Информатика-7. Компьютерлік графика түрлері.

Крикбаева Ильмира Рапилбековна. Информатика пәнінің мұғалімі, «Бірлесу – Еңбек» орта мектебі, Жамбыл ауданы, Тараз, қаласы

ilmira150Сабақтың тақырыбы:
Векторлық және растрлық графиктерді құру және өңдеу бойынша программмалары. Графикалық файлдардың пішімі. Векторлық графика. Векторлық графиканы өңдеу боййынша программасының интерфейсі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды компьютерлік графика ұғымыментаныстыра отырып, графиканың түрлері,редакторлары туралы білімдерін қалыптастыру;
Дамытушылық: Оқушылардың компьютерлік графикамен жұмыс істеу үйрету арқылы теориялық білімін, ой-өрісін, шапшаң ойлау қабілетін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды жан-жақты болуға, техникалық құрылғыларды пайдалану барысында жүйелілікке тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: ойын сабақ.
Көрнекілік: Плакаттар, слайд, таратпа парақтар, тақта.
Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру
2. Өткен сабақты қайталау
3. Жаңа сабақ.
4.  Бекіту
5.  Қорытынды
6.  Бағалау.
7.  Үйге тапсырма беру.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру: Оқушылармен амандасып.
Алдымен ойынға қатысатын оқушылармен таныс болайық.
Сайысқа екі топ қатысады. Оқушыларға компьютердің құрылғыларынан екі құрылғының суреттері таратылады. Соңы таңдау арқылы оқушылар өздерінің топтарының атын табады. Мысалы:  (Пернетақта, Тінтуір). Сабақ 5 кезенең тұрады.
І Ұйымдастыру
ІІ Үй тапсырмасын тексеру кезеңі «Бәйге» – деп аталады
ІІІ Жаңа сабақ
ІҮ Сабақты бекіту кезеңі
1.«Егер мен болсам»
2. «Жұмбақты әлем»
3. кезең «Құрал жабдықтар»
Ү.  Сабақты қорыту кезеңі «Тіл өнері»
ҮІ. Оқушыларды бағалау
ҮІІ. Үйге тапсырма
ІІ. Үй жұмысын тексеру:
І кезең «Бәйге кезеңі
Бәйге деген жүйрік аттар жарысы
Жүйріксіңдер сендер осы жарыста
Жүйрік озып келеді қатарынан
Біреу қалып жатады асығыста.
Сайысымыздың шарты бойынша 10 сұрақ қойылады. Сұрақ слайд арқылы беріледі. Бір дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. Қай топ бірінші қолын көтереді сол топ қатысушысы жауап береді. Дұрыс жауап берме алмаса сұрақ келесі топқа көшеді. Ол топ жауап бере алмаса ешқайсына үпай берілмейді.
1. Ақпараттық процесдерді жүзеге асыратын негізгі құрал (компьютер)
2. Адам мен компьютер арасындағы қарым –қатынас (интерфейс)
3. Бір байтта қанша бит бар (8бит)
4. Аты бар бірқатар байттар тізбегі (файл)
5. Компьютерде жұмыс жасаған кезде адам экраннан қанша қашықтықта отыру қажет? (60-70 см)
6. Дүниежүзілік компьютер желісі (интернет)
7. Компьютер ауруы (вирус)
8. Нақты объектіні, процессті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету дегеніміз – (Модель)
9. Таңбалық модельдерге …………………………….мысал бола алады. (сурет, мәтін, график, схемалар)
10. Модель екі классқа бөлінеді жаз……….(материалдық, ақпараттық).
11. Белгілі бір мақсатқа жету үшін орындалатын командалар тізбегі қалай аталады? (алгоритм)
12. Барлық құрылғылардың жұмысын басқаратын программа. (операциялық жүйе)
13. Шартпен орындалатын алгоритм түрі. (тармақталған)
14. Ақпарат тасушының бір түрі. (флешка)
15. Машина тілі түсінетіндей, инструкциялар тізбегі түрінде жазылған алгоритмді айтамыз. (программа)

ІІІ. Жаңа сабақты баяндау:
ІІІ. Жаңа сабақ: Компьютерлік графика (оқушылар тақырыпты өздері талқылайды)
Компьютерлік графика – әр түрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды, мультипликацияларды) компьютердің көмегімен алуды қарастыратын информатиканың маңызды саласы.
Қазіргі компьютерлік графика қолданылу әдісі бойынша мынадай негізгі салаларға бөлінеді:

Ғылыми графика. Алғашқы компьютерлер тек ғылыми және өндірістік есептерді шығару үшін қолданылды. Есептерден шыққан нәтижелерді дұрыс түсіну үшін оларды графикалық тұрғыда өңдеп, графиктер, мен диаграммалар, сызбалар тұрғызған.

Іскерлік графика – қандай да бір мекеме жұмысының көрсеткіштерін көрнекі түрде ұсыну үшін қолданылатын компьютерлік графиканың маңызды саласы. Іскерлік графиканың көмегімен жоспар көрсеткіштерін, есеп құжаттарын, статистикалық есептерді және т.б. объектілерді көрнекі түрде ұсынуға болады. Іскерлік графиканың программалық жабдықтары электронды кестелердің құрамында болады.

Көркемдік графика немесе жарнамалық-графикалық кескін жасау және редакциялау үшін, мысалы, баспа өнімдерін, жарнама безендіру, фотосуреттерді бояу және өңдеу, мультфильмдер, бейне сабақтар, компьютерлік ойындар жасау үшін қолданылады

Жарнамалық графика (көркемдік графиканың бөлігі) – теледидар пайда болғаннан кейін танымал бола бастады. Қазір компьютердің көмегімен жарнамалық роликтер, мультфильмдер, компьютерлік ойындар, видеодәрістер мен видеопрезентациялар жасалады.
Үшөлшемді объектілерден тұратын суреттерді салу, оларды бұру, жақындату, аластату, деформациялау үлкен көлемде математикалық есептеулерді қажет етеді.
Компьютерлік анимация деп дисплей экранында қозғалатын кескіндерді жасау өнерін айтады. Суретші қозғалатын объектінің бастапқы және соңғы қалпын бейнелейтін суреттерді ғана салады, ал осы екі суреттің арасындағы барлық қозғалысты компьютер осы объектіні қозғалтуға қажетті алдын-ала белгіленген математикалық есептеулерді орындай отырып өзі суреттеп шығады. Белгілі бір жиілікпен бірінен кейін бірі пайда болатын осындай суреттердің жиынтығы экранда қозғалатын суреттерді бейнелеуге мүмкіндік береді.

Компьютерлік графиканың түрлері
Компьютерлік графика – әр түрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды, мультипликацияларды) компьютердің көмегімен алуды қарастыратын информатиканың маңызды саласы.
Компьютерлік графика үш түрге: растрлық, векторлық және фракталдық болып бөлінеді..

Растрлық графикада кескіндер түрлі-түсті нүктелердің жиынтығынан тұрады.Графикалық ақпараттың осындай нүктелер жиыны немесе пиксельдер түрінде ұсынылуы растрлық түрдегі ұсынылу болып табылады. Растрлық кескінді құрайтын әрбір пиксельдің өз орны мен түсі болады және әр пиксельге компьютер жадында бір ұяшық қажет.
Артықшылығы: растрлық кескінді түзетуге, әдемілей түсуге, яғни оның кез-келген бөлігін өзгертуге болады; нүктелерді қажет болмаса ішінара алып тастауға немесе қоюлатуға, сондай-ақ кескіннің әр нүктесін ақ-қара немесе басқа кез келген түске өзгертуге болады.
Кемшілігі: растрлық кескін өлшемінің масштабын өзгерткенде (бір немесе бірнеше бағытта созу немесе сығу) кескіннің сапасын жоғалтатыны. Мысалы, кескінді үлкейткенде, оның көрінісі дөрекіленіп кетсе, кішірейткенде – кескін сапасы өте нашарлап кетеді (нүктелерін жоғалтқандықтан).
Векторлық кескіндер, бұл – сызық, доға, шеңбер және тікбұрыш сияқты геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескіндер. Бұл жерде вектор дегеніміз – осы объектілерді сипаттайтын мәліметтер жиынтығы.
Векторлық графикамен жұмыс істеуге арналған программалық құралдар бірінші кезекте кескіндерді өңдеу үшін емес, оларды жаңадан салу үшін қолданылады

Фракталды графиканың жасалу әдісі сурет салуға немесе безендіруге емес,програмалауға негізделеді. Егер растрлық графикада растр (пиксель), ал векторлық графикада сызық базалық элемент болып табылса, фракталдық графикада математикалық формуланың өзі базалық элемент болып табылады, бұл компьютердің жадында ешқандай объект сақталмайды, кескін тек қана теңдік бойынша салынады деген сөз.

ІҮ. Бекіту: 1-тапсырма:
1. кезең «Егер мен болсам ……
Егер болсаң мамандықтың иесі
Не істер едің бұл өмірде жүйелі
Асыл тастан өнер жастан шығар деп
Бабам айтқан баба сөзі киелі
Сұрақ Тышқанның шаригі кірленіп жүрмей қалса не істер едің?
Ол үшін 8 зат берілген
1. Табақта су
2. Сабын
3. Орамал
4. Парақ
5. Спирт
6. Мақта
7. Отверка
8. Қайшы
Топ басшылары шығып заттарды көріп сұраққа жауап беруге тырысады. Қағаз қалам алып өз ойларын жазады. 1 минут уақыт
Жауабы: алдымен тышқанды отверкамен ашып шаригін алып, оны табақтағы сабын суға жуып, орамалға сүртіп, парақ бетіне әбден кепкенше қоямыз, ал тышқан ішін спиртке малынған мақтамен сүртеміз.

2. кезең «Жұмбақты әлем»
Білімнің ұщқырлығын танып сен
Асып тасып асықпа қалыспа сен
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр
Шапшаңдық бұл жарыста керек екен
Бұл кезеңнің шарты бойынша жұмбақтар жасырылады. Әрбір жұмбақты дұрыс шешкен топқа 5 ұпайдан беріледі. Шеше алмаса келесі топ жауап береді. жауап берген топқа балл қосылады.
1. Компьютерге көмекпін
Жануарға ұқсаймын
Кілемше үстінде тұрамын
Мен қосымша құралмын (тышқан)

2. Ақпаратты қағаздан мен аламын
Бірақ оны компьютерге саламын (сканер)
3. Компютерде түрамын
Оны емдеуші құралмын (вирусты емдитін бағдарламма)

4. Төртбұрышты әйнек
Тұнып тұрған әлек (монитор)

5. Ұзынтұра Жалқаубек
Тұрмай ылғи жатады
Қозғала қалса артынан
Ешбір белгі қалмайды (бос орын пернесі)

6. Тетігін бассаң алаңсыз
Жазады қағаз қаламсыз. (пернетақта)
7. Батырмасын басасың
Қажетті файлды ашасың (тышқан)

Қойылған сұрақ есепке
Ойланып жауап іздейік
Уақытты текке өткізбей
Қатесін анықтап берейік.

3. кезең «Құрал жабдықтар кезеңі»
Құрал жабдықтар суреті экранда көрсетіледі әр топ көрсетілген суреттерді графикалық бағдарламаларда суреттерін салады.

ІҮ. Сабақты қорыту кезеңі «Тіл өнері»
Ана тілің арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте-деп Қадыр Мырзалиев ағамыз айтқандай жас қырандардың тіл білімін тамашалайық. Демек келесі сайысымыз «Тіл өнері» сайысымыз. «Тіл өнері» сендерге жұмбақталып 10 жасырын сөз оқылады. Сол сөзді тауып, қазақ, орыс, ағылшын тілінде айтқан командаға 10 ұпай, ал екі тілде айтса 5 ұпай, беріледі. Сүрақты мұқият тыңдаңыздар.
1. Ақпараттың қайнар көзі (табиғат, природа, nature)
2. Фонограф бағдарламасы қандай мәліметтерді өңдейді? (дыбыс, звук, sound)
3. Ас адамның арқауы ал компютердің асы… (ток, ток, currend)
4. Программадағы немесе мәтіндегі кемшілік (қате, ошибка, error/mistare)
5. Қоршаған орта және онда жүріп жатқан мәліметтер (ақпарат, информация, information)
6. Жіпке ілдім мен өзін, кіп кішкентай күн көзін (шам, лампа, lamp)
7. Компьютерде жұмыс жасауды жеңілдететін қосымша құрылғы (тышқан, мышка, mouse)
8. Логикалық көбейтудің атауы (және, и, and)
9. Сөйлем ненің патшасы? (сөз, слово, word)
10. Кітап ненің бұлағы? (білім, знание, knowledge

ҮІ Оқушыларды бағалау
VIІ . Үйге тапсырма. Графика түрлері. Шығу тарихы.

Check Also

Аудандық олимпиада. І-тур. 2016-2017 оқу жылы.

A есебі N саннан тұратын А сандар тізбегі берілген. Осы сандар тізбегін кері ретімен шығару …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.