербес компьютердің негізгі түйіндері орналасқан. Жүйелік блоктың құрамына процессор, жедел жад (RAM), тұрақты есте сақтау құрылғысы, қоректендіру блогы, енгізі-шығару порттары және ақпарат тасушылар енеді.

Жүйелік блоктың ішінде жатқан құрылғылар ішкі құрылғылар, ал сыртына қосылатын құрылғылар сыртқы құрылғылар деп аталады.

Монитор.
Монитор – мәліметтердің бейнесін шығаруға арналған құрылғы. Компьютерден кез-келген мәліметті монитордың экранына шығаруға болады. Монитор негізгі шығару құрылғыларының бірі болып табылады. Оның негізгі тұтыну параметрлері: экранның мөлшері, экран қалқасының қадымы, бейнені жаңартудың максималдық жиілігі, қорғау класы.

Экранның мөлшері оның диагоналінің өлшемімен анықталады. Өлшеу бірлігі ретінде дюйм қабылданған. Экранның стандартты мөлшерлері: “14”, “15”, “17”, “19”, “20”, “21”. Графикалық кескіндермен жұмыс істеу үшін 19-21 дюймді мониторларды пайдаланған тиімді.

Пернетақта.
Пернетақта – дербес компьютерді басқаратын пернелік құрылғы. Ол алфавиттік-цифрлық мәліметтерді енгізуге арналған. Монитор мен пернетақтаның бірігіп қызмет атқаруын қолданушы интерфейсі деп атайды.

Пернетақта ДК-дің стандартты құрылғыларының қатарына жатады.
Пернетақтаның құрылымы:
1. латын алфавитiнiң әрiптерi (26 әрiп);
2. Орыс алфавитiнiң әрiптерi (32 әрiп);
3. цифрлар 0-ден 9-ға дейiн;
4. амал белгiлерi -, +, /, *;
5. басқа арнайы белгiлер.

Функционал пернелер тобына пернетақтаның жоғарғы бөлігінде орналасқан он екі перне кіреді (F1-F12). Бұндағы әрбір перне қандай да бір функионалдық қызмет атқарады.

Тышқан.
Тышқан – графиктік меңзермен басқарылатын құрылғы. Екі немесе үш батырмасы бар жазыңқы қорапша тәріздес. Тышқанның жазық беттегі қозғалысы экрандағы тышқан нұсқағышы деп аталатын графиктік объектінің қозғалысымен байланыстырылған.

Монитор мен тышқан бірігіп қолданушы интерфейсінің жаңа түрі – графиктік интерфейсті құрайды. Тышқанның көмегімен объектілірдің қасиеттері өзгертіліп, басқару элементтері әрекетке келтіріледі.

Сабақты қорытындылау.

Міне балалар біз бүгін дербес компьютердің құрылғыларымен таныстық. Сонымен қатар ол құрылғылардың атқаратын қызметімен таныстық.
Бекіту сұрақтары:
1) ДК құрылғылатын ата?
2) Компьютердің қосымша құрылғылатын ата?
3) Комьютердің негізгі құрылғылатын ата?

Үйге тапсырма.
§ 10. ДК туралы жалпы түсінік

Check Also

Аудандық олимпиада. ІІ-тур. 2016-2017 оқу жылы.

D есебі 5 бүтін сандар берілген. Осы сандардың арасынан төртеуін таңдағандағы қосындының ең үлкен жəне …

2 комментария

  1. өте жаксы жазылған

  2. өте жаксы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.