Модель және модельдеу

Күні: 6 «Ә» – 4.12; 6 «Б» – 5.12.2015ж

Сабақтың тақырыбы: Модель және модельдеу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: «Модель», «модельдеу» түсініктерін қарастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту

Тәрбиелілік: Оқушыларды ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту

Қолданылатын әдіс – тәсілдер: сұрақ – жауап, түсіндірмелі-иллюстративті

Көрнекілігі: компьютер, оқулық, Paint графикалық редакторы

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу

Оқушыларды түгендеу, журналмен жұмыс

  1. Үй тапсырмасын сұрау

Блок сызба деген не?

Алгоритмнің құрылымы?

Циклдік алгоритм туралы айтып бер?

ІІІ. Жаңа материалды оқып-үйрену

Сабақта қарастырылатын сұрақтар:

Модель және модельдеу дегеніміз не?

Модельдер не үшін қүрылады?

Нысанды зерттеу сызбасы

ІV. Жаңа сабақты түсіндіру.

Модельдеу адамның түйінді іс-әрекетінің бірі болып табылады. «Модель» түсінігі оқушыларға жаңалық емес, сондықтан олар әртүрлі нысандар үшін өздерінің мысалдарын келтіріп, модель – нысан, үдеріс, құбылыс туралы қарапайым көрініс деген қорытынды жасайды.

Модельдеу – нысандарды, үдерістерді, құбылыстарды зерттеу және оқып-үйрену үшін құрылған модель.

Компьютерлік модельдерді көрсету.

Эвристикалық әңгіме барысында тақырып бойынша сұрақтар қарастырылады (тақырып сұрақтарына жауап беру).

Модельдеудің негізгі кезеңдерін қарастырғанда негізгі акцент модельдеу нәтижесі сараптамасының алдыңғы кезеңдерде жіберілген қателерін анықтауға бағытталады. Сараптамадан кейін жіберген қателіктерге байланысты модельдеудің кез келген кезеңіне қайта оралуға болады.

  1. V. Бекіту

Үш деңгейлі тапсырмаларды барлық оқушылардың біртіндеп орындауын үйымдастыруға болады немесе топтық жұмыс нәтижесін көрсетуге болады.

VI.Қорытындылау

Тапсырмаларды орындау нәтижесін бағалау.

VII. Үй тапсырмасы

Оқулықтың §13-ын оқу, бақылау сұрақтарына жауап беру.

 

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.