Бастауыш. «Қызыққа толы бұл әлем»

Исбаева Құралай Дүйсенқызы. Бастауыш сынып мұғалімі ШҚО Жарма ауданы «Қызылағаш орта мектебі» КММ

kuralaiIsa000Мақсаты: Балалар әлеммен таныстыра отырып, маңыздылығын түсіндіру. Қоршаған ортаға деген (қызығу) танымдарын, қызығушылықтарын арттыру. Тілдерін, ойларын дамыту.
Әдіс – тәсіл: Сұрақ – жауап, ақыл – кеңес.
Көрнекілік: күн суреті, гүлдер.
1. Шаттық шеңбер.

Сәлеметсіңдер ме балалар? Сендермен қауышқаныма қуаныштымын.Бүгінгі күніміз қызықты болсын.

Балаларды шеңберге тұрғызу.

Мұғалім:
Таңертең де күнге қарап тұрасың,
Түсте дағы күнге қарап тұрасың,
Кеш болса да күнге бетті бұрасың,
“Сонда өзің, айтшы, кім боп шығасың?”
Таптым, таптым,
Күнді баққан,
Үні таққан,
Күнбағыс боп шығасың.
Балалар, екі қолымызды жоғары қарай созып, күннің нұрының жылуын сезінейік.
Енді бір – біріміздің қолымыздан ұстап, күннің жылуын таратайық.

2. “Қызыққа толы бұл әлем”
Балалар қалай ойлайсыңдар, әлем дегеніміз не? Әлем сөзін қалай түсінесіңдер?

Балалар:
Айналамызды қоршаған орта – әлем!
Әлемде көптеген ормандар бар. Орманда, далада ағаштар бар, гүлдер бар. Әлемде биік таулар, терең теңіздер, құстар, адамдар бар. Барлығымыз осы әлемде өмір сүреміз.

Әлемде қандай қызықтар бар?
Әлемде хош иісті гүлдер қызықты жәндіктер, гүлден – гүлге қонған көбелектер бар. Бұлардан басқа да көптеген қызықтар бар. Бұлардан басқа да көптеген қызықтар бар.

3. “Күннің құдіреті” мәтін.

Мұғалім айтып тұрады, ал балалар қимылмен көрсетіп тұрады.
Жарқырап тұрған күн лезде, кіреукеленіп маңайды қара көлеңке қымтап алды.
Күннің қадірін өзге өсімдіктерден ерекше сезінетіндігін байқатып, “жарық – жарық ” деп шыңғырды күнбағыс төмен қарай салбыраған басын жоғары көтере алмай. Саңырауқұлақтан басқасы жоғалған күнді жоқтап ұлардай шуласты.

Араға апта салып шықан күнді көрген өсімдіктер, қуанғаннан жапырақтарын шапалақтап, “Құдіретті күніміз келдің бе?” деп бұтақтарын иіп тағзым етті.

4. Күн боламыз жарық, жылу беріп тұратын жұлдыз. Ол орасан мол энергия бөліп шығарады.
Жел боламыз – кейде қатты, кейде баяу қозғалып соғатын ауаның ағымы.
Боран боламыз – қарды, топырақты бұрқыратып соғатын қатты жел.
Жаңбыр аспаннан су тамшылары түрінде жерге түсетін ылғал, жауын – шашын.

5.Балалар орындарыңа отырыңдар.
Ыңғайлы отырыңдар. Денелеріңді бос ұстаңдар. Көздеріңді жұмыңдар. Мені мұқият тыңдап, көз алдырыңа елестетіңдер.

Біз сендермен табиғат аясындамыз. Күннің шуағы біздің денемізді жылытады. Далада түрлі хош иісті гүлдер. Тоғай бұтасында кішкентай торғайлар отыр. Біз оларды көріп көңіл – күйіміз көтеріліп кетті.
Жаймен көзімізді аламыз.
6. Күннің суреті.
– Балалар сендерге мынадай күннің суреті берілген. Осыған қарап айтыңдаршы, күнге не жетпейді?
Дұрыс, ал енді күннің шуақтарының суретін өздерің салыңдар. Менің жаныма кезекпен келіп, саусақтарынды сары түсті бояғышқа матырып, саусақтарыңның ізін қалдыру арқылы күннің шуағын жасайсыңдар. Суретті аяқтаған соң ылғалды майлықпен қолдарын сүрткізу.

Жарайсыңдар балалар. Рахмет сендерге!
Тыныштық сәті.

Скачать (PDF, 336KB)

Скачать (PDF, 314KB)

Check Also

Сабақтың тақырыбы: Дала жануарлары мен өсімдіктері

Мұқыжанова Әзипа Төкішқызы. Қарағанды облысы Шет ауданы Х Сәрінжіпұлы атындағы ЖОББМ базасындағы тірек мектебінің  бастауыш …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.