Металдардың жемірілуі және онымен күресу жолдары

Жупар Фархаткызы. Өскемен қаласы.

jupar000Күні: Сыныбы:
Сабақтың тақырыбы:
Сабақ түрі: аралас сабақ
Көрнекілігі: слайдтар, интерактивті тақта, кесте.
Мақсаты:
Білімділік: Қызықты формада коррозия түрлерін: химиялық және электрохимиялық; әртүрлі ортадағы химизмін және металдардың коррозиядан сақтандыру жолдарын үйрену.
Тәрбиелік: Металдардың жемірілуін болдырмау, алдын алу шараларын білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін, алған білімдерін өмірде қолдана білуін дамыту.
Сабақтың барысы.
I. Жаңа сабақты қабылдауға дайындық. Өткен сабақтың соңында берілген сұрақтарды қайталап, үйге берілген тапсырманың жаттығуларын орындату арқылы мұғалім оқушының білім деңгейін анықтай алады. Металдардың химиялық қасиеттерін белсенділігі әртүрлі металдарды мысалға ала отырып, жаздыруға болады. Өйткені жаңа тақырып металдардың кернеу қатарындағы орнына байланысты біліктілікті қажет етеді.
II. Ой толғау
1. Ең қатты металл? (хром)
2. Ең сұйық металл? (сынап)
3. Ең ауыр металл? (осмий)
4. Қанның құрамына кіретін металл? (темір)
5. Ең жеңіл металл? (литий)
6. Металдардың патшасы? (алтын)
7. Ең қиын балқитын металл? (вольфрам)
8. Суды қандай сұйық металмен қатыруға болады? (сынап)
II. Жаңа сабақты оқып-үйрену. Қоршаған ортаның әртүрлі әсерінен металдардың желінуі. Металдар электрохимиялық кернеу қатарында орналасуына қарай 3-ке бөлінеді:

Күнделікті тұрмыста темірден жасалған бұйымдар пышақ, шеге, балта, күрек ылғалда қалса бетін сарғылт тат қабаты басады. Себебі металдар мен құймалар басқа заттармен жанасқанда химиялық реакцияға түсіп, қосылыстар түзеді, нәтижесінде металл бүлініп желінеді. Әсіресе темір және оның құймасы оттектің, судың, сутек иондарының әсерінен тез желіне бастайды да, оның атомы темір иондарына айналады:
Fe0 – 2ē = Fe+2
Fe+2 – ē = Fe+3
Реакцияның толық теңдеуі оқулықта бар. Металдарды жемірілуден қорғаудың бірнеше бағыттары айтылып, металдардың жемірілуі тотығу-тотықсыздану реакциясына жататындығына тоқталу қажет
Металдармен құймалар әр түрлі заттармен жанасқанда олармен әрекеттесіп, химиялық қосылыстар түзеді. Әсіресе, жаңбыр, топырақ ылғалы ауа әсерінен қоршаған ортадағы металдар бүлініп, желінеді. Бұл кезде металдан жасалған бұйымның қасиеті мүлдем өзгеріп, ол біртіндеп бүліне бастайды. Бұл өте зиянды әрі қауіпті процесс жемірілу деп аталады.
Қоршаған орта факторларының әсерінен болатын металдың желіну құбылысы жемірілу деп аталады.
Металдардың бәрі бірдей жемірілуге ұшырай бермейді. Кернеу қатарында күмістен соң орналасқан металдар «бекзат металдар» деп аталады, олар іс жүзінде бүлінбейді.
Кернеу қатарында магнийдің сол жағында орналасқан сілтілік және сілтілік жер металдар бекзат металдарға қарама – қарсы қасиетке ие. Олар кәдімгі жағдайдың өзінде қоршаған ортадағы көптеген заттармен оңай әрекеттеседі, сондықтан қондырғылар мен аппараттар жасауға пайдаланылмайды.
Жемірілу екіге бөлінеді:
1. Электрохимиялық жемірілу
2. Химиялық жемірілу
Жемірілумен күресудің бірнеше бағыттар бар:
1. Металдарды қорғаныштық беттік қаптамалармен қаптау.
2. Жемірілуге қарсы қасиеттері бар құймалар.
3. Электр қорғау
4. Орта құрамын өзгерту
5. Металдарды жаңа қазіргі конструкциялық материалдармен алмастыру жемірілумен күресудің маңызды жолдарының бірі.
Металдардың коррозиясы туралы видеоролик көрсету
III. Тақырыпты қорытындылау үшін мұғалім тақырыптың. Тест тапсырмасын орындау
Үйге тапсырма. §35 оқу.
Бағалау.

Check Also

География -10. §52 Ресей халқы, еңбек ресурстары.

Мырзакулова Мереке Сейсеналиевна. Жамбыл облысы Шу қаласы Төле би орта мектебінің география   пәні мұғалімі. «Гүл сыйлау» …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.