География-7. Африканың табиғат зоналары.

Избасарова Айна Серікқызы. Шу қаласы Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебі География пәнінің мұғалімі.
Сабақтың мақсаттары:
ainaIzbas000

  1. Білімділік мақсаты: Оқушыларға табиғат зоналарымен таныстыра отырып, негізгі ерекшеліктері мен маңызына тоқталып әртүрлі ұғымдар қалыптастыру.
  2. Дамытушылығы: Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын оята отырып картамен жұмыс істеуге дағдыландыру.
  3. Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды басқа мемлекеттердің табиғат зоналарымен таныстыра отырып, өзеліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін ояту және бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау, түсіндірмелі презентация.
Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Интерактивтітақта, жарты шарла ркартасы, атлас карта, оқулық қосымша материалдар.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту.
Шаттық шеңбері:Оқушылар шаттық шеңбер құра отырып, бір –біріне, бір сөйлемнен тұратын жақсы тілектерін білдіреді.
Сыныпты топқа бөлу: мозайка әдісі арқылы топқа бөлемін. Оқушыларға сарқырама мен өзендер және көлдердің суреттері таратылады, оқушылар өзен мен сарқырама және көлдердің түрлерін ажыратып топқа бөлінеді де төмендегі топ атауларын құрады.

І топ –Сарқырама  ІІ- топ өзендер. ІІІ –топ көлдер.

Үй тапсырмасын тексеру мақсатында сұрақтар қойылады.
ІІ. Картамен жұмыс:
І топ: Африка елінің сарқырамалары туралы ақпарат беріп, картадан көрсетеді.
ІІ топ: Африка елінің өзендері туралы білгендерін айтып, картадан көрсетеді.
ІІІ топ: Африка елінің көлдері туралы айтып, картадан көрсетеді.
ІV. Қорытындылау мақсатында сұрақтар топтарға жалпылама беріледі.  (тапсырма ауызша орындалады)

  1. Африканың ең суы мол өзені .Конго (Заир)
  2. Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен . Ніл
  3. Экваторды екі жерден кесіп өтіп жинағансуын Атлант мұхитына құятын өзен.
  4. Ніл өзені құятын теңіз. Жерорта
  5. Кеуіп қалған арналар аталады. Уәдтер
  6. Ніл өзені қайдан бастау алады. Шығыс Африка таулы үстіртінен басталатын Кагера өзені.
  7. Виктория сарқырамасы орналасқан өзен. Замбези
  8. Жағалауы жартасты, Байкалдың сіңлісі, өте терең, тұщ ыкөл. Танганьика
  9. Бұл өзен ұзақ уақыт бойы Сахара тұрғындары мен еуропалықтар үшін ғажайып жұмбақ болып келген. Олар Сахара арқылы ағып өтетін ұлы өзеннен қаншама су буланып, құмға сіңіп кетіп жатса да сарқылмайтынына керісінше, жаздың аяғындағы аптап ыстықта арнасынан асып таситындығына таңғалған. Бұл қай өзен. Ніл
  10. Нигер өзені қай алапқа жатады. Атлант мұхиты алабы.
  11. Африканың басым өзені немен қоректенеді. Жаңбыр суымен.

ІV.Жаңа сабақ жоспары:
Мұғалім слайд бойынша сабақты түсіндіреді.

Ылғалды экваторлық ормандар зонасы:
Ерекшектері: Биік ағаштар 80м жетеді. Қалың ну ормандар, топырақ жамылғысы нашар дамыған. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне бай. Климаты: күні ыстық әрі мол жауын-шашын мол түсетін бұл зонада өсімдіктің өсуіне, жануарлар тіршілік етуіне қолайлы. Өсімдіктер дүниесі: банан, фикус, сейба пальмасы. Жануарлары: шимпанзе, окапи, горила, шашаққұлақ, шошқа, мартышка, антипола, цеце шыбыны.

Саванна мен сирек орманда рзонасы:
Ерекшеліктері: материктің 40 пайызын жуығын алыпжатыр. Ешбір материкте саванналар мұндай үлкен аудандарды алып жатқан жоқ. Саваннада топырақ-өсімдік жамылғысының таралуы жаңбырлы кезеңнің ұзақтығы мен мөлшеріне тікелей байланысты.  Жаңбырлы кезеңде саванна түрленіп, қызу тіршілі кортасына айналады. Ал құрғақ кезең басталысымен өсімдіктер тез арада қурап, ағаштар жапырағын түсіреді. Бұл мезілде саванна сүреңсіз сарғыш түске боялады.

Климат жағдайы: Саванна субэкваторлық белдеуде орналасқан саваннада құрғақ, ыстық және ылғалды жауын-шашынды жыл маусымдары кезектесіп келіп отырады. Қаңтар мен шілдеде орташа температура +22 градус орташа жауын-шашын мөлшері 500-2000м Жаңбырлы кезең 6 айға дейін жерлердегі топырақ қызыл-қоңыр болып келеді. Саваннаның өсімдіктер дүниесі акация, баоба ,думпальмасы. Жануарлар дүниесі: Гепард, піл, буйва, түйеқұс, марабу, секретарь құстары.

Тропиктік шөл зонасы:
Ерекшеліктері: Солтүстік Африкада үлкен зонаны алып жатыр. Тропиктік шөлдерді Сахараның мысалында сипаттайық. Сахарада жылдық-шашын 100 мм-ден аз, ішкі бөліктерінде кейде жылдар бойы жаңбыр жаумайды. Бұлт болмайтындықтан күн сәулесі жер бетін қатты қыздырады. Жазда көлеңкенің өзінде ауа температурасы +40 +50 градус болады. Тропиктік шөлдер: Сахара, Намиб, Калахари. Тропиктік шөлдер өсімдіктері: папирус, вельвичия. Жануарлары: тасбақа, бір өркешті жабайы түйе, дромедар жылан.

V.Пысықтау кезеңі:
«Алтын сандықша» әдісі
Үш топқа алтын сандықша беріледі. Әр топтың оқушылары 1 сұрақтан әзірлеп, сандықшаға салып отырады. Топтар алтын сандықшаларын келесі топпен алмастырып, сұрақтарға жауап береді.
VІ. Өзіндік жұмыс: әр топқа тақырыптар беріледі, берілген тақырып бойынша оқушылар постер қорғайды.

1. Ылғалды экваторлық ормандар зонасы.
2. Саванналар мен сирек ормандар зонасы.
3. Тропиктік шөлдер зонасы, субтропикті қатты жапырақты ормандар мен бұталар зонасы.

VІІ. Кестені толтыр!
Оқушыларға кесте таратылады.

Табиғат зоналарының аттары Табиғат зоналарының өсімдіктері  Табиғат зоналарының жануарлары Табиғат зоналарының ерекшеліктері
       
       
       
       
       

Рефлекция 

Білемін Білдім Білгім келеді

Бағалау кезеңі: Топ басшысы бағалау парақшасы арқылы ұпай сандарын қойып, бағалайды.
Үйгетапсырма
Табиғат зоналарын оқу, кескін картаға түсіру.

Check Also

География -10. §52 Ресей халқы, еңбек ресурстары.

Мырзакулова Мереке Сейсеналиевна. Жамбыл облысы Шу қаласы Төле би орта мектебінің география   пәні мұғалімі. «Гүл сыйлау» …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.