Жаңа жыл шыршасының сценариі

Сагымбекова Нурдана Алимтаевна.   Жамбыл облысы Шу қаласы  «Балалар шығармашылық орталығы» КМҚК.  

danabilt000Әдемі шығыс әуені ойнап тұрады
Автор; Ерте,  ерте,  ертеде Бағдат шахарында, Бағадүр деген патша өмір сүріпті
/Сахна төрінде шынтақтап патша жатады, қасында нөкерлері желпуішпен желпіп тұрады/
/  Әсем ,  әдемі шығыс әуеніне биші қыздар билейді\ 
Автор:  Патша  өз сарайында іші пысқаны соншама, мазасы кетеді.. .
Уәзір: О-менің мәртебелі патшам,  неге мазасызданып отырсыз?
Автор: Патша қабағын шытып,  ашулана қарайды.
Патша: Мен жалықтым, ішім пысті,  Шахрезада қайда?
Уәзір: Түсіндім,  Сіздін ойыңызды, патшам.
Уәзір: Патшамның бұйрығымен Шахрезаданы шақырындар.. . . . . . . . . .
 /Әдемі әсем биін билеп ортаға Шахрезада келеді/
Шахерезада: О- сәлеметсіз бе,  менің сүйікті де қадірменді патшам!!!
\Шахрезада иіліп сәлем беріп,  ханның қасына жайғасады\
Автор: Патша ашуланып,  дөрекі сөйлейді.
Патша: Шахерезада,  кешігіп қайдан келдің?  Мені неге күткізіп қойдың?
Автор: Шахрезада әдемі күлкісімен,  патшаға ұрлана қарап қойып
Шахерезада:
О-менің ұлы қадірменді патшам,  Сізге мың бір түн ертегімдегі  сан-қилы қызықты оқиғаларды,  оның ішінде «Ұлы Жібек- жолы»  туралы тарихи әңгімелерді  баяндап беріп едім ғой
Патша: Еуропа мен Азиядағы сауда-саттық «Ұлы Жібек- жолы» туралыма, есімде. \ Осы кезде Шахерезада өзінің сиқырлы таяғымен  сермеп қалғанда экранда «Ұлы Жібек-жолы» туралы көрініс көрсетіледі»\

Ұлы –Жібек жолы Қытайдың Ши-ан деген жерінен басталып, Шинжән орталық Азия арқылы таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты. Ұлы-Жібек жолы-адамзат өркениеті жасаған тарихи ескерткіштердің бірі  ммммм есімде.. .

Шахерезада: Ия,  патшам бүгін Сізге- Ұлы Жібек жолының бойындағыХан тауына Хандық туын тіккен тарихи Шу шаҺарындағызаманауи қазіргі ХХІ ғасырдағы болып жатқан аудан әкімінің жаңа жылдық шырша ертегісі, Аяз Ата, Ақшақар туралы баяндағым келіп тұр.
Патша: Әрқашанда мені өзге жат шаһарлар елдері қызықтырған, бірақ маған заманауи,  аудан әкімі, жаңа жылдық шырша, Аяз Ата, Ақшақар деген сөздердің мағынасын түсінбейді екем..
Шахрезада: О-менің ұлы қадірменді патшам!!!   Мұнда қараңыз

\осы кезде экранда Шу ауданың көрікті жерлері,  Аяз Ата, Ақшақар ,  жаңа жылдық щыршалардан көрініс көрсетіледі, патша таңқалып, қызыға қарайды\

Патша: О мынау недеген ғажап ертегі деп таңғалады.
Патша: Уәзір2 қайдасын/патшаның алдына басын иіп уәзір кіреді/Ақпері сиқыршы қайда, шақырындар деп бұйрық береді.
Уәзір: Ақ пері сиқыршыны шақырып жатыр патшам. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
\ сиқырлы әуен ырғағымен Ақ пері сиқыршы келеді\
Ақ пері сиқыршы:О қадірменді менің патшам, Сіз мені шақырыпсызғой
Патша: Ұлы Жібек жолының бойындағы Хан тауына Хандық туын тіккен тарихи Шу шаҺарындағы заманауи қазіргі ХХІ ғасырдағы болып жатқан  аудан әкімінің жаңа жылдық шырша ертегісіне барғым келеді. Аяз Атаны,  Ақшақарды, қызықты, таңғаларық оқиғиларды көргім келеді.  Мені сол жерге жеткіз.
Ақ пері сиқыршы: Тақсыр, айтқаңыз болсын, бірақ мен сіздің өмір қауіпсіздігіңізге жауаптымын ғой, Сізге бір нәрсе болса.. . . . . . . .
Патша: Менің бұйрығымды болжытбай орындандар.  Ұлы Жібек жолының бойындағы Хан тауына Хандық туын тіккен тарихи Шу шаҺарындағы заманауи қазіргі ХХІ ғасырдағы болып жатқан аудан әкімінің жаңа жылдық шырша ертегісіне дәп қазір, сол  жерге жеткізіңдер-деп бұйрық береді.
Ақ пері сиқыршы: О мәртебелі патшам, Сіздін өмір қауіпсіздігіңізге жауапты болғандықтан, Сізді ешкім таңымас үшін,  сізді Алладинге, өзім сіздің сиқырлы шамыңызға айналайын, Шахерезада екеулеріңіз бірігіпШу шаҺарындағы заманауи қазіргі ХХІ ғасырдағы болып жатқан аудан әкімінің жаңа жылдық шыршасының жүргізішулері болыңыздар деп сиқырлы сөздерін айтады
Патша: Айтқандарын болсын
\Залдың шамы сөнеді, қайта жанады,  сиқырлы әуен ойналады,  патша жас Алладинге айналып Шахрезада екеуі сахына төріне шығады\

ФАНФАР сахна төріне жургізушілер шығады.

Алладин: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар,
Таңырқанып тұрмаңыздар.
Сәнді шырша шақырады.
Шырша жырын жырлаңыздар.

Шахерезада:
Даламызға,  қаламызға,
Жаңа жыл кіріп келеді.
Қартыңызға, балаңызға
Жалынды сәлем береді.

Алладин:
Келіңіздер,  келіңіздер,
Би де билеп беріңіздер.
Қызығы мол жаңа жылдың
Тамашасын көріңіздер!

Шахерезада:
Құтты болсын жаңа жыл,  барша халық,
Қуанышқа,  шаттыққа тамсанайық.
Бірімізге шынайы тілек тілеп,
Бар әлемге бақытпен жар салайық!

Бірге: Құтты болсын Жаңа жыл!
Жаңа жылдық ән шырқалады: «Жаңа жыл»
Әннің әуеніне  « Санта Клаус » биін билейді

Алладин: Сыңғырлашы сырнайым, жаңа жылды жырлайын,  дөңгеленіп тұрайық, ойын сауық құрайық. Ән шашуы шашылсын, Жаңа жылға ылайық!
Бірге: Жаңа жыл3құтты болсын жаңа жыл!
\Балалар дөңгеленіп шырша аясында тұрады\
Жаңа жылдық ән шырқалады: «Жаңа жыл»
Шахерезада:  Қуаныңдар,  қонақтар,  тамсаныңдар.
Сүйінішпен маңайға жар салыңдар.
Аяз ата келеді Ақшақармен
Құрметпен қарсы алыңдар !!! / бірігіп/
Бірге: Алақай, алақай Аязата мен Ақшақар келеді.
/Әсем жаңажылдық  әуен ойнай бергенде  бррррр, тррррр деп музыка өзгереді/
ЗҰЛЫМ  ҚАРА  ПЕРІЛЕРДІҢ  шығуы\қап-қара киім киінген, түрлері ұсқынсыз кейіпкерлер  шығады\Музыка перілер билеп шығады
Алладин:- Балалар,  бұлар тіпті де Аяз-ата мен Ақшақар емес қой.  Бұлар, бұлар  зұлым қара перілер ғой!/Қорқыныш үреймен айтады/
Қара пері: – Күтпедіңдер ме бізді? Біз теңіз тұңғиығындағы,  қараңғылық перілеріміз! Сендер біздің тыныштығымызды бұздыңдар.  Енді
мерекелерің қапастағы қара түнекке айналады!  Ха-ха-ха!
Шахерезада:– Біз де оңайлықпен жеңіле қоймаспыз! Кетіңдер жандарың аман тұрғанда!
Қара пері: Сендердің сүйікті Аяз-аталарың мен сүйкімді Ақшақарларың,  менің әміріммен,  теңіз түбіндегі ұйқы патшалығына тұтқынға алынды.  Естіп көріңдер. /Аяз атаның дауыстары шығады. .   қызым біз қайда тап болдық/
Ха-ха-ха! Ал енді,  мен сендерден сұраймын,  қараңғылық әлемінен қорқасыңдар ма,  жоқ па?
Бәрі: – Жоқ! Біз сенен де қорықпаймыз.
Қара пері: – Онда,  барлықтарың бізге өмірбақи  құлшылық етуге дайындалыңдар! Біз кішкентай бұзықтарды жақсы көреміз! Ха –ха-ха.
Алладин: – Тоқтатыңдар,  түнек перілері! Сендер біздің жаңа жылдық шыршамыздын шырқын бұзуға хақыларың жоқ! Бұл жерге мейірімді,  адал,  шыншыл,  ұқыпты,  тәрбиелі балалар жиналды.   Ия,  балалар?
Қара пері: – Сонда,  іштеріңде жаман,  сатқын оқушы жоқ дейсіңдер ме? Мен сендерге сенбеймін! Ата-анасының тілін алмайтын,  сабақты нашар оқитын,  бұзақылық жасайтын,  жамандыққа әуес оқушы араларыңда болу керек.
Шахерезада: – Қателесесің,  қара пері! Оны біз саған дәлелдеп бере аламыз.  Келісейік: жарыс – сайыстарға түсейік.  Егер біз жеңсек,  сен бұл жерден кетесің.
Алладин:  – Ал,  жеңілсек,  онда Шахерезада екеуіміз сенің патшалығыңа өз еркімізбен барамыз,  ал балаларға тиіспейсіңдер.  Қалай,  әділетті  ме?
Қара пері: – Сендер жеңілесіңдер оған күмәнім жоқ.  Сонда да қызыққа бату үшін шарттарыңа келісемін.
Шахерезада: – Сөз байлайық! (сөз байласады) егер біздің адалдығымызға,  достығымызға,  бірлігімізге көзің жетсе,  Аяз-атамен Ақшақарды да жібересің.
Алладин: – Балалар сендер куәсіңдер.  Барлығы әділетті болуы керек!Алдымен күш сынасайық.

/осы кезде Алладин шыршаның айналасына 100 жылтыр шарик шашады,  ойын «мұздақтар» ойналады, шарты кім тез мұздақтарды жинайды сол жеңіске жетеді. /

Қара пері: – Менің қара перілерім  жылдамдық десе алдарына жан салдырмайды, күш сынасақ, күш сынасайық, ойнасақ ойнайық.
Шахерезада: – Ал біз біріккенде,  күшіміз арта түседі.
1, 2, 3 ойынымызды бастайық
/ойын басталғанда ырғақты әуен ойналып тұрады. /
Алладин: – Кәне,  достар бізге көмектесетін кім бар?
/балалар жылдамдықпен тез-тез мұздақтарды  себеттерге жинайды/
Шахерезада: – Рахмет,  балалар! Көрдіңдер ғой,  бірлігі бар озады,  бірлігі жоқ тозады. Жеңіс біздіке! Алақай!!!!!
Алладин: – Бәрекелді.  Көрдіңдер ме қараңғылық перілері,   біз жеңіске  жеттік!
Шахерезада:  Ал,  қара зұлым перілері,  біздің күшімізді,  алғырлығымызды,  достығымызды көрдіңдер.  Енді,  Аяз-ата мен Ақшақарды босат та,  өзіңнің сүйкімсіз қараңғылық  зұлым перілерімен бұл жерден кет.
Қара пері: – Жарайды,  жарайды  Аяз Атаны  және Ақшақарды босатайын.

/Кетіп баратқандай кейіп танытады, рок музыкасы ойналады,  жаман күлкінің дауысы шығады/
-Бірақ,  бізге осы жер керек.  Біз мұнда қараңғылық  зұлым перілердің шыршасын өткіземіз.  ХА-Ха-Ха

Алладин: –  Оңбағандар, келіскен уәделерін қайда,  сөздеріңде тұрмайсындар ма,  зұлым перілер!
 Қара пері: – Қара перілер үшін заңдылық жоқ. Біз ешкімге бағынбаймыз.
Шахерезада:-Алладинге  қарап қара перілерге біздің әліміз келмеді. \Жылайды \
Алладин:  Жылама, Шахерезада, бізге  Ақ пері  сиқыршым көмекке келеді. Алладин сиқырлы шамын сүртеді, сол мезетте Ақ пері сиқыршы келеді/ сиқырлы әуен ойнатылады  Ақ пері сиқыршы  өзінің әсем,  қорқыныш жүрісімен жан-жақтағы ертегі кейіпкерлердін зәресін алады \
Ақ пері сиқыршы: О менің  мәртебелі патшам неүшін мені шақырдыңыз
Алладин: Қара зұлым перілер Аязата мен Ақшақар екеуінтеңіз түбіндегі ұйқы патшалығында тұтқынға алды.  Енді,  әкімнің жаңа жылдық шыршасын Аяз Ата мен Ақшақар екеуінсіз қалай мерекелейміз.  Соларды құтқару үшін сенің көмегін керек. Барлық үміт сенде Ақ пері сиқыршым.

/ Осы жерде ақ және қара перілердің ортасында би арқылы шайқас өтеді/

Ақ пері сиқыршы дуалы сөздермен: Құдретті арай таңның сепкен күннің нұрсәулесін, жарқыраған түннің ай сәулесін өзіме көмекке шақырамын, мынау тұрған қара зұлымдарды жетті қат жер астындағы қара түнекке мәнгілікке жіберемін.. . . . . . . .

Қара перілер: Тек бізді онда жібермеші, жібермеші, бізге аяушылық танытшы, танытшы.. . . . .

Ақ пері: Жоқ қара зұлымдар,  патшамның,  балалардың,  Аяз Ата мен Ақшақардың мазаларын алған үшін сендер мәңгілік қара түнекке жетті қат жердің астына кетесіндер/қара зұлымдар жоқ болып кетеді/

 Осы кезде әдемі сиқырлы әуен ойналады:
Ақ пері: Құдретті арай таңның сепкен күннің нұрсәулесімен, жарқыраған түннің ай сәулесімен, жақсылықтын күшімен Аяз ата мен Ақшақарды теңіз түбіндегі ұйқы патшалығындағы  тұтқыннан босатылсын.
«Снежинка» биі
Шахерезада:Бүгінгі салтанатты Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп,  алтындатқан шанасымен Аяз ата келе жатыр деген хабар алып турмын!
Алладин: Қанекей,  балалар! Қанекей , балалар,  біздің ортамызға Аяз атамыз бен Ақшақар келе жатыр,  қол соғып ,  қошеметпен қарсы алайық!!!
Балалар: Аяз Ата,  Ақшақар деп шақырады

Залдан  жаңа жыл әуеніне арналған ырғақты музыка  ойналады.  Аяз Ата мен Ақшақар келеді, арттарында Аққалалар алтындатқан шананы итеріп келеді. Шана үстінде балаларға арналған сыйлықтар.
Ақшақар өзінің жаңа жылдық әуенің орындайды.
Аяз Ата:
Сәлематсыңдар ма,  балалар!
Күнтізбеде қалыпты
Жалғыз ғана бір парақ.
Дайындалдым жыл бойы,
Жолға шығар келді уақ!
Шақырымды жүздеген
Басып өту мен үшін
Жаңа жылдың түнінде
Жасыл шырша түбінде
Кездессемдепсендермен,
Таратсамекенсыйлықтар,
Оданасқан не сый бар.
Қуанышсыйлаубалаға
Оданзорбақыт бола ма!
Сендерді көргеніме сондай бақыттымын!

Ақшақар: Армысыздар құрметті қонақтар, ертегі кейіпкерлер, біздің сүйікті де сүйкімді балақайларымыз!
Алладин: Бүгін сәні мен салтанаты жарасқан аудан әкімінің жаңа жылдық шыршасына қош келдіңіздер!
Ақшақар: Здравсвуйте,  наши дорогие гости!Уже совсем немного времени осталось до Нового года –самого доброго, сказочного, прекрасного праздника.  Мы все ждем его с нетерпением,  так как в Новом году пройзодет  сказочное чудо.  И пусть  каждый из вас под торжественный бой курантов загадает свое самое заветное желание. И оно объязательно сбудется!
 
Шахерезада:
Что за чудная погода?
Спит под снегом вся природа.
Все в нарядах снежно-белых
И в серьгах заледенелых.
 
Алладин: Этой зимней красоты
Нам приятны все черты,
Потому что с ней придет
Праздник счастья-Новый год!
Аяз Ата: Жаңа жыл құтты болсын!
Бірге: С Новым годом! С Новым счастьем!
Жаңа жылдық ән шырқалады: Нұрай « Қош келдін Жаңа жыл»

Ақ пері сиқыршы:
Қандай сұлу шыршамыз,
Ортамызда тұр жайнап!
Жаңа жылда баршамыз,
Шаттанайық, кел, ойнап
Аяз Ата:
Ақшақар қызым мерекеге арналған жаңа жылдық жасыл шыршамыздын шамын жағатын бақыт келді.
Ақшақар:Иә ата , бәріміз бірігіпжасыл шыршамыздын шамын жағайық
Бірге.  Жаңа жылдық шыршамыз қуант бізді таңырқат,  жарқыраған жұлдыздай шамдарыңды жарқырат! 1, 2, 3,  шамдарынды жарқырат!
\шырша жанады сиқырлы әуен ойналады, жан-жақтан хлопушкалар атылады
Бірге: Құтты болсын Жаңа жыл!
 
 
Аяз Ата:  Бүгін біздін жаңа жылдық шыршамыздың қонағы, демеушісі аудан әкімі Даулет Рүстем Ырысбайұлын қошаметпен,  құрметпен ортаға шақырайық
/Әкімнің құттықтау сөзі.  Аққалалар  сандықпен балаларға арналған сыйлықтарды  ортаға алып келеді.  Сыйлығын балаларға тапсырады. /
Жаңа жылдық әуен:
Аяз Ата: Ал канекей балалар,  дөңгеленіп тұрайық, қолымыздан ұстайық, шырша жырын жырлайық
«Аппақ, аппақ жапалақ»
«В лесу родилась елочка»

Аяз Ата: Құрметті балалар! Сендердін құрметтеріне арнайы, ертегілер әлемінен менің сүйікті достарым келіп тұр.  /Ортаға пандалар келеді/
Дискотека/ топтық билер/
 
Алладин: Бізбен бір жыл  бойы болған қой жылы құтты жылы болды. Ортаға қошаметпен Қой жылын шақырайық.
Ақ пері сиқыршы: Иә,  еліміздің бірлігімен, ынтымағын асқақтатқан Ассамблеяның, Ата заң конституциясының 20 жылдығы және Ұлы Жеңістің 70 жылдығын, Қазақ хандығының 550жылдығына ұлан ғасыр тойладық,  Елбасы Н.  Ә. Назарбаевтың халыққа «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда; өсім, реформалар, даму»жолдауынжолдаған жылы болды. Ортаға құтты ескі қой жылын шақырайық.

/Қойдын маңыраған дауысы естіледі/
Аяз Ата: Кел, кел ортаға той жылы болған Қой жылы.
Ескі қойжылы:Иә, достарым! Менің бірнеше сағаттардан кейін тарихтың еншісіне айналатын уақытым да жетті.
Алуан жақсылық куәсі,
Бөп өткен жылдардың бірімін
Халқыма мол ырыс әкелген,
Жарқ еткен жақсылық жылымын.
Қош сау болыңдар балалар!

Аяз Ата: Қой жылы үстінде бозторғай жұмыртқалаған деп дана халық бекер айтпаған. Рахмет саған қой жылы. Сау саламатты бол.
Бірге: Қош сау болыңыз ескі жыл!!!!!!!
/Тарс-тұрс дыбыстар, қөтеріңкі африкандық музыка ырғағымен сахнаға маймылдар шығады.  /
Шахерезада: Алақай балақайлар,  Жаңа жыл2 келді! Қараңдар, қарандар
Алладин:
Кел,  Жаңа жыл,  жеттің бе тағы айналып
Дастарханды отырмыз саған жайып
Сені күтті жыл бойы жақсы үмітпен
Талайұлыс,  талай ел,  талайхалық
Келгенсайынкөңілдіөсіресің
Ұлыболсынбастаған осы көшің
Төгіп-шашпайтасытыпкетсеңекен
Қазақдегенхалықтықнесібесін!

Маймылдар латино-американскийй қөтеріңкі би билейді
/Фейрверк атылады/
Ақ пері сиқыршы:
Жаңа жылым жол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрлет,  төрлет жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын !

/Мешіндер ортасынан «Отты» мешін қолын бұлғап ортаға келеді/
 
Жаңа жыл  отты мешін :
Туғызам айды бүгін
Әр күнім айбынды күн
Күлімдеп нұр шығады
Күншілдік тұншығады
Әкелдім бейбіт күнді
Ешбір жан болмас мұңды
Камбада мол   болсын
Ақмаржан – алтын дән

Аяз Ата:
Бәрекелді,  Жаңа жыл балам!Мен саған сенемін халқымызға қуат, береке, жақсылық әкелетіне.

Жаңа жылдарың құтты болсын!Егеменді еліміз, әлеуметтік экономикалық жағдайы жақсарып, сендерге бақытты балалық шақтарын өтуіне барлық жағдай жасалып жатыр. Еліміздің болашағы сендерсіңдер, ата-аналарынның, ұстаздардың тілін алып, құрмет тұтып, еліміздің көк байрағын көтеретін азамат болыңдар. Сендер еліміздің болашағысыңдар, Жаңа жылда жаңа табыс,  зор денсаулық тілеймін. Жаңа жыл құтты болсын балалар!

Ақшақар: Қадірлі қонақтар, аяулы балалар, мерекені есте ұзақ уақыт сақтап қалу үшін, барлықтарыңызды  cуретке  түсуге шақырамыз.
Алладин: Құрметті балалар!Сендердің құрметтеріңізге арналған   дәмді дастарханға шақырамыз.

/Балалар дастарханнан орын алады. Концерттік бағдарлама жалғаса береді/
 
Аяз Ата:
Жаңа жыл – жаңа бағыт,
Әкелсін далама құт.
Өнерлілерің көп болсын,
Елде уайым жоқ болсын.
Тілектерің ақ болсын,
Бастарыңа бақ қонсын.
Келер жылы келермін,
Өнер тағы көрермін.
Сыйлық әкеп сендерге,
Көптен-көптен берермін.
Жақсылыққа толыңдар,
Тек биікке қоныңдар.
Келесі жылы көргенше,
Амандықта болыңдар!

Ақшақар: Жаңа жылда,  балалар,
Тек жақсылық көріңдер.
Жылау,  ауру,  жамандық
Қастарыңда болмасын
Сау болыңдар,  балалар!

Аяз Ата: Мен сіздерге жаны жақсылыққа толы Жаңа жылдарыңызды қалдырамын.  Сіздерді жыл бойы бақытты етеді деп сенемін.  Ал,  балаларым,  сендер өсе беріңдер.  Аспандарын ашық болсын! Қош болыңдар
/ Аяз Ата мен Ақшақар қоштасып шығып кетеді/
 Шахерезада:
Ән тыңдап,  би биледік бүгін жасыл шыршада
Қалады бүгінгі күн ойымызда.
Демалып,  Жаңа жылға қадам бастық
Құтты болсын Жаңа жыл баршамызға

Алладин: Жаңа жыл әр біріңіздің отбасыңызға жаңа нұр,  жаңа шуақ,  табыс пен береке,  қуаныш пен мереке алып келсін.  Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі,  мерекелі жыл болсын.
 ЖАҢА ЖЫЛ ҚҰТТЫ БОЛСЫН !
Концерттік программа жалғасады.
Жаңа жылдық шыршасына арналған қойылым

Тақырыбы:  «Жібек жолының жаңа жылдық ертегісі»

 

Мерекеге қатысатын кейіпкерлер:

  1. Аяз Ата
  2. Сәйгүліктер -3 және шана
  3. Ақшақар
  4. Патша
  5. Шахерезада
  6. Алладин
  7. Ақ пері сиқыршы
  8. Зұлым қара перілер-5
  9. Қой
  10. Мешіндер-20
  11. Нөкерлер-2

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.