Өзін-өзі тану. Екі сөйлеу –ерге сын.

Тайболова Айгуль Мадирасиловна. Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебі Жамбыл облысы, Шу қаласы.
aigultai000 Сабақтың мақсаты:  «Шындық» ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін түсіндіру.Адалдыққа,шыншылдыққа тәрбиелеу
Міндеттері:       
-оқушыларға адам өмінің маңыздылығы туралы түсінік беру.
-оқушының адамгершілік қасиеттерін дамытуға ықпал ету.
-оқушының топта жұмыс жасауға, бірін-бірін және өзін-өзі бағалауға үйрету.
Күтілетін нәтиже:
-оқушылар өмірдің мағыналы болуы үшін адами қасиеттер қажет екенін түсінеді.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабаққа кіріктірілген модуль: Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, талантты және дарынды балаларды оқыту,оқыту үшін бағалау.АКТ
Сабақта қолданылатын әдістер: Мозайка әдісі арқылы сергіту және топқа бөлу жүзеге асырылады, «Миға шабуыл» және топпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, ватман қағазы, интерактивті тақта.
Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі.Қызығушылықты ояту.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
3. Жаңа сабақ.
4. Жаңа сабақты бекіту.
5. Үй тапсырмасын бекіту.
6. Оқушы әрекетін және сабақ барысын бағалау.
7. Кері байланыс
8. Сабақтан кейінгі ой толғаныс.

Уақыт
 
Жұмыс түрі Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
2 мин Ұйымдастыру кезеңі.
Сыныпта калобаротивті орта қалыптастыру мақсатында «Мозайка» әдісі арқылы сыныпта сергіту және топқа болу.
Оқушылармен амандасып, түгелдеймін. Сергіту сәтін ұйымдастырамын. Оқушылар ұйымдастыру кезеңіне қатысады, топқа бөлінеді.
3 мин Видеоролик.
Қызығушылықты ояту.
Мен оқушыларға интерактивті тақтадан бейне баян көрсетемін. Оқушылар бейне баянға байланысты сұрақтарға жауап береді.
2 мин Үй тапсырмасын сұрау.Миға шабуыл.
Салауатты өмір салты не үшін керек?
«Денсаулығың өз қолында» дегенді қалай түсінесіңдер?
Мен оқушылардан сұрақтарға жауап беруін сұраймын. Оқушы өзінің деңгейіне байланысты сұрақтарға жауап береді.
2 мин Жаңа сабаққа кіріспе.
Бейне баян көрсету.
 оқушыларға интерактивті тақтадан бейне баян көрсетемін. Оқушылар бейне баянға байланысты сұрақтарға жауап береді.
5 мин Ой қозғау.
1. Адам баласы не үшін өмір сүреді?
2. Өмір адамға несімен қымбат?
3. Сенің өмірдегі мақсатың қандай?
4. Өмір мәнін түсінуге ұмтылу қаншалықты қажет?
Мен оқушыларға сұрақтарға жауап беруін сұраймын. Оқушы өзінің деңгейіне байланысты сұрақтарға жауап береді.
10 мин Мәтінмен жұмыс.
Абайдың «Он жетінші» қара сөзін оқып, басқа топтың түсіндірмесін тыңдайды.
Мәтін бөліктерін бөліп беремін. Әр топ мүшелері өз үлестерін қосады.
3 мин Сергіту сәті.
6 мин Тапсырма Барша әлемге күллі адамзат баласына, алыстағы достарға, басқа адамдарына арнап жылы сөз, жақсы тілек жаздырту. Оқушылар өмір туралы өлеңді оқып, түйінді ойларды айтады.
3 мин Өзіммен-өзім әдісін қолдану. Оқушыларға жайланып отырып, қиялдарына ерік беріп ойлану ұсынылады. Оқушылар
«Мен кіммін?»
«Менің мақсатым не?»
«Менің өмірдегі орным қандай?» деген сауалдар  төңірегінде ойланады.
10 мин Шығармашылық жұмыс Оқушыларға шығармашылық жұмыс тапсыру. «Менің қолымнан бәрі келеді» тақырыбында шығарма жазады.
5 мин Оқу ақпараты. Оқушыларға оқу ақпаратын мәнерлеп оқыту. Өз ойларын ортаға салады.
3 мин Кері байланыс.
Бүгінгі сабақта саған не ұнады/ұнамады?
Оқушыларға стикер  таратып беріп, кері байланыс жасауын сұраймын. Оқушылар бір-бірін тыңдайды, стикерлерге өз ойларын жазады.
2 мин Үйге тапсырма .
Қ.Әлімбектің өлеңін жаттау.
Мен сабақты аяқтап, үйге тапсырма беремін. Оқушылармен үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.

 

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Один комментарий

  1. Эльмира

    Бірлесу-Еңбектен сәлем!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.